Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 шілдедегі № 723 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 163 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта «жарты жылда бір рет» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «жарты жылда бір рет» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен, «жарты жылдықтан» деген сөздер «жылдан» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта «Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге» деген сөздер «Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыты мен тетігі» деген 5-бөлімде:
«Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту» деген 5.1-кіші бөлімнің жетінші абзацы алынып тасталсын;
«Орнықты экологиялық-экономикалық қызметті дамыту» деген 5.2-кіші бөлімнің алтыншы абзацы алынып тасталсын;
«Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
1-бөлімнің реттік нөмірі 1.1.6-жолы алынып тасталсын;
2-бөлімнің реттік нөмірі 2.2.1-жолы алынып тасталсын;
4-бөлімнің реттік нөмірі 4.1.1-жолында:
3-бағанда «Нормативтік құқықтық актінің» деген сөздер «Келісімнің» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-бағанда «2007 жылғы 4 тоқсан» деген сөздер «2009 жылғы 1-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |