2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6 тармақ өзгертілді (бұр. ред .қара)
6. Түрiн бекіту мақсаты үшiн сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшем құралдарын айналымға шығаруға, қолдануға, өткiзуге және жарнамалауға тыйым салынады.
Түрiн бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн пайдалануда және сақтауда болатын өлшем құралдары толық табиғи тозғанға дейiн қолданылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялау және аккредиттеу
1. Өлшем құралдарын өндiрудi және жөндеудi, оның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн, заттардың аттестатталған қоспаларын өндiрудi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган беретiн тиiстi лицензияны алғаннан кейiн жүзеге асыра алады.
2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеудi, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асырады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру
1. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде түрi бекітілгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi.
Салыстырып тексерудi мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады.
2. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудiң тiзбесi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ оны жүргiзу тәртібін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Аккредиттелген заңды тұлғалардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердiң электрондық есебiн жүргiзудi және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берудi жүзеге асыруға тиiс.
5. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес мемлекеттік метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң салыстырып тексерушiлерi жүзеге асырады. Салыстырып тексерушiлердi аттестаттау тәртібін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
6. Салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа-таңбасымен және (немесе) салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
7. Физикалық шамалардың өзгерiсiн олардың мәндерiн нормаланған дәлдiкпен шамалар бiрлiктерiнде бағалаусыз байқау үшiн қолданылатын техникалық құралдар салыстырып тексеруге жатпайды.
Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 20-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу
1. Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өндiруден немесе жөндеуден шыққанда импорт бойынша әкелiнгенде, пайдаланылу кезiнде, осы өлшем құралдарының әзiрлеушiсi, иесi немесе тұтынушысы белгiлеген тәртiппен калибрленедi.
Өлшем құралдарын калибрлеудi шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарына бағындырылған эталондарды пайдалана отырып, аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүргізеді.
Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерi өлшем құралдарына басылатын калибрлiк белгiмен, немесе метрологиялық сипаттамалардың шынайы мәндерi мiндеттi түрде көрсетiлетiн калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазумен куәландырылады.
2. 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды
3. 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды
5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 21-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың мақсаты
Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды осы Заңның, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінiң, халықаралық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 22-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектiлерi
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектiлерi мыналар болып табылады:
1) шама бiрлiктерiнiң эталондары;
2) өлшем құралдары;
3) өлшемдердi орындау әдiстемелерi;
4) жеке және заңды тұлғалардың өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметi;
5) өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі оралған тауарлардың саны.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6 тармақшамен толықтырылды
6) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар саны.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 23-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
23-бап. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау аясы
Осы Заңның 22-бабында аталған объектiлерге қатысты мемлекеттік метрологиялық қадағалау нәтижелерi:
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
2) өнiмнiң және көрсетiлетiн қызметтер сапасының нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестігiн сынау мен бақылау;
3) қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау;
4) еңбек жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау;
5) сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнiм берушi, өндiрушi, орындаушы) арасындағы, соның iшiнде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерiн көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысулар;
6) мемлекеттік есеп операциялары;
7) бұйымдардағы, құймалардағы, жартылай фабрикаттардағы, дәнекерлемелер мен қалдықтардағы бағалы металдардың мөлшерiн анықтауға байланысты операциялар;
8) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнiмнiң басқа да түрлерiн өндiру;
9) геодезиялық, геологиялық және гидрометеорологиялық жұмыстар;
10) салық, банк, кеден және почта операциялары;
11) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiн шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтыну;
12) құрылыс салу;
13) мемлекеттік басқару органдарының, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыстар;
14) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тiркеу;
15) өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу;
16) ғылыми зерттеулер жүргiзу;
17) қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
18) ойын автоматтарын шығару және қолдану кезiнде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.
24-бап. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлерi
1. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау:
1) өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалауды;
2) сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын қадағалауды;
3) бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалауды қамтиды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау:
жылына бір реттен жиі болмайтын жоспарлы тексеру;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асырылады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, рейдтік тексерулер түрінде де жүзеге асырылады.
25-бап. Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттік метрологиялық қадағалау
Өлшем құралдарының (соның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң) шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттік метрологиялық қадағалау белгiленген метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
26-бап. Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттік метрологиялық қадағалау
Сауда операцияларын жасау кезiнде иеліктен шығарылатын тауарлар санын мемлекеттік метрологиялық қағидалау осы тауарлардың санын сипаттайтын салмақты, көлемді, шығысты немесе басқа шамаларды анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
27-бап. Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттік метрологиялық қадағалау
Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттік метрологиялық қадағалау бума iшіндегі тауар санының буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкестiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 28-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
1. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар атқарып жүрген қызметтерiне сәйкестiгiн анықтау және кәсiби даярлығын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi аттестаттаудан өтуге тиiс.
3. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) тексеруге тапсырмасын (жолдамасын) және қызметтiк куәлiгiн көрсеткен кезде заңдарға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;
2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;
3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;
4) сынаудан және түрiн бекітуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекітілген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;
5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;
5-1) өлшем құралдарының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу үшiн оған инспекциялық салыстырып тексеру жүргiзуге;
6) метрологиялық нормалар мен ережелердiң бұзылуын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін пайдаланудан алып тастау туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
7) буманың iшіндегі тауардың санын көрсететiн шаманың буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкессiздiгi анықталған жағдайда бума тауарлар партияларын өткiзуге тыйым салуға құқығы бар.
6-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы
заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу
Осы Заң нормаларының және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттардың бұзылуына байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстарды қаржыландыру
09.06.04 ж. № 558-II (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық қадағалау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
1. Бюджет қаражаты есебiнен:
1) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы бағдарламалар;
3) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында өз қызметiн жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелiк жарналар төлеуі;
4) Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарын жасауға және ұстауға арналған шығыстар қаржыландырылады.
2. Осы Заңда көзделген және осы баптың 1-тармағында аталмаған метрологиялық жұмыстар мен қызмет көрсетулер шарттық негiзде немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының