2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 11-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы; «Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткіге тәуелділіктің таратылуының алдын алу, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі өзара іс-қимылын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы әлеуметтік емдеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру; салауатты өмір сүруді насихаттау, есірткіге тәуелді адамдарды сауықтыруға және оңалтуға бағытталған іс-шаралар өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Үкіметтік емес ұйымдарды, оның ішінде есірткіге тәуелді адамдардың алдын алу, емдеу және оңалту саласында айналысатын жастар бірлестіктерін қолдау жөнінде іс-шаралар өткізу. Педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар үшін есірткіге қарсы күрес тақырыбы бойынша оқыту циклдерін өткізу. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында плакаттар конкурсын өткізу. Білім беру ұйымдарында нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға мониторинг жүргізу. Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін гуманитарлық оқу орындары арасында нашақорлық және есірткі күресі бойынша семинар өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Балалардың жасөспірімдер мен жастардың салауатты өмір салты мен иммунитеттерін қалыптастыру.
Түпкі нәтиже: Республикадағы білім беру мекемелері оқушыларының арасындағы есірткіге тәуелді адамдардың санын қысқарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатын тиімді қолдану.
Уақтылығы: Бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: Оқушылардың, жастардың есірткі құралдарын пайдалану салдарынан келген нашақорлықтың залалын түсінуі. Есірткі заттарын заңсыз пайдалану деңгейін төмендету және Қазақстан Республикасының 45 % оқушылары мен студенттеріне салауатты өмір салты дағдыларын сіңіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
264-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 322487 мың теңге (үш жүз жиырма екі миллион төрт жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамының құрылуы» 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; 2007-2009 жылдарға арналған «Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: нормативтік құқықтық және әдістемелік базасын құру, тұрғындарға электрондық білім қызмет көрсетуді құру, қалыптастыру және дамыту, тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту нәтижелерін мониторлау, ақпараттық технология және менеджмент саласында қашықтықтан және күндізгі білім беру оқыту-консалтингті орталықтарын құру туралы жобаға дейін жұмыс жүргізу, ақпараттың, білімнің, қызмет көрсетудің, өнімнің бағдарламалық қамтамасыз етілуіне жаңа экспорттық мүмкіндіктерді енгізу; ақпараттық-коммуникациялық технология сервистерін ұсыну, тұрғындарды ақпараттық қоғамға, сондай-ақ қашықтан оқылуға, Интернетке қосылуға жалпы мүмкіндік алу мен тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға жаппай үйрету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығының жұмысын қамтамасыз ету. Тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығын негізінде тұрғындарға компьютерлік білім беруші тьюторларға тренингтік курстар өткізу. Тұрғындарды компьютерлік білімге оқытуға арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік нұсқаулықтарын тираждау. Тұрғындарды компьютерлік білімге оқытуға арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық оқу бағдарламасын тираждау. Мектеп, лицей, профмектеп және колледж оқушыларын және ЖОО студенттерін тестілеу. Қазақстандық білім беру веб-порталын дамыту және актуализациялауды қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 500 000 дана оқулық-әдістемелік пособиясын және электрондық оқыту бағдарламасын басып шығару.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғындардың компьютерлік білім алу көрсеткіштерін жоғары деңгейге жеткізу.
Уақыттылығы: Іс-шаралардың орындалуы бекітілген мерзімдерге сай келісіммен жүзеге асырылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздігін азайту және компьютерлік білім тұрғындардың санын алған 13,2%-ға дейін ұлғайту.
Сапасы: Тұрғындарды Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетуге ықпал ететін компьютерлік сауаттылыққа оқыту.