дiни бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептік көрсеткiштiң қырыққа дейінгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға дiни бiрлестiктiң қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
376-бап. Азаматтық хал актілерін жазу ережелерiн бұзу
Некеге отыруға кедергi болатын мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін жазу органдарына жалған мәлiметтер беру, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 377-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
377-бап. Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке
басты куәландыратын құжаттарсыз тұру
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша немесе уақытша болатын жері бойынша үш айдан астам мерзімде тіркеусіз тұруы -
ескерту жасауға немесе бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінсіз не жарамсыз тұруға ықтиярхатпен, азаматтығы жоқ адамның куәлігімен үш айдан астам мерзімде тұрақты тұруы -
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 378-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 378-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
378-бап. Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке
басын куәландыратын құжаттарсыз тұруға жол беру
1. Құжаттау және халықты тіркеу ережелерін сақтауға жауапты адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз Қазақстан Республикасында тұруға жол беруі, -
ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Құжаттау және халықты тіркеу ережелерін сақтауға жауапты адамдардың шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәліксіз не жарамсыз ықтиярхатпен немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігімен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына жол беруі, -
ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 379-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
379-бап. Паспорттарды, жеке куәлікті заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау
1. Азаматтардан паспорттарды, жеке куәлікті заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау, -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 380-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
380-бап. Азаматтың куәлiк (төлқұжат) немесе жеке басын куәландыратын
басқа құжаттарды алуы кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер беруi
Азаматтың куәлiк (төлқұжат) не жеке басын немесе азаматтығын куәландыратын басқа да құжаттарды алуы кезiнде Қазақстан Республикасының атқарушы билiк органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жалған құжаттар беруi, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 380-1-баппен толықтырылды
380-1-бап. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және
(немесе) анықтаманы заңсыз алу
1. Ауруды өтірік сылтауратуы салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және (немесе) анықтаманы заңсыз алу, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 381-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 381-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 381-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 381-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
381-бап. Статистикалық есептілікті ұсыну
тәртібін бұзу
1. Тиісті статистикалық органдарға мемлекеттік статистикалық есептілікті уақтылы ұсынбау, дұрыс емес мемлекеттік статистикалық есептілікті ұсыну, —
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Тиісті статистикалық органдарға мемлекеттік статистикалық есептілікті ұсынбау, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер —
жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 381-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
381-1-бап. Құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерін
табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, уақтылы табыс
етпеу, жасыру, қосып жазу және басқа да
бұрмалаушылықтар
Құқықтық статистика мен арнайы есептер саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерін табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, оларды белгіленген мерзімді бұзып табыс ету, жасыру, қосып жазу, құқықтық статистика мен арнайы есептеу деректерін басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есептер мәліметтерін алуға қандай да бір нысанда болсын кедергі жасау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен екінші бөлікпен толықтырылды
2. Денсаулық сақтау саласында жасалған нақ сол әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
382-бап. Мемлекеттік статистикалық бақылаулар жүргiзуден бас тарту
Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық бақылаулар жүргiзу жөніндегі мемлекеттік мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақытында орындамауы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
383-бап. Лауазымды адамның коммерциялық құпиясы бар статистикалық
деректердi сатуы, беруi немесе өзге де жария етуi
Лауазымды адамның коммерциялық құпия болып табылатын статистикалық деректердi олардың заңды иесiнiң келісімiнсiз кiмге де болса сатуы, беруi немесе өзге де жария етуi, егер иесiне iрi залал келтiрiлмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
384-бап. Бекiтiлмеген нысандар бойынша статистикалық есеп-қисап жинау
Заңмен белгiленген тәртiпте келісілмеген немесе бекітілмеген есеп-қисап нысандары бойынша ведомстволық немесе мемлекеттік есеп-қисапты жинау, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
385-бап. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесін
бұзу
1. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесін бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 386-бап өзгертілді
386-бап. Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген
талаптарды бұзу
1. Мемлекеттік құпияларға рұқсат етудiң белгiленген тәртібін бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Құпия мәлiметтермен және олар сақталған көздермен жұмыс кезiнде лауазымды адамдардың құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Құпия мәлiметтердiң жария болуына немесе құпия мәлiметтердiң және олар сақталған көздердiң жоғалуына әкеп соққан бiрақ мемлекеттік құпиясы жоқ, нақ сол iс-әрекеттер, -
қызметтiң белгiлi бiр түрiне арнайы рұқсаттан айыра отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 387-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 387-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
387-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру
ережелерiн бұзу, сондай-ақ қала мен елді мекендер инфрақұрылымы объектiлерiн
бұзу
1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қала мен елді мекендер инфрақұрылымы объектiлерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
388-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметi, Республикалық ұлан, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Қорғаныс министрлігінiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз ену, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
25-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы
режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының
аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 389 -бап өзгертілді
389-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу
тәртібін бұзу
1. Шекара аймағына кiру (өту), уақытша болу немесе жүрiп-тұру ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыпұл салуға әкеп соғады
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсатынсыз не белгiленген тәртiптi бұза отырып шекара аймағында шаруашылық, кәсiпшiлiк немесе өзге де қызметтер жүргiзу, мал ұстау немесе бағу, бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де iс-шаралар өткізу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 390 -бап өзгертілді
390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің)
және ішкі суларының режимін бұзу
1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекара өзендерi, көлдерi және өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су бетіндегі және су астындағы) қазақстандық кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың негiзгi бекеттерден шығуының және негiзгi бекеттерге оралуының, суда болуының және кемелердiң (құралдардың) мұз арқылы қозғалуының белгiленген ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсатынсыз , Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында шекара өзендерi, көлдерi мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру немесе өзге қызметтер жүргiзу, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
бекеттерiнде режимдi бұзу
1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерiнде режимдi бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
Қазақстан Республикасы аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 391-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 391-1-бап өзгертілді
391-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасы режимiн бұзу
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында уәкiлеттi органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеушiлiк, iздестiрушiлiк немесе өзге де қызметтердi жүргiзу, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз
алып өту
1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шараларды қолданбауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым қызметкерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтуге әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған әрекет бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту қылмысына немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетiн адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
393-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету
жөніндегі өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери
қызметшiнiң заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 394-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр .ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 394-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
394-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан
Республикасында болу ережелерiн бұзуы
1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тiркелудiң не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың белгiленген тәртібін сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз кiруден, белгiленген мерзiмде қайтып кетуден жалтаруынан, келу мақсатының визада, не тіркеу кезіндегі көші-қон карточкасында көрсетiлген мақсаттарға сай болмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -
айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
22.02.02 № 296-II; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 395-бап өзгертілді
395-бап. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасы азаматының,
шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан
Республикасында шетелдiктердiң болу ережесін бұзуы
1. Меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасында шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаушы, оларға қызмет көрсетудi қамтамасыз етушi немесе шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттiк өту шарттарын сақтаумен байланысты мiндеттерiн орындаушы ұйымның лауазымды адамының Қазақстан Республикасында оларды тiркеудiң, олардың келу, тұру, жүрiп-тұру, тұрған жерiн өзгерту және сырт жаққа кету құқығына құжаттар рәсiмдеудiң белгiленген тәртібін бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасына шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды жеке шаруамен шақырып, оған тұрғын үй-жай берген азаматтың, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның оларды белгiленген тәртiппен уақтылы тiркеуден өткізудi және болудың белгiленген мерзiмi бiткеннен кейiн қайтып кетуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданбауы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасына, белгiленген тәртiптi немесе оның аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн бұза отырып, келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын үй-жай, көлiк құралын беру немесе өзге де қызмет көрсету, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр .ред. қара ) 396-бап өзгертілді
396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен
пайдалану ережелерiн бұзу
1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзуы не Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдауы немесе еңбегін пайдалануы , заңсыз иммигранттардың еңбегін пайдалануы, сондай-ақ лауазымды адамдардың заңсыз иммигранттарға қатысты нотариалдық немесе қандай да бiр өзге де заңдық (құқық туғызушылық) iс-әрекеттер жасауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалану ережелерiн бұзуы, -
Қазақстан Республикасының аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.