2) 30 күнтізбелік күннен аспайды, субъектілерден ақпарат алуды немесе жергілікті жерлерге барып тексеру жүргізуді талап ететін;
3) қосымша зерделеу жүргізуді немесе тексеруді қажет ететін жағдайда қарау мерзімін Басшылық 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, ол туралы мерзім ұзартылған сәттен бастап 3 күнтізбелік күннің ішінде өтініш берушіге хабарланады;
4) егер өтініште жазылған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда өтініш ол түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы өтініш берушіге 3 күнтізбелік күннің ішінде хабарланады.
Егер оған жауапта жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерінде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, хатты қарауды аяқталды деп санауға болмайды.
ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 12-тармақ өгертілді (бұр.ред.қара)
12. Хатты бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзі алады. Бұл ретте Басшылықтың тиісті қарары хатты бақылаудан алу үшін негіздеме болып табылады.
Бақылаудағы хаттарға жауаптар түскен кезде Кеңсенің олардың орындалуы үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері жеке және заңды тұлғалардың хаттарында қойылған мәселелерді шешудің сапасы мен толықтығына сараптама жүргізеді және Басшылыққа қараудың нәтижелері туралы бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе басқа да іс-әрекеттер туралы ұсыныспен бірге баяндайды. Жеке және заңды тұлғалардың бақылаудан алынған хаттары бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі орындаушылар есеп кәртішкесіндегі тиісті бағанды толтырады, одан кейін хаттар мен оларға материалдар құрылымдық бөлімшенің ағымдағы мұрағатына есеп кәртішкелерімен бірге тапсырылады.
ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Жеке тұлғалардың қолдары, оның ішінде электрондық цифрлық қолдары қойылмаған, өтініш берушінің тегі, аты, почталық мекен-жайы (тұрғылықты жері, жұмысы немесе өзге де айналысатын ісі туралы деректер, электрондық почта мекен-жайы) көрсетілмеген немесе анық көрсетілмеген жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері, қолы, атауы, почталық мекен-жайы (тұратын жері туралы деректер), шығыс нөмірі және күні көрсетілмеген заңды тұлғаның өтініштері жасырын деп танылады.
Мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес жедел қайта жіберілуге жататын жағдайларды қоспағанда, жасырын хаттар қаралмайды.
ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Күнтізбелік жылдың аяқталуы бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаралған хаттары мен оларға барлық материал іске түзіледі және мұрағатқа тапсырылады.
Бүркеншік өтініштер Бөлімде бір жыл сақталады, одан кейін кесім бойынша жойылады.
ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Хаттар мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлеріне Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана беріледі.
ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды Бөлім дайындап, Кеңсе Басшысы бекіткен кестеге сәйкес Аймақтық даму және әлеуметтік сала бөлімінің бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Қабылдау кестесі Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінің кіреберісінде ақпараттық қабырғаға ілінеді.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды есепке алу Есепке алу ережесіне сәйкес жүргізіледі. Егер өтініш қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда ол жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу жазбаша өтініш сияқты жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.05.14. № 382 қаулысымен 16-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-1. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзімдерін бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
17. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
18. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
19. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
20. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300; 2007.05.14. № 382 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 21-тармақ жаңа редакцияда
21. «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тікелей өздері басқаратын органдарда жүргізедi
22. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
23. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2007.14.05. № 382 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-қосымша. ҚР Үкіметінің 2007.14.05. № 382 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
3-қосымша
(кәртішкенің бет жағы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНА АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ КӘРТІШКЕСI №________ 200 жылғы «___»____________________ өтініш қабылданған күнi Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты ______________________ _______________________________________________________________ Өтініш берушінің жұмыс орны және атқаратын қызметі ____________ _______________________________________________________________ Тұратын мекен-жайы мен телефон № ______________________________ _______________________________________________________________ Мәселенің қысқаша мазмұны _____________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Қабылдауды жүргізушінің қызметі, тегі, аты, әкесінің аты ______ _______________________________________________________________ |
(кәртішкенің сырт жағы)
Қабылдауға жазылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты және _____ қызметі _______________________________________________________ _______________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшесінің қабылдау күні _____ _______________________________________________________________ Өтінішті қараудың нәтижелері __________________________________ _______________________________________________________________ |
Ескертпе.
Кәртішке екі данада жасалады, оның бipeуі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің ісінде қалдырылады, ал екіншісі азаматтарды қабылдауды өткізушінің қарауына беріледі.
Кәртішке қараудан кейін қараудың нәтижесімен бірге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне қайтарылады.