Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 11, 72-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «нышандары», «нышандарының», «нышандарын», «нышандарына» деген сөздер тиісінше «рәміздері», «рәміздерінің», «рәміздерін», «рәміздеріне» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілденің 4-і.
№ 56-ІV ҚРЗ.