Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 449 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 440-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарсы күрес жүргізу ісі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндік маңызы бар, өсімдіктер зиянкестері, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер» деген бөлімде:
«А. Өсімдіктер зиянкестері» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Trogoderma granarium (Ev.)»;
«Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген карантиндік объектілер» деген бөлімде:
«А. Өсімдіктер зиянкестері» деген кіші бөлімде «Trogoderma granarium (Ev.)» деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |