Алматы қаласы - 4 объект:
Мектептер:
Алматы қаласы, Әйгерім шағын ауданы;
Алматы қаласы Ұлжан шағын ауданы;
Алматы қаласы Қалқаман шағын ауданы;
Алматы қаласы Пятилетка Турксиба ауданы;
Астана қаласы - 5 объект:
1. Мектептер:
Орта мектеп Карталинская көшесі;
Орта мектеп Жангелдин көшесі;
Орта мектеп Юго-Восток шағын ауданы (Махтумкулидің сол жағы);
Орта мектеп «Степной» гараж кооперативі ауданы;
Орта мектеп Московская көшесі;
Соңғы нәтиже:
Білім беру ұйымдарында білім беру қызметінің қажеттілігін қамтамасыз ету 30 пайызды құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1 объектінің орта құны - 33020 мың теңгені құрайды.
Уақыттылығы:
Білім объектілерін уақытында іске қосылуы мен қызмет етуі
Сапасы:
Білім ұйымдарын сапалы процеспен қамтамасыз ету.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
251-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3037369 мың теңге (үш миллиард отыз жеті миллион үш жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «2003-2010 жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 1019 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы облысының және Алматы қаласының білім беру объектілерін сейсмонығайтуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматы облысының және Алматы қаласының білім берудің жекелеген объектілерін сейсмонығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 031 | | Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттерi | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына 3 қосымшаға сәйкес (бекітілген заңнамамен белгіленген тәртіппен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес) тізбе бойынша және қаржы шегінде білім беру нысандарын сейсмонығайту үшін Алматы облысының және Алматы қаласының бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттерін бөлу | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Алматы облысының және Алматы қаласының әкімдіктері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы облысының 12 объектісін және Алматы қаласының 7 білім берудің жекелеген объектілеріне сейсмонығайтуды өткізу.
Соңғы нәтиже: Алматы облысының және Алматы қаласының білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын жоғарылату.
Уақтылығы: Бекітілген келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру жоспар-графигі мен орындау уақыты бойынша сейсмонығайту жұмыстарын атқару.
Сапасы: Қазақстан Республикасы территориясында іске асырылатын құрылыс ережелері мен нормаларына сәйкес білім беру объектілерін сейсмотұрақтандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
252-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Білім беруді және ғылымды институционалдық дамыту»
деген 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 350000 мың теңге (үш жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 қаулысы, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының екінші деңгейлі банктердің студенттерге берген несиелерін кепілдендіруі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 маусымдағы № 745 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны-қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оқитындарды кредиттеу жүйесін дамыту, оған Қазақстан Республикасы тұрғындарының қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қарыз алушылар шеңберін кеңейту және қарыз алушылардың шарттағы міндеттемелерін орындамауымен байланысты кредиторлар тәуекелін төмендету, оқушыларды несиелендіру шарттарын жақсартуды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 032 | | Білім беруді және ғылымды институционалдық дамыту | | | |
2 | | 101 | Екіншi деңгейдегi банктерде студенттік кредиттерге кепілдік беру жүйесін ұйымдастыру | Оқушыларды мемлекеттік-жеке несиелендіру жүйесін одан әрі дамыту мақсатында «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғам |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының жалғылық капиталын ұлғайту 25 мыңға жуық студентке (жыл сайын 2500 шақты оқушы) екінші деңгейлі банктер беретін несиені кепілдендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Соңғы нәтиже: оқушыларға екінші деңгейлі банктер беретін несиелер бойынша кепілдік беру арқылы кәсіптік білімнің қол жетімділік деңгейін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: оқушыларды несиелендіру бойынша кепілдік пайызының ең төмен (негізгі) мөлшерлемесі негізгі қарыз сомасының 50 пайызы; несие бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшерлемесі - 95 пайыз.
Уақытылығы: акциялардың қосымша эмиссиясын уәкілетті органда 2008 жылдың 1 жарты жылдығында тіркеу.
Сапасы: ақылы білім беру қызметтерінің қол жетімділігін кеңейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
253-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Жастар саясатын жүргізу»
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 591314 мың теңге (бес жүз тоқсан бір миллион үш жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 200 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» 1999 жылғы 28 тамыздағы № 73 өкімі; «Жастар ісі жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілде № 1165 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысы; «Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005-2007 жылдардағы жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды патриоттық, азаматтық, мәдени, білімдік, кәсіптік қалыптасудың, жастардың дене қабілетін дамытудың, олардың шығармашылық әлеуетін ашудың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдық жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру арқылы қамтамасыз ету, сондай-ақ жастар үшін әлеуметтік қызмет көрсетулер жағдайларын ұйымдастыру, республиканың жастар ұйымдарымен әлеуметтік серіктестікті дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, жастар арасындағы жағдайларға талдау жүргізу; әлеуметтік және ғылыми зерттеулер, жастар саясатын іске асыру мониторингі; жастар саясатын және патриоттық тәрбиелеуді іске асыруды ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және консультативтік қолдау; жастарды елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына тартуға бағытталған тақырыптық мақсатқа сай іс-шаралар кешенін өткізу; жастар үшін және олардың әлеуметтік-маңызды бастамалары үшін әлеуметтік қызметтер желісін құру, жастардың еңбек нарығына бірігуі үшін, жағдайлар жасау; халықаралық жастар ынтымақтастығын кеңейту; талантты жастарды қолдау, жастар мен студенттердің тұрғын жайларды қалыпқа келтіру бойынша және «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарға еңбек құрылыс отрядтарына тартуды ұйымдастыру; азаматтардың сапалы азаматтық ынтымақтастық сезімінің қалыптасуы үшін ұйымдық алғышарттар мен шаралар жүйесін құру; тәртіптің оң үлгілерін қалыптастыру арқылы патриоттық тәрбиелеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 040 | | Жастар саясатын жүргізу | Жастар саясатын іске асыру саласында стандарттар әзірлеу. Жұмысшы мамандықтарын және танымал ету насихаттау жөніндегі әлеуметтік роликтерді әзірлеу. Визуалды әлеуметтік жарнама құралдарын енгізуді қамтамасыз ету. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру. Жастар проблемаларына арналған республикалық семинар өткізу Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жастар бастамасы орталықтарының белсенділері үшін нұсқаулық армиялық жиын өткізу. Қазақстандағы Украина жылы шеңберінде жастардың қатысуымен іс-шаралар өткізу. Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды әзірлеу және басып шығару. Қазақстанның жыл сайынғы Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарын өткізу. Қазақстанның Ұлттық Дельфий комитетінің отырысын өткізу. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық жастар Дельфий ойындарына қатысуын қамтамасыз ету. Қазақстан жастарының VI Конгресін өткізу. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысын өткізу. Өзекті әлеуметтік-саяси тақырыптар бойынша жастар дебат-ойындарын өткізу. «Жаңа әлемдегі Қазақстан жастары» ҰМО жастар қанатының көшбасшыларының Мемлекет басшысымен кездесуін өткізу. республикалық және облыстық деңгейлерде «Жасыл ел» еңбек отрядтарының қызметін дамыту бойынша іс-шаралар өткізу. «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының қызметтеріне ақы төлеу. «Жасыл ел» акциясын өткізу. «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының қатысушыларын жарақтандыруды қамтамасыз ету, «Менің Отаным - Қазақстан», «Бұл - біздің Ту!» «Бұл - біздің Әнұран!», «Ана тілі» атты акциялар өткізу. Білім ұйымдарында зерделеу үшін қосымша ақпараттық материалдарды енгізу мақсатында қолданыстағы оқу материалдарына ұлттық бірлік тақырыбы бойынша талдау жүргізу. Социологиялық мониторингті одан әрі жүзеге асыру үшін азаматтық келісім мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жыл сайынғы социологиялық сауалнама жүргізу. Этносаралық өзара қарым-қатынас, еуразияшылық идеясын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу. Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтары қызметінің қорытындылары бойынша республикалық слет өткізу. «Біз өзіміздің жарқын болашағымызды орнатамыз! - Біз жаңа Қазақстанды паш етеміз!« атты республикалық акция өткізу. Балалар мен жасөспірімдерге арналған патриоттық мазмұндағы кітаптар шығару. Қазақстанда жаңа қоғамдық-саяси қатынастарды қалыптастыруға арналған студенттік жұмыстардың республикалық конкурстарын өткізу. Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, экскурсиялық, өлкетану жұмыстары жөніндегі бағдарламаны әзірлеу. Өзге ұлт өкілдерінің балалары мен жастары арасында мемлекеттік тілді білуге арналған республикалық конкурс өткізу. Жастардың соғыс ардагерлерімен, халықаралық жарыстар мен конкурстар жеңімпаздарымен тақырыптық кездесулерін өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
коммерциялық емес жастар ұйымдарының базасында жұмыс істейтін әлеуметтік қызметтердің әр облыстың жастары үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету; жастардың кем дегенде 26 әлеуметтік маңызды бастамасын іске асыру;
республика жастарының көшбасшылық қасиетін шоғырландыруға және дамытуға бағытталған жалпы республикалық 9 іс-шара өткізу;
жастар саясатын іске асыру саласында кем дегенде 4 стандарт әзірлеу;
жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша кем дегенде 1000 әдістемелік құралдар мен ұсынымдар басып шығару;
жұмысшы мамандықтарын танымал ету және насихаттау жөніндегі әлеуметтік роликтерді әзірлеу;
«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру шеңберінде кемінде 12 мың адамды еңбекпен қамту және олар атқаратын қызметке ақы төлеу, киім-кешекпен қамтамасыз ету;
республикалық және облыстық деңгейде жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
«Жасыл ел» бастамасын танымал етуге бағытталған акция өткізу;
азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамытуға бағытталған 10 республикалық іс-шара өткізу;
білім ұйымдарында оқыту үшін қосымша ақпараттық материалдарды енгізу мақсатында ұлттық бірлік тақырыбындағы қолданыстағы оқу материалдарын талдау;
экскурсиялық, өлкетану жұмыстары бойынша кем дегенде 2 бағдарлама әзірлеу;
мемлекеттік рәміздері бар кем дегенде 10 000 бояу-кітапшаларын тиражбен басып шығару;
мектепке дейінгі, бастауыш мектеп және орта мектеп жасындағы балаларға арналған патриоттық мазмұндағы кем дегенде 6000 кітап тиражбен шығару.
Түпкі нәтиже:
еліміздің жастар ұйымдары мен бастамашы топтары көшбасшыларының 50%-ы өз жұмысын мемлекеттік-патриоттық негізде құрады;
кемінде 1,5 млн. жас адамды қоғамдық-саяси процеске белсене қатыстыру;
кемінде 3,2 млн. жастарға әлеуметтік қызмет көрсету;
жастармен жұмысқа кем дегенде 320 әлеуметтік қызметкерді, соның ішінде волонтерлерді тартуды қамтамасыз ету;
жастар ұйымдарының жұмысына кемінде 800 мың жас адам қатысатын болады;
ормандар мен ағаш өсіруді қайта өндіру, орманды сақтау, қорғау және қайта өндіру саласындағы жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған елді мекендерді көгалдандыру және сәулеттендіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жастарды тарту - 12 мың сарбаз;
қазақстандықтардың Қазақстан Республикасымен азаматтық сәйкестендіру деңгейін көтеру;
азаматтардың патриоттық қозғалысқа қатысу қызығушылығын арттыру;
азаматтардың патриоттық санасын арттырудың мемлекеттік саясатын іске асыруды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етуді күшейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
жастармен жұмыс жөніндегі бір іс-шараны өткізуге арналған орташа шығыстар - 4 408,0 мың теңге;
жастарға арналған бір әлеуметтік қызметтің жұмыс істеуіне жұмсалатын орташа шығыстар - 7 500,0 мың теңге;
жастардың әлеуметтік маңызды жобасын іске асыруға жұмсалатын орташа шығыстар - 2 171,0 мың теңге;
жастар саясатының өзекті мәселелері жөніндегі бір әдістемелік құрал мен ұсынымды басып шығаруға жұмсалатын орташа шығыстары - 600 теңге;
«Жасыл ел» бір сарбазының қызметіне ақы-төлеуге арналған орташа шығыстар - 17,5 мың теңге;
«Жасыл ел» бір сарбазын киім-кешекпен қамтамасыз етуге арналған орташа шығыстар - 9,0 мың теңге;
Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің бір іс-шарасын өткізуге арналған орташа шығыстар - 3 295,0 мың теңге;
ұлттық бірлік тақырыбындағы қолданыстағы оқу материалдарын талдауға жұмсалатын орташа шығыстар - 725,0 мың теңге;
экскурсиялық, өлкетану жұмыстары бойынша 1 бағдарламаны әзірлеуге жұмсалатын орташа шығыстар - 863,0 мың теңге;
мемлекеттік рәміздері бар 1 бояу-кітапшаны басып шығаруға жұмсалатын орташа шығыстар - 100 теңге;
мектепке дейінгі, бастауыш мектеп және орта мектеп жасындағы балаларға арналған патриоттық мазмұндағы 1 кітапты шығаруға жұмсалатын орташа шығыстар - 2,0 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шараларды тиісті бағдарламалардың іс-шаралар жоспарымен көзделген мерзімде өткізу.
Сапасы: жастар арасында болып жатқан процестерді өздігінен реттеу деңгейін өсіру; еліміздегі жастардың кемінде 102%-ының азаматтық санасын арттыру; патриоттық құндылықтардың, көзқарастар мен сенімдердің маңызын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
254-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға мақсатты берілетін даму трансферттері»
деген 045 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 2310606 мың теңге (екі миллиард үш жүз он миллион алты жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамының құрылуы» 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; 2007-2009 жылдарға арналған «Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Орта білім беру ұйымдарына арналған компьютерлік сыныптарды құру тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану көптеп оқыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 045 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттерi | Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мақсатты берілетін даму трансферттерді аудару: - орта білім беру ұйымдарына арналған компьютерлік және ұйымдастырушылық техниканы, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу үшін; - бюджеттік ұйымдар қызметкерлерін, жұмыссыз тұрғындарды, сондай-ақ балалар үйлері тәрбиеленушілерін мектеп негізінде компьютерлік біліміне оқыту үшін; - бюджеттен тыс сала қызметкерлері мен басқа да азаматтарды студенттер күшімен компьютерлік біліміне оқыту үшін; - аймақтарда ақпаратты технология айлықтарын жүргізу үшін аудару. Бюджеттік, бюджеттік емес мекемелердің қызметкерлерін, жұмыссыз халықты және басқа да азаматтарды, балалар үйінің тәрбиеленушілерін мектеп базасында компьютерлік сауаттылыққа оқыту. Білім беру ұйымдарының 2000 компьютерлік сыныбын техникамен жабдықтау: компьютерлік және ұйымдастырушылық техниканы, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. Аймақтарда ақпараттық технологиялар айлықтарын өткізу. Қазақстанның балалар үйлерінде, мектеп интернаттарда, жасөспірімдер үйлерінде барлығы 69 компьютерлік сыныпты жабдықтау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 2008 жылы ақпараттық технологиялар айлықтары өткізіледі.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғындардың компьютерлік білім алу көрсеткіштерін жоғары деңгейге жеткізу.
Финанстық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздігін азайту және тұрғындардың компьютерлік біліктілікті 13,2%-ға дейін ұлғайту.
Уақытылығы: Іс-шаралардың орындалуы бекітілген мерзімдерге сай келісіммен жүзеге асырылады.
Сапалылығы: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздіктің азаюына септігін тигізу үшін халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
255-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология
кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» деген
048 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2457650 мың теңге (екі миллиард төрт жүз елу жеті миллион алты жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 64-бабы; «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазіргі материалдық-техникалық база құру және оны қамтамасыз ету нормативтік талаптарға сәйкестендіру, мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім стандарттарына сәйкес мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының оқу үрдісін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыру үшін қаржылай қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 048 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерінің физика кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің физика кабинеттерін оқу жабдығымен сапалы және уақытында жарақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері. |