3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерін шешу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайту, Қазақстанның халықаралық ұйымдар, әмбебап және өзге де халықаралық конвенциялар хатшылықтары алдындағы борыштық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету. Халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізуді уақтылы қамтамасыз ету (БҰҰ Бас Ассамблеясы, ВОИС, ОЭC, ИНТЕРПОЛ және т.б.).
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу | | | |
2 | | 100 | Халықаралық ұйымдарға қатысу | Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдарға кірістік, үлестік, еріктi қаржылық жарналарды төлеу және қарызды өтеу - 95 ұйымдар мен конвенциялар. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
3 | | 101 | ТМД-ның жарғылық және басқа да органдарына қатысу | Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын ТМД-ның үлестік жарналарын төлеу - 23 орган, соның ішінде ТМД-ның жарғылық органдары (8 орган -ТМД Атқару комитеті, Шекара әскерi қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметі, Мемлекетаралық ТМД статистикалық комитеті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестi үйлестіру бюросы, Әскери ынтымақтастықты үйлестіру штабы, ТМД экономикалық соты, ТМД терроризмге қарсы орталығы, Мемлекет Басшылары Кеңесінің, Үкімет Басшылары Кеңесінің, Сыртқы істер министрлерi Кеңесінің, ТМД Экономикалық кеңесінің мәжілістерін өткізу), ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көліктік кеңесін үйлестіруші атқару комитеті, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестірушi кеңесі, ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитеті, Халықаралық Аралды құтқару қоры, Мемлекетаралық Жолшылар кеңесі, Мемлекетаралық Стандартизациялау, метрология және сертификаттау кеңесі, үкіметаралық авиациялық комитет, Мұнай және газ жөніндегі Үкіметаралық кеңес, Химия және мұнай химиясы саласындағы Үкіметаралық кеңес, Байланыс саласындағы өңірлік қоғамдастық, БАЫ жанындағы ақпараттандыру жөніндегi үйлестіру Кеңесі, Біртұтас Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру жөніндегі Жоғарғы деңгейдегі топтың сарапшылық-ұйымдастыру тобы, 2006-2010 жылғы ТМД қатысушы мемлекеттердегі соғыс ардагерлерінің, жергілікті қақтығыстарға, бітімгершілік операцияларға қатысушылардың және терроризм құрбандары еңбекке қабілеттілігін жоғалту профилактикасы және өмірдің сапасын жақсарту әлеуметтік және медициналық негізін дамытудың тұжырымдамасы, ТМД мониторинг Институты. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігi |
4 | | 102 | Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Тұрақты өкілінің аппаратын ұстау | 1. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілін және оның аппаратын ұстау. Бекітілген штаттық саны 5 бірліктi құрайды. 2. ЕурАзЭҚ жарғылық органдарының мәжілісіне даярлық. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен ЕврАзЭС жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігi |
5 | | 103 | ТМД терроризмге қарсы орталығындағы және ТМД Экономикалық Кеңесi жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияда Қазақстан Республикасының өкілдерін ұстау | Қазақстан Республикасының ТМД-ның антитеррористік орталығындағы және ТМД-ның Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы тұрақты өкілдерін ұстау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының ТМД-ның Антитеррористік орталығындағы және ТМД-ның Экономикалық Кеңесi жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегi комиссиядағы Тұрақты өкілдерi |
6 | | 104 | Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегi Қазақстан Республикасы Өкілеттi өкілінің аппаратын ұстау | Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңесте Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілін және оның аппаратын ұстау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегi Қазақстан Республикасының өкілеттi өкілi |
7 | | 105 | Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Хатшылығы ұстау | Алматы қаласындағы Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығын ағымдағы ұстау, қызмет етуін қамтамасыз ету және ғимаратының жалға алу төлемін төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесі Хатшылығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының 118 халықаралық ұйымдарда, конвенцияларда, ТМД-ның үлестік және басқа да органдарында дауыс беру құқығымен қатысуы, мемлекет басшылығының бастамашылықтарын ілгерілету мен іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу салаларындағы халықаралық ұйымдардың саясатын айқындау арқылы еліміздің ұлттық мүдделерін қорғау.
Түпкі нәтижесі: Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа одан әрі интеграциялану жолымен сыртқы саяси және сауда экономикалық мүддесін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде аймақтық және жаһандық бағдарламаларды шешуге қатысуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету. Саясат, экономика, ғылым мен мәдениет салаларында шетел мемлекеттерімен, халықаралық ұйымдармен көп жақты қатынасты дамыту және нығайту.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығын - 122 906 мың теңге, Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Тұрақты өкілінің аппаратын - 16 526 мың теңге, ТМД терроризмге қарсы орталығындағы комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін және ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияда Қазақстан Республикасының өкілін - 17 121 мың теңге, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасы өкілетті өкілінің апаратын - 71 546 мың теңге ұстау.
Мерзімді уақыты: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша Сарапшылық кеңестің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға Төлем жоспарын және борышты міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету.
Сапасы: халықаралық ұйымдардың жұмысының нәтижесімен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
44-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 185198 мың теңге (бір жүз сексен бес миллион бір жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 мамырдағы»Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» № 542-30қ қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы туралы» № 1283 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының Үкіметтік делегациясы туралы» № 1058 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекарасының мызғымастығын қамтамасыз ету, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін реттеу, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, жергілікті жерлерде мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарасын заңды түрде ресімдеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау | 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының сызығын шекаралық белгілермен бекіту -280 белгі (демаркация-лау), оның ішінде: - қазақстан-қырғыз шекарасында - 60 белгі; - қазақстан-ресей шекарасында - 200 белгі; - қазақстан-өзбекстан шекарасында - 20 белгі. 2. Өзбекстан Республикасымен шекаралық белгілердің (демаркация) картасын даярлау бойынша жұмыстар атқару. 3. Іссапарлық және өкілдік шығыстарды қамтамасыз ету және өтемақысын төлеуге байланысты келіссөздер процесін жүргізу мәселесі бойынша: - Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау; - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау. 4. Байланыс қызметіне ақы төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегi агенттігі, «Казге- окарт» респуб- ликалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Келіссөздер жүргізу, 280 шекаралық белгілерді (қазақстан-қырғыз шекарасында - 60 белгілерді; қазақстан-ресей шекарасында - 200 белгілерді; қазақстан-өзбек шекарасында - 20 белгілерді) орнату, шекара сызығы межеленген топографиялық карталарды басып шығару.
Түпкі нәтижелері: Каспий теңізінің түбін межелеудің орта сызығын топографиялық карталарға түсіру, оларды сипаттау, жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түрікменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі келісімдерге қол қою.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2008 жылға Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу жөніндегі келіссөздерді жүргізуге - 18980 мың теңге, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Түркменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасын демаркациялау мәселелері бойынша үкіметтік делегацияларының отырыстарын өткізу - 49292 мың теңге, қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын - 21724 мың теңгеге, қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын - 70444 мың теңгеге, қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын - 13441 мың теңгеге демаркациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, байланыс қызметі - 11317 мың теңге.
Уақытылығы: Демаркациялау, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша келіссөздерді жоспарлы түрде жүргізу және қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес қажетті демаркациялық жұмыстарды орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
45-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Шетелдік іссапарлар»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1490296 мың теңге (бір миллиард төрт жүз тоқсан миллион екі жүз тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі «Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы» № 410 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражатты жұмсауын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» № 148 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы бейнесін ілгерілету, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы қарым-қатынастарын кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешуде Қазақстан Республикасының рөлін арттыруға жәрдемдесу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Шетелдік іссапарлар | Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге, Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі ұйымдағы төрағалық ету бастамасын іске асыру бойынша курстарға байланысты шығыстарын және өтемақысын төлеу, сондай-ақ шетелге шыққанда Қазақстан Республикасының Үкімет мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының арнайы рейстер шығыстарын төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, сондай-ақ Үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларын өткізу, Қазақстанның сессияларда, конференцияларда, мәжілістерде, симпозиумдарда, саммиттерде, форумдарда, екі және көп жақты келіссөздерде, консультацияларда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне байланысты келіссөздерде, Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттардың жобаларына қатысты сарапшылардың консультацияларында өкілдік ету, соның ішінде электрондық Үкімет құру, билер соты институтын құру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік үлгілерін ендіру секілді салаларды зерделеу және тәжірибе алмасу және тағы басқалары. Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 976.
Түпкі нәтижесі: Халықаралық құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және оларға қол қою, тәжірибе алмасу және тиімді ынтымақтасу орнату, әріптестік, іскерлік байланыстарды жолға қою, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту, әлемдік тауарлар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу, қазақстандық тауарлардың сатып-өткізу нарығын кеңейту, тауарларды экспорттау кезіндегі кеден баж салығын азайту және т.б.
Қаржылық экономикалық нәтиже: Елден тысқары жерлерге қызметтік іссапарға жіберілген бір адамның (жетекші маман) 4 күн кезеңде Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген шығындары - 118 132,98 теңге және 4 күн кезеңге Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген бір адамның (Министр) шығындары - 307 490,14 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 212 811,14 теңге құрайды); - Ресейге бір іссапарға арналған бір адамның шығыны - 118 132,98 теңге және Үндістан, ҚХР (Гонконг), Оңтүстік Корея, Чили, Филиппин елдеріне бір сапарға арналған бір адамның шығыны - 1 627 327,01 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 872 472,93 теңге құрайды).
Мерзімді уақыты: Басталғанға дейінгі әрбір шетелдік іссапарға ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
46-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Өкілдік шығындар»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1428654 мың теңге (бір миллиард төрт жүз жиырма сегіз миллион алты жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық қатынастарын дамыту және оның оң сипаттағы имиджін ілгерілету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасында ресми делегациялардың, соның ішінде шетелдік делегациялардың қатысуымен кеңестер мен семинарлар, салтанатты және өзге де өкілдік іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, республикалық бюджет есебінен ұсталатын, халықаралық қадағалау комиссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретінде жіберілетін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың шетелге іссапарлары уақытында өкілдік шығындары.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Өкілдік шығындар | 1. Ресми делегацияларды, соның ішінде шетелдік делегацияларды қабылдауға байланысты өкілдік іс-шараларды (кеңестер, семинарлар, салтанатты жиындар, конгрестер және т.б.) өткізу жөнінде шығындар мен өтемақы төлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің республикалық бюджет есебінен ұсталатын, халықаралық қадағалау комиссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретінде жіберілетін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың шетелге іссапарлары уақытында өкілдік шығындары. 2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының VII отырысы. 3. «Мұсылман әлемі және Батыс» форумы. 4. Азиялық ынтымақтастық диалогының энергетикалық форумы. 5. Азиялық қауымдастықтың бизнес-конференциясы. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Сессиялар, конференциялар, мәжілістер, симпозиумдар, саммиттер, форумдар, екі және көп жақты келіссөздер, консультациялар өткізу, оның ішінде АӨСШК, Шетелдегі қазақ диаспорасының мәселелеріне байланысты конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер процесін жүргізу, Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттар жобаларына қатысты сарапшылар консультацияларын және т.б. өткізу. Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 380.
Түпкі нәтижесі: Халықаралық-құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және қол қою, өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, серіктестік, іскерлік байланыстарды жолға қоюда тәжірибе алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, тауарлар және қызмет көрсетулердің әлемдік рыногына шығу, қазақстандық тауарларды өткізу рыноктарын кеңейту, тауарларды экспорттау кезінде кедендік баж салығын азайту және т.б.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуын оңтайландыру және оның тиімділігі.
«Өкілдік шығындар» бағдарламасын іске асыру барысында көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған шығындардың жоспарланған көлемін іс жүзіндегі шығындардың көлемімен салыстыру мүмкін емес, өйткені барлығы осы іс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерінің санына және олардың мәртебесіне байланысты. Адамның немесе іс-шараның саны жөніндегі орташа арифметикалық деректер жұмсалған қаражатты тиімді пайдалану туралы анық ақпарат бере алмайды, мәселен:»Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының отырысын және Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-мәжілісін өткізуге» 11 388 577,0 теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінді қатысқандардың саны 250 адам. Бір адамға арналған шығындардың орташа мөлшері 455 540 теңге құрады, ал Сенім грамотасын тапсыру 28 600,0 теңге құрайды, оған қатысқандардың саны 14 адам. Бір адамға арналған шығындардың орташа мөлшері 2 042,0 теңге құрайды.
Мерзімді уақыты: Басталғанға дейінгі өкілдік шығындарды талап ететін іс-шараларды өткізуге арналған ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
47-ҚОСЫМША (өте құпия)
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
48-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде
жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3708854 мың теңге (үш миллиард жеті жүз сегіз миллион сегіз жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені бекіту туралы» 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің»Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» 2006 жылғы 22 мамырдағы Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдердегі мекемелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуы және жалға алуы, үй-жайлары мен ғимараттарының күрделі құрылысы мен жөндеуі туралы» 1996 жылғы 19 қыркүйектегі № 1144 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерін, консулдық мекемелерін және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шетелдерде орналастырудың тиісті жағдайларын қамтамасыз ету. Шетелдерде әкімшілік және тұрғын үй-жайларды жалға алудың әкімшілік шығыстарын қысқарту. Қазақстан Республикасының шетелдердегі оң бет бейнесін қалыптастыру.