1) техникалық жобалардың және технологиялық регламенттердің;
2) меншік құқығындағы өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) немесе жалгерліктің (жалгерлік шарты):
мамандандырылған өндірістік ғимараттардың (байыту фабрикасы, зауыт, цех), жабдықтар мен механизмдердің, технологиялық желілердің, қалдық қоймаларының, шламтұндырғыштардың, шикізатты, дайын өнімді, жарылыс-өрт қаупі бар, күшті әсер ететін улы заттарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
ұсақтау-сұрыптау кешенінің, диірмендердің, бұлғағыштардың;
орталықтан тебетін, гравитациялық, магниттік, электр магниттік жабдықтардың, сепараторлардың, сүзгілердің, экстракторлардың, кептіру агрегаттарының;
өндірістік пештердің (кептіру, қыздыру, күйдіру, балқыту);
3) мыналарды:
машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;
4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.
11. Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйелерін пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге) және жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлерге) қолданылады және мыналардың:
11.1. Газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін (газ таратушы пункттер, газ таратушы қондырғылар, жоғары, орта және төмен қысымдағы газ таратушы желілер) пайдалану үшін:
1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша:
өндірістік-техникалық базасының: газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерінің (газ таратушы пункттер, газ таратушы қондырғылар, жоғары, орта және төмен қысымдағы газ таратушы желілер), сондай-ақ газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұстау процесін қамтамасыз ететін басқа да активтердің болуын;
жөндеу-механикалық базасының: мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың, жабдықтардың (зауыт, цех, шеберхана, станоктар, механизмдер, құрал-саймандар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары және басқа), сондай-ақ газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұстау процесін қамтамасыз ететін басқа да активтердің болуын.
Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесін, сатып алу-сату шартының көшірмесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесін, негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты ұсынады.
2) мыналарды:
жабдықты пайдалануды және оған техникалық қызмет көрсетуді;
газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін пайдалану технологиялық процесінің, техникалық қызмет көрсету мен ұстаудың сақталуын;
еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігін;
қоршаған ортаны қорғауды;
өнім сапасының ішкі өндірістік бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін;
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектінің (меншікті авариялық қызметі немесе авариялық қызметпен шарттың болуы) авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтердің.
Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
3) басшылардың тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық білікті басшылар мен мамандардың (басшылар үшін газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін кем дегенде арнайы орта білім) құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының кемінде 70%-ы ).
Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші штат кестесін және әрбір қызметкер жөнінде тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі жөніндегі ақпаратты қамтитын жиынтық кестені ұсынады.
4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
газ реттеуші пункттер мен қондырғыларды, газ желілерін, негізгі технологиялық жабдықтың ағымдағы және күрделі жөндеулерін техникалық куәландыратын кестелерінің;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
аварияларды жою жоспарларының;
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктердің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын.
11.2. Үй ішіндегі газ желілерін, газ аспаптары мен жабдықтарын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау кезінде:
1) меншіктегі немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша:
өндірістік-техникалық база;
үй ішіндегі газ желілері, газ құралдары мен жабдықтары, сондай-ақ үй ішіндегі газ желілерін, газ құралдары мен жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұстау процесін қамтамасыз ететін басқа да активтер;
жөндеу-механикалық база: мамандандырылған өндірістік ғимараттар, инженерлік құрылыстар, жабдықтар (зауыт, цех, шеберхана, станоктар, механизмдер, құрал-саймандар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары және басқа), сондай-ақ үй ішіндегі газ желілерін, газ аспаптары мен жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұстау процесін қамтамасыз ететін басқа да активтер.
Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші ұсынады: өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, сату-сатып алу шартының көшірмесі, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтерді толық ажырата отырып лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелері, салынған объектінің пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат.
2) мыналарды:
жабдықты пайдалануды және оған техникалық қызмет көрсетуді;
үй ішіндегі газ желілерін, газ аспаптары мен жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұстау процесінің, техникалық қызмет көрсетілу мен ұстаудың сақталуын;
еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігін;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін;
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектінің (меншікті авариялық қызметі немесе авариялық қызметпен шарттың болуы) авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтердің.
Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші тиісті қызметтердің тізбесін, сондай-ақ осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - кем дегенде арнаулы орта білім) жауап беретін білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санынан кемінде 70 % ).
Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер жөнінде: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс стажын қамтитын штаттық кесте мен жиынтық кестені ұсынады.
4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
аварияларды жою жоспарының болуын;
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.
12. Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр энергетикалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 0С жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды дайындау, монтаждау (өндірісті пайдалану кезеңінде) және жөндеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары жабдықты жасау, іске қосу-реттеу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
1) тиісті техникалық құжаттаманың;
2) меншік құқығындағы өндірістік ғимарат пен жабдықтардың (меншік құқығындағы зауыт, цех, шеберхана, станоктар, механизмдер, құрал-саймандар, бақылау-өлшеу аспаптары) (меншік немесе жалдау құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері);
3) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
өнімнің сапасын өндіріс ішінде бақылауды;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;
4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша осы салада практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы Мемэнергияқадағалау (энергетикалық, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды жөндеу) өнеркәсіптік және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.
13. Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, электр энергиясын қосалқы абоненттерге сатуды қоспағанда, сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
1) тиісті білім деңгейіне жауап беретін білікті басшылар мен мамандар құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
2) жедел диспетчерлік қызметті қамтамасыз ететін қызметтердің (персоналдың) немесе диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі қандай да бір заңды диспетчерлік орталықпен шарттың (ниет хаттамасының) болуы;
3) банк анықтамасымен расталған кемінде 10000 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айналым қаражатының;
4) тұтынушыларға, оның ішінде өңірден тысқары жерлерге электр энергиясын жеткізудің өтініш беруші мен энергия өндіруші және (немесе) энергия беруші ұйымдардың арасында, авария болған жағдайда резервтен орнын толтыру шартымен тұтынушыға дейін электр энергиясын жеткізуге және тасымалдауға арналған шарттардың немесе ниеттер хаттамаларының болуымен бірге техникалық мүмкіндігінің болуын қамтиды.
Біліктілік талаптарына
1-қосымша
Өтініш берушінің лицензия алуға біліктілігі туралы мәліметтер
1. Өтініш берушінің атауы және заңдық мәртебесі
____________________________________________________________
2. Тіркелген жері ____________________________________
3. Мекен-жайы мен негізгі қызмет орны, оның ішінде филиалдары және өкілдіктері ___________________________________________
____________________________________________________________
4. Лицензия __________________________________________
(қызметтің түрі, № және берілген күні, лицензияның көшірмесі қоса беріледі)
5. Өтініш берушінің соңғы жылдары көрсеткен қызметтерінің түрлері
____________________________________________________________
6. Өтініш берушінің ұсынымдарымен кейін тәжірибеге енгізілген жұмыстардың тізбесі (1-кесте).
1-кесте
Р/с № | Объектілердің атауы және тұрған жері | Тапсырыс берушілердің атауы | Жұмыстардың мақсаты, сипаты және ұсынымдардың мәні |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
7. Жетекші штат қызметкерлерінің біліктілігі мен тәжірибесі (2-кесте).
2-кесте
Р/с № | Т.А.Ә. | Лауазымы | Білімі бойынша мамандығы | Сертификаттарының, дипломдарының, біліктілікті арттыру жөніндегі куәліктерінің болуы | Осыған ұқсас объектілерде- гі жұмыс тәжірибесі |
| | | | | |
| | | | | |
8. Техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер.
____________________________________________________________
9. Біліктілігі туралы мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Лауазымы ___________
Қолы _______________ МО (Т.А.Ә.) _________
Біліктілік талаптарына
2-қосымша
Мұнай-химия, химия өндірістерінің паспорты
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
_____________________
(күні, қолы, мөрі)
____________________________________________________________
(кәсіпорынның, ұйымның атауы, меншік нысаны және ведомстволық тиесілілігі)
____________________________________________________________
(пошталық адресі, телефондар, телефакс)
____________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні, қызметін бастаған жылы)
Кәсіпорынның басшысы
____________________
________________ жыл
Атаулы кәртішке
1. Кәсіпорынның толық және
қысқартылған атауы _________________________________________
2. Мекенжайы, телефоны,
факсы ______________________________________________________
3. Ведомстволық бағыныстылығы ______________________________
4. Бірінші басшысы _________________________________________
5. Жұмыстың негізгі бағыттары
мұнайдан (және/немесе) газдан алынған өнімді өңдеу және мыналарды өндіру:
1) мотор отынын (бензинді, керосинді, т.с.с), отынды (жеңіл дистиллят отынды, орташа дистиллят отынды және ауыр дистиллят/дизель отынын) қоспағанда, мұнай өнімдерін;
2) басқа да негізгі органикалық (химиялық) заттарды;
3) бастапқы нысандағы пластмассаларды;
4) синтетикалық каучукты;
5) бояулар мен лактарды;
6) жасанды және синтетикалық талшықтарды;
7) резина техникалық бұйымдарды.
____________________________________________________________
(«Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндірілетін мұнай және (немесе) газ өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы № 632 қаулысына сәйкес) 8) құрамында мұнай бар қалдықтарды өңдеу;
9) техникалық көміртегін өндіру;
10) химиялық өзгерістердің негізінде органикалық және биорганикалық химия өнімдерін шығару.
6. Кәсіпорынды жаңғырту мен қайта құру ескерілген шикізат өңдеу жөніндегі жобалық қуат: _____________________________________
7. Кәсіпорынның жұмыс жағдайын қамтамасыз ететін мұнай-химия, химия өнімдерінің ең аз ұйғарынды мөлшері_________________________
Кәсіпорынның негізгі өндірісі бойынша қысқаша ақпарат
Құрылған жылы (жұмыстың басталуы)
1. Зауыт құрамына кіреді ___________________________________
2. Көлемі, шығатын көзі және жеткізу бағалары көрсетілген өндірістің негізгі шикізаты (қысқаша сипаттамасы) ____________
Мұнай-химия және химия өнімдерін
шығарушылардың міндеттері
1. Жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде лицензияланатын қызмет түріне сәйкес келесі күнтізбелік жылға арналған барлық өнім түрлерін өндіру көлемі бойынша болжамдық кестенің жобасын ұсыну.
2. Жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне кәсіпорынның келесі күнтізбелік жылға арналған негізгі өндірістеріне алдын ала-жоспарлы жөндеу жүргізу кестесінің жобасын ұсыну.
3. Мұнайды бастапқы өңдеу қондырғыларын жөндеу кезінде авариялық жағдайлар мен жоспардан тыс кідірістер туындаған жағдайда энергетика және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін шақыру.
4. Табиғат қорғау жөніндегі заңнаманы сақтау және озық, экологиялық жағынан таза, ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу.
5. Өндірілетін өнімге сәйкестік сертификаты (міндетті сертификаттауға жататын өнімдер үшін) және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар болуы қажет.
Кәсіпорынның технологиялық қондырғыларында өндірілетін
негізгі өнім түрлері
Р/с № | Өнімнің атауы және оны өндіру көлемі (мың тонна) | Технологиялық қондырғылар |
Қондырғыныңатауы | Қондырғының атауы | Қондырғының атауы | Қондырғының атауы |
1. | | | | | |
2. | | | | | |
3. | | | | | |
4. | | | | | |
5. т. с.с | | | | | |
Әр қондырғының еңбек өнімділігі көрсетіледі.
Айлар бөлігінде кәсіпорын шығарған өнім ең аз
көлемдерінің кестесі
Р/ с № | Өнім түрлері және өндіріс көлемі (мың тонна) | Айлар | БАРЛЫҒЫ |
| қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | жел- тоқ- сан |
1. | | | | | | | | | | | | | | |
2. | | | | | | | | | | | | | | |
3. | | | | | | | | | | | | | | |
4. | | | | | | | | | | | | | | |
5. | | | | | | | | | | | | | | |
т. с. с | | | | | | | | | | | | | | |
Кәсіпорынның технологиялық қондырғысын алдын ала-жоспарлы
жөндеудің 200 __ жылға арналған кестесі
Р/ с № | Қондыр- ғылар- дың атауы | Жөндеу басталған және аяқталған күндер | Барлығы тоқтап тұрған күндері |
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 3-тоқсан |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыр- күйек | қазан | қараша | желтоқ- сан |
| | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | |
Техникалық директор ___________________________
Біліктілік талаптарына
3-қосымша
Объектінің паспорты
«Бекітемін»
кәсіпорын басшысы
_________________
(ТАӘ)
_________________
(күні, қолы, мөрі)
____________________________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
____________________________________________________________
(заңды мекен-жайы, телефондары, телефаксы )
____________________________________________________________
(объектінің тұрған жері)
_____________________________________________________ объекті
(мұнай-, газ қоймасы, мұнай-, газ-, ағызу-құю эстакадасы, мұнай базасы, автомайқұю станциясы, газтолтыру станциясы және пункті, автоцистерна, автогазқұю станциясы, автогазтолтыру станциясы, көмірсутек газы бар баллондарды жинау пункті)
Сақтаудағы өнім көлемі _____________________________________
Технологиялық жабдық (тех.паспорттардың көшірмелері)
Р/с № | Атауы | Қолданылуы | Пайдалану мерзімдері | Куәландыру мерзімдері |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 189-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 334 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 наурыз № 344 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1373 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 468-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы № 1015 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 40, 419-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 525 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 277-құжат).
7. «Өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 820 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 437-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 48, 616-құжат).