6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мұрағат қорының, баспа басылым- дарының сақтал- уын қамта- масыз ету және оларды арнайы пайда- лану | 1) Қазақстанның жаңа тарихын зерделеу үшін зерттеушілерге деректемелік құжаттық базаны кеңейту мақсатында құжаттардың құндылығына сараптама жүргізіп, істерді мемлекеттік сақтауға қабылдау. 2) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуді жақсарту үшін: - ерекше құжаттардың көшірмелерінің сақтандыру қорын құру үшін микрофотокөшірме жасау; - қабылданған істерді тігу және түптеу, құжаттардың беттерін қалпына келтіру, құжаттардың нашар көрінетін мәтіндерін компьютерлік графикамен қайта жасау; - микрофильмдер мен қағаздағы құжаттарға цифрлау жүргізу. 3) Азаматтардың, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін: - тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұрауларын орындау; - зерттеушілерге оқу залына қажетті құжаттар беру. 4) Мұрағаттық ақпаратты іздестіруді жақсарту үшін: - "Электрондық мұрағат" және "Электрондық құжат айналымы мұрағаттық технологияларын" енгізуді жүргізу; - мұрағат қорларына каталог пен ғылыми анықтамалық аппаратты жетілдіруді жүргізу. 5) Тарихи-мұрағат мұрасын танымал етуге және ғылыми айналымға жаңа фактологиялық материалды енгізу үшін мақалалар мен ғылыми жарияланымдар әзірлеп, тарихи-құжат- тамалық көрмелер өткізу. 6) Бақылауды қамтамасыз ету үшін мұрағаттың мекемелерінде - жинақтау көздерінде мұрағаттардың құжаттандырылуы және ведомстволық сақталуы жағдайын тексеру. 7) Мұрағат басшының бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Президен- тінің мұрағаты |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- мемлекеттік мекемелердің басқару құжаттамасынан 3,4 мың іс, мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке тұрғыдағы құжаттарынан мемлекеттік сақтауға 400 іс қабылдау;
- 800 сақталу бірлігінің микрокөшірмесін жүргізу және аса маңызды құжаттардың көшірмелері сақтандыру қорының 150,0 мың кадрын дайындау, 3 мың істі тігу және түптеу, құжаттардың 140 мың парағын жөндеп-реттеу, компьютерлік графикамен нашар көрінетін мәтіндердің 2,5 мың парағын қалпына келтіру, микрофильмдердің 3 мың кадрына және қағаздағы құжаттардың 18 мың парағына цифрлау жүргізу;
- мекемелер мен азаматтардың 160-200 тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұрауларын орындау, зерттеушілерді мұрағаттың оқу залы арқылы талап етілген ақпаратпен қамтамасыз ету;
- каталогтың 8 мың карточкасын және 27 мың істің ғылыми-анықтамалық аппаратты жетілдіру;
- бұқаралық ақпарат құралдарында 8-10 мақала және ғылыми жарияланымдар әзірлеу, мектеп пен жоғары оқу орындары оқушыларымен 4 тарихи-құжаттамалық көрме және 7 экскурсия өткізу болжанып отыр;
- "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" ҚР Заңының талаптарын орындау жөнінде құжаттандыру жағдайы және құжаттамаларды басқару, сондай-ақ құжаттарды ведомстволық сақтау мәселелері бойынша мекемелерде 7 тексеру жүргізу болжанып отыр;
- өндірістік міндеттерді шешу үшін микрография зертханасы үшін жабдық сатып алу.
Түпкі нәтиже:
1. Мұрағаттық қор 0,5 пайызға өсіп, 663,7 мың сақтау бірлігіне жетеді деп болжануда. Зерттеушіге басқарушылық міндеттерді шешуде, жарияланымдар мен ғылыми еңбектерде мұрағаттық құжаттарды пайдалану үшін 18 мыңға жуық іс беру болжанып отыр.
2. Микрофотокөшірмеден өткен істердің саны 1,7 пайызға көбейеді деп болжанып отыр, сақтандыру қорының көлемі 2,4 пайызға өсіп, 6425,7 мың кадрды құрайтын болады. Нашар көрінетін мәтіндерді қалпына келтіру есебінен бұрын зерттеушілерге алу мүмкін болмайтын құжаттардың оқылу деңгейі артады, сондай-ақ ақпаратты ұзақ уақыт сақтау мен оның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
3. Мемлекеттік мекемелер мен азаматтардың сұрауларын орындау қажетті ақпарат алу құқығына деген Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ол ақпаратты әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органның ақпараттық сұраулары қамтамасыз етіледі деп күтілуде және азаматтардың 80-85 пайызға өздерінің заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін құжаттардың көшірмесін ала алады.
4. 5 автоматтандырылған дерекқор мен электрондық мұрағат негізінде ақпаратты іздеудің жылдамдығы мен сапасы одан әрі артатын болады.
5. Қазақстанның азаматтары көп зерттелмеген тарихи процестермен және оқиғалармен танысуға мүмкіндік алады. Орта мектептің және жоғары оқу орындарының 100-150 оқушысы 4 тарихи-деректі көрмеге барады, 7 лекция тыңдайды. Бұқаралық ақпарат құралдарында тарихи тақырыптарға 8-10 мақала жарияланады және 60 баспа табақ көлеміндегі 3 құжаттар жинағы дайындалады.
6. Мемлекеттік мекемелерде құжаттаудың және Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ведомстволық мұрағаттарда уақытша сақтаудың жай-күйіне мемлекеттік бақылау қамтамасыз етілетін болады. Мекемелерде нормативтік-әдістемелік құжаттардың 100 пайыздық болуы, мұрағаттардың техникалық жай-күйін жақсарту және мемлекеттік сақтауға 3,4 мың іс тапсыру көзделуде.
7. Жұмыс орындарын электрондық-есептеу техникасымен жабдықтаудың 100 пайызға жетуі, ақпараттық ресурстарды іздеуді автоматтандыру күтілуде.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
тиімділіктің өлшемдері 1 істі сақтаудың 14,42 теңге; 1 істі тігудің 271,12 теңге; құжаттың 1 парағын жөндеп-реттеудің 5,27 теңге; құжаттың 1 парағының микрофотокөшірмесін жасаудың және микрофишалар дайындаудың 887,65 теңге; мәтіні нашар көрінетін құжаттың 1 парағын қалпына келтірудің 405,49 теңге орташа құнының негізінде айқындалатын болады.
Уақтылығы:
нақты тапсырмаларды және жұмыстардың келемін орындаудың уақтылығы негізгі іс-шаралардың белгіленген мерзімдерімен айқындалады.
Сапасы:
- мұрағаттың сарапшы-тексеру комиссиясының жұмыс нәтижелері бағалаумен (істерді мемлекеттік сақтауға дайындау, қабылдау, көрмелердің, лекциялардың, экскурсиялардың тақырыптық-экспозициялық жоспарлары, т.б.), зерттеушілердің мұрағаттық ақпаратқа деген қажеттіктерінің қанағаттандырылуы туралы пікірлерімен айқындалады;
- аса бағалы құжаттардың көшірмелерінің сақтандыру қорын құру жөніндегі жұмыстардың сапасы микрофильмдер дайындаудың технологиялық регламентімен, нашар көрінетін мәтіндерді жөндеп-реттеу, түптеу мен қалпына келтіру арнаулы нұсқаулықтармен айқындалды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
4-ҚОСЫМША
101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
"Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 73546 мың теңге (жетпіс үш миллион бес жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы; "Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1431 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның қазіргі тарихының, президенттік институттың дамуын және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін айғақтайтын деректі, тарихи материалдарды көрсету арқылы халықтың мәдениетінің, тарихи дара санасының деңгейін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси ақпаратты топтау мен зерделеудің мәдениеттанушылық және ғылыми-әдістемелік процесі үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Тарихи- мәдени құнды- лықтарды сақтау | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өміріне, мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қатысты материалдарды кешенді жинақтау, жүйелеу, сақтау, зерттеу мен танымал ету негізінде тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси ақпаратты топтастыру мен зерделеу процесін мәдениеттанушылық және ғылыми-әдістеме- лік қамтамасыз ету. Құрал-жабдық сатып алу. | Жыл бойына | Қазақстан Респу- бликасы Тұңғыш Президен- тінің Мұражайы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- мұражайға келетіндер саны 55000 адамнан кем болмауға тиіс;
- жоспарланған шетелдік келушілер саны кемінде 500 адамды құрайды;
- мектеп оқушыларының саны кемінде 27500 баланы құрайды;
- мұражайға келушілерге кемінде 2200 экскурсия жүргізу;
- Негізгі қаржы есебінен: 2 дана ноутбуктер сатып алу.
Түпкі нәтиже: Қазақстанның қазіргі тарихының дамуын жинақтау, есепке алу мен сақтау, зерделеу мен танымал ету негізінде мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мұражайдың бір экспонатын сақтаудың орташа құны 2020 теңге.
Уақтылығы: тиісті кезеңге арналған көзделген кесте бойынша іс-шаралардың орындалуы.
Сапасы: Республика халқының мәдени, рухани деңгейін көтеру және әлем жұртшылығын Қазақстанның қазіргі тарихының, президенттік институттың дамуымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлімен мұражай коллекциясы негізінде таныстыру.