7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
қолданысқа берілетін объектілер саны - 4 объект;
құрылыстық-монтаждық жұмыстарды атқару - 13 объект бойынша
белгіленген ретпен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама - 2 объект бойынша: Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында машина жасау саласы үшін техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау бойынша 700 оқушылық орынға арналған аймақаралық кәсіптік орталықты және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында 700 орындық қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін техникалық қызмет көрсету кадрларын даярлайтын және қайта даярлайтын аумақаралық кәсіби орталық.
Соңғы нәтиже: жоғары деңгейлі және бәсекелік мүмкіндігі бар кадрларды дайындау сапасын жоғарлату үшін білім және ғылым объектілерін қолданысқа беру.
Уақтылығы: Бекітілген келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру графигі бойынша жұмыстар көлемін атқару.
Сапасы: Қазақстан Республикасы территориясында іске асырылатын құрылыс нормалары және ережелеріне байланысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
241-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 69638475 мың теңге (алпыс тоғыз миллиард алты жүз отыз сегіз миллион төрт жүз жетпіс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тиімді мектепке дейінгі және жалпы орта білім желісін әзірлеу және қол жетімділігін қамтамасыз ету; қолда бар оқу орындарының желісін сақтау және оны одан әрі дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: білім беру объектілерін салу және қайта жаңғыртуды іске асыру үшін жергілікті бюджеттерге қаржылық көмек беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3 қосымшаға сәйкес (бекітілген заңнамамен белгіленген тәртіппен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес) тізбе бойынша және қаржы шегінде жобалық-сметалық құжаттарын дайындау, білім беру нысандарын салу және қайта жаңғырту үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін мақсаттық дамыту трансферттерін аудару. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi |
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
қолданысқа берілетін мектептер саны - жобалық қуаты 55012 оқушы орнымен 76 объект;
қолданысқа берілетін мектепке дейінгі балалар мекемелер саны - жобалық қуаты 1790 орындық 9 объект;
қолданысқа берілетін кәсіби мектептер саны - жобалық қуаты 360 орындық 1 объект;
құрылыстық-монтаждық жұмыстарды атқару - жобалық қуаты 109272 орындық 171 объектіде.
Соңғы нәтиже: халыққа білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін білім беру объектілерін қолданысқа беру, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды толығымен қамту үшін жағдай жасау.
Уақтылығы: Бекітілген келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру графигі бойынша жұмыстар көлемін атқару.
Сапасы:
- мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігі 0,4%-ға төмендейді;
- апатты мектептердің саны 10,5%-ға төмендейді;
- оқу орындарының жалпы санына қажеттілік 17,2%-ға төмендейді;
- 3 аусымда оқитын мектептердің саны 22,2%-ға төмендейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
242-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Білім беру саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 148831 мың теңге (бір жүз қырық сегіз миллион сегіз жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 40-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім жүйесін жетілдірудің теориялық-методологиялық негіздерін жетілдіру, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту-педагогикалық және әлеуметтік қолдаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін, оқыту мен тәрбиенің инновациялық әдістері мен технологияларын дайындау мен іске қосуды қамтамасыз ету, реформалау процесін ғылыми және ғылыми-әдістемелік орайластыру, педагогикалық ғылымның жемісті ұйытқысын сақтау, білімді жаңғырту жағдайында біліктілік пен кәсіптік қайта даярлаудың теориялық-әдістемелік негіздері және ғылыми-әдістемесін қамтамасыз ету, әрі дамыту, оның республикалық әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ролін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: реформалау процесін, білім деңгейлерін қолдау мен қызметін ғылыми-әдістемелік орайластыру, қосымша білім жүйесінде оқушыларды әлеуметтендіруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, 12 жылдық жалпы орта білімді енгізу бойынша тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, дәстүрлі емес әдістерін адамның рухани әрі табиғи денсаулығына ықпал ету тәжірибесін зерттеу, педагогикалық ғылымның жемісті ұйытқысын сақтау, білімді жаңғырту жағдайында біліктілік пен кәсіптік қайта даярлаудың теориялық-әдістемелік негіздері және ғылыми-әдістемесін қамтамасыз ету әрі дамыту, оның республикалық әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін көтеру. 12-жылдық жалпы орта білімді енгізу мәселелері бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Білім беру саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді 3 бағытта жүргізу: 1) 12 жылдық жалпы орта білімді барлық деңгейін қайта құру бойынша ғылыми зерттеулер; 2) азаматтардың рухани және табиғи денсаулығын нығайту әрі сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу; 3) даму мүмкіндіктерi шектеулі балаларды оңалту-педагогикалық және әлеуметтік қолдаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми- практикалық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
оқушылар жетістіктерін өлшеу жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздерін, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер жағдайында психологиялық-педагогикалық диагностиканың ғылыми-әдістемелік негіздерін, арнайы мектепке дейінгі білімнің ғылыми-әдістемелік негіздерін, арнайы (түзету) ұйымдарында ғылыми негізінде оқыту, 12 жылдық білімді, мектепке дейінгі білімді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже:
12-жылдық мектепте, арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында, республиканың жоғарғы оқу орындарында мектепке дейінгі балалар ұйымдарында оқу процесін жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1 ғылыми бағыттың шығыны - 49610 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы:
жыл бойы келісім-шарттарға сәйкес.
Сапасы:
қолданбалы зерттеу есептемесінің нәтижесін пайдалану деңгейі - 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
243-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мәдениет пен өнер саласында үзіліссіз оқуды қамтамасыз ету»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1869977 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз алпыс тоғыз миллион тоғыз жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5, 8, 11, 26, 35, 36, 38, 40, 47, 52, 64, 65-баптары; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Қазақ ұлттық музыка академиясын ашу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы № 269 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1782 қаулысы; «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 892 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1619 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық мәдениет мұқтаждықтарын өнер мен мәдениет саласындағы кәсіптілігі жоғары мамандармен: концерттік ұйымдарда, оқу, мәдени-ағарту орындарында орындаушы-солистік жұмыстар үшін музыканттармен, музыкалық театрлар оркестрлерінің әртістерімен, дирижерларымен, композиторларымен, музыкалық фольклор мамандарымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: музыкалық білімнің бастауыш, орта және жоғары буындарын әдістемелік біріктіру; үлгі және икемді эксперименттік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде үздіксіз оқу процесін қамтамасыз ету; атқарушы және педагогикалық мектептерді, баршаға ортақ буындар жүйесін қалыптастыру; оқытудың жаңа прогрессивтік әдістерін әзірлеу және енгізу; ғылыми-зерттеу және ғылыми әдістемелер жұмыс; музыкалық мәдениет, педагогика проблемаларының іргелі әзірлеушілерін жүзеге асыру; музыкалық тану әдебиетін басып шығару; Қазақстан аумағында тұратын халықтардың музыкалық мәдениетімен байланысты халықтық-дәстүрлік жанрлар мамандықтарын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Мәдениет пен өнер саласында үзіліссіз оқуды қамтамасыз ету | Өнер мен мәдениет саласындағы мамандарды білім берудің мемлекеттік жалпы білім стандарттарына сәйкес даярлау. Негізгі құралдарды сатыға алу және Қазақ ұлттық музыка академиясын (сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 23-10/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 23-8/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) және Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (сметалық құжаттама бойынша 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 7-170/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) күрделі жөндеуден өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ ұлттық музыка академиясы, Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік қызметтерді алушылар: білім ұйымдарының оқушылары және студенттері.
Тікелей нәтиже:
- білім алушылардың орташа жылдық контингенті - 2 877;
- Қазақ ұлттық музыка академиясының негізгі құралдарды сатып алуы кемінде: концерттік шағын рояль - 3 дана, клавинова - 14 дана, дыбыс жазатын студия - 1 дана;
- Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының негізгі құралдарды сатып алуы кемінде: 30 атау
- екі мекеменің ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізу.
Соңғы нәтиже:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары білімді мамандарға деген 2008 жылғы қажеттіліктен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша өнер және мәдениет саласында жоғары кәсіптік білім алғандар үлесі - 75%;
- екі жоғары оқу орнының күрделі жөндеу бойынша қажеттілігін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету дәрежесі - 43,1%;
- 2008 жылғы қажеттіліктен республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орындарын жарақтандыру - 9,3%.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір студентке жұмсалатын орташа ағымдағы шығыстар (күрделі жөндеусіз) - 502,1 мың теңге.
Уақтылығы: өнер және мәдениет саласында білім алған азаматтар саны - 571.
Сапасы:
- білім алушылардың жалпы санынан оқудан шығарылған студенттердің үлесі 9 %-дан артық емес;
- бітірушілердің жалпы санынан жоғары оқу орындарын үздік бітірген жоғары білімді бітірушілердің үлесі кемінде 10%.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
244-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Ұшқыштарды бастапқы даярлауды қамтамасыз ету»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 70813 мың теңге (жетпіс миллион сегіз жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 632 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мемлекеттік авиациялық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру және маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы № 1085 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық авиация, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер және басқа да күш құрылымдарындағы ұшқыштар құрамының дайындық сапасын көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Азаматтық академия авиациясында және басқа да мемлекеттердің авиациялық оқу орындарында ары қарай дайындау үшін Қазақстанның азаматтық авиациясындағы ұшқыштар құрамының және Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының әскерге дейінгі тұлғалардың бастапқы дайындығының сапасын жоғарылату және ұшу дайындығымен байланысты басқа да қызмет, әуе кеңістігінде ұшуды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Ұшқыштарды бастапқы даярлауды қамтамасыз ету | Алғашқы ұшқыштардың ұшу дайындық процесін өткізу. Алғашқы ұшқыштардың ұшу дайындығы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік авиациялық орталыққа мемлекеттік басқару органы бекіткен тізімге сәйкес негізгі құралдарды сатып алуға күрделi трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мемлекеттік авиациялық орталық» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 75 курсант - орташа жылдық контингентін оқыту. Мемлекеттік басқару органы бекіткен тізбеге сәйкес Мемлекеттік авиациялық орталығына негізгі құралдарды алу.
Соңғы нәтиже: Қазақстанның азаматтық авиациясындағы ұшқыштар құрамының және Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында және басқа мемлекеттердің әуе оқу мекемелерінде азаматтық авиация академиясында оқу үшін бастапқы азаматтық ұшқыштық дайындық.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 курсантқа бір айдағы орташа оқу құны (күрделі қаржы шығындарды есептемегенде) 68,68 мың теңге құрайды.
Уақыттылығы: Ұшу дайындықты өткізу оқу бағдарламасын орындау. Негізгі құралдарды жеткізу планына сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның ұшқыштық құрамының сапасын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
245-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Балаларды оңалту»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 258501 мың теңге (екі жүз елу сегіз миллион бес жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11, 13-баптар; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 48-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалардың денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген әлсіз және ауру балалар, жетім балаларды, республиканың экологиялық қолайсыз аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды, дамуында проблемалары бар балаларды тексеру және кеңес беру. Дамуында проблемалары бар балаларға туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін түзету-оңалту көмек көрсету. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеллектуалды және психофизиологиялық мүмкіндіктерін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Балаларды оңалту | Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген жетім балаларды, республиканың экологиялық қолайсыз аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру. Дамуында проблемалары бар балаларды табу және іріктеу; диагностикалық тексерулерді, оңалту сабақтарын өткізу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес басты құралдар сатып алу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізім бойынша «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы үшін негізгі құралдар алуға күрделi трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми- практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Қазақстан Республикасының әртүрлі ойыстарынан келген жетім балаларды, экологиялық қолайсыз аймақтардан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан балаларды, дарынды балаларды оңалту, балалардың саны 5921. Дамуында проблемалары бар балаларды табу және іріктеу; диагностикалық тексерулерді, оңалту сабақтарын өткізу, балалар саны орта есеппен 1418.
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы үшін 51 бірліктен кем емес негізгі құралдар сатып алынады.
Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығына 19 бірліктен кем емес негізгі құралдар сатып алынады.
Соңғы нәтиже:
балаларды салауатты өмір сүруге және өзінің денсаулығы мен өзгелердің денсаулығына қамқорлықпен қарауға үйрету.
Емдеу профилактикалық және сауықтыру шараларды жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
жетім балаларды, экологиялық қолайсыз аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан балаларды, дарынды балаларды сауықтыру, оңалтудың және олардың демалысын ұйымдастырудың құны орта есеппен 1 балаға шаққанда (күрделі шығыстарды есептемегенде) айына 2 714 теңгені құрайды;
диагностика жасау, тексеру, оңалту сабақтарын өткізудің құны айына 1 балаға орта есеппен шаққанда 3507 теңгені құрайды.
Уақтылығы: келісім шарттарға сәйкес.
Сапасы: балалардың денсаулығын нығайту үшін ерте анықтау, іріктеу және олардың денсаулығын нығайтуға ықпал тигіздіретін оңалту қызметтерін көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
246-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 52946951 мың теңге (елу екі миллиард тоғыз жүз қырық алты миллион тоғыз жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5, 8, 11, 26, 35, 36, 38, 40, 47, 52, 64, 65-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысы; «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы; «Мемлекеттік білім гранты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; «Мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгілік Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы; «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысы; «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.