2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара)
2. Астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Астық сапасының мемлекеттік бақылауы мыналарды қамтиды:
1) астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеп жіберу кезінде астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) негізінде (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) астық сапасының көрсеткіштерін айқындауды бақылау;
2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау, соның ішінде:
мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - тоқсан сайын уәкілетті органның облыстық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен мемлекеттік ресурстар астығының сақталуын тексеру кестелері негізінде, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) болған кезде;
өзге де иеленушілердің астығы бойынша - астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары (шағымдары) (дерегі жоқ шағымдарды қоспағанда) негізінде.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 8-бап жаңа редакцияда
8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара)
1. Астықтың сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара)
2. Астық сапасының паспортынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Астық тасу
1. Қазақстан Республикасының аумағында астық тасу тура және аралас қатынас жүйесi болып табылатын темір жол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен жүзеге асырылады.
2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға (, ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік ресурстардың астығын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындары мен аталған астық қабылдау кәсiпорындарынан астық әкетудi жүзеге асыратын көлiк ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен кез келген мөлшерде астық тиеп жөнелтудi уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред . қара)
3. Көліктің осы түрімен жүк тасу ережелеріне сәйкес келетін көліктің кез келген түрімен тасымалдануға тиіс астық партиясына олардың техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ілесіп жүреді.
4. Астықты тасу және тиеп жөнелту жөніндегі көлiк қызметiне жеңiлдiктi тарифтер беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1- тараумен толықтырылды
2-1-тарау. Астыққа және оның өмірлік циклінің процестеріне
қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
9-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi
Астық және оның өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
9-2-бап. Сәйкестікті растау
Астықтың техникалық регламенттерде айқындалған талаптарға сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9-3-бап. Астықтың қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа
қойылатын талаптар
Тұтынушылардың астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты жаңылысуына әкеп соқтыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға астықтың қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге міндетті.
9-4-бап. Астыққа қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Пайдалану мақсатына қарай астық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптардың кешеніне сәйкес келуге тиіс.
2. Астық құрамындағы ықтимал қауіпті химиялық қосылыстар мен биологиялық объектілер, пестицидтердің және агрохимикаттардың қалдық мөлшері, оның ішінде фумиганттар, зиянды заттар мен қоспалар, сондай-ақ ылғал техникалық регламенттерде белгіленген мәндерге жол берілген ең жоғары деңгейден аспауға тиіс.
9-5-бап. Астықты өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Жер учаскелерінің иелері мен пайдаланушылары астық өндірісін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ осындай қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуін жоятын немесе шектейтін тәсілдермен жүзеге асыруға міндетті.
9-6-бап. Астықты сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Астықты сақтау оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық және фитосанитариялық талаптарға сай келетін астық қоймаларында жүзеге асырылады.
2. Астықты сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары тәуекел түрлері бойынша техникалық регламенттерде белгіленеді.
9-7-бап. Астықты тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Астықты тасымалдау оның қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Астық құрғақ, таза, бөгде иіссіз, зиянды ағзалармен залалданбаған көлік құралдарымен тасымалданады.
9-8-бап. Астықты кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік
талаптары
1. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған астыққа техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен одан әрі пайдалануды (кәдеге жаратуды) немесе жоюды анықтау тұрғысында сараптама жасалуға тиіс.
2. Сараптама жасауға және оны одан әрі пайдалану (кәдеге жарату) немесе жою ықтималдығы туралы шешім қабылдау қажет болатын кезеңдегі астық оның партиясының көлемі көрсетіле және астыққа қол жеткізуді болғызбайтын жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
3. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз астықты тасымалдауға, сақтауға, сараптама жасауға, пайдалануға (кәдеге жаратуға) немесе жоюға байланысты шығындарды оның иесі өтейді.
3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгерді
10-бап. Мемлекеттік қолдаудың нысандары
Астық рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет астық өндiру мен сатуды қолдаудың мынадай нысандарын жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне элиталық тұқым құнын арзандату;
2) техника мен жабдықтардың лизингiлiк жеткiзiлiмiн ұйымдастыру;
3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
4) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнен мемлекеттік астық ресурстарына астықты нарықтық бағамен сатып алу;
5) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттік тұқым ресурстарынан тұқымдық несие беру;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
7) топырақтың құнарлылығын сақтау жөніндегі ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру;
8) астықты өндiру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгізуге жәрдемдесу;
9) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттік жемдiк астық ресурстарынан жемдiк несие бөлу;
10) астық қолхаттарының тиiмдi айналысы үшiн жағдай жасау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май материалдарының құнын арзандату;
11) iшкi рыноктың мұнай өнiмдерiне деген қажеттерiн дер кезiнде қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдану;
12) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) агроөнеркәсiптiк кешен үшiн мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес кадрлар даярлау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред . қара)
14) аймақтарда техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау жөнінде қызметтер көрсету бойынша бәсекелестiк орта құру үшiн шаралар қолдану;
15) астық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы шаралар әзiрлеу;
16) отандық ауыл шаруашылық машина жасау iсiн жаңғырту жөнiнде шаралар қолдану.
4-тарау. Мемлекеттік астық ресурстары
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Мемлекеттік астық ресурстарының түрлерi
1. Мемлекеттік астық ресурстары:
1) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнен;
2) мемлекеттік жемдiк астық ресурстарынан;
3) мемлекеттік тұқым ресурстарынан;
4) мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан тұрады.
2. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi:
1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру қажеттерiн;
2) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған.
3. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының азық жөніндегі қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылуы мүмкін.
4. Мемлекеттік тұқым ресурстары - төтенше жағдайлар болғанда ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына деген қажеттерiн тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргiзу, мемлекетаралық келісімдердi орындауды қамтамасыз ету үшiн құрылған және соған арналған мемлекеттік тұқым запасы.
5. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - iшкi рынокты реттеу, астықты экспортқа шығаруды қамтамасыз ету, iшкi рынокта сату, гуманитарлық көмек көрсету және мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік тұқым ресурстарын және мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын жаңарту үшiн құрылған және соған арналған астық запасы.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
6. Мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу жөніндегі шығыстар:
1) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшiн - бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және ауыстыру жөніндегі шығыстар:
1) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi үшiн - бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару
1. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік жемдiк және тұқымдық астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану ережелерiн, сондай-ақ мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және сату ережелерiн, олардың құрылымы мен мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкiлеттi орган белгiлеген құзыретi шегiнде агент шарт негiзiнде жүзеге асырады.
3. Агенттiң мемлекеттік астық ресурстарын басқаруына байланысты операциялардың есепке алынуын ол өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн есепке алудан бөлек жүзеге асырады.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың қызметін мемлекеттік реттеу
12-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың есептілігі
1. Астықты экспортқа шығарушылар уәкілетті органға тізбесі, нысандары бойынша астық нарығы мониторингі жөніндегі және мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның келісімімен уәкілетті орган белгілейтін мерзімде есептілікті ұсынуға міндетті.
2. Астықты экспортқа шығарушылар уәкілетті органның жазбаша сауалы бойынша астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметке байланысты ақпарат беруге міндетті.
12-2-бап. Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру
Астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 5-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары
және қырман шаруашылықтары
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметi
1. Астық қабылдау кәсiпорындары жалпы пайдаланылатын тауар қоймасы деп танылады. Олардың астық сақтауға жасалатын шарттары (бұдан әрi - шарт) жария шарттар болып табылады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Астық сақтау жөніндегі қызметтi лицензия негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары жүзеге асырады.
Заңды тұлға Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астықты сақтау жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға құқылы.
Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметтiң осы түрi бойынша біліктілік талаптарына сәйкес астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі өз қызметiн жүзеге асыру едәуiр нашарлап кететiн немесе мүлде мүмкiн болмай қалатын негiзгi құралдарды иелiктен айыруына тыйым салынады.
3. Тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға:
1) қырман шаруашылықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық сақтау жөнiнде қызмет көрсетуге;
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында «астық қабылдау кәсiпорны», «астық қоймасы», «астық қабылдау пунктi», «элеватор» деген сөздердi немесе ол астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес.
14-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының мiндеттерi
Астық қабылдау кәсiпорны:
1) астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың саны мен сапасы жағынан белгiленген тәртiппен бекітілген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шараларды сақтауға;
2) қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiппен астық иелерiне оның сынамаларын iрiктеп алуды қамтамасыз етуге;
3) астық қолхатын ұстаушының алғашқы талап етуi бойынша астық қолхатына айырбастап, осы Заңның 31 және 40-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ астық қолхатымен қамтамасыз етілген астықты сақтағаны үшiн берешегi болмаса, шарт талаптарына сәйкес сақтаулы астықты толық көлемiнде босатуға мiндеттi.
15-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру
1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Астық қабылдау кәсiпорнының:
1) астық қолхатын ұстаушымен келiсе отырып, ақшалай не сақтаулы астықтың тиiстi мөлшерiн ұстап қалу жолымен оны кейiн астық рыногында еркiн өткізу арқылы сақтау жөніндегі шығындарын жабуға;
2) астық қолхатын ұстаушының мүдделерiн көздеп өзге де операциялар бойынша шартта көзделген немесе заң актілерінде белгіленген шығындардың орнын толтыруға құқығы бар.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға кепілдiк беру жүйесi және қоры (қорлары)
1. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары ғана астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болуы мүмкін.
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатыспайтын астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттарын және олардың бөлiктерiн ұстаушылардың алдындағы шарт бойынша өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін ерiктi сақтандыру ережелерiне сәйкес сақтандыруға мiндеттi.
2. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылардың мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауапкершілікте болады.
3. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуi мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу тәртібін, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттiң осындай қорларға қатысу нысаны мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылар - астық қабылдау кәсiпорындары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз мүлкін және өзге де мүлiктiк мүдделердi сақтандыра (өзара сақтандыра) алады.
5. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгiзiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы - астық қабылдау кәсiпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бiрiншi кезектегi тәртiппен жүргiзедi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Қырман шаруашылықтары
Меншiк құқығымен жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi және астықтың тауарлық партиясын қалыптастыру мен оларды лицензияланған астық қабылдау кәсiпорындарында сақтау үшiн кейiннен ауыстыру, сондай-ақ астық дақылдары тұқымдарының партиясын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс қырман шаруашылығы деп танылады.
Қырман шаруашылығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялануға жатпайды. Осы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар астық қолхаттарын беруге құқылы емес.
6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының
қызметін реттеу
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 313-III (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеу тәсiлдерi
Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу, астық иелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу:
1) белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару;
2) астық қабылдау кәсiпорындары астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу талаптарын инспекциялау (тексеру);
3) астық қабылдау кәсiпорындарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес санкциялар салу арқылы жүзеге асырылады.
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды.
18-бап. Басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттік реттеу
Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен реттеушi орган жүзеге асырады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн шектеу
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1. Астық қабылдау кәсiпорындары астықты қабылдауға, өлшеуге, кептіруге, тазалауға, сақтауға және тиеп жіберуге жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi:
1) ұн өнiмдерiн, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндiру мен сату;
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2) жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнiнде қызмет көрсету.
Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бір аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу және астық қабылдауға, өлшеуге, кептіруге, тазалауға, сақтауға және тиеп жіберуге байланысты емес қызмет бойынша операциялардың бөлек есепке алынып жүргiзілуін қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының:
1) көрсетілетiн қызмет үшiн осы Заңның 18-бабына сәйкес реттеушi орган белгiлегеннен артық мөлшерде ақы алуына;
2) көрсетілетiн қызметтерге қол жеткізу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушілiкке немесе тұтынушылардан белгiленген тарифтерде ескерілмеген ақы алу есебiнен табыс табуға әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.
20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi
1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады.
2. Егер кәсiпорынның басқару органы астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есебiне, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiне аудиторлық тексеру жүргiзуден жалтарса, кез келген мүдделi тұлғаның арызы бойынша қабылданған сот шешiмiмен тексеру тағайындалуы мүмкiн.
3. Тексеру комиссиясының (ревизордың) астық қабылдау кәсiпорны басқару органының қызметiн тексерудi жүзеге асыруы астық қабылдау кәсiпорнын аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының есеп жүргiзуi және есеп беруi
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1. Астық қабылдау кәсiпорындарының астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметiне, астық рыногы мониторингiн оның қатысушыларының жүргiзуiне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелерi бойынша есеп жүргiзудiң және есептілік ұсынудың тiзбесiн, нысандары мен мерзiмдерiн мемлекеттік статистика органдарымен келісім бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Астық қабылдау кәсiпорындары уәкiлеттi органның жазбаша сауалы бойынша, өздерiнiң негiзгi қызметiне байланысты ақпарат беруге мiндеттi.
22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
Астық қабылдау кәсiпорындары жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi, оның салық органдарына тапсырылатын мерзiмi келгеннен кейiн күнтiзбелiк бiр ай iшiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы
1. Астық қабылдау кәсiпорындары өздерiнiң астықпен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.