Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 866 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 953 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 - 2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 79 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 38-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 - 2009 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 46-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 51-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |