«Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы объектілерінің аймақтық шекарасын және қорғау зоналарын анықтау» жобасын әзірлеу.
Астана қаласында «Алашорда» қозғалысы қайраткерлерінің ескерткіш-монументін, Түркия Республикасының алғашқы Президенті К.М.Ататүріктің ескерткішін және Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішін жасау және орнату.
Орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссия қызметін қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: елдің мәдени мұрасын зерттеу, қорғау, пайдалану мен насихаттауға байланысты ұлттық мәдениеттің сақталуы мен жаңғыруы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 нысанды қайта жаңартудың орташа шығын құны - 23,5 млн. теңге.
Уақыттылығы: бекітілген кестеге сәйкес қайта жаңарту жұмыстарын орындау, қалпына келтіру, консервациялау, негізгі активтерді сатып алу, ескерткіштерді уақытында жасау, үнемі сақтау, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін тіркеу және танымал ету.
Сапасы: тарих және мәдениет көне ескерткіштерінің көпғасырлық дәстүрлерін сақтау және дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
72-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Ұлттық фильмдер шығару»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1392527 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан екі миллион бес жүз жиырма жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 28-баптары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық кинематографияны дамыту, республика тұрғындарының мәдени-эстетикалық, рухани қажеттілігін қанағаттандыру, ұлттық фильмдердің халықаралық имиджін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның даму болашағы мен бүгінгі күнгі жағдайын, тарихын бейнелейтін әр-алуан түрдегі және жанрдағы киношығармашылығын жасау жолы арқылы ұлттық кино өнерін дамытуды қамтамасыз ету; қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптасқан терең философиялық-рухани негіздері мен құндылықтарын бейнелеу, гуманистік идеалдарға, адамгершілік пен патриотизмге негізделген кинематографиялық тақырыптарды игеру; әлеуметтік-қоғамдық, саяси, экономикалық, мәдени өмірдегі қазақ халқының қазіргі жетістіктерін деректі, көркем, анимациялық кино құралдары арқылы көрсету; өмірді дәлелдететін ұстанымды Замандас бейнесін бейнелейтін киношығарма жасау үшін шығармашыл зиялыларды біріктіру және шоғырландыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Ұлттық фильмдер шығару | Ауыспалы көркем фильмдерді аяқтау: «Прощай Гульсары», «Келін». Ауыспалы көркем фильмдер өндірісі: «Цветочник», «Біржан сал», «Әкем екеуміз», «Секер». Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен бекітілген тақырыптық жоспарға сәйкес көркем, деректі және анимациялық (мультипликациялық) фильмдерді шығару. Үздіксіз кинотехнологиялық үрдісті қамтамасыз ету - фильм түсіруге, шығаруға және басуға арналған, сондай-ақ алғашқы фильм материалдары мен фильм көшірмелерін сақтауды қамтамасыз етуге арналған шикізат пен материалдарды сатып алу. Ұлттық фильмдерді дубляждау. Сценарийлік резервті қалыптастыру. Ұлттық фильмдерді сақтау. Ұлттық фильмдерді таралымдау және дистрибьюциялау - жалға беруге және сатуға шығарылатын фильмдердің қажетті мөлшерін көшіру. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- мәдениет саласында Қазақстанның мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға бағытталған және кинематография құралдары арқылы елдің әлеуметтік экономикалық дамуын көрсететін жаңа фильмдермен фильм қорын молайту;
- 2 ауыспалы көркем фильмдерді аяқтау;
- тарихи тақырыптағы, классикалық қазақ әдебиетінің шығармаларын және қазіргі заман тақырыбындағы фильмдерді экранизациялау шығармалары енгізілген ауыспалы көркем фильм шығару жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
- кемінде 5 жаңа көркем фильм шығару;
- тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында қайталанбас маңызы бар тарихи оқиғаларды бейнелейтін қазақ халқының кемеңгер тұлғалы ұлдарының өмірі және қызмет тарихын деректі кино құралдары арқылы бейнелейтін 6 деректі фильм шығару;
- қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптастырған гуманистік патриоттық идеалдар мен құндылықтар тұрғысында жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелейтін балалар мен жасөспірімдерге арналған 4 анимациялық фильм шығару.
Соңғы нәтиже: республика тұрғындарының идеалогиялық тәрбиесінде ұлттық фильмдердің рөлін арттыру. Халықаралық аренада мемлекеттің имидждік саясатын киноматография құралдарымен жылжыту, тұрғындардың мәдени деңгейін көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже көркем фильмді шығарудың орташа құны 99470 мың теңге, деректі фильмді шығарудың орташа құны 3 000 мың теңге, анимациялық фильмді шығарудың орташа құны 5 000 мың теңге.
Уақыттылығы: тақырыптық жоспарға сәйкес ұлттық фильмдерді түсіру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты уақытында орындау.
Сапасы: халықаралық фестивальдарға, кинофестивальдар мен байқауларға қатысу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
73-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз ету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 325701 мың теңге (үш жүз жиырма бес миллион жеті жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару мен бюджеттік қатынастар деңгейі арасындағы өкілеттікті шектеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы« Қазақстан Республикасының Заңы, 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 «Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Комитеттің мемлекеттік мекемелерін құру туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері жөніндегі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану Ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарға қарайтын мемлекеттік мекемелер санының лимиттік штатын бекіту« туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2006 жылғы 19 шілдедегі № 692 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 «2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың жүйелі кестесі туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1153 «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан халықтарының тарихи-деректі мұраларын сақтауды қамтамасыз ету және оны ғылымды, мәдениетті дамыту мақсатында қолдану, азаматтар мен мемлекеттің сұранысын қанағаттандыру, мемлекеттің мұрағат ісі және құжаттама жүйесінің моделін одан әрі жетілдіру және дамыту үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын толықтыруды қамтамасыз ету, мұрағат ісі, құжаттану саласында басқару, сақталуды, мемлекеттік есепке алу және арнайы пайдалануды, дыбыстық бейнелік және ғылыми-техникалық құжаттамамен ғылыми-зерттеу мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Мұрағат құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету | Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорында орталық заңнамалық атқарушы, сот органдары мен басқа республикалық заңды тұлғалардың қызметіне арналған құжаттарды сақтау; өз саласы бойынша жинақталған құжаттар бойынша ғылыми ақпарат алу және жариялау, оның арнайы пайдаланылуын ұйымдастыру. Негізгі құралдарды сатып алу. Жоба сметалық-құжаттама мен мемлекеттік сараптама қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағаты ғимаратына күрделі жөндеуді аяқтау (Мемлекеттік сараптаманың 06.05. 2005 ж. № 7-239/05 қорытындысы). Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорында республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар қызметіне арналған кинофотофоноқұжаттар және бейнефонограммаларды сақтау, ғылыми әзірлемелер дайындау және пайдалану; өз саласы бойынша құжаттарды пайдалану, жариялау, ғылыми ақпараттар алуды ұйымдастыру. Негізгі құралдарды сатып алу. Қамтамасыз ету: Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметіне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының ғылыми-техникалық құжаттамаларын пайдалану, ғылыми әзірлемелер дайындау, сақтау; өз саласы бойынша құжаттарды жариялап, пайдаланып, ғылыми ақпарат алуды ұйымдастыру. Негізгі құралдарды сатып алу. Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс кешенін орындау; мұрағат құжаттары көшірмесінің, құжаттардың және мемлекеттік мұрағаттармен даярланған басқа да баспа өнімдерінің типографиялық басылымы мен көбеюінің мемлекеттік сақтау қорын құру. Негізгі құралдарды сатып алу. Қамтамасыз ету: анықтамалық-ақпараттық қорды (ААҚ), мұрағаттану, құжаттану, қосымша тарихи пәндер теориясы мен тәжірибесі саласында ақпаратты есепке алу мен жүйелеуді құру жұмысы. Негізгі құралдарды сатып алу. Қамтамасыз ету: мұрағаттану, құжаттану, археография және деректану мәселесі бойынша теориялық, ғылыми-әдістемелік әзірлемелер дайындау жұмысы. Негізгі құралдарды сатып алу. Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатында, Ұлттық компаниялар мен жеке мұрағаттардағы орталық заңнамалық, атқарушы, сот органдары мен басқа да республикалық заңды тұлғалардың қызметіндегі мұрағат құжаттарының барлық түрлерінің сақталуы мен толықтырылу жұмысы, «Қазақстан Мұрағаттары» журналын шығару. Негізгі құралдарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Кинофотоқұжаттар және дыбысжазбалар орталық мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті ғылыми- техникалық құжаттама орталық мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті комитетінің Шағын фильм жасау және мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдарды қалпына келтіру орталық зертханасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми- техникалық ақпарат орталығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты |
3 | | 101 | Мұрағат істерін және құжаттама Республикалық ғылыми- жүйелерін дамыту | Республикалық ғылыми- тәжірибелік семинарлар, мұрағат құжаттарымен басылымдардың көрмелерін өткізу, «Қазақстан мұрағаттары» веб-сайтының жұмыс жасауын қамтамасыз ету, мұрағат құжаттарын іздестіру үшін шет ел мемлекеттерінің мұрағаттарына ғылыми экспедициялар ұйымдастыру, шетел мемлекеттерінің мұрағаттарында, ғылыми орталықтарында, институттарда мұрағат ісі мамандарын тәжірибе алмасуға жіберу. Қазақстан Республикасына тарихи құндылығы бар сирек қолжазбаларды, аса құнды құжаттар коллекциясын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының 1 900 000 бірлігін сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттарға қол жеткізу; «Қазақстан Мұрағаттары» журналын 1000 дана тиражбен шығару; 38 экскурсия өткізу; 3 республикалық семинар өткізу; Мұрағат құжаттарының 15 көрмесін өткізу; Мұрағат құжаттарының 280 000 бірлігін қайта қалпына келтіру; Мұрағат құжаттары көшірмесінің 600 000 шағынфильмдерінің сақтандыру қорын құру; Мұрағат құжаттары көшірмесінің 600 000 микрофильмдерінің пайдалану қорын құру; шет елдердегі мұрағаттарға, кітапханаларға ғылыми экспедициялар (іс сапарлар) ұйымдастыру; 280 толықтыру көздері болып табылатын мекемелерге әдістемелік көмек көрсету және кеңес беру; әлеуметтік-құқықтық сипаттағы, соның ішінде, 1900 ұсыныстарды орындау; 175 тақырыптық ұсыныстарды орындау; БАҚ-та 50 мақала жариялау; Зерттеушілерге 30 000 сақтау бірлігін оқу залы арқылы беру; Тұрақты сақталатын 10 000 істер тізімдемесін талдау-сараптамалық комиссиясында бекіту; мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру және жұмыс тәжірибесіне халықаралық тәжірибені ендіру үшін шетел мемлекеттерінің мұрағаттарына, ғылыми орталықтарына және институттарына мұрағат ісі саласындағы қызметкерлерді тәжірибе алмасуға жіберу; "Қазақстан Мұрағаттары" веб-сайты қызметінің құралдары арқылы мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы жаңа нормативтік және әдістемелік әзірлемелермен ақпараттандыру; Орталық мемлекеттік мұрағат ғимаратын күрделі жөндеуді аяқтау.
Сатып алу: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Орталық мемлекеттік мұрағатына: компьютерлік қондырғы - 14 жабдық; сервер - 1 бірлік; көшірме аппараты - 1 бірлік; металл шкафтар - 3 бірлік. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Кинофотоқұжаттар және дыбысжазбалар орталық мемлекеттік мұрағатына: компьютерлік қондырғы - 9 жабдық; көшірме аппараты - 1 бірлік; каталогтық шкафтар - 2 бірлік; көрме витриналары - 5 бірлік. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік мұрағатына: компьютерлік қондырғы - 9 жабдық; сейфтер - 3 бірлік, сервер - 1 бірлік. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Мұрағат істері жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығына: компьютерлік қондырғы - 5 жабдық; сейф - 2 бірлік. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасына: компьютерлік қондырғы - 3 жабдық; пленканы ультрадыбыстық желімдеу құрылғысы - 2 бірлік. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатына: каталогтық шкафтар - 5 бірлік. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетіне қарасты Археография және деректану ұлттық орталығына: көрме витриналары - 5 бірлік. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар бірегей қолжазбаларды, құжаттар көшірмелерін, аса құнды құжаттық коллекцияларды, жеке қорларды сатып алу (шағын фильмдер жасау).
Соңғы нәтиже: Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету және пайдалану жөніндегі іс-шараларды өткізу, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің қызмет етуі, материалдық-техникалық базасын жетілдіру, мұрағат ісі және құжаттама жүйесінің моделін әрі қарай дамыту және жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Мұрағат құжаттарының бір бірлігін сақтау (басқару, ғылыми-техникалық құжаттама істері бюкс, негатив және позитив кадрлер, магнитті диск, слайд, шағынфиша, жеке қор құжаттары) 95 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: мемлекеттік мұрағаттық мекемелер жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес.
Сапа: мемлекет пен қоғам сұранысын өткенді шолатын ақпаратпен қанағаттандыру және сақталу жағдайын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
74-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1148234 мың теңге (бір миллиард бір жүз қырық сегіз миллион екі жүз отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7, 28-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді өткізу туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениетті дамыту үшін жағдай жасау, классикалық және халық өнерінің жақсы дәстүрлерін сақтау, әлемдік мәдени кеңістікке ұмтылу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Өнердегі шығармашылық үрдістерін үздіксіз дамыту, ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарды және Қазақстанның қазіргі заманғы мәдени жетістіктерін насихаттау; өнер мен мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жаңа таланттарды анықтау, шығармашылық ұжымдардың кәсіби деңгейін жетілдіру; шетелдерде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу | Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу: «Елім менің» республикалық патриоттық әндер байқауы; «Жас Қанат» республикалық жас орындаушылар байқауы; Балалар шығармашылығының республикалық байқаулары; Қазақстандық орындаушылардың халықаралық байқауларға қатысуы және дарындар мен көрнекті орындаушылардың әлемнің үздік сахналарында өнер көрсетуі; «Ұлы Дала әуендері» дәстүрлі орындаушылық өнердің халықаралық фестивалі; Халық шығармашылығының дәстүрлі орындаушылардың республикалық байқаулары; «Еуразия» халықаралық кинофестивалі; «Астана - Бәйтерек» ұлттық байқауы; Мемлекет Басшысының шетелдік делегациялармен ресми кездесулері аясында концерттік іс-шараларды өткізу; Б. Ерзаковичтың 100 жылдығы; П. Аравиннің 100 жылдығы; Мерекелік күндер: Наурыз мейрамы, Халықаралық әйелдер күні, Қазақстан халықтарының бірлік күні, Жеңіс күні, Конституция күні, Республика күні, Тәуелсіздік күні; Тәжікстандағы Қазақстан мәдениеті күндері; Қазақстандағы Украина жылы аясындағы іс-шаралар; Қазақстандағы Иордания мәдениеті күндері; Қазақстандағы Египет мәдениеті күндері және ежелгі Египет ескерткіштерінің көрмесі; Қазақстандағы Катар мәдениеті күндері; Қазақстандағы Түркіменстан мәдениеті күндері және Екі ел мәдениет қайраткерлері мен зиялыларының форумы; Монғолияда Қазақстанның мәдени күндерін өткізу; Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мемлекеттер- мүшелерінің IV өнер фестиваліне қатысу; Алматы қаласында Эрмитаж (Ресей) қорларынан өнер туындыларының көрмесі; Англиядағы «Сомерсет Хаус» мұражайында республикалық мұражайлар қорларының алтын көрмесі; Парижде (Франция) Шәкәрімнің 150 жылдық мерейтойын тойлау аясында көрме; Шәкәрімнің 150 жылдығына арналған драматургтер мен композиторлардың республикалық форум-семинары; Жетекші шығармашылық ұжымдарды, солистерді орындаушыларды Қазақстанға гастрольге шақыру; «Опералия» халықаралық фестивалі; Скрипкашылардың және балет өнерінің халықаралық байқауы; Шетелдік шеберлердің қатысуымен театр өнері қайраткерлерінің республикалық практикумы; Қазақстанның жетістіктерін кәсіптік көркем ұжымдардың күшімен шет елдерге таныту; Жапонияда Қазақстан мәдениеті фестивалі; Қазақстандық кинематографистердің «А» сыныбындағы халықаралық кинофестивальдар жұмысына қатысу; Орталық Азия елдерінің Халықаралық II халықаралық театр фестивалі; Санкт-Петербургте қаласында Ф.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайында «Қазақтар Санкт-Петербургте» тақырыбында көрме; Халықаралық театр фестивальдер жұмысына қазақстандық театр ұжымдарының қатысуы; Республикалық концерттік іс-шаралар өткізу; Драматургия және музыка саласында жаңа қоғамдық-маңызды көркем шығармаларын жасауға байқау өткізу; ТЮРКСОЙ отырысына қатысу; Қазақстанның драма театрларының XVІ республикалық фестивалін өткізу; Улгий қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет орталығын құру (Монғолияда). | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |