2. Егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң), немесе өзге де техниканың барлық түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылмаған болса, жүргiзушi куәлiгiнде шағын көлемдi кеменi жүргiзу құқығына куәлiкте немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiнде оның көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң, өздiгiнен жүретiн құрылғылардың қай түрлерiн жүргiзу құқығынан айырылғаны атап көрсетiледi.
3. Көлiк құралдарын немесе кеме жүргiзу құқығына куәлiктi алып қою тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Көлiк құралдарын, кеменi жүргiзу құқығынан не тракторды немесе өзге де өздiгiнен жүретiн машинаны басқару құқығынан айырылған жүргiзушi (кеме жүргiзушiсi) немесе тракторшы-машинист (тракторшы) жүргiзушi куәлiгiн, кеме жүргiзу құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн беруден жалтарған жағдайда iшкi iстер органдары, кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар, сондай-ақ өздiгiнен жүретiн машиналар мен басқа да техниканың техникалық жай-күйiне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгiленген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiн, кеме жүргiзу құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қояды.
5. Әкiмшiлiк жазаның осы түрi қолданылған адамға арнаулы құқығынан айыру мерзiмi өткеннен кейiн алынған құжаттар белгiленген тәртiппен қайтарылады.
716-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулы аң аулау билетiн алып қою арқылы орындалады.
2. Аң аулау құқығынан айырылған адам аң аулау билетiн беруден жалтарған жағдайда аң аулау ережелерiн сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың аң аулау билетiн алып қоюы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 709-1- бап өзгертілді
717-бап. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi
құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны
орындау тәртібі
1. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалану құқығынан айырылған адам радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiленген тәртiппен радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алып қоюды жүзеге асырады.
3. Радиоэлектронды құралдарды немесе жоғары жиiлiктегi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алу тәртібін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
718-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны
орындау тәртібі
Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулының орындалуын iшкi iстер органдары заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi куәлiк пен қаруды алып қою арқылы жүзеге асырады.
719-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан
(куәлiгiнен) айыру не олардың белгiлi бiр қызмет түрiне
қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және лицензиялау туралы заңдарда. белгiленген тәртiппен орындалады.
720-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан
(куәлiгiнен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне олардың
қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындайтын органдар
Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны лицензия, арнаулы рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) берген органдардың лауазымды адамдары орындайды.
721-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан
(куәлiгiнен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне олардың
қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Жеке кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру туралы қаулы лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) алып қою арқылы орындалады.
2. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) тапсырудан жалтарған жағдайда лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) берген орган лицензияны, арнаулы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлiгiн) алып қою немесе белгiлi бiр қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қолданады.
722-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан
(куәлiгiнен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне олардың
қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу
1. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне олардың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру (қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.
2. Белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру мерзiмi бiткеннен кейiн сол әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылған адам заңдарда белгiленген тәртiппен лицензия алады.
Белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензияның, арнаулы рұқсаттың, біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi бiткеннен кейiн, сол әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылған адамға одан белгiленген тәртiппен алып қойылған лицензия, арнаулы рұқсат, біліктілік аттестаты (куәлiгi) қайтарылады.
3. Лицензияның, арнаулы рұқсаттың, біліктілік аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда аталған күннен бастап және сонда көрсетiлген мерзiмге тоқтатыла тұрады.
723-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру
немесе оған тыйым салу туралы қаулыны орындау
1. Заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья шығарады және оны шешiмнiң заңды күшiне енуi бойынша заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе жеке кәсiпкер жедел орындауға тиiс.
2. Еңбек шарттары бойынша есеп айырысуды, өз қызметi нәтижесiнде келтiрiлген шығындардың орнын толтыруды және айыппұлдарды төлеудi қоспағанда, заңды тұлғаның және жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру кезеңiнде олардың банктiк салымдарды пайдалану құқығы тоқтатыла тұрады. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру кезеңiнде оған бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге, митингiлер, демонстрациялар және басқа да көпшiлiкке арналған шараларды өткізуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Егер қызметiн тоқтата тұру белгiленген мерзiм iшiнде қоғамдық бiрлестiк тәртiп бұзушылықты жойса, қаулыда аталған мерзiм бiткеннен кейiн қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн қайта жалғастырады.
3. Заңды тұлға құрылтайшысының (басқарушы органының, лауазымды адамының) немесе жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі судья қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда қаулы уәкiлеттi органның атқарушылық iс жүргiзу тәртібімен орындалады.
724-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру
не оған тыйым салу туралы қаулыны орындау тәртібі
1. Уәкiлеттi лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұрады, үйлердi, ғимараттарды, жекелеген үй-жайларды, қоймаларды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады.
2. Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметiне тыйым салу (оны тарату) туралы шешiмдi алған соң, заңдарда көзделген қызметке тыйым салу (оны тарату) тәртібінiң сақталуын тексередi және он күн iшiнде заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғанын тiркейдi, бұл туралы мемлекеттік статистика органына хабарланады.
725-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
1. Соттың салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулысын өзi жөнiнде осы әкiмшiлiк жаза шығарылған адам орындайды.
2. Салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу түрiнде сот қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда қаулыны уәкiлеттi орган атқарушылық iс жүргiзу тәртібімен орындайды.
726-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау жөніндегі
шығындар
Салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу заң бұзушының есебiнен жүзеге асырылады.
727-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыны орындау
1. Судьяның қамауға алу туралы қаулысын заңдарда белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары орындайды.
2. Әкiмшiлiк қамауға алынған адамдар iшкi iстер органдары белгiлейтiн орындарда күзетпен ұсталады. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыны орындау кезiнде қамауға алынушылар жеке тексеруден өткiзiледi.
3. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiне есептеледi.
4. Әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiн өтеу заңдарда белгiленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
728-бап. Әкiмшiлiк қамауға алуды өтеуден жалтарудың зардаптары
1. Егер әкiмшiлiк қамауға алынған адам әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмi бiткенге дейiн оны өтейтiн орынды өз бетiмен тастап кетсе, судьяның қаулысымен қамауда болған мерзiмi қамауға алу мерзiмiне толық немесе iшiнара есептелмеуi мүмкiн. Бұл орайда судья әкiмшiлiк қамауға алудың өтелу мерзiмiнiң басталуын қайта белгiлейдi.
2. Әкiмшiлiк қамауға алудың жалпы мерзiмiн отыз тәулiктен асыруға болмайды.
729-бап. Қаулының мүлiктiк зиянды өтеу бөлiгiнде орындалуы
Осы Кодекстiң 64-бабына сәйкес өндiрiлiп алынуға тиiстi мүлiктiк зиянды өтеу бөлiгiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңдарда белгiленген тәртiппен орындалады.
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр .ред. қара ) ; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 730-бап өзгертілді
730-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны
жүзеге асыратын органдар
Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны:
1) осы Кодекстiң 391-бабының екiншi бөлiгiнде және 391-1-бабының үшінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасалған кезде шекара қызметi органдары;
2) осы Кодекстiң 102-3, 374 (алтыншы бөлігі), 375 (үшінші бөлігі), 394 (екінші бөлігі), 396 (екiншi бөлiгi) -баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде iшкi iстер органдары орындайды.
731-бап. Қазақстан Республикасынан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны
орындау
1. Қазақстан Республикасынан шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет өкіметінiң өкiлiне ресми беру не Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасалына отырып, өз бетiмен кетуi арқылы жүргiзiледi.
2. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекет өкiлiне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмеген болса, шығарып жiберу шекара қызметi органдары белгiлейтiн орында жүзеге асырылады.
3. Егер шығарып жiберу Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделсе, шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекетiнен шығарып жiберу туралы аумағына (аумағы арқылы) аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекеттiң өкіметі хабардар етiледi.
4. Әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау екiжақты немесе бiржақты акт түрiнде ресiмделедi.
732-бап. Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау
Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру туралы қаулыны заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі жол полициясының органдары орындайды.
733-бап. Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
бөлiгiнде орындау тәртібі
Қаулыны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бөлiгiнде денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемелерi заңдарда белгiленген тәртiппен орындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев