Республикалық маңызы бар Жарсор - Ұрқаш мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 570 Қаулысы
(2015.04.09. берілген өзгерістермен)
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және ерекше қорғауды қажет ететін Қазақстанның бірегей табиғат объектілері ретінде Қостанай облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің республикалық маңызы бар жалпы алаңы 29344,1 гектар Жарсор - Ұрқаш мемлекеттік табиғи қаумалы құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде қаумал жерлерінің шекарасын белгілесін.
3. ҚР Үкіметінің 2015.04.09. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |