ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық қондырғыларға, қауіпті өндірістік объектілердегі материалдарға техникалық куәландыру жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге дайындығын бақылауды жүзеге асыру;
қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау бойынша міндеттерін қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің орындауын және олардың заңнамада белгіленген тәртіптерді сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік резервтердің материалдық құндылықтарын сапалы және сандық сақтау үшін бақылауды қамтамасыз ету;
тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын мемлекеттік материалдық резервтер саласында тексеріс (тексеру) жүргізуге тарту;
мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзған кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін тексеріс (тексеру) материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу;
сақтау пункттерінде сақталатын материалдық құндылықтардың сақталуын тексеріс (тексеру) жүргізу.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлері) бар.
17. Министр Министрлікке басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын, жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
18. Бұл мақсаттарда Министр:
1) Министрліктің иелігіндегі мемлекеттік басқару салаларындағы, төтенше жағдайлар аясында мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының Парламентінде, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
5) мемлекеттік органның ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастырады және мемлекеттік органда жүргізілген ішкі аудит туралы есепті бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне Министрліктің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыну және құрметті атақтар беру үшін ұсыныс енгізеді;
7) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Министрлік қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқама береді;
8) бөлімшелердің, ведомстволар мен ұйымдардың қызметтерін ведомстволық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) бірыңғай кадрлық саясатты жүргізеді;
10) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
19. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесу органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын және ол туралы ережені Министр бекітеді.
20. Жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады, оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимитінің шегінде Министрліктің, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелері басшыларын және басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Министрдің ведомстволардың басшыларын тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауын келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша, Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша, еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді;
15) Министрліктің бюджеттік тапсырысын дайындауды, оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілетін Министрге бюджеттік тапсырысты ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және оның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрмен келіскеннен кейін бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттіліктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Өзіне жүктелген міндеттерін орындау үшін жауапты хатшы не жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды адам:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.
4. Министрліктің мүлкі
22. Министрліктің оқшауланған мүлікті жедел басқаруға құқығы бар. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады, және негізгі қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Министрлік егер заңмен өзгеше белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1112 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлiгінiң республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелерінің тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Көкшетау қаласы.
2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Ақтөбе қаласы.
3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Талдықорған қаласы.
4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Талдықорған қаласы.
5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Атырау қаласы.
6. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Өскемен қаласы.
7. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Риддер қаласы.
8. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Зырян қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Зырян қаласы.
9. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Семей қаласы.
10. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Өскемен қаласы.
11. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Тараз қаласы.
12. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Орал қаласы.
13. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Қарағанды қаласы.
14. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Жезқазған қаласы.
15. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Балқаш қаласы.
16. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Қызылорда қаласы.
17. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Қостанай қаласы.
18. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Арқалық қаласы.
19. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Ақтау қаласы.
20. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Павлодар қаласы.
21. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Екiбастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Екiбастұз қаласы.
22. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Петропавл қаласы.
23. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Шымкент қаласы.
24. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы.
25. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.
26. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң 28237-әскери бөлiмi" мемлекеттік мекемесi, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы.
27. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң 68303-әскери бөлiмi" мемлекеттік мекемесi, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы.
28. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң 52859-әскери бөлiмi" мемлекеттік мекемесi, Қарағанды қаласы.
29. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесi, Көкшетау қаласы.
30. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы.
31. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Шығыс өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Өскемен қаласы.
32. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Солтүстік өңiрлік аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Қостанай қаласы.
33. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Оңтүстiк өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Қызылорда қаласы.
34. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Батыс өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Атырау қаласы.
35. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Орталық өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы.
36. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.
37. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң республикалық жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.
38. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Ақтөбе қаласы.
39. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Екiбастұз қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Екiбастұз қаласы.
40. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Қарағанды қаласы.
41. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Қызылорда қаласы.
42. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi Павлодар қаласы жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Павлодар қаласы.
43. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Тараз қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Тараз қаласы.
44. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Орал қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Орал қаласы.
45. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Шымкент қаласы.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 704 Қаулысымен 46-тармақпен толықтырылды
46. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1112 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 154-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы және 3-тармағы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерістер мен толықтырулардың 18-тармағының 2) және 3) тармақшалары.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 17 қарашадағы № 1733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 499-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 111 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 31-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуiрдегі № 481 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы № 501 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 13, 134-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегі № 481 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 419 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 17, 216-құжат).