франчайзинг және мемлекетаралық, кооперация жүйесі арқылы технологиялар трансферті мақсатында әлемдік машина жасау өнімдерін шығарушыларды тарту;
ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізу және өнім өткізудің жаңа рыноктарын игере отырып, жаңа жоғары технологиялық өнім түрлерін шығару көзделіп отыр.
2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда өндірілетін өнімнің көлемін 11386,89 млн. теңгеге ұлғайту жоспарлануда, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 102 %-ды құрайды.
2009 жылы өнім өндіру 13 005,00 млн. теңге көлемінде жоспарлануда, бұл 2008 жылғыға қарағанда 114 %-ды құрайды.
2010 жылы өндірілетін өнім көлемі 15 740 млн. теңге көлемінде жоспарлануда, бұл 2009 жылғыға қарағанда шамамен 121%-ды құрайды.
2008-2010 жылдар кезеңінде Компания орташа өсу қарқыны 8-10 % болған жағдайда өзінің кіріс базасын серпінді үдету міндетін қойып отыр. 2008 - 2010 жылдар бөлінісінде Компания кіріс түсіруді жоспарлауда:
2008 жылы Компания кірісінің деңгейі 14 356,961 млн. теңгеге өседі деп болжануда, бұл 2007 жылдың деңгейіне қарағанда 9 %-ды құрайды;
2009 жылы Компанияның кіріс базасы 15 949,181 млн. теңге деңгейіне жететін болады, бұл 2008 жылғы өсудің 11%-н құрайды;
2010 жылы Компания кірісінің деңгейі 17 544,00 млн. теңгеге өседі, бұл 2008 жылғы деңгейге қарағанда 10%-ды құрайды.
Компания кірісінің өсуі мұнайгаз, теміржол кәсіпорындарының және құрылыс кешендерінің Компания өнімдеріне қажетсінулерінің артуымен, сондай-ақ әскери өнімдерді өндіру және өткізу көлемінің ұлғаюы есебімен шартты байланысты.
Қойылған өндірістік міндетті іске асыру үшін Компания 2008 - 2010 жылдар кезеңінде мына шығыстарды жоспарлап отыр:
2008 жылы шығыстар 13 566,2 млн. теңге сомасында жоспарлануда, бұл 2007 жылғыға қарағанда 8,4 % өсуді құрайды;
2009 жылы - 15 113,52 млн. теңге сомасына, бұл 2008 жылғыға қарағанда 11,4% өсуді құрайды;
2010 жылы - 16 170,91 млн. теңге сомасына, бұл 2009 жылғыға қарағанда 7% өсуді құрайды;
2008 - 2010 жылдар кезеңіне арналған жоспарланып отырған шығыстардың өсуі «Жарнама мен маркетинг жүргізу», «Демеушілік (қайырылымдылық) көмек», «Компания персоналының біліктілігін жоғарылату және үйрету» сияқты баптар есебінен жалпы және әкімшілік шығыстардың жоспарлы шығасыларының ұлғаюымен байланысты болып отыр.
2008 жылы Компанияның таза кірісі 690,76 млн. теңге мөлшерінде (2007 жылға қарағанда өсу 1,4%), 2009 жылы - 735,66 млн. теңге (2007 жылға қарағанда өсу 6,5 %), 2010 жылы - 812,54 млн. теңге (2009 жылға өсу - 10,4 %).
Жоспарланатын кезеңде таза кірістің өсуі 2006 жылдан бастап кірістілік деңгейі жоғары бірқатар инвестициялық жобаларды енгізумен, сондай-ақ Компанияға жарғылық капиталын төлеуге берілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің пайдаланылмайтын қару-жарағы мен әскери техникасын Компания кәсіпорындарының іске асыруына негізделген.
Компания 2008 - 2010 жылдар үшін бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді мынадай көлемде аударуды жоспарлап отыр:
2008 жылы - 1 795,4 млн. теңге;
2009 жылы - 1 936,9 млн. теңге;
2010 жылы - 2 043,7 млн. теңге.
Инвестициялық саясаттың 2008-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары шеңберінде Компания кәсіпорындарының инвестициялық бағдарламасы жалпы сомасы 7 039,70 млн. теңгеге инвестиция тартуды көздеп отыр, оның ішінде:
мұнай-газ кешені үшін жабдықтар өндіруге - 258,90 млн. теңге;
көлік машиналарын жасау саласында өнім өндіруге - 3 555,60 млн. теңге;
электр техникалық және энергетикалық мақсаттағы өнім өндіруге - 704,00 млн. теңге;
тау-кен машиналарын жасау саласында өнім өндіруге - 541,20 млн. теңге;
арнайы және қосарлы мақсаттағы өнімнің жаңа түрлерін өндіруді игеруге - 1 980,00 млн. теңге.
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ
Энергия өндіретін кәсіпорындарды, электр желілік компанияларды дамыту, қолданыстағы электр желілерін дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін арттыру бәсекелі ортаны дамытуды қамтамасыз етуге, Республика экономикасының электр энергиясымен өзін өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізуге және соның нәтижесінде елдің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі ретінде энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта Компания:
1. Компанияның көлік жүйесін оңалтуға және энергия жүйесінің диспетчерлік басқарылуын жетілдіруге бағытталған ұлттық электр желісі (бұдан әрі - ҰЭЖ) жаңғырту жобасын іске асыруды аяқтауды;
2. қазіргі транзиттің сенімділігін арттыруға, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда электр энергиясы мен қуаттардың тапшылығын жабуға мүмкіндік беретін «Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі» транзиті 500 кВ екінші электр тарату желісінің құрылысы, 500 кВ «Алма» кіші электр станциясының құрылысы жобасын іске асыруды қоса алғанда, ҰЭЖ-ні одан әрі дамытуды қамтамасыз етуді;
3. ҰЭЖ жаңғырту жобасы мен «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік» жобасын іске асыру үшін тартылған қарыз қаражаттары бойынша Компанияның міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуді;
4. Қоғамның теңгеріміндегі электр желілік объектілерді жөндеу мен пайдалану жөнінде қажетті жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ жабдықтардың ескіргендерін жаңартуға және жаңа жабдық орнатуға қажетті инвестицияларды жүзеге асыруды;
5. нарықтық қатынастарды дамытуға ықпал етуді;
6. компанияның шығынсыз қызметін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін Компания:
1. Компанияның және Қазақстан Республикасының Біртұтас энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - БЭЖ) басқару құрылымын жетілдіру, электр желілерін дамыту, БЭЖ-нің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жаңа осы заманғы технологияларды енгізу, ұсынылатын қызметтердің сапасы мен Қазақстан Республикасының БЭЖ-нің жұмыс істеу сенімділігін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізу.
2. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергетикасы саласындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық кесімдер әзірлеуге қатысу.
3. «Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі» транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салуды жүзеге асыру;
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесе отырып, тарифтік әдіснаманы жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Қазақстан Республикасында тұтынудың өсуіне байланысты 2008 - 2010 жылдары техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтердің келемін 2008 жылы 72,21 млрд. кВт. сағатқа, 2009 жылы 75,82 млрд. кВт. сағатқа және 2010 жылы 78,0 млрд. кВт. сағатқа жыл сайын ұлғайту жоспарланып отыр.
Электр энергиясын Компанияның желілері бойынша беру көлемі 2008 жылы 34,0 млрд. кВт.сағат мөлшерінде жоспарланып отыр, 2009 жылы Компанияның желілері бойынша беру көлемі 34,7 млрд. кВт.сағат және 2010 жылы 35,3 млрд. кВт.сағат көлемінде жоспарланады.
Қызметтердің болжанатын көлеміне сәйкес, сондай-ақ қызметтердің реттелетін түрлеріне арналған тарифтердің жоспарланатын өсуін ескере отырып, Компания 2008 - 2010 жылдары:
2008 жылы - 2,3 млрд. теңге;
2009 жылы - 2,7 млрд. теңге;
2010 жылы - 3,7 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр.
«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» АҚ
«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» АҚ-ты (бұдан әрі - Компания) дамытудың мақсаты - ұлттық қана емес сонымен бірге өңірлік те (орталық-азия немесе каспий) масштабқа ие қуатты, тармақталған және жедел ақпараттық агенттікті қалыптастыру болып табылады.
Компанияның 2008-2010 жылдардағы кезеңге арналған стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасы және Орталық Азия елдері мен Каспий өңірінің ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, ақпаратты алу, беру және өңдеу саласында жоғары ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істейтін мықты тілшілер қосыны бар ақпараттық-талдау агенттігін қалыптастыру болып табылады.
Компанияның 2008 жылға арналған негізгі мақсаты ақпараттық сипаттағы хабарлар қалыптастыру мен таратудың сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.
Соның ішінде:
Компанияның нарықтағы үлесін проценттік қатынаста 5%-ға дейін жеткізу;
ақпараттық өнімдер көлемін А2 форматын 7 500 бетіне дейін ұлғайту.
Мыналар Компанияның алдағы кезеңге арналған міндеттері болып табылады:
1) дамудың бизнес-бағдарлық стратегиясын қалыптастыру және іске асыру;
2) ақпараттық өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру;
3) ақпараттық және техникалық инфрақұрылымды жетілдіру;
4) ақпараттық материалдардың сапасын жақсарту;
5) Қазақстанның резиденттеріне және шетелдік тұтынушыларға жаңалықтар ақпаратын жеткізуді жедел әрі толық ауқымды сервиспен қамтамасыз ету;
6) тілшілер қосынын кеңейту, сондай-ақ республика ішіндегі және шет елдердегі тілшілер қосындарының қызметін жақсарту үшін жағдай жасау;
7) Компания қызметінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін жетілдіру;
2008 жылы 263 920 мың теңге деңгейінде жалпы кіріс алу жоспарлануда, 2009 жылы - 279 755 мың теңге, 2010 жылы - 296 541 мың теңге, шығыстар тиісінше - 257 663 мың теңгені, 267 644 мың теңгені және 287 486 мың теңгені құрайды. Көрсетілген кезеңдегі Компания кірістерінің негізгі көзі ақпараттық өнімдер шығару болып табылмақ.
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша Компания мынадай таза кіріс алуды көзделіп отыр:
2008 жылы - 4 380 мың теңге;
2009 жылы - 8 478 мың теңге;
2010 жылы - 6 338 мың теңге;
2008, 2009 және 2010 жылдары Компания акциялардың мемлекеттік пакеттеріне жылдар бойынша тиісінше 219 мың теңге, 424 мың теңге және 317 мың теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді жоспарлап отыр.
Осы кезеңде Компания бюджетке салықтар мен басқа төлемдер түрінде мынадай мөлшердегі аударымдар көлемін жоспарлап отыр: 2008 жылы - 92 044 мың теңге, 2009 жылы - 99 241 мың теңге, 2010 жылы - 99 241 теңге.
«Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ
2007 - 2009 жылдары Компанияның қызметін қаржыландыру көздерін, соның ішінде кредиттер тарту есебінен әртараптандыру жоспарлануда. Даму институттарынан, атап айтқанда Қазақстан Даму Банкінен, Ұлттық инновациялық қордан, ұлттық инвестициялық қордан, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығынан қосымша инвестициялар тарту көзделеді.
Сонымен бірге, шығыстарды бөлуді біріккен кәсіпорындар құру, соның ішінде шетелдік серіктестермен бірге, жолымен жобаларды іске асыру нұсқасы қарастырылуда, бұл қазақстандық көздерге түсетін қаржы жүгі мен тәуекелді азайтып қана қоймай, үздік өндірістік және басқару технологияларын тартуға, қызметтердің әлемдік нарығына шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Компанияның жалпы кірістері 2008, 2009 және 2010 жылдары 14 358 млн. теңге, 32 693 млн. теңге және 7 092 млн. теңге деңгейінде жоспарланып отыр.
Компанияның жалпы шығыстары 12 134 млн. теңге, 25 103 млн. теңге және 4 784 млн. теңге мөлшерінде жоспарлануда.
2008, 2009 және 2010 жылдардың қорытындылары бойынша Компания 2 224 млн. теңге, 7 591 млн. теңге және 2 307 млн. теңге мөлшерінде таза пайда алуды жоспарлауда.
2008-2010 жылдары Компания мемлекеттік бюджетке мынадай төлемдерді салықтар мен бюджетке басқа да төлемдерді төлеуді жоспарлады:
2008 жыл - 174 966 мың теңге;
2009 жыл - 189 539 мың теңге;
2010 жыл - 202 804 мың теңге.
«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ
«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Компания) құрудағы негізгі мақсат байланыс пен таратудың ұлттық спутниктік жүйесін дамыту болып табылады. Компанияның жоспарлы кезеңге арналған мақсаты Қазақстан Республикасының МО БКО құру.
Осыған байланысты Компанияның алдындағы 2008-2010 жылдарға арналған негізгі міндеттері:
МО БКО-ны, соның ішінде спутниктік сегментті құру жобаларын басқару;
МО БКО құру, МО БКО-ға әкімшілік және жүйелік-техникалық қызмет көрсету, мемлекеттік органдарды телекоммуникациялық қызметтердің барлық аясымен қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай іс-шараларды орындау қажет:
МО БКО құру жобасын іске асыру және «электрондық үкіметті» дамыту жөніндегі жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат шеңберінде телекоммуникациялық қызметтердің барлық түрлерін ұсыну;
құрылған мультисервистік желі инфрақұрылымының мониторингі мен техникалық қызмет көрсетуі үшін қажетті жағдайлар жасау;
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге және ақпаратты қорғаудың бірыңғай саясатын қамтамасыз етуге бағытталған тиімділігі жоғары ақпараттық технологиялар жасау;
деректер беру саласында ғылымды қажет ететін технологиялар жасау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың жалпыға бірдей қол жетімді мемлекеттік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі үшін техникалық жағдайлар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
байланыстың ұлттық спутниктік жүйесі саласындағы жобаларды басқару;
ұлттық қауіпсіздік саласындағы ақпараттық жүйелер мен өзге де ақпараттық өнімдерді жобалау, тарату және пайдалану;
ақпараттандыру және телекоммуникация саласындағы стандарттар жобаларын әзірлеуге қатысу;
спутниктік, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы оқу және кастинг.
2008 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі кезеңде Компанияның шығыстары 25 626,9 млн. теңге көлемінде болжануда, соның ішінде: 2008 жылы - 8 591,0 млн. теңге, 2009 жылы- 8 717,2 млн. теңге, 2010 жылы - 8 318,7 млн. теңге.
Компанияның болжамды шығыстарының көздері мен қаржыландыру көлемі республикалық бюджет пен өзге де көздер түсімдерінен болжануда.
Қаржылық қызмет нәтижелері, алдымен Компанияның жұмыс істеуінің негізгі индикаторы болып табылатын экономикалық көрсеткіштерден көрінетін болады.
Әдетте, негізгі қаражатқа қаржы салу қызметтің қаржылық нәтижелеріне жан-жақты және көп қырлы әсер етеді - Компания бюджетінің шығыс бөлігін ұлғайту, бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдер болжанбайды, өйткені Компанияның қызметі мемлекеттік органдарға қызметтер көрсетуге бағытталатын болады, болжанған кезеңде коммерциялық қызмет көрсету қарастырылмайды.
Осы кезеңце Компанияның зиянды қызметін жоспарлау Компанияның жаңа қалыптаса бастауына, сондай-ақ МО БКО-ны құру тек 2011 жылы аяқталатынына байланысты көрсетілетін қызметтер көлемінің жеткілікті болуымен түсіндіріледі.
2008- 2010 жылдар кезеңінде бюджетке салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің жалпы сомасы 1 210,7 млн. теңге сомасында жоспарлануда, соның ішінде 2008 жылы 226,1 млн. теңге, 2009 жылы - 386,3 млн. теңге, 2010 жылы - 598,3 млн. теңге.
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық
компаниясы» АҚ
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі - Компания) стратегиялық мақсаты - тауарлар мен қызметтер шығару, сонымен бірге пайдалы қазбаларды өндіру мен қайта өңдеу жөніндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта жаңартуға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ жаңаларын құруға бағытталған өзін ақтайтын және тиімді инвестициялық жобаларды қаржыландыру жолымен мемлекеттік активтерді тиімді басқаруды арттыру болып табылады.
Компанияның 2008 жылға арналған мақсаты активтерді заңды тұлғалардың жарғылық капиталына үлес ретінде тиімді пайдалану жолымен Компанияның шығынсыздығына қол жеткізу болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
компанияның бизнес-жоспарының шығыс бөлігін әзірлеу;
компания активтерін есептей отырып кіріс көздерін айқындау;
еншілес компаниялардың стратегиялары мен бизнес-жоспарларын әзірлеу;
компанияны және оның еншілес құрылымдарын корпоративтік басқару жүйесін жасау;
компанияның шоғырландырылған бизнес-жоспарларын әзірлеу;
компанияның инвестициялық жобаларға қатысу шарттарын әзірлеу;
қолда бар активтерді пайдалана отырып инвестициялық жобаларды іске асыру;
компанияның жиынтық кірісін алу.
2008 жылы Компания жарғылық капиталды республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 000 млн. теңге мөлшерінде ұлғайтуды жоспарлап отыр, соның ішінде:
2 000 млн. теңге Астана қаласында «Жаңа өнеркәсіп аймағының (индустриялық парк) инфрақұрылымын салуға»;
1 000 млн. теңге жеке отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен біріккен инвестициялық жобаларды іске асыруға.
Компания 2008-2010 жылдар кезеңінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі инвестициялық жобаларға қатысуы үшін 20 кен орны объектісі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуды жоспарлауда.
Компанияның кірістері 2008 жылы - 2 137,85 млн. теңгеге, 2009 жылы - 2 807,72 млн. теңгеге және 2010 жылы - 3 429,36 млн. теңгеге жоспарлануда.
Шығыстар 2008, 2009 және 2010 жылдары тиісінше 254,99 млн. теңге, 270,29 млн. теңге және 286,51 млн. теңге деңгейінде жоспарланды.
2008 жылдың қорытындылары бойынша Компания 1 318 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр, соның 50%-н республикалық бюджетке аудару жоспарлануда.
2009 және 2010 жылдары таза кіріс жылдар бойынша тиісінше 1 772,00 млн. теңге және 2 200,00 млн. теңге көлемінде жоспарланды, оның 50%-ы акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденд ретінде төленетін болады.
Ұлттық компанияларды дамытудың 2008-2010 жылдарға
арналған негізгі көрсеткіштері
Орташа айлық жалақының көрсеткіштері (мың теңге) |
Компаниялардың атауы | 2006 ж. факт | 2007 ж. бағалау | 2008 ж. бол- жам | 2009 ж. болжам | 2010 ж. болжам |
«KEGOC» АҚ | 67,10 | 68,80 | 72,30 | 76,10 | 81,40 |
«ҚазМұнайГаз» АҚ | 138,60 | 148,90 | 152,10 | 154,36 | 154,36 |
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ | 71,78 | 89,80 | 94,86 | 99,62 | 104,14 |
«Қазақтелеком» АҚ | 60,04 | 77,19 | 83,56 | 88,22 | 94,39 |
«Қазпочта» АҚ | 32,80 | 33,80 | 49,04 | 52,34 | 54,34 |
«Қазақстан темір жолы» АҚ | 54,37 | 61,5 | 67,91 | 74,95 | 82,30 |
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ | 93,23 | 117,03 | 123,2 2 | 133,08 | 142,39 |
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ | 132,0 0 | 146,00 | 157,0 0 | 163,00 | 170,00 |
«Қазақпарат» АҚ | 72,26 | 83,33 | 73,19 | 80,51 | 88,56 |
«Қазақстан инжинирингі» ҰК» АҚ | 31,92 | 40,44 | 42,49 | 47,08 | 54,55 |
«Қазғарыш» ҰК» АҚ | 119,0 0 | 159,00 | 326,0 0 | 404,00 | 425,00 |
«Kazsatnet» ҰК» АҚ | 109,0 | 226,00 | 270,0 0 | 331,00 | 393,00 |
«Сарыарқа» ӘКК» АҚ | - | 209,89 | 237,8 6 | 252,13 | 267,26 |
Қызметкерлердің саны (адам) |
Компаниялардың атауы | 2006 ж. факт | 2007 ж. баға- лау | 2008 ж. бол- жам | 2009 ж. болжам | 2010 ж. болжам |
«KEGOC» АҚ | 3933 | 4013 | 4095 | 4095 | 4095 |
«ҚазМұнайГаз» АҚ | 32617 | 33911 | 34274 | 34338 | 34338 |
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ | 18796 | 21786 | 23631 | 24757 | 25290 |
«Қазақтелеком» АҚ | 32836 | 31806 | 31440 | 34864 | 31864 |
«Қазпочта» АҚ | 16193 | 17240 | 16947 | 16774 | 16774 |
«Қазақстан темір жолы» АҚ | 13537 6 | 138514 | 13907 01 | 139682 | 140238 |
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ | 434 | 670 | 700 | 730 | 760 |
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ | 340 | 340 | 350 | 360 | 370 |
«Қазақпарат» АҚ | 126 | 130 | 154 | 154 | 154 |
«Қазақстан инжинирингі» ҰК» АҚ | 5117 | 5302 | 5383 | 5383 | 5521 |
«Қазғарыш» ҰК» АҚ | 263 | 356 | 522 | 556 | 540 |
«Kazsatnet» ҰК» АҚ | 19 | 157 | 169 | 17 | 181 |
«Сарыарқа» ӘКК» АҚ | - | 58 | 58 | 58 | 58 |
Жиыны | 24605 0 | 254283 | 2567 94 | 258906 | 260183 |
Жалақы қоры (млн. теңге) |
Компаниялардың атауы | 2006 ж. факт | 2007 ж. баға- лау | 2008 ж. бол- жам | 2009 ж. болжам | 2010 ж. болжам |
«KEGOC» АҚ | 3123, 30 | 3314, 05 | 3551, 40 | 3737,15 | 3998,75 |
«ҚазМұнайГаз» АҚ | 4928 1,00 | 60561, 60 | 62543, 84 | 63603, 17 | 63603, 17 |
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ | 1618 9,54 | 23476, 80 | 26899, 40 | 29596, 80 | 31604, 20 |
«Қазақтелеком» АҚ | 2365 5,23 | 29462, 68 | 31525, 07 | 33731, 82 | 36093, 05 |
«Қазпочта» АҚ | 6679, 86 | 7156, 67 | 10236, 17 | 10814, 67 | 10814, 67 |
«Қазақстан темір жолы» АҚ | 8833 0,00 | 10222 2,00 | 11332 3,00 | 12562 4,00 | 13849 4,00 |
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ | 485,54 | 940,95 | 1035,04 | 1165,75 | 1298,62 |
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ | 539,98 | 597,61 | 658,48 | 704,57 | 753,89 |
«Қазақпарат» АҚ | 109,25 | 130,00 | 135,26 | 148,79 | 163,67 |
«Қазақстан инжинирингі» ҰК» АҚ | 1959, 99 | 2572, 95 | 2744,68 | 3119,14 | 3614,05 |
«Қазғарыш» ҰК» АҚ | 376,7 5 | 677,70 | 1020,53 | 1347,88 | 1377,56 |
«Kazsatnet» ҰК» АҚ | 2,06 | 425,34 | 548,06 | 687,90 | 854,65 |
«Сарыарқа» ӘКК» АҚ | - | 133,91 | 165,55 | 175,48 | 186,01 |
Жиыны | 1907 32,8 | 231672 | 254386 | 274457, 12 | 292856, 24 |
Негізгі қызметтен түсетін кіріс (млн. теңге) |
Компаниялардың атауы | 2006 ж. факт | 2007 ж. бағалау | 2008 ж. болжам | 2009 ж. болжам | 2010 ж. болжам |
«KEGOC» АҚ | 22033,63 | 23394,03 | 25693,65 | 28571,75 | 31555,85 |
«ҚазМұнайГаз» АҚ | 11459 43,45 | 93920 7,60 | 10803 02,19 | 111860 3,32 | 111860 3,32 |
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ | 86220,00 | 130190, 10 | 152352, 00 | 182090, 60 | 204590, 70 |
«Қазақтелеком» АҚ | 113912, 57 | 127804, 25 | 148027, 35 | 166194, 30 | 177827, 90 |
«Қазпочта» АҚ | 11860,63 | 13465,64 | 16125,54 | 16914,41 | 16914,41 |
«Қазақстан темір жолы» АҚ | 382596, 00 | 417686, 00 | 452103, 00 | 499830, 00 | 547858, 00 |
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ | 867,22 | 1575,57 | 1720,71 | 1831,27 | 1956,25 |
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ | 22393,20 | 34382,35 | 35949,75 | 38385,27 | 40688,38 |
«Қазақпарат» АҚ | 216,20 | 251,30 | 263,92 | 279,76 | 296,54 |
«Қазақстан инжинирингі» ҰК» АҚ | 8475,42 | 10882,38 | 12740,09 | 13224,46 | 14811,44 |
«Қазғарыш» ҰК» АҚ | 1252,81 | 1274,74 | 13507,14 | 31194,43 | 6596,62 |
«Kazsatnet» ҰК» АҚ | 0,02 | 0,15 | 0,45 | 0,63 | 0,82 |
«Сарыарқа» ӘКК» АҚ | - | - | 2137,85 | 2801,72 | 3429,36 |
Жиыны | 1795771,15 | 1700117,11 | 1940923,64 | 2099921,92 | 2165129,59 |
Таза пайда (млн. теңге) |
Компаниялардың атауы | 2006 ж. факт | 2007 ж. бағалау | 2008 ж. болжам | 2009 ж. болжам | 2010 ж. болжам |
«KEGOC» АҚ | 818,02 | 761,13 | 2250,67 | 2746,84 | 3680,00 |
«ҚазМұнайГаз» АҚ | 245685, 65 | 145517,01 | 163810,92 | 164259,64 | 158300,00 |
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ | 57751,20 | 41407,10 | 64013,90 | 70663,70 | 86945,90 |
«Қазақтелеком» АҚ | 35259,19 | 28409,13 | 28577,99 | 31029,64 | 31960,53 |
«Қазпочта» АҚ | 275,66 | 290,10 | 300,06 | 390,07 | 564,70 |
«Қазақстан темір жолы» АҚ | 22446,00 | 18859,00 | 21227,00 | 21299,00 | 22937,00 |
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ | 31,22 | 32,34 | 42,96 | 52,56 | 60,54 |
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ | 253,83 | 275,68 | 321,27 | 343,61 | 363,43 |
«Қазақпарат» АҚ | -9,47 | 14,31 | 4,38 | 8,48 | 6,34 |
«Қазақстан инжинирингі» ҰК» АҚ | 151,86 | 681,05 | 690,76 | 735,66 | 812,54 |
«Қазғарыш» ҰК» АҚ | 155,22 | 237,81 | 2224,32 | 7590,60 | 2307,39 |
«Kazsatnet» ҰК» АҚ | -7,81 | -1381,83 | -2617,74 | -3849,87 | -5060,53 |
«Сарыарқа» ӘКК» АҚ | - | -181,88 | 1318,00 | 1772,00 | 2200,00 |
Жиыны | 362810, 57 | 234920,95 | 282164,49 | 297041,93 | 305077,84 |
Дивидендтер (млн. теңге) |
Компаниялардың атауы | 2006 ж. факт | 2007 ж. бағалау | 2008 ж. болжам | 2009 ж. болжам | 2010 ж. болжам |
«KEGOC» АҚ | ұлттық компанияларды мемлекеттік акциялар пакеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ жарғылық капиталына төлеуге берілген |
«ҚазМұнайГаз» АҚ |
«Қазақстан темір жолы» АҚ |
«Қазпочта» АҚ |
«Қазақтелеком» АҚ |
«Қазақстан инжинирингі» ҰК» АҚ |
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ | 390,74 | 1508,00 | 2119,10 | 1774,40 | 1842,20 |
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ | 9,37 | 9,70 | ұлттық компанияларды мемлекеттік акциялар пакеті «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ жарғылық капиталына төлеуге берілген |
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ | 121,24 | 130,45 | ұлттық компанияларды мемлекеттік акциялар пакеті «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ жарғылық капиталына төлеуге берілген |
«Қазақпарат» АҚ | - | 0,72 | 0,22 | 0,42 | 0,31 |
«Қазғарыш» ҰК» АҚ | - | - | - | - | - |
«Kazsatnet» ҰК» АҚ | | | ұлттық компанияларды мемлекеттік акциялар пакеті «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ жарғылық капиталына төлеуге берілген |
«Сарыарқа» ӘКК» АҚ | - | - | 659,00 | 886,00 | 1100,00 |
Жиыны | 521,35 | 1648,87 | 2791,21 | 2676,59 | 2960,68 |
Инвестициялар (млн. теңге) |
Компаниялардың атауы | 2006 ж. факт | 2007 ж. бағалау | 2008 ж. болжам | 2009 ж. болжам | 2010 ж. болжам |
«KEGOC» АҚ | 7120,60 | 13838,80 | 32178,60 | 23304,90 | 10500,00 |
«ҚазМұнайГаз» АҚ | 150370, 00 | 239891, 09 | 228403, 19 | 157791, 56 | 157791, 56 |
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ | 28208,50 | 162655,40 | 70770,60 | 51941,90 | 20696,40 |
«Қазақтелеком» АҚ | 38807,70 | 56271,50 | 36586,62 | 38726,06 | 59577,00 |
«Қазпочта» АҚ | 2114,10 | 5069,32 | 2858,70 | 2752,00 | 1627,50 |
«Қазақстан темір жолы» АҚ | 76523,00 | 140980,00 | 82170,00 | 82765,00 | 86590,00 |
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ | 35,14 | 120,00 | 100,00 | 80,00 | 100,00 |
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ | 5273,63 | 1010,50 | 30027,24 | 26801,33 | 318,33 |
«Қазақпарат» АҚ | - | - | - | - | - |
«Қазақстан инжинирингі» ҰК» АҚ | 343,20 | 170,00 | 258,00 | 320,00 | 350,00 |
«Қазғарыш» ҰК» АҚ | 287,88 | 473,90 | 19051,56 | 13335,03 | 3915,06 |
«Kazsatnet» ҰК» АҚ | 1425,00 | 4880,68 | 8590,99 | 8717,22 | 8318,73 |
«Сарыарқа» ӘКК» АҚ | - | 8000,00 | 3000,00 | 600,00 | 743,00 |
Жиыны | 310508,75 | 633361,19 | 513995,50 | 407135,00 | 350527,58 |