Ауыл шаруашылығы саласында келесі проблемаларды шешу болжанады:
Балқаш-Алакөл бассейнінде ауылдық сумен қамтамасыз етудің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін су үнемдегіш және табиғат қорғау тәсілдерінің моделдерін әзірлеу;
Балқаш-Алакөл бассейнінде ауылшаруашылық дақылдар үшін суармалау және су бөлу нормаларын төмендету жөніндегі ұсыныстар дайындау;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына Балқаш-Алакөл бассейні экологиялық жағдайының әсер етуіне бағалау жүргізу;
су алуда балық сақтауыш құрылғы жұмысының тиімділігін көтеру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Балқаш-Алакөл өңірінде ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамыту және орналастыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
5.3 Әлеуметтік-демографиялық жағдай мен халықтар денсаулығын жақсарту
Балқаш-Алакөл өңірі - қоршаған ортаның сапасын және тұрақтылығын жақсартуға кешенді тұрғы негізінде орнықты әлеуметтік-демографиялық дамыту және халықтар денсаулығын жақсарту саясатын іске асырудың алғашқы тиімді мысалы болуы керек.
Демографиялық көрсеткіштерді жақсарту - жалпы және сәби өлімін төмендету, фертильді және туу көрсеткішін тұрақтандыру - келесі негізгі шаралар есебінен қол жеткізу керек:
Балқаш-Алакөл бассейнінде халықтар денсаулығының төмендеу тенденциясына антропогендік факторлардың әсерін зерттеу және бағалау;
Балқаш-Алакөл бассейні өңірінде экологиялық-шарттылық патологияның алдын алу және терапия.
5.4. Орнықты халықаралық ынтымақтастық және трансшекаралық проблемаларды шешуін қамтамасыз ету
Трансшекаралық су объектілерінің өзара қарым-қатынастары саласында халықаралық-құқықтық реттеу тиімділігін көтеру бассейннің маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Өңірде орнықты әлеуметтік-экономикалық даму және тұрақты экожүйені құру негізі - Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы арасында келісілген, ортақ стратегияны дамыту мен орындауды реттейтін елдердің заңдылық міндеттері бар, су ресурстарын реттеу, басқару және қолдану үшін халықаралық келісім-шарттың бар болуы қажет.
Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесі мүшелері арасында екі және көп тарапты Бассейндік келісім жобасын әзірлеу және келісу.
Бассейннің экожүйесін қолдау және сақтау үшін табиғатты тиімді пайдалану саласында ұлттық заңнаманы үйлестіру мәселесін халықаралық конференцияларда талқылау және ақпаратпен алмасу қажет.
5.5. Бассейнді басқару жүйесін құру
Институтционалды негіздер. Аумақтық даму, аумақты дамытуды қаржыландыру мәселелерінде үйлестіру, өңіраралық және салааралық өзара қызмет етуді қамтамасыз ету мақсатында, орнықты даму саласында өкілетті органды белгілеу жөніндегі мәселе қарастырылуы қажет.
«Бассейндік басқару органы туралы ереже» жобасына халықаралық сараптама өткізумен бассейндік қағида бойынша экожүйелік басқаруды енгізу мүмкіндігін пысықтау.
Нормативті құқықтық және әдістемелік негіз. Ысырапты, тиімсіз табиғат пайдаланудың алдын алу мақсатында бірқатар нормативті құқықтық және әдістемелік құжаттарды әзірлеу және қабылдау:
Балқаш-Алакөл бассейнін дамыту сценарийін бағалау үшін орнықты дамудың бассейндік және салалық индикаторлар жүйесін;
Отандық өндірушілердің ISO-9000 және ISO-14000 сериялы халықаралық стандарттарға көшуін ынталандыру жолымен экологиялық стандарттау және нормалау институтын нығайту.
Басқарудың қазақстандық тәжірибесіне бассейндік басқару және инвестициялық саясат әдісімен байланысқан техникалық нормалау негізінде, су бассейндерінің экологиялық жағдайының кезеңдік мақсатты көрсеткіштерінің әдістемесін және төгінділерді нормалау әдістерін және инвестицияларды жоспарлауды енгізу қажет. Су сапасын жақсартуға халықаралық нормаларды ескере отырып, жаңа стандарттарды (су объектісіне шартты-рұқсатты әсер ету) енгізуді қажет.
Бассейнді экожүйелік басқаруда ғылыми-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету. Өңірде қоршаған ортаны қорғау, су ортасының ластануы адам және ауылшаруашылық жануарлар ағзасына әсер етуін бағалау, ақпараттың сенімділігі, нақтылығы және анықтылығына бақылау әдісі енгізіледі. Барлық табиғат пайдаланушыларды бірыңғай ақпараттық жүйемен қамту - міндетті шарт болып табылады.
Бассейнді ықпалдастыра басқаруда ғылыми-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру үшін:
Балқаш-Алакөл бассейнінің рекреациялық әлеуетін кешенді игерудің ғылыми негізделген сызбасы;
климаттың өзгеру жағдайында ағынның қалыптасу аймағында қарлы-мұзды ресурстарын бағалау;
Іле өзенінің атырауының экожүйесіне зерттеулер жүргізу және Іле атырауындағы биоалуан түрлілікті сақтау және қайта жаңғырту жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу.
Тентек өзені, Алакөл және Сасықкөл көлдерінің экожүйесін қайта қалпына келтіру және атырауын дамыту негізі жөнінде зерттеу жүргізу;
Балқаш-Алакөл өңірі экожүйесінің орнықтылығын көтерудің ғылыми негізін әзірлеу;
тазалау имараттарын және өзге іс-шаралардың орналасуын ғылыми-негізделген негізде "Сарыбұлақ" жинақтағышының деңгейін тұрақтандыру;
«Қазақмыс» Ұлттық Акционерлік Компаниясын қоса, өндірістік кәсіпорындардан зиянды әсерді қысқарту жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
Балқаш-Алакөл бассейнінде экологиялық туризмді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
Балқаш-Алакөл бассейні аумағында табиғи-ресурстық әлеуетті және экологиялық ахуалды картасын әзірлеу үшін ғылыми негіз құру;
геотермалдық суларды пайдалану жолдарын кеңейту.
Қоршаған ортаның мониторинг жүйесін жетілдіру және құру. Экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін шешілетін табиғат қорғау міндеттеріне және қоршаған ортаның жағдайына қадағалау негізінде қалыптасатын, қоршаған орта жағдайының талап ету деңгейінде шұғыл нақты тұтас суреті, яғни қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингі, сонымен қатар жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестерді қоса, жер қойнауының мониторингі болуы керек.
Бассейннің гидрометеорологиялық мониторингі және бассейннің қоршаған орта мониторингі, Балқаш-Алакөл бассейнінің қарлы-мұзды ресурстарының мониторингі, бассейндегі трансшекаралық өзендерінің ҚХР-мен біріккен мемлекетаралық өңірлік мониторингін жүйесін қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады. Қоршаған ортаның мониторингін өңірлік деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету.
Табиғат пайдалану саласында жұртшылықты насихаттау және ақпараттау. Бағдарлама саясатын іске асыру бұқаралық ақпараттар құралын және жұртшылықтың және тұрғындардың кең саласын қатыстырумен су ресурстарын ықпалдастыра басқару жөніндегі ғылыми-техникалық іс-шаралар, форумдар, насихаттауды жүргізуді тиісті ұйымдастырушылықты талап етеді.
Экологиялық ағарту саласында экологиялық білім беру және тәрбиелеу жүйесінің негізін құру арнайы ғылыми-белгілі кітапша, газет, журналдар, электрондық сайттар және өзгелерді шығару мен тарату, тұрғындарды әсіресе, әйелдер, жастар мен табиғат пайдаланушылар ұйымдарын табиғи ресурстарды басқару, қалдықтарды жинау, рециркуляциялау және жоюды басқаруға қатысуын ынталандыру.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Кешенді Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін едәуір капитал салу және материалды-техникалық шығындар қажет. Қаржыландыру көзі республикалық және қызмет етіп отырған субъектілер қаражатына, табиғат пайдаланушы-кәсіпорындардың өз қаражаттарынан, халықаралық донор-елдердің гранттары және өзге де Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған көздерінен қаржыландырылатын болады.
Қаражат бөлу барлығы 215,3 млн. теңге мөлшерінде көзделеді, соның ішінде:
2007 жылы - 26,0 млн. теңге;
халықаралық гранттар:
2007 жылы - 64,3 млн. теңге;
2009 жылы - 35,0 млн. теңге;
кәсіпорындар қаржысы:
2007 жылы - 30,0 млн. теңге;
2008 жылы - 30,0 млн. теңге;
2009 жылы - 30,0 млн. теңге.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны іске асыру бассейндік қағида тетігі бойынша пысықтау және жетілдіруге мүмкіндік береді және мыналар қамтамасыз етіледі:
экология және табиғатты пайдаланушылар саласында халықаралық стандарттарға көшу бөлігінде Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауындағы тапсырмаларды орындау;
Балқаш-Алакөл бассейнінің негізгі ағыстарының экологиялық және әлеуетті бос ағысының ғылыми негіздемелік жолымен Балқаш-Алакөл бассейнінің экожүйесін сақтау үшін жағдай жасау;
Балқаш-Алакөл бассейнінің қазіргі заманғы талаптарына және әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне сәйкес табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауды ықпалдастыра басқару моделін енгізу;
Қырғыз Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен және өзге де мүдделі тараптармен Балқаш-Алакөл бассейнінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және экожүйесін сақтау жөніндегі Бассейндік Келісімдер жасасу;
мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және табиғатты пайдаланушылар арасында әріптестіктің тиімді тетігін құру;
Балқаш өзенінің гидрологиялық режимін және су деңгейін - 342 м белгісінде тұрақтандыру, экожүйені сақтау және су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін жоғарылату;
өңірдегі әлеуметтік-демографиялық ахуалын 1 туған балаға 5-6 өлі туу деңгейіне дейін төмендету есебінен жақсарту;
халық денсаулығының ахуалын жақсарту, еңбек ресурстарының сапасын және адами әлеуетті дамыту деңгейін жоғарылату.
8. «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
р/с № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орында- луына жауап- тылар | Орындалу мерзімі | Болжа- натын шығын- дар (млн. теңге) | Қаржы- ландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту |
1.1.1. | Су объектілерi және оларды пайдаланудағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін көтеру мониторингi жүйесін жетілдіру жөніндегi ұсыныстар дайындау | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейді | |
1.1.2. | Балқаш-Алакөл бассейнінің су көздеріндегi су қорғайтын аймақтарды жайғастыру жөнінде ұсыныстар дайындау | Қоршаған- ортами- ніне ұсыныстар | АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейді | |
1.1.3. | Балқаш-Алакөл бассейні жер үсті суларының күтілетін өзгерістер жағдайындағы табиғи-шаруа- шылық жүйесі- нің гидроэко- логиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негіздерін әзірлеу | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ақпарат | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 2,0 | Респуб- ликалық бюджет |
1.1.4. | Шектес мемлекеттер- мен су сынама- лары көлемін ескере отырып, трансшекаралық ағын сулардың ағындысын болжау әдісте- месін әзірлеу (Іле өзенi мысалында) | Норматив- тік құқықтық актінің жобасы | Қорша- ғанор- тамині АШМ | 2009 жылғы 4 тоқсан | 2007 ж. - 2,0 | Респуб- ликалық бюджет |
1.1.5. | Экожүйелердің орнықтылығының қамтамасыз етуін ескере отырып, Алакөл-Сасық- көл көлдер жүйесі суқоймалары деңгейінің режимдерін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар дайындау | Қоршаған- ортами- ніне ұсыныстар | АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейді | |
1.1.6. | Іле өзенінің ағындысын маусымдық қарсы реттейтіндігін ескере отырып, Қапшағай суқоймасы жұмысының режимін оңтайландыруды қамтамасыз ету | Норма- тивтік құқықтық актінің жобасы | ЭМРМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейді | |
1.1.7. | Ағынды және коллекторлық кәріздеу сула- рын пайдалану және оларды суармалауға қайталама пайдалану жөнінде ұсыныстар дайындау | Қоршаған- ортами- ніне ұсыныстар | АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмейді | |
1.2. Жайылымдар мен жыртылатын жерлердің тозуын төмендету |
1.2.1. | Топырақты қорғау, жердi қалпына келтіру, жел эрозиясының алдын алу жөнінде және оның ішінде ландшафттық- экологиялық талаптар мен Балқаш-Алакөл бассейнінің өңірлік ерек- шеліктерін ескере отырып, жаңа жер қатынастары жағдайларында ұсыныстар дайындау | Қоршаған- ортамині- не ұсыныстар | ЖРА (жина- қтау), АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейді | |
1.3. Атмосфералық зиянды заттардың шығарындыларын азайту |
1.3.1. | Металлургия, жылу энергети- касы, өнер- кәсіп және тау-кен өндіру саласындағы объектілерде экологиялық таза техноло- гияларды және имараттарын енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау | Қоршаған- орта- миніне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), ЭМРМ, БҒМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейді | |
1.3.2. | Жаңғыртылатын және дәстүрлi емес энергия көздерін пайдалану жөнінде ұсыныстар дайындау | Қоршаған- орта- миніне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейді | |
1.4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталу деңгейін төмендету |
1.4.1. | Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды басқару және оларды қайталама қайта өңдеу, Балқаш-Алакөл бассейнінің кәсіпорында- рына оларды қайта өңдеу бойынша техно- логиялық жолдар құру туралы ұсыныстар дайындау | Қорша- ғанор- таминіне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), БҒМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейді | |
1.4.2. | Балқаш-Алакөл бассейнінің жер үсті және жер асты сула- рына өнеркә- сіптік қалдық- тарды жинақта- уыштардың әсерін бейта- раптандыру жөнінде ұсыныстар дайындау | Қоршаған- ортамині- не ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), БҒМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етіл- мейді | |
2. Орнықты экологиялық-экономикалық қызметті дамыту |
2.1. Коммуналдық шаруашылықты жетілдіру |
2.1.1. | Қазақстан Республикасын- дағы су және санитария жөніндегi мыңжылдықтың даму мақсатта- рына қол жеткізу сала- сындағы іс жүзінде бар және жоспар- ланған инвес- тициялық жобаларды талдау және бағалау жүргізу | Қорша- ғанор- таминіне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 0,5 | Халық- аралық грант- тар |
2.1.2. | Бассейіндi дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасына қосу үшін инвестициялық жобалар пакетін әзірлеу | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ақпарат | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), Мүдделі мемле- кеттік орган- дар | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 2,1 | Халық- аралық грант- тар |
2.1.3. | Балқаш-Алакөл бассейнi кәсіпорында- рының қатты- тұрмыстық және сұйық өнеркә- сіптік қалдықтарын қайта өңдеу жөнінде ұсыныстар | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), БҒМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмей- ді | |
2.2. Ауыл шаруашылығын дамыту |
2.2.1. | Балқаш-Алакөл бассейніндегi ауылдарды сумен қамтама- сыз етудің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін су үнем- деуіш және табиғи қорғау тәсілдердің үлгісін әзірлеу | Норматив- тік құқықтық актінің жобасы | АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | 2007 ж. - 37,0 | Халық- аралық грант- тар |
2.2.2. | Балқаш-Алакөл бассейнінін- дегі ауыл шаруашылығы дақылдардың өнімділігi үшін суармалау және су тарту нормаларын төмендету жөнінде ұсыныстар дайындау | Қоршаған- ортамині- не ұсыныстар | АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмей- ді | |
2.2.3. | Балқаш-Алакөл бассейнінің экологиялық ахуалының шаруашылық өнімнің қауіпсіздігi мен сапасына әсерін бағалауды жүргізу | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ақпарат | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 5,0 | Респуб- ликалық бюджет |
2.2.4. | Бас тоғандарда балық қорғау қондырғылары жұмысының тиімділігін жоғарылату жөнінде ұсыныстар дайындау | Қоршаған- ортамині- не ұсыныстар | АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмей- ді | |
2.2.5. | Балқаш-Алакөл өңіріндегi ауыл шаруашы- лық өнімін қайта өңдеу жөніндегi кәсіпорындарды дамыту және орналастыру жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ақпарат | АШМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | Талап етілмей- ді | |
3. Әлеуметтік-демографиялық ахуал мен халық денсаулығының жай-күйін жақсарту |
3.1. Халықтың денсаулығын жақсарту |
3.1.1. | Балқаш-Алакөл бассейніндегi тұрғындары денсаулығының төмендеу үрдісіне антропогендік факторлардың әсерін зерттеу және бағалау | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ақпарат | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), ДСМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 3,0 | Респуб- ликалық бюджет |
3.1.2. | Балқаш-Алакөл бассейнінің өңіріндегi экологиялық шарттасқан патологияның алдын алу және емдеу жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), ДСМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | Талап етілмей- ді | |
4. Орнықты халықаралық ынтымақтастықты және трансшекаралық проблемалардың шешілуін қамтамасыз ету |
4.1. Халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру |
4.1.1. | Трансшекаралық су ресурстарын пайдаланудың жалпы страте- гиясының орындалуын және дамуын реттейтін, мемлекеттердің заңгерлік міндеттемеле- рінен тұратын су ресурстарын пайдалану, басқару және реттеу үшін Қытай Халық Республикасы- мен және Қырғызстанмен Келісім-шарт (Бассейіндік келісім) жобасын әзірлеу | Норма- тивтік құқықтық актінің жобасы | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), ЭМРМ, СІМ, АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | 2007 ж. - 0,8 | Халық- аралық грант- тар |
4.1.2. | Балқаш-Алакөл Бассейндік кеңес мүшелерi арасында екi және көп тарапты Бассейндік келісім жобасын әзірлеу және келісу | Норма- тивтік құқықтық актінің жобасы | АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | 2007 ж. - 2,6 | Халық- аралық грант- тар |
4.2. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту |
4.2.1. | Трансшекаралық су пайдалану және әзірлен- ген көп тарап- ты келісім жобасын талқылау мәселелерi жөнінде халықаралық конференцияны дайындау және өткізу | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ақпарат | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ, СІМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 20,0 | Халық- аралық грант- тар |
5. Бассейнді басқарудың жүйесін құру |
5.1. Иституционалдық негіздер |
5.1.1. | «Бассейндi басқару органы туралы ереже» жобасына халықаралық сараптама жүргізе отырып, бассейндік қағидат бойынша экожүйелік басқаруды енгізу мүмкін- діктерін қарастыру | Норма- тивтік құқықтық актінің жобасы | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ, СІМ (сарап- таманы жүзеге асыру бөлі- гінде) | 2007 жылғы 4 тоқсан | 2009 ж. - 25,0 | Халық- аралық грант- тар |
5.2. Нормативтік-құқықтық және әдістемелік негіз |
5.2.1. | Бассейндік қағидат бойын- ша орнықты дамудың бір- қатар нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарын әзірлеу және қабылдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу (индикаторлар, ISO-9000 және ISO-14000 халықаралық стандарттары және мақсаттық көрсеткіштер) | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині | 2007 жылғы 4 тоқсан | 2007 ж. - 10,0 | Халық- аралық грант- тар |
5.3. Бассейндік қағидат бойынша басқаруды ғылыми-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету |
5.3.1. | Балқаш-Алакөл бассейнінің рекреациялық әлеуетін кешенді игеру схемасын ғылыми қамтамасыз ету | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ақпарат | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 2,0 | Респу- блика- лық бюджет |
5.3.2. | Балқаш-Алакөл бассейнінде климаттың өзгеруі жағ- дайында ағындар қалыптастыру аймағындағы қарлы-мұзды ресурстарды бағалау және қауіпті табиғи процестердi (сел, су тасқындары, көшкіндер, сырғымалар) болдырмау жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ БҒМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмей- ді | |
5.3.3. | Iле өзенi атырауының экожүйелеріне ғылыми зерт- теулер жүргізу және Іле өзенінің төменгi ағысының экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Балқаш көлінің, Іле өзенінің атырауындағы биоәртүрлілік- терді сақтау және қайта жандандыру жөнінде кешендi іс-шаралар әзірлеу | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ақпарат | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ БҒМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 3,0 | Респу- блика- лық бюджет |
5.3.4. | Тентек өзенінің, Алакөл мен Сасықкөл көлдерінің атырау экожүйесіне ғылыми зерт- теулер жүргізу және олардың биоәртүрлілі- гінің эколо- гиялық орнық- тылығын қамтамасыз ету және сақтау жөнінде іс-шаралар кешенін әзірлеу | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ақпарат | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ БҒМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 2,0 | Респу- блика- лық бюджет |
5.3.5. | Балқаш-Алакөл өңірінің экожүйесінің орнықтылығын жоғарылатудың ғылыми негіздерін әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қорша- ғанор- тамині | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 5,0 | Респу- блика- лық бюджет |
5.3.6. | Ғылыми- негізделген тазарту имараттарын орналастыру негізінде «Сары-Бұлақ» жинауыш деңгейін тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмей- ді | |
5.3.7. | «Қазақмыс» ұлттық акцио- нерлік қоғамын қоса алғанда, өнеркәсіптік кәсіпорындар- дан зиянды әсерлердің қысқарту жөнінде шараларды әзірлеу және енгізу | Қоршаған- ортами- ніне ақпарат | «Қазақ- мыс» ҰАҚ | 2009 жылғы 4 тоқсан | 2007 ж. - 30,0 2008 ж. - 30,0 2009 ж. - 30,0 | Кәсіп- орындар есебі- нен |
5.3.8. | Балқаш-Алакөл бассейнінде экологиялық туризмдi ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау | Қорша- ғанор- таминіне ұсыныстар | ТСМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмей-ді | |
5.3.9. | Балқаш-Алакөл бассейнінің табиғи-ресурс- тық әлеуетi және аумағының экологиялық жағдайына карталар әзірлеу үшін ғылыми негіз құру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), БҒМ, ЭМРМ, АШМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 2,0 | Респу- блика- лық бюджет |
5.3.10. | Геотермальдi суларды пайдалану жолдарын кеңейту жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині (жина- қтау), ЭМРМ, АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмей-ді | |
5.4. Қоршаған ортаға мониторинг жүйесін құру және жетілдіру |
5.4.1. | Балқаш-Алакөл бассейнінің қоршаған ортасына мониторинг жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметіне ұсыныстар | Қорша- ғанор- тамині | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмейді | |
5.4.2. | Өңірдегі балықтар мен жануарлардың ең осал түрлерінің санына мониторинг жөнінде ұсыныстар дайындау | Қорша- ғанор- таминіне ұсыныс- тар | Қорша- ғанор- тамині, АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмейді | |
5.5. Қоғамды табиғаты пайдалану саласында насихаттау және ағарту |
5.5.1. | Су ресурстарын біріккен бас- қару бойынша мүдделі тарап- тардың Ұлттық форумын өткізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | АШМ (жина- қтау), Қорша- ғанор- тамині, ЭМРМ | 2007 жылғы 20 шілде 2008 жылғы 20 қаңтар | 2007 ж. - 1,3 | Халық- аралық грант- тар |
5.5.2. | Экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | БҒМ (жина- қтау), Қорша- ғанор- тамині, АШМ | 2007 жылғы 4 тоқсан | Талап етілмей-ді | |
Жиыны | 215,3 соның ішінде: РБ-тен - 26,0 2007 ж.- 26,0 халықаралық гранттар: 2007 ж.- 64,3 2009 ж.- 35,0 кәсіпорындар қаражаты: 2007 ж.- 30,0 2008 ж.- 30,0 2009 ж.- 30,0 |
Ескертпе:
СІМ | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi |
БҒМ | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi |
Қоршағанортамині | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi |
АШМ | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi |
ЭMPM | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi |
ТЖМ | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi |
ТСМ | - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi |
ДСМ | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi |
ЖРА | - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi |
РБ | - Республикалық бюджет |
«Қазақмыс» ҰАК | - «Қазақмыс» ұлттық акционерлік компаниясы |