тауарлық сорт - бір немесе бірнеше сапалық көрсеткіштері бойынша белгілі бір тауар түрінің градациясы.
3. Өнімді өндіру және қайта өңдеу
7. Қайта өңделген жеміс-көкөніс өнімдерін құюды, буып-түюді, сақтауды, тасымалдауды қоса алғанда оларды дайындау кезінде, сондай-ақ өндірістің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу кезінде жеміс-көкөніс өнімдерінің осы Техникалық регламенттің қойылатын талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
8. Дайындаушы өнімді белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндей етіп өндіреді және өндіруші таңдаған жүйе шеңберінде және Техникалық регламентте белгіленген тәуекелдерді талдау және сыни нүктелерді бақылау қағидаттары негізінде тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Жаңа піскен түрінде сатуға, сондай-ақ қайта өңдеуге арналған жемістер мен көкөністерді, жеміс-көкөніс өнімдері өндірісі кезінде пайдаланылатын басқа шикізатты, компоненттерді қабылдау (кіріс бақылау) кәсіпорын бекіткен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне өндірістік бақылау бағдарламасына қолданыстағы стандарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Көкөністердің сыныптамасы осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Қайта өңдеуге осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нақты өнімге арналған талаптарына сәйкес болатын таза шикізат жатады.
Саңырауқұлақтардан жасалатын өнімдерді шығару үшін тек жаңа піскен жеуге жарамды, жиналғаннан кейін сапасы төмендей бастағанға дейін бірден өңдеуге немесе техникалық қайта өңдеуге ұшыраған саңырауқұлақтарды пайдалануға жол беріледі.
Жеміс-көкөніс шикізатын қайта өңдеуге (бұқтыруға, тазалауға, кесуге, үгітуге, сүртуге) дайындаудың кейінгі процестерін жүргізген кезде қайталама механикалық, химиялық, микробиологиялық ластауға жол берілмейді.
Технологиялық процесте пайдаланылатын су ауыз суға қойылатын қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс. Шикізаттың қосымша ластануын болдырмау үшін жууға пайдаланылатын су, егер оны тиісінше өңдеу көзделмесе, айналмалы болмауы тиіс.
11. ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Кәсіпорындарда өндірістік цехтарды, учаскілерді, бөлімшелерді, қоймалық, қосалқы үй-жайларды жоспарлау технологиялық процестердің кезеңділігін, жемістер және көкөністер, тамыржемістілер және оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігін, жинау, жуу, дезинсекциялау сапасына санитарлық бақылау мен қадағалау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
13. Жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінде тікелей тұтынуға арналған өнімдерде олардың қалдық саны болмау шартымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жуатын және тазартатын құралдарды, химиялық дезинфекциялау заттарын қолдануға рұқсат етіледі.
14. Кәсіпорын жайының ауасын жылыту, желдету, желдеткіш сорғы жүйелерін орнату нормаланған климаттық жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық шешімдердің жүргізілуі көзделуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Өнімдерге арналған жабдықтар және ыдыс (контейнер) денсаулыққа қауіпсіз, сондай-ақ жеңіл тазаланатын және өнімді зақымдамайтын материалдан жасалуы тиіс. Көкөністердің, жемістердің, тамыржемістілердің, жидектердің, саңырауқұлақтардың өнімдерін жинау санитарлық гигиенаның талаптарына жауап беруге тиіс. Жинау кезінде тамақ өнімдерін зақымдамас үшін жеуге жарамсыз өнімдерді бөлек орналастыру қажет.
Шикі өнімдерді малдан, шыбын-шіркейден шығатын, зиянды жәндіктермен, құстармен, химиялық немесе микробиологиялық және басқа да жағымсыз заттармен ластанудан қорғау мақсатында сақтық шаралары қабылданған болу қажет. Өнімнің сорты және өнімді жинау тәсілі, оның талап етілетін сақтау типін және сақтау дәрежесін көрсетеді.
16. Технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарды, сондай-ақ шикізаттар мен дайын өнімдерді қоймаларда орналастыру қарсы ағымдағы шикі және дайын өнімнің кедергісіз бос өтімін қамтамасыз етуі қажет.
17. Жерүсті және жерасты көздерінен шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына су беретін сумен жабдықтау көздері және су құбырлары құрылғылары Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген талаптарға сәйкес санитарлық қорғаныш аймағы болуы тиіс, ал ауыз су тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болуы керек.
18. Өсімдік ресурстары мен өнімдерді бұзылу және жойылудан қорғауды қамтамасыз ету үшін жемістер мен көкөністер карантиндік объектілерден таза болуға тиіс және өсімдіктер карантині саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына жауап беруі қажет.
19. Айналымдағы жеміс-көкөніс өнімдері және олардың қайта өңдеу өнімдері тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс және Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген гигиеналық нормаларға және қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес болуы қажет.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20. Құрғатылған, концентратталған жемістер мен көкөністер үшін түпкілікті өнімдегі құрғақ заттардың құрамын есепке ала отырып химиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне қайта есептеу жүргізу қажет.
Құрамы аралас өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау шикізаттардың негізгі түрлерінің үлес салмағы бойынша және де нормаланатын контаминанттардың рұқсат етілген деңгейі бойынша жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21. Жемістер, көкөністер, тамыржемістілер және оларды қайта өңдеу өнімдерінде патогенді микроорганизмдердің және паразитті аурулар қоздырғыштарының, олардың жұқпалы және паразитті аурулар тудыратын немесе адамның денсаулығына қауіп төндіретін уыттарының болуына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22. Жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінде тағамдық қоспалар, қосалқы технологиялық құралдар «Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қолданылады.
23. ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24. Өнімнің орамы өнімнің нақты түрін тасымалдау және сақтау шарттарын сақтай отырып, айналымның барлық кезеңінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
25. Жеміс-көкөніс өнімдерімен байланысты буып-түю ыдыстары жасалған материалдар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Келіп түскен жеміс-көкөніс және басқа да шикізаттың әрбір партиясы мынадай көлік құжаттарымен және тауардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттармен сүйемелденуі тиіс:
1) тауарлық-көлік жүкқұжаты;
2) шикізаттың техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
3) фитосанитарлық сертификат (Қазақстан аумағына әкелінген өсімдік шаруашылығы өнімдері үшін);
4) карантиндік сертификат (облысаралық жеткізу кезінде өсімдік шаруашылығы өнімдері үшін).
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 3-1-бөліммен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3-1. Жеміс-көкөніс өнімдерін буып-түю және таңбалау
26-1. Жеміс-көкөніс өнімдерін таңбалау «Буып түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентіне, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға, сондай-ақ осы бөлімге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен 26-2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-2. Жеміс-көкөніс өнімдері өнімнің осы түрлерін тасымалдау және сақтау шарттары сақталған кезде айналымның барлық сатыларында оның сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, буып-түйіледі.
Жеміс-көкөніс өнімдерін механикалық зақымданудан сақтау үшін өнімнің әрбір түріне тән көліктік және тұтыну ыдысы пайдаланылады, олардың түрлері.тиісті нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген. Тұтыну ыдысы таңбалаудың (затбелгі жапсырудың) тасушысы болып табылады.
26-3. Егер мөлшері шағын (бір жағының ауданы 10 см2-ден аспайды) орауышқа (ыдысқа) тұтынушыға арналған ақпараттың қажетті мәтінін түсіру мүмкін болмаса, онда ақпаратты топтық орауышқа (ыдысқа) немесе жеке немесе топтық орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігіне қоса берілетін қосымша параққа орналастыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ өнім (тауар) жинақтап сатылатын топтық орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігі тұтынушыға арналған ақпаратпен қоса жіберіледі.
Тұтынушыларға өнімді (тауарды) алдын ала өлшеп салынбаған түрінде өткізу кезінде, өнім (тауар) сауда үй-жайларында (сатылатын орындарда), оның ішінде сатып алушының көзінше өлшеп салынған жағдайда, олар туралы ақпаратты орауыштың (ыдыстың) әрбір бірлігіне қоса берілетін қосымша параққа, өнімнен (тауардан) тікелей жақын жердегі баға көрсеткішке немесе ақпараттық параққа орналастыруға рұқсат етіледі.
Сату орындарында қаптарға салынған өнімде (тауарда) буып-түйілген немесе өлшеп салынған ұқсас өнім үшін көзделген ақпарат болуға тиіс. Тұтынушыға арналған ақпарат қаптарға бекітілген зат белгілерге жазылады.
Өнімді (тауарды) дайындаушы (өндіруші) тұтынушыға арналған ақпаратты орауыштың (ыдыстың) бірлігінің тек сол бір жеріне орналастырады.
Тұтынушыға арналған ақпаратты оқу үшін қолайлы бір немесе бірнеше орынға орналастыруға рұқсат етіледі.
Жаңа піскен жемістерді (көкөністерді) таңбалауда:
1) тауарлық сорты (бар болса);
2) өнімді өңдеудің және (немесе) буып түюдің ерекше тәсілдерін көрсету;
3) жинау күні, буып-түю күні;
4) қорғалған топырақта өсірілген өнім туралы ақпарат (қорғалған топырақта өсірілген өнім үшін);
5) сақтау шарттары болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен 26-4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-4. Қайта өңделген жеміс-көкөніс өнімдерін таңбалау кезінде:
1) массасы немесе негізгі өнімнің массалық үлесі (сиропта, маринадта, тұздықта, құймада дайындалған өнімдер үшін);
2) өнімнің тағамдық құндылығы (арнайы мақсаттағы өнімдерінде дәрумендер, күлдер, қоспалар құрамын көрсете отырып);
3) шикізатты, жартылай фабрикатты немесе дайын өнімді өңдеудің ерекше әдістері (атауына қосылады);
4) тауарлық сорты (бар болса);
5) дайындалған және буып-түйілген күні;
6) жарамдылық мерзімі;
7) диабеттік өнімдерге арналған тәттілеуіштердің болуы;
8) өнімді қолдану мен дайындау жөніндегі ұсынымдар (қажет болған кезде) көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен 26-5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-5. Жеміс-көкөніс өнімдерінің атауы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) өнімнің атауында сорттық түрі көрсетіледі, мысалы: тиісінше «сүйегінен бөлінетін шабдалы» немесе «сүйегінен бөлінбейтін шабдалы» және тиісінше «сары шабдалы (ақ, қызыл, немесе жасыл)»;
2) өнімнің өзіне және қасиеттерін елеулі дәрежеде айқындайтын жекелеген тұздықтар, қоспалар немесе дәмдеуіштер «-бен (-пен)» немесе «-та (-те)» деген жалғаулармен белгіленеді, мысалы «Сары май қосылған тұздықпен» немесе «Өсімдік майы қосылған тұздықта».
Егер өнім мөлшері бойынша калибрленген болса, жемістің не диаметрі, не тиісінше «ұсақ», «орташа», «ірі» деген сөздер көрсетіледі.
26-6. Жеміс-көкөніс өнімдерінің жарамдылық мерзімін Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасына сәйкес оның дайындаушысы белгілейді.
26-7. Дайындаушы белгілеген сақтау және тасымалдау шарттары жеміс-көкөніс өнімдерінің жарамдылық мерзімі ішінде осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
Тазаланбаған, кесілмеген немесе өңделмеген картопты қоса алғанда, жаңадан піскен жемістер мен көкөністерге жарамдылық мерзімін көрсету талап етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сақтау және тасымалдау
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27. Жемістердің, көкөністердің, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің ұзақ сақталуы арнайы жеміс-көкөніс сақтау орындарында, тоңазытқыштарда, дайын өнім қоймаларында жүзеге асырылады.
Өнім оның жағдайын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі болатындай етіп орналастырылады. Жаңа піскен жемістер, көкөністер, тамыржемістер үшін желдету мүмкіндігі қамтамасыз етілу қажет.
Жеміс, көкөніс, тамыржемістердің әрбір сортына, түріне өзінің сақтау режимдері (қоршаған ортаның температурасы, ылғалдылық) қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28. Жеміс, көкөніс, тамыржемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің ластану қатерін барынша азайту шартымен, олар көлік құралдарында және (немесе) контейнерлерде орналастыруға және сақтауға жатады.
Жеміс-көкөніс өнімдерімен бірге басқа тамақ өнімдерін немесе өзге жүктерді бір уақытта тасымалдау үшін көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді пайдалану кезінде жаңа піскен және қайта өңделген жеміс-көкөніс өнімдерінің жанасуына, ластануына және органолептикалық ерекшелігінің өзгеруіне жол бермейтін жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары және (немесе) контейнерлер немесе сыйымдылықтар осындай өнімдердің қажетті температурасын сақтап тұру үшін тиісті түрде жабдықталады.
Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған көлік құралдары мен үй-жайлар үнемі механикалық тазалаудан, жуудан және қажет болған кезде дезинфекциядан өткізіледі.
29. Сақтауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұлға дайындаушы белгілеген жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау және тасымалдау шарттарын сақтайды.
5. Өнімді сату
Сатылатын өнім осы Техникалық регламенттің талаптарына жауап беруге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс.
30. Базарда жеміс-көкөніс өнімдерін орналастыруды және сатуды жүзеге асыратын субъектілердің нормативтік құжаттарға сәйкес өнімнің нақты түрлерін қабылдау, бақылау, бірдейлендіру және сақтау мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін қажетті үй-жайлары мен жағдайлары болуы тиіс.
31. Өнімнің сатылуы адамның өмірі мен денсаулығын және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ететін санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып, сауда саласындағы заңнамаға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Сатылатын өнім қауіпсіздігі бойынша осы Техникалық регламенттің талаптарына, ал басқа көрсеткіштер бойынша шартта көрсетілген жағдайларға сәйкес болуы қажет. Шартта өнімнің осы тобына заңнамада белгіленген көрсеткіштермен салыстырғанда өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне барынша жоғары талаптар көзделуі мүмкін.
32. Өнімді сату барысында, дайындаушы белгілеген сақтау шарттары сақталуы тиіс.
33. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін, сақтау немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сапасыздық белгілері бар, осы Техникалық регламенттің талаптарын бұза отырып таңбаланған, белгіленген нысандағы ілеспе құжаттары жоқ өнімдер сатуға жіберілмейді.
34. Өнімді сатып алушылар мен тұтынушылар өздерінің қауіпсіздігі мақсатында таңбалауда көрсетілген талаптарға сәйкес өнімді пайдалану және тұтыну бойынша дайындаушының (сатушы) ұсынымдарын сақтайды.
6. ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Сапасыз және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті жеміс-көкөніс өнімдерін кәдеге
жаратуға және жоюға қойылатын талаптар
Өнімді кәдеге жарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
40. Сапасыз және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті болып мынадай:
- осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін;
- айқын сапасыздық белгілері бар;
- өнімнің шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын өнімді дйындаушының (берушінің) құжаттары жоқ;
- жарамдылық немесе сақтау мерзімі белгіленбеген немесе өтіп кеткен жеміс-көкөніс өнімдері танылады.
8. Сәйкестігін растау
41. Осы Техникалық регламент пен үйлестірілген стандарттардың талаптарына өнімдердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
42. Сәйкестікті растау схемасын таңдау дұрыс емес бағалаудың жиынтық қатерін және сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудың зардабын есепке ала отырып жүзеге асырылады. Өнімнің сәйкестігін растаудың ұсынылатын рәсімдері осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында берілген.
9. ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары
45. Осы Техникалық регламент ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
46. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар қолдану мерзімі біткенге дейін қолданыста деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2119 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Техникалық регламентке
1-қосымша
Жемістердің, көкөністердің, түйнекжемістілердің және оларды қайта өңдеу өнімдерінің Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (КО СЭҚ БТН) кодына сәйкес
тізбесі
КО СЭҚ БТН коды | Позицияның атауы |
1 | 2 |
0701 | Жаңадан піскен және тоңазытылған картоп: |
0701 10 000 0 | - тұқымдық |
0701 90 | - өзгесі: |
0701 90 100 0 | -- крахмал өндіру үшін |
| -- өзгесі: |
0701 90 500 0 | --- жас, 1 қаңтардан 30 маусым аралығы |
0701 90 900 0 | --- өзгелері |
0702 00 000 | жаңадан піскен және тоңазытылған қызанақтар: |
0702 00 000 1 | - 1 қаңтар - 31 наурыз |
0702 00 000 2 | - 1 сәуір - 30 сәуір |
0702 00 000 3 | - 1 мамыр - 14 мамыр |
0702 00 000 4 | - 15 мамыр - 31 мамыр |
0702 00 000 5 | - 1 маусым - 30 қыркүйек |
0702 00 000 6 | - 1 қазан - 31 қазан |
0702 00 000 7 | - 1 қараша - 20 желтоқсан |
0702 00 000 9 | - 21 желтоқсан - 31 желтоқсан |
0703 | Пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және өзге де пиязшық көкөністер, жас және тоңазытылған: |
0703 10 | - пияз және шалот пиязы: |
| -- пияз: |
0703 10 110 0 | --- себілетін пияз |
0703 10 190 0 | --- өзгелері |
0703 10 900 0 | -- шалот пиязы |
0703 20 000 0 | - сарымсақ |
0703 90 000 0 | - порей пиязы және өзге де пиязшық көкөністер |
0704 | Қаудандық қырыққабат, түрлі-түсті қырыққабат, кольраби, жапырақты қырықкабат және Вrаssіса туысынан ұқсас жеуге жарамды көкөністер, жас және тоңазытылған: |
0704 10 000 0 | - түрлі-түсті қырыққабат және брокколи |
0704 20 000 0 | - брюссельдік қырыққабат |
0704 90 | - өзгелері: |
0704 90 100 0 | -- аққауданды және қызылқауқанды қырыққабат: |
0704 90 900 0 | -- өзгелері |
0705 | Латук салаты (Lactuca sativa) және цикорий (Сichorim spp.), жас және тоңазытылған: |
| - латук салаты: |
0705 11 000 0 | -- қаудандық латук салаты (қаудандық салаты) |
0705 19 000 0 | -- өзгелері |
| - цикорий: |
0705 21 000 0 | -- кәдімгі цикорий (Сichorim іntybus var. foliosum) |
0705 29 000 0 | -- өзгелері |
0706 | Сәбіз, тұрып, асханалық қызылша, ешкі сақал, тамырлы балдыркөк, шалқан және өзге де ұқсас жеуге жарайтын тамыр тұқымдары, жас және тоңазытылған: |
0706 10 000 0 | - сәбіз және шалқан: |
0706 90 | -- өзгелері |
0706 90 900 0 | --- өзгелері |
0707 00 | қиярлар және корнишондар, жас және тоңазытылған: |
0707 00 050 | - қиярлар: |
0707 00 050 1 | -- 1 қаңтар - ақпанның аяғы |
0707 00 050 2 | -- 1 наурыз - 30 сәуір |
0707 00 050 3 | -- 1 мамыр - 15 мамыр |
0707 00 050 4 | -- 16 мамыр - 30 қыркүйек |
0707 00 050 5 | -- 1 қазан - 31 қазан |
0707 00 050 6 | -- 1 қараша - 10 қараша |
0707 00 050 9 | -- 11 қараша - 31 желтоқсан |
0707 00 900 0 | - корнишондар |
0708 | Аршылған немесе аршылмаған бұршаққап көкөністері, жас немесе тоңазытылған: |
0708 10 000 0 | - бұршақ (Pisum sativum) |
0708 20 000 0 | - үрме бұршақ (Vigna spp., Phaseolus spp.) |
0708 90 000 0 | - өзге де бұршақ көкөністер |
0709 | Өзге де кекөністер, жас және тоңазытылған: |
0709 10 000 0 | - артишок |
0709 20 000 0 | - қасқыржем |
0709 30 000 0 | - баялдылар (бадриджандар) |
0709 40 000 0 | - тамырлы балдыркөктен басқа, өзге де балдыркөк |
| - саңырауқұлақтар және трюфельдер: |
0709 51 000 0 | -- Agaricus тектес саңырауқұлақтар |
0709 59 | -- өзгелері: |
0709 52 000 0 | - трюфелдер |
0709 59 | --- өзгелері |
0709 59 100 0 | --- түлкішектер |
0709 59 300 0 | --- мүктілер |
0709 59 900 0 | --- өзгелері |
0709 60 | - Capsicum тектес немесе Pimenta тектес тұқымдар: |
0709 60 100 0 | -- сабақты тәтті бұрыш |
| -- өзгелері: |
0709 60 910 0 | --- Capsicum текті тұқымдар, капсицина немесе бұрыштық жанды бояғыштар өндіру үшін |
0709 60 950 0 | --- эфирлі майды немесе резиноидтерді өнеркәсіптік өндіру үшін |
0709 60 990 0 | --- өзгелері |
0709 70 000 0 | - саумалдық, жаңа Зеландия саумалдық және алпамса саумалдық (бақшалық саумалдық) |
0709 90 | - өзгелері: |
0709 90 100 0 | -- салаттық көкөністер, салат-латуктен (Lactuca sativa) және цикорийден (Cichorium spp.) басқа |
0709 90 200 0 | -- жапырақты қызылша және кардон |
| -- зәйтүн немесе зәйтүн жемісі: |
0709 90 310 0 | --- майға өңдеуден басқа пайдалану үшін |
0709 90 390 0 | --- өзгелері |
0709 90 400 0 | -- каперстер |
0709 90 500 0 | -- фенхель |
0709 90 600 0 | -- қантты жүгері |
0709 90 700 0 | -- асқабақтар |
0709 90 900 0 | -- өзгелері |
0710 | Мұздатылған көкөністер (шикі немесе суда немесе буда пісірілген): |
0710 10 000 0 | - картоп |
| - бұршақ көкөністері, аршылған немесе аршылмаған: |
0710 21 000 0 | -- бұршақ (Piswn sativum) |
0710 22 000 0 | -- үрме бұршақ (Vigna spp., Phaseolus spp.) |
0710 29 000 0 | -- өзгелері |
0710 30 000 0 | - саумалдық, жаңа Зеландия саумалдық және алпамса саумалдық (бақшалық саумалдық) |
0710 40 000 0 | - қант жүгерісі |
0710 80 | - өзге де көкөністер: |
0710 80 100 0 | -- зәйтүн немесе зәйтүн жемістері |
| -- Capsicum тектес немесе Pimenta тектес тұқымдар: |
0710 80 510 0 | --- сабақты тәтті бұрыш |
0710 80 590 0 | --- өзгелері |
| -- саңырауқұлақтар: |