7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Келесі іс-шараларға қатысу және өткізу: кемінде 9 байқау, 2 мерейтойлық іс-шаралар, 8 фестивальдар, 7 мерекелік күндер, 4 көрме, кемінде 23 басқа да іс-шаралар.
Соңғы нәтиже: Халықтың мәдени деңгейін көтеру, Қазақстан туралы шетел азаматтары білімдерінің кеңеюі, өнер және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетінің өсуі, Улгий қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет орталығын құру (Монғолияда).
Қаржылық-экономикалық тиімділік: бір іс-шараны жүргізуге жұмсалатын шығынның орташа құны 21 505 мың теңге.
Уақыттылығы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітілген жоспарға сәйкес әлеуметтік-маңызды іс-шаралар өткізу.
Сапа: Адамдардың рухани қажеттілігін қанағаттандыру. Республикалық және халықаралық деңгейде имиджді арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
75-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Театр-концерт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3395034 мың теңге (үш миллиард үш жүз тоқсан бес миллион отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 22-бабы; «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы; «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани әлеуеті мен мәдени деңгейін арттыру, қазақстандық орындаушылардың шығармашылық шеберлігін және Қазақстан мәдениеті жетістігін дәріптеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы театр-концерт ұйымдарының тұрақты жұмысын ұйымдастыру, өндірістік-шығармашылық үрдістерді қамтамасыз ету; жаңа спектакль қойылымдары мен концерттік бағдарламаларды жүзеге асыру; репертуардың жанрлық-тақырыптық мазмұнын толтыру; аумақтардың көрермендеріне қызмет көрсету географиясын кеңейтумен Қазақстан және одан тыс аумақтарға гастрольдік сапарларды жүзеге асыру; халыққа арналған театр-концерт ұйымдарының қызметі жалпының қол жетуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Театр- концерт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету | Қазақстан Республика- сының азаматтарын - жеткіншек ұрпақтарды эстетикаға және адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған қазақ халық музыкалық-поэтикалық шығармашылығын, қазіргі композиторлардың шығармаларын әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау жөніндегі қызмет түрін орындау. 15 республикалық театр-концерт ұйымдарының бюджеттік субсидиялар бөлу жолымен оларды мәдени өмір саласына енгізу мақсатында республика халқының барлық топтарына арналған театр концерт шараларына қол жетуін қамтамасыз ету: Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына, К. Байсеитова атындағы ұлттық опера және балет театрына, М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық опера драма театрына, Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық қазақ театрына, Н.Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық орыс театрына, Мемлекеттік республикалық музыкалы комедиялық ұйғыр театрына, Мемлекеттік республикалық музыкалы комедиялық корей театрына, Республикалық неміс драма театрына, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясына, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестріне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамбліне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрына, Классикалық музыканың «Қазақстан камераты» ансамбліне, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестріне. Негізгі құралдарды сатып алуға күрделі трансферттерді аудару: Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына, М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академия- лық орыс драма театрына, Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық қазақ театрына, Н.Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспі- рімдерге арналған академиялық орыс театрына, Мемлекеттік республикалық музыкалы комедиялық ұйғыр театрына, Мемлекеттік республикалық музыкалы комедиялық корей театрына, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясына, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестріне, Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрына. Ғимараттарды күрделі жөндеуге күрделі трансферттер: М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Мемлекеттік сараптаманың 30.11.2006 ж. № 7-655/06 қорытындысы), Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясына (Мемлекеттік сараптаманың 20.07.2006 ж. № 7-327/06 қорытындысы), Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестріне (Мемлекеттік сараптаманың 16.03.2005 ж. № 7-132/05 қорытындысы). Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітілген Жоспарға сәйкес Қазақстан және шет елдеріне гастроль- дік сапарларды, сондай-ақ жаңа қойы- лымдарды іске асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кем дегенде 2 159 спектакльдер, концерттер өткізу; республикалық театр-концерт ұйымдарына кем дегенде 11 790 мың көрермен келуін қамтамасыз ету; 11 республикалық театр-концерт ұйымдарының негізгі құралдарын сатып алуға күрделі трансферттер, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры ғимаратының күрделі жөндеуін аяқтау; Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестрі мен Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы ғимараттарына күрделі жөндеуінің 2 кезеңін жүргізу.
Сатып алу: Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына: тромбон; М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына: өрт сөндіруге сигнал беру жабдығы; М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрына: сахнаның механикалық жабдығы, жиһаз (шкафтар, үстелдер, орындықтар, диван), оргтехника кемінде 5 бірлік, тұрмыстық техника кемінде 3 бірлік, электрдрелі; Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық қазақ театрына: жиһаз (трибуна, үстелдер, орындықтар, шкафтар), перде; Н. Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық орыс театрына: декоративтік тор; Мемлекеттік республикалық музыкалы комедиялық ұйғыр театрына: тұрмыстық техника кемінде 2 бірлік, оргтехника кемінде 6 бірлік, дыбыс жазу - 1 комплект; Мемлекеттік республикалық музыкалы комедиялық корей театрына: жиһаз (стеллаждар, шкафтар, үстелдер, креслолар), тұрмыстық техника кемінде 2 бірлік; Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясына: дыбыс жабдығының элементтерін; Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптар академиялық оркестріне: театр креслоларын; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрына: өрт сөндіруге сигнал беру жабдығын, рояль. Келесі бағыттар бойынша негізгі құралдарды сатып алу: дыбыстық, музыкалық қондырғылар, жиһаз, музыкалық аспаптар, техникалық қондырғыларды сатып алу.
Соңғы нәтиже: республика халқын мәдени қызмет көрсетумен толық қамту, репертуарды жанрлық-тақырыптық жаңа шығармалармен толықтыру, 1 театр ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуді 100% қамтамасыз ету, филармония ғимаратының күрделі жөнделуін 42% және 1 оркестр ғимаратының күрделі жөнделуін 69% орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: спектакль, концерт, опера өткізудің орташа құны - 1 124 мың теңге.
Уақыттылығы: Репертуарлық жоспарға сәйкес жоспарланған театр-концерт іс-шараларын өткізу, белгіленген кестеге сәйкес материалдық-техникалық жабдықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Сапа: халықтың мәдени деңгейін арттыру, драмалық, опералық және балет спектакльдері қойылымдарын, концерттер сапасын арттыру; гастроль сапарларының бағыттарын кеңейту, өткізілетін спектакльдер мен концерттердің көркемдік сапасын арттыру, Қазақстан Республикасы кейбір аумақтарының халқына театр-концерт ұйымдары қызметіне қол жетуі; көрермендердің қазіргі талаптарына қойылымды жабдықтаудың толық сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
76-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Ақпараттың жалпыға қолжетімділігін қамтамасыз ету»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1044788 мың теңге (бір миллиард қырық төрт миллион жеті жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік, құқықтық негізі: «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы; 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық-коммуникативтік технологиялар басымдықтарын енгізу арқылы қоғамның интеллектуалдық деңгейін және дәстүрлі кітапханалық сервисін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кітапхананың жұмысын динамикалық дамуына ықпал ету, түрлі әдебиет таратқыштар арқылы ақпаратты сақтау және тұрғындарға жеткізу, ақпараттық ортаны қалыптастыру және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері мен оқырмандар жұмысы үшін тұтынушылардың ауқымды компьютерлік ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз ету, оларға тиімді жағдайлар жасау, оқырмандарды библиографиялық-анықтамалық, кітапханалық ақпараттармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Негізгі құралдар сатып алу. Материалдық емес активтерді сатып алу. Мемлекеттік сараптама қорытындысы мен жобалық-сметалық құжат негізінде күрделі жөндеуді аяқтау (Мемлекеттік сараптаманың 06.05.2005 ж. № 7-238/05 қорытындысы). Зағиптарға және олардың отбасы мүшелеріне, мектептегі нашар көретін оқушыларға қызмет көрсетуді жүзеге асыру, Республикалық кітапханада зағип және нашар көретін азаматтардың жалпы білім беретін, кәсіби және мәдени деңгейін көтеру. Құжаттарды қайта өңдеу және жаңғырту орталығының әрекет етуі және «РБНСГ-Вести» газетін шығару. Негізгі құралдар сатып алу. Материалдық емес активтерді сатып алу. Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхананың пайдаланушылары үшін, сондай-ақ зағип және нашар көретін азаматтарға тиімді жағдайлар жасау, оқырмандардың интеллектуалдық және мәдени, рухани қажеттілігін өтеуге бағытталған қажеттіліктерін арттыру, мәдени және ағартушылық қызметін жүзеге асыру. Негізгі құралдар сатып алу. Материалдық емес активтерді сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Зағип және нашар көретін азамат- тарға арналған республи- калық кі- тапханасы Қазақстан Республи- касының Астана қаласын- дағы Ұлттық академия- лық кі- тапханасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 3 номинация бойынша деректемелік ескерткіштердің тізімін дайындау; 3180 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және консервациялау; 9300 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарына электронды сандық нөмірлеу жүргізу; 170 кітап көрмесін және 12 тұсаукесер өткізу; 25 түрлі іс-шаралар өткізу (ақын, жазушылар мен мәдениет басқа да өкілдерінің қатысуымен оқыту конференциялары, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кештер); халықаралық кітапханалық ұйымдардың мүшелігімен халықаралық кітапхана ынтымақтастығы бойынша 8 іс-шараға қатысу; 40 кітапханалық, ғылыми және ақпараттық басылымдар әзірлеу; 2 реабилитациялық байқау өткізу; қазақ және орыс тілдерінде әдебиеттерді дыбыстандыру - 400 сағат.
Құжаттарды қайта өңдеу және жаңғырту орталығының әрекет етуі және «РБНСГ - Вести» газетін шығару арқылы көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсетуді жақсарту.
Сатып алу: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына: білімнің әртүрлі салалары бойынша әдебиеттер, технологиялық үрдістер мен мұрағаттық сақтауға және оқырмандарға қызмет көрсетуге арналған компьютерлер - 49 бірлік, лазерлік принтерлер - 5 дана, сканерлер - 2 дана, материалдық емес активтерді, электрондық баспалар; Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға: қорды толықтыруға арналған әдебиеттер, кондиционер, торшенирование, Брайл бойынша басу принтері - 2 дана, Брайл дисплейі - 1 дана, «Книголюб компакт» оқу машинасы - 2 дана, компьютерлер - 4 дана, материалдық емес активтер; Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына: электрондық кітаптар (қазақстандық және шетелдік баспалардан), пайдаланушылардың жұмыс станцияларын - 60 дана, электрондық сақтау қоймасына резервтік көшіру жүйесі үшін құрал-жабдық комплектісі, ҚазҰЭК электрондық сақтау қоймасының резервтік орталығы үшін құрал-жабдық - 1 комплект, құжаттар мен кітаптарды жеткізудің автоматтандырылған-телелифт атаулы жүйесі - 1 комплект, эрфайди жүйесіне арналған комплект, микрофильмдерді оқу аппараты - комплект, микрофиштер, жалпақ басылымды кітаптар, рельефті-нүктелік кітаптар (Брайл бойынша), материалдық емес активтер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында күрделі жөндеуді аяқтау.
Соңғы нәтиже: оқырмандар сұраныстарын орындау сапасын арттыру, өзекті, тақырыптық, нақты электрондық база деректемелер қатарын құру, кітапханалар ісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір кітапты сақтаудың орташа құны - 1177 теңге.
Уақыттылығы: көрсетілген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алу, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін жоғарлату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
77-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 35488 мың теңге (отыз бес миллион төрт жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негізінде баспасөз мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Республикадағы барлық тілде шығатын жарияланымдардың негізгі түрлеріне библиографиялық өңдеуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын есепке алуды, бақылауды және оған ғылыми өңдеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету | Баспа мұрағатының жасақтауын қамтамасыз ету, бақылау даналарының сақталуы, каталог, картотекаларды жүргізу, Мемлекеттік ұлттық кітап палатасында басып шығарушы ұйымдардың Мемлекеттік негізгі стандарттар (МНС) талаптарын сақтауына бақылау және статистикалық анықтамалықтар шығару. Негізгі құралдар сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: баспа мұрағаты құжаттарының сақталуын, жасақталуын және қолданылуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларға қол жеткізу.
Тікелей нәтиже: бақылау экземпляр баспаларын 72 079 экземплярда шығару, сонымен қатар:
кітаптар, брошюралар, автореферат - 4138 баспа бірлігі;
журналдар - 3 763 баспа бірлігі;
газеттер - 56 200 баспа бірлігі;
ноталар - 150 баспа бірлігі;
ұсақ баспа - 7 828 баспа бірлігі;
жырлар шығару - 48 номер 11 атпен.
Мемлекеттік ұлттық кітап палатасына: жұмыс станциясын - 2 бірлік, арнайы принтер - 1 бірлік; штрих-код сканерін - 1 бірлік; коммутатор - 1 бірлік; үздіксіз қоректену көзі - 3 бірлік сатып алу.
Соңғы нәтиже: барлық баспалардың баспа өнімдеріне 5 103 451 дана бойынша бақылау және оған ғылыми өңдеуді жүргізуді нығайту, Қазақстан Республикасындағы баспасөздің дамуы туралы статистикалық жинақтар дайындау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір баспасөзді сақтап қамтамасыз етудің орташа шығыны - 5 мың теңге.
Уақыттылығы: елдің баспа өнімдері туралы ақпаратпен көрсетілген мерзімде қамтамасыз ету, каталог, картотекалар жүйесін енгізу, анықтау және есепке алу, сондай-ақ барлық баспа жарияланымдарына статистикалық есеп жүргізу.
Сапасы: азаматтарды мұрағат құжаттарымен қамтамасыз ету арқылы олардың ақпараттық деңгейін көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
78-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000000 мың теңге (бір миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; «Мерейтойлар мен атаулы күндерді атап өту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысы; «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани-білім және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру үшін әлеуметтік маңызды әдебиеттер шығару, өскелең ұрпақты жалпы әлемдік құндылықтар рухында тәрбиелеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрақты оқырмандарға әлеуметтік-маңызды әдебиеттерді жариялау мен жеткізуді қамтамасыз ету; өмірдің мәдени, және ғылыми-білімділік, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өзгерістерін, қазақ мемлекеттігі қалыптасуының сан қырлы мәселелерін айқындайтын өзекті, мазмұнды шығармаларды, публицистикалық, ғылыми, көркемдік және библиографиялық серияларды шығару; Қазақстан Республикасының облыстары бойынша мәдени және тарихи ескерткіштердің еркін томдарын шығаруда дайындық жүйелік жұмысты жүзеге асыру; тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзірлеу, ғылыми, көркем, және энциклопедиялық әдебиетті шығару, жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету, ғылыми білімділікті дәріптеу, мемлекеттік тілдегі жазба және ұлттық әдебиетті жақсы үлгілерін мәдениет және әдебиеттің әлемдік ғылыми жетістіктерін әзірлеу және шығару, Ұлттық мұрағат қорын байыту және сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару | Келесі әдебиет түрлерін шығару және тарату: Энциклопедиялық әдебиет; Балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиет; Танымдық әдебиет; Шығармалар жинағы (бір немесе көп томдық ғылыми жинақтар, әдебиет классиктері мен қазіргі авторлардың шығармалары); Туризм және спорт жөніндегі әдебиет; Білімдік әдебиет; Тарихи әдебиет; Қоғамдық-саяси әдебиет; Барлық ғылым мен техника түрлері бойынша ғылыми-танымал әдебиет (оның ішінде балалар үшін ғылыми- танымал әдебиет); Мәдениет пен өнер жөніндегі әдебиет (оның ішінде музыкалық және ноталық әдебиет); Фотоальбомдар; Көркем әдебиет, оның ішінде көркем проза, ғылыми-көркем және ғылыми-деректік әдебиет; Аударма әдебиет; Әдеби сын шығармалары; Заң әдебиеті; Медициналық әдебиет; Мерейтойлық әдебиет; Сөздік-анықтамалық әдебиет; Экономикалық әдебиет; Ғибратты тұлғалар өмірі туралы кітаптар сериялары; «Халықтар достығы» сериясы; «Атамұра» сериясы; «Атамекен» сериясы; «Ғибратты ғұмыр» сериясы; «Тарихи тұлға тағлымы» сериясы; «Ауыл кітапханасы» сериясы; Қазіргі қазақ прозасы»; «Қазіргі қазақ сатирасы»; «Қазіргі қазақ драматургиясы» «Шәкәрім әлемі» сериясы; «Отан тарихы» сериясы; «Аманат» сериясы; «Қазақстан халықтары тілдеріндегі әдебиет» сериясы; «Отырар кіапханасы» сериясы; «Алтын қор» сериясы; «Сардар» сериясы; «Алаш мұрасы» сериясы; «Шетел қазақтарының шығармалары» сериясы; «Жас толқын» сериясы; «Әдеби мемуарлар» сериясы; «Қазақстан қорықтары» сериясы; «Жетінші сөз» сериясы; «Әлемдік балалар әдебиеті« сериясы; «Таным» сериясы; «Терминдердің салалық түсіндірме сөздігі» сериясы; «Мәдени мұра» тарихи-мәдени мұраны сақтау шеңберінде шығармаларды әзірлеу, шығару және тарату; Фольклортану, әдебиеттану және өнертану; «Бабалар сөзі» - қазақ фольклоры» сериясы; «Қазақ өнерінің тарихы» сериясы; «Әлемдік өнертану» сериясы; «Әлемдік әдебиеттану» сериясы; «Әлемдік фольклортану» сериясы; «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясы; Философия; «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы»; «Әлемдік философиялық мұра»; «Әбу-Нәсір әл-Фараби» сериясы; Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын шетел тілдеріне аудару және шығару; Қазақстан тарихы шығыс миниатюраларында» Х-ХІ ғасыр (қазақ және орыс тілдерінде); XVIII-XIX ғасырлардағы биліктегі қазақ зиялыларының хат түріндегі мұрасы« - 2 томдық (қазақ тілінде); «Тарихи ғылым» сериясы; «Әлемдік тарихи ой-сана» сериясы; «Қазақ хандығының тарихы мен мәдениеті жөніндегі қытайлық мұрағаттық құжаттар» сериясы; «ІХ-XVІ ғасырлардағы армян дерек көздеріндегі Қазақстан тарихы» сериясы; «Қазақтың қолданбалы өнерінің раритеттері» сериясы (кітап-альбом); «Ш. Уәлиханов» сериясы; «Ұлы дала антикалық және византиялық деректерде» сериясы; «XIX-XX ғасырлардағы Түркістан генерал- губернаторлығы қорының мұрағат құжаттарындағы Қазақстан тарихы» сериясы; «XVIII-ХХ ғасырлардағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысына қатысты құжаттар мен материалдар жинағы» сериясы; «Әдеби жәдігерлер» сериясы; «ХІІ-ХХ ғасырлардағы Батыстың дереккөзде- ріндегі Қазақстан тарихы»; «Археология, тарих және мәдениет ескерткіштері»; «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы» сериясы; «Академик А.Х.Марғұланның шығармалары» сериясы; «Қазақ музыкасы антологиясы« сериясы; «Қазақ Алтайының көне байлықтары» кітап-альбомы; Педагогика; «Әлемдік педагогикалық ой-сана»; «Тіл тану»; «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» 15 томдығы; Энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет; «Қазақстан ғылымы»; «Ислам» танымал энциклопедиялық сөздік; Балаларға арналған энциклопедиялық әдебиет; «Қазақстан мәдениеті»; «Қазақстан тарихы»; «Қазақстан топонимикасы»; «Экономика»; «Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде» сериясы; Авторлық қалам ақы; Сарапшылар комиссиясына арналған қалам ақы. Рецензенттерге арналған қалам ақы. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |