61. Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесін береді. Сақтау, төсеу немесе қатарлап жинау үшін Тапсырыс беруші рұқсат берген учаскелер ғана пайдаланылуы мүмкін. Егер Мердігер өзінің материалдары мен жабдықтарын тиеуді және сақтауды кідіртетін болса, және егер мұндай кідірту тұтастай алғанда жұмыстарды жүзеге асыруға зиян келтіретін болса, Тапсырыс беруші Мердігердің материалдары мен жабдықтарын тиеу мен сақтауды Мердігердің есебінен жүзеге асыруы мүмкін (бірақ құны жасауға міндетті емес). Егер тиеуді немесе Тапсырыс жүзеге асыратын болса, жоғарыда айтылғанның зиянына немесе зақымдануына байланысты бүкіл тәуекелді Мердігер көтереді.
62. Тапсырыс беруші беретін материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс беруші мен Мердігер бірлесіп қабылдайды және тексереді. Құрылыс алаңында тиеуді Мердігер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау Мердігер дайындайтын қабылдау туралы жазбаша құжатпен куәландырылуға тиіс. Кез келген кем шығу немесе осындай материалдар мен жабдықтарға қолданылатын зақымдану қабылдау туралы жазбаша құжатта нақты белгіленуге тиіс. Осындай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейін Мердігер осындай материалдар мен жабдықтардың өңделуі мен сақталуы үшін толық жауап береді және, жоғарыда көрсетілген жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауап береді. Мердігер өзінің жұмыстарын аяқтағаннан кейін қалатын материалдардың немесе жабдықтардың кез келген артылғаны Тапсырыс берушіге қайтарылуға тиіс.
63. Егер Шартта Тапсырыс берушінің материалдарын немесе жабдықтарын беру көзделген болса, Мердігер Тапсырыс берушіні оларды беру үшін қажет болуы мүмкін мерзім туралы күні бұрын хабардар етуге тиіс. Бұл мерзімдер Мердігердің жұмыс кестесінде көзделген болуы тиіс.
64. Егер Шартқа сәйкес Тапсырыс беруші осы Шартта көзделген жұмыстарды орындау үшін негізді көлемде электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етуге тиіс болса, Мердігер қосудың орындалуы үшін және су мен электр энергиясын Тапсырыс беруші белгілеген қосу нүктесінен бөлу үшін жауап береді. Осы қызметтермен қамтамасыз етудегі үзілістер жұмыстардың ұзақтығын өзгерту үшін негіз болып табылады.
65. Мердігер Учаскенің аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын әкетуге және Учаскені жедел түрде тәртіпке келтіруге тиіс.
66. Егер Мердігер Учаскені осы Шарт талап ететіндей таза ұстауға жағдайы келмесе, Тапсырыс беруші шығыстарды Мердігердің есебіне жатқыза отырып, осы жұмысты орындауы мүмкін.
67. Мердігер Шартта айтылған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей Шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны (Жұмыс комиссиясы) тағайындайды.
68. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі.
69. Жұмыс комиссиясы актісінің күні жұмыстар аяқталған күн болып саналады.
70. Жұмыс комиссиясы шалалықтардың тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Шалалықтарды жою күні Шарттың аяқталған күні болып саналады. Барлық шалалықтарды жою фактісі Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісімен) анықталады.
71. Форс-мажорлық шарттарды қоспағанда, егер мердігер Шартта айтылған мерзімде жұмысты орындамаса Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиянсыз Шарттың бағасынан әр бір мерзімі өткен күнге 0,1 пайыз сомасында тұрақсыздық айыбын есептеп шығарып отырады.
72. Осы Шарттың күніне енетін күні жұмыстардың басталған мерзімі болып саналады (не осы күн Шартта белгіленеді).
73. Мердігер осы Шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жұмыстар басталғаннан кейін (күн саны көрсетілген) күнтізбелік күннен кешіктірмей аяқтауды қамтамасыз етуге міндетті.
74. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша орындалған көлем үшін осы Шартта айтылған соманы төлеуге міндеттенеді.
75. Мердігер орындаған жұмыстардың сомасынан ай сайын (немесе басқа кезең көрсетілсін) Тапсырыс беруші барлық жұмыстар орындалғаннан және шалағайлықтар мен ақаулар тізбесін жойғаннан кейін Мердігерге төленетін орындалған жұмыстар құнының 5%-ын ұстап қалады (бұдан әрі - Түпкілікті ақы төлеу).
76. Осы Шарт бойынша Мердігерге түпкілікті ақы төлеуді Тапсырыс беруші Мердігер осы Шарт бойынша міндеттемелерді және Ақауларды түзету жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда жүргізеді.
77. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Мердігер белгіленген тәртіппен келіскен өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін.
78. Мердігер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті (егер осындай қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделсе).
79. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін) және Мердігер Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
80. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Тапсырыс беруші _____________________________ (толық атауы) _____________________________ _____________________________ (мекен-жайы) _____________________________ (телефоны, факсы) _____________________________ (Т.А.Ә.) _____________________________ (қолы) ________ж. «__»__________ М.О. | Өнім беруші _____________________________ (толық атауы) _____________________________ _____________________________ (мекен-жайы) _____________________________ (телефоны, факсы) _____________________________ (Т.А.Ә.) _____________________________ (қолы) ________ж. «__»__________ М.О. |
Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер үшін):_____________________
Осы Мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Тапсырыс берушінің жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші конкурс қорытындылары негізінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өз жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Мердігердің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.
Ережеге
6-қосымша
Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру туралы хабарландырудың нысаны
____________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, почталық және электрондық мекен-жайлары)
мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы хабарлайды:________________
__________________________________________________________________
(тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру орны және олардың көлемі көрсетіледі) (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілгеніне сілтеме жасауға құқылы).
Тауарларды берудің (жұмыстарды орындаудың/қызметтерді көрсетудің) талап етілетін мерзімі________________________________
Конкурсқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім
беруші конкурстық құжаттамаға ақы төлеу туралы құжатты
(егер мұндай конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда) бергеннен кейін
___жылғы «____»___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда
(конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқанға дейін 24 сағат
бұрын уақыт пен күні көрсетілсін) мына мекен-жай бойынша:
________, бөлме №__сағат____-дан____-ге дейін және/немесе мына
мекен-жай бойынша_______ электрондық почтамен алуға болады.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі бумасының құны____________ теңгені құрайды
және______________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тиісті шоты көрсетілсін) шотына енгізіледі (егер төлем көзделмеген болса, осы абзац алынып тасталады).
Конвертке желімделген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер
______________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін)
мына мекен-жай бойынша____________________________________________
(толық мекен-жайы, бөлменің № көрсетілсін)
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі_______________________дейін.
(уақыты мен күнікөрсетілсін)
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер________________________
(уақыты мен күні көрсетілсін)
мына мекен-жай бойынша_____________________________________ ашылады.
(толық мекен-жайы, бөлменің № көрсетілсін)
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға
болады:_______________________________________________________
(қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетілсін)
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі_____________________________
(Т.А.Ә., лауазымы және байланыс телефоны көрсетіледі)
Ережеге
7-қосымша
Әлеуетті өнім берушілермен ________________________
(конкурстың атауы)
конкурстық құжаттамасын түсіндіру жөніндегі кездесу
хаттамасы
__________________ (Кездесу өтетін орын) | ____________________ (уақыты мен күні) |
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдіретін адамдар:
__________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарының және әлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген тартылған сарапшылардың Т.А.Ә., байланыс телефондарын көрсете отырып)
мынадай адамдарға_________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә., сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесуде әлеуетті өнім берушіні білдіретін осындай адамның өкілеттігін растайтын құжатты көрсете отырып, олар туралы) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде кездесу өткізді.
2. Кездесуде конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде мынадай сұрақтар қойылды:
__________________________________________________________________
(қандай ережелер бойынша сұрақтар қойылды)
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілдері қойылған сұрақтарға мынадай жауаптар берді:
__________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қатысқан өкілдерінің Т.А.Ә., байланыс телефондарын көрсете отырып, олардың қайсысы жауап бергені көрсетілсін).
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілдері конкурстық құжаттаманы түсіндіру жөніндегі кездесу нәтижесінде мынаны ШЕШТІ:
1) өзгерістер (толықтырулар) талап ететін конкурстық құжаттаманы тану
__________________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманың атап айтқанда қандай ережесін өзгерту (толықтыру) қажеттігін көрсету)
2) конкурстық құжаттамаға өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігінің болмауын тану
____________________________________________________
__________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә., сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесуде әлеуетті өнім берушіні білдіретін өкілеттігін растайтын құжатты көрсете отырып, олардың қолдары)
____________________________________________________
__________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарының және әлеуетті өнім берушілермен кездесуде сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген тартылған сарапшылардың Т.А.Ә. көрсете отырып, олардың қолдары)
Ережеге
8-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға
өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасы
___________________________________________________
(конкурстың атауы)
__________________ (Ашу орны) | ____________________ (уақыты мен күні) |
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:
__________________________________________________________________
(конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің Т.А.Ә., конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.
2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді:
_____________________________________________.
(конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы)
3. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері
__________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы көрсетіледі)_______________________ негізінде ашылмай қайтарылды.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін оларды белгіленген мерзімде ұсынған мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:
__________________________________________________________________
(конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру уақыты конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен) ашылды және конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушыларға таныстырылған мыналарды қамтиды:
__________________________________________________________________
(өтінімдегі құжаттардың тізбесі, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпарат, конкурстық өтінім құжаттарының парақ саны көрсетіледі).
5. Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты:
__________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы, олардың уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә.)
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының Т.А.Ә., қолдары
Ережеге
9-қосымша
Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
_______________________сатып алу жөніндегі конкурс
(конкурстың атауы)
__________________ (Орналасқан жері) | ____________________ (уақыты мен күні) |
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:
__________________________________________________________________
(Конкурстық комиссияның құрамын көрсету)
__________________________________ мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады
2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерде ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігі жөнінде қорытындыларды берген сарапшыларды тарту туралы ақпарат.
3. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімі:
__________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен жайы, конкурсқа қатысуға өтінім беру уақыты, өтінімде көрсетілген құжаттар тізбесі, конкурстық құжаттамада көзделген қандай да бір құжаттың жоқтығы туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алу және оның өзгеруі туралы ақпарат және басқа ақпарат хронологиялық тәртіппен көрсетіледі) конкурстық комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланған.
4. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілмейді:
__________________________________________________________________
(себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі: біліктілік талаптарына сәйкес келмейді; конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді, Заңның 6-бабының талаптары бұзылған).
5. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері_____________________________________________ (әрбір лот бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізбесі жеке көрсетіледі).
6. Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген өлшемдердің осы конкурсқа қатысуға берілген барлық өтінімдерге қатысты мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат.
Әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсеткен кезде конкурсқа қатысуға жіберу туралы жалпы хаттаманы ресімдеуге жол беріледі.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:
1. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілсін:__________________________ (конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету). Төменде көрсетілген нысанға сәйкес Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін бағалау өлшемдерінің келесідей мәні айқындалсын.
2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмесін:
____________________________________________________
(конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету).
3. Конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді қабылдау орны, күні, уақыты________________________________________ белгіленсін.
4. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы______________ белгіленсін.
(конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысының уақытын, күнін, орнын көрсету, бірақ мүдделі адамдарға хабарлаған күннен бастап үш жұмыс күнінен ерте емес).
5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жіберу туралы осы хаттаманың көшірмелері
__________________________________________________________________
(олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушілерді көрсету) берілсін (жіберілсін) және осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің __________________________ веб-сайтына орналастырсын.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
Қарсы дауыс __________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
Әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасына
пайыздық әсерді есептеу
Р/с № | Әлеуетті өнім берушінің атауы | Лот нөмірі | Мынадай бағалау өлшемдерін ескере отырып, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасына пайыздық әсері, пайызбен |
Өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі | Өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің нарығында кәсіби біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар мамандардың болуы | Қазақстан Республи- касының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қыз- меттерді ерікті сертификаттау туралы құжаттың болуы | Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес менеджменттің сертификатталған жүйесінің (серти- фикатталған жүйелерінің болуы) |
| | | | | | |
кестенің жалғасы
Мынадай бағалау өлшемдерін ескере отырып, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасына пайыздық әсері, пайызбен | Конкурстық өтінімінің шартты бағасына сомалық пайыздық әсерінің жиыны | Мыналарды ескере отырып, шартты бағаға пайыздық әсер, пайызбен | Барлығы |
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамасы | Пайдалануға, техни- калық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар | Ұсынылатын тауарлармен қызметтердің пайдалану сипаттамасына кепілдік беру | Отандық тауар өндірушінің мәртебесі | Отандық жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушінің мәртебесі | |
| | | | | | |
Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшысының қолдары
Ережеге
10-қосымша
_____________________ сатып алу жөніндегі конкурс тәсілімен
(конкурстың атауы)
мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама
__________________ (Орналасқан жері) | ____________________ (уақыты мен күні) |
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:___________________ (конкурстық комиссияның құрамын көрсету) мемлекеттік сатып алу жөніндегі (сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қысқаша сипаттау) ашық (жабық, екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып) конкурс өткізді.
2. Әрбір лот бойынша жеке сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома (соманы көрсету).
3. Мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді:
__________________________________________________________________
(рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін көрсету).
4. Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткеннен кейін берілуіне байланысты бағалауға және салыстыруға қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің
__________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушілердің атаулары көрсетіледі) конкурстық баға ұсыныстары бар конверттері.
5. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткенге дейін оларды берген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары:
__________________________________________________________________
(конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналына сәйкес конкурсқа қатысушылардың не олардың уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә. хронологиялық тәртіппен көрсетіледі) ашылды және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде барлық қатысушыларға жарияланған мыналарды қамтиды:_____________________________________
(конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналына оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары көрсетіледі).
6. Мыналардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбады:
__________________________________________________________________
(мынадай себептерді: конкурстық баға ұсынысы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түсуін; демпингтік болып табылатын конкурстық баға ұсынысын көрсете отырып, конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаған конкурсқа қатысушылардың не олардың уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә. көрсетіледі).
7. Конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары ________________ (неғұрлым сапалы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында, конкурстық құжаттамада белгіленген өлшемдердің пайыздық мәнін ескере отырып, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы көрсетіледі).
8. Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:
1)_________________________________________________ конкурсқа қатысушының (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ ол жеңімпаз деп танылған шарттарды көрсету) конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылсын немесе
____________________________ мемлекеттік сатып алу жөніндегі
(конкурстың атауы)
конкурс (ашық, жабық, екі кезеңді рәсімді пайдалана отырып) өтпеді деп танылсын.
(Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаса, тиісті себебін көрсету)
2) Тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер)
__________________________________________________________________
(әрбір тапсырыс берушінің атауын және орналасқан жерін көрсету)
______________________жылға дейінгі мерзімде______________________
(конкурс жеңімпазының атауын көрсету) -мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын.
3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
__________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету)
мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурстың қорытындылары туралы хабарландырудың мәтінін Бюллетенде жариялау үшін мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген заңды тұлғаға жіберсін және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің веб-сайтына орналастырсын.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс_______(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
Қарсы дауыс _________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары
Ережеге
11-қосымша
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
қорытындысы туралы хаттама
_______________________________
(конкурстың атауы)