Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
1224 қаулысына
378-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 898 340 мың теңге (сегіз жүз тоқсан сегіз миллион үш жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана, Алматы қалаларында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту;
2) бағдарламаны іске асырудың мониторингі жүйесін құру және мерзімдік талдауын жүргізу;
3) мамандандырылған оқыту орталықтарын құру және АТ-мамандардың біліктілігін арттыру;
4) Интернет желісінің қазақстандық сегментін толтыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы ақпаратты-танымдық бағдарламаларды әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Бағдарламасы іс-шараларының қоғамдық қолдауын қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | 1. Компьютерлік сауаттылыққа оқыту: 1) Компьютерлік сауаттылықтың күрделі деңгейімен деңгейлеріне сәйкес компьютерлік сауаттылықты растайтын құжатты әзірлеу; 2) Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау, үйлестіру және бақылау жөніндегі жобаны басқару; 3) Қазақстанның өңірлерінде аймақтарында Интернет желісіне қол жеткізім қызметтер; 4) Қазақстан өңірлерінде техникалық жабдықтарға жүйелік техникалық қызмет (ТЖҚ) көрсету. 2. Бағдарламаны іске асырудың жай-күйінің мониторингі: 1) Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытудың нәтижелерін талдау мониторингін жүргізу жөніндегі жобаны басқару. 3. Отандық АТ-мамандарды даярлау: 1) Ақпараттық технологиялар мен менеджмент саласында қашықтан және күндізгі оқыту оқу-консалтингтік орталығын дамыту; 2) Ақпараттық технологиялар мен менеджмент саласында қашықтан және күндізгі оқыту оқу-консалтингтік орталығының жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны басқару; 3) Ақпараттық технологиялар Интернет-университетінің қазақстандық ақпараттық-білімдік ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу. 4. Ақпаратты-коммуникациялық технологияларды (АКТ) игеруде азаматтардың қызығушылығын қалыптастыру: 1) Ақпаратты-танымдық және іздеу порталдарында ақпараттық ресурстарды зияткерлік іздеу жүйесін дамыту; 2) Ақпараттық технологиялар саласындағы ақпаратты-танымдық веб-порталды дамыту; 3) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі халықаралық сарапшылардың қатысуымен бейнеконференциялар, семинарларды ұйымдастыру; 4) БАҚ арқылы Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің бағдарламасының іс-шараларын іске асыру барысын жариялау: - ҚР ақпараттық теңсіздікгі төмендету бағдарламасының іс- шараларын іске асыру барысын БАҚ арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде (жарнамалық материалдарды, РR-мақалаларды, ТД-роликтерді, баспа материалдарды-үнпарақтарды, плакаттарды және с.с. пайдалана отырып), Веб-сайттарды, «дөңгелек үстелдерді» жариялау; - жобаны басқару. 5. Техникалық құралдарды сатып алу. 6. Лицензиалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 1) Қазақстан Республикасының 14 облысында, астана, Алматы қалаларында компьютерлік сауаттылыққа оқытылған халық 6,4%-дан кем емес;
2) отандық АТ-мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау;
3) халық үшін Интернет желісінде ақпараттарды ыңғайлы және сапалы іздеу;
4) халыққа веб-портал арқылы ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті және танымдық ақпараттарды беру;
5) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының іс-шараларын іске асыру барысын мемлекеттік және орыс тілдерінде ірі ауқымды жариялау.