Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 316-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
3-бап мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«6 шілде - Астана күні;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2008 жылғы маусымның 24-і
№ 47-ІV ҚРЗ