15) 26-бапта:
3-тармақтағы «туроператорларды, турагенттерді» деген сөздер «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристерге саяхат басталудан үш күн бұрын жазбаша түрде уақытша болатын елге (жерге) бару, уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтер беруге және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға міндетті.
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті орган мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына саяхат кезінде туристің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы білген немесе білуге тиіс кезден бастап дереу хабарлауға міндетті.
Егер шетелдік туристер - Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға міндетті.»;
9-тармақтағы «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган» деген сөздер «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.»;
17) 28-1-баптың 1-тармағындағы «қызмет саласындағы» деген сөздер «қызмет туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
2) турагент - лицензияның негізінде туристік өнімді ұсыну мен сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) туроператор - өзінің туристік өнімін қалыптастыру, ұсыну және турагенттер мен туристерге сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензия алған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;
4) туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - туроператордың және турагенттің туристік қызметтер көрсету кезінде туристерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген міндеті;
5) сақтандыру жағдайы - басталуына орай туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
6) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
7) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушыға (пайда алушыға) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемін жасауға міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтандырушыға сақтанушының төлеуі міндетті ақша сомасы;
8) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
9) сақтандырушы - сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жасауға міндетті сақтандыру ұйымы;
10) сақтанушы - сақтандырушымен туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан туроператор немесе турагент;
11) франшиза - сақтандырушыны белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.»;
2) 5-бапта:
1-тармақтағы «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органына» деген сөздер «туристік қызметке лицензия берген органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган» деген сөздер «туристік қызметке лицензия берген орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат):
көрсетілген Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 29-тармақпен толықтырылсын:
«29. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік орган:
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын бақылау.».
2-бап. Осы Заң, осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын, 2-тармағы 4) тармақшасының жиырмасыншы, қырқыншы абзацтарын, 6) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілденің 5-сі.
№ 59-IV ҚРЗ