7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелерін:
81 600 дана техникалық паспортпен;
84 000 дана мемлекеттік тіркеу белгісімен;
31 700 дана тракторист-машинист куәлігімен;
10 500 дана машинаның кепілін тіркеу туралы куәлік бланкісімен қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасындағы тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен тетіктерінің жол жүрісіне қатысуы қамтамасыз етіледі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен тетіктерінің иелері мынадай арнайы өнімдермен төмендегідей бағада қамтамасыз етіледі:
техникалық паспорт - 280 теңгеден;
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі - 1 220 теңгеден;
тракторист-машинист куәлігі - 280 теңгеден;
машинаның кепілін тіркеу туралы куәлігі - 40 теңгеден.
Уақтылығы: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелеріне техникалық паспорттар, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер, тракторист-машинист куәліктері өз уақытында беріледі.
Сапасы: сатып алынатын техникалық паспорттар, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер, тракторист-машинист куәліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес болуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
137-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«ҚазАгроИнновация» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру»
деген 048 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 400000 мың теңге (төрт жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығы; «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы, «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметті институционалдық қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775 Қаулысы; «Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 Қаулысы; «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдің № 319 Қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 Қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарқынды ғылыми-технологиялық дамуын:
жаңа агротехнологияларды жасау және коммерциялық қолданысқа енгізу (коммерцияландыру);
перспективалы шетел агротехнологияларын қолданысқа алу (трансферттеу);
әлемдік деңгейдегі ғылыми-техникалық және инженерлік-техникалық қызмет көрсету арқылы қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аграрлық саладағы білімді өндіріске берудің тиімді жүйесін құру және дамыту;
аграрлық саладағы ғылыми-техникалық және инженерлік-техникалық қызметтердің қарқынды және бәсекеге қабілетті нарығын құру және дамыту;
ауыл шаруашылығының ғылыми-техникалық саласындағы адам ресурстарын дамыту;
коорпоративті басқарудың әлемдік үздік тәжірибесін, әлемдік үздік ғылыми және зертханалық тәжірибені енгізу және тарату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 048 | | «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның жарғылық капиталын қалып- тастыру | «КазАгроИнновация» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегі іс-шаралар: Астана қаласындағы «КазАгроИнновация» акционерлік қоғамының кеңсесін ұйымдастыру және материалдық-техникалық жабдықтау; аграрлық ғылымды дамыту мен агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландырудың жүйесін құру бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізу, шетелдік технологияларды трансферттеу мен отандық және шетелдік ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, тұқым шаруашылығын дамыту, механикаландырудың эксперименттік тәжірибелік орталығын құру, зертханалар желісін құру жөніндегі жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының орталық кеңсесін ұйымдастыру және материалдық-техникалық жабдықтау;
3 консультациялық есеп алу;
технологияларды трансферттеу бойынша 3 мәмілені дайындау;
отандық және жетекші халықаралық ғылыми-техникалық орталықтармен бірлескен 3 зерттеу бағдарламаларына қатысу;
3 техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу.
Түпкілікті нәтиже:
технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу бойынша қазақстандық ғалымдар мен менеджерлердің дайындық деңгейі артады;
қазақстандық аграрлық ғылымының әлемдік ғылыми қауымдастықпен танылуы және еліміздің жалпы жағымды имиджінің артуы;
ауыл халқының өмір сүру сапасының артуы;
тұтынушылардың агроөнеркәсіптік секторға сенімділік деңгейінің артуы;
ғылым мен өндірістің ықпалдасуының тиімді жүйесінің құрылуы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
аграрлық ғылымды және инновациялық қызметтерді реформалау және дамыту мақсатымен бюджеттік қаржылардың тиімді құйылуы үшін жағдайлар жасау.
Уақыттылығы:
іс-шараларды белгіленген мерзімдерінде орындау.
Сапасы: аграрлық технологияларды дамытуда жүйелі кешенді қарастыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
138-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтік құрылыстардың апатты учаскелерін күрделі
жөндеу және қалпына келтіру»
деген 054 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 749591 мың теңге (жеті жүз қырық тоғыз миллион бес жүз тоқсан бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: суландыру құрылыстары мен ауыл шаруашылық су пайдалану жүйелерінің қызметін жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: шаруашылықаралық арналар мен гидротехникалық құрылыстардағы ерекше апатты аудандарды қалпына келтіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 054 | | Шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтік құрылыстардың апатты учаскелерін күрделі жөндеу және қалпына келтіру | Жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес гидромелиоративтік құрылыстар мен шаруашылық каналдарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. | Наурыз- қараша | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: гидромелиоративтік құрылыстар мен шаруашылықаралық арналардың ерекше апатты учаскелеріндегі 8 нысанның техникалық жағдайын жақсарту.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына суды тоқтаусыз беруді қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: суландыру жүйесінің пайдалы әсер ету коэффициентін 80% дейін жоғарылату.
Уақтылығы: жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын 2008 жылғы желтоқсанда аяқтау.
Сапасы: жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын құрылыс нормаларының талаптары мен ережелеріне сәйкестендіріп орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
139-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Аграрлық ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықақылар»
деген 055 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 651 мың теңге (алты жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: отандық ғылымның дамуына едәуір үлес қосқан, ашқан жаңалықтары, жаңа өнер табыстары, шығарған және шығарылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарымен мал тұқымдары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өндіру салаларындағы технологиялық және техникалық әзірлемелері үшін республиканың аграрлық ғылым саласындағы ғалымдары мен мамандарын қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғылыми жетістіктері үшін ғалымдарға сыйақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 055 | | Аграрлық ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықа-қылар | Аграрлық ғылым саласындағы А.И. Бараев атындағы сыйлықтарға іздену конкурсын өткізу. Заңнамада белгіленген тәртіппен А.И. Бараев атындағы сыйлықтарды төлеу. Банк қызметтерін төлеу. Рамкаларды, дипломдарды, омырау белгілерін сатып алу. Газеттердегі конкурс өткізу туралы жарнама ақы үшін төлеу. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: аграрлық ғылымның басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңа нәтижелерін алу.
Түпкі нәтиже: аграрлық ғылым саласындағы ғылыми қызметшілерді ынталандыру, дарынды жастарды ғылымға тарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: сыйақының көрсеткіші: бірінші сыйлық - 200 айлық есептік көрсеткіш, екінші - 150 айлық есептік көрсеткіш, үшінші - 100 айлық есептік көрсеткіш.
Уақтылығы: бағдарламалардың мерзімімен орындалуы.
Сапасы: аграрлық ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқан ғылыми қызметкерлер мен дарынды жас ғалымдарды қолдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№№1224 қаулысына
140-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру»
деген 056 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2180506 мың теңге (екі миллиард бір жүз сексен миллион бес жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттігін арттыру жобасын қаржыландыру бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен қарыз тарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 854 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекелестікке қабілеттігін жоғарылату жолымен ауыл шаруашылығы саласының экономикалық жағдайының дамуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аграрлық ғылыми зерттеулер жетістіктерін қолдану негізінде ауыл шаруашылығы біліміне қолы жететін және қазіргі заманғы ауыл шаруашылық технологияларын қолданатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің пайызын арттыру; жаңартылған және жаңғыртылған зертханаларға қол жеткізген, халықаралық стандарттарға сай өнім өндіретін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеушілердің пайызын арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 056 | | Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен | Конкурстық гранттар жүйесі (КГЖ) бойынша қаржылық агент (Сенім білдірілген институт) арқылы гранттар бөлу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға гранттар бөлу арқылы азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізу. Ұлттық референттік зертхана құрылысын жобалау және қадағалау. Ұлттық зертхананың білікті мамандарын шетелдерде оқыту курстарын ұйымдастыру. Зертханалар мамандарының (Ұлттық оқытушылар қызметін қоса алғанда) ел ішінде оқыту курстарын ұйымдастыру. Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесін қолдану жөніндегі басшылық әзірлеу. Зертханалық әдістерді жақсартуға техникалық көмек көрсету жөніндегі екі халықаралық консультантты (аудармашы қызметін қоса алғанда) тарту. Техникалық регламенттер және онымен байланысты үйлестірілген стандарттар әзірлеу. Конкурстық гранттар жүйесі бойынша жеке сынау зертханаларға гранттар бөлу. Ақпараттық-маркетингтік жүйе бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің имиджін жақсарту бойынша кампанияны іске асыру. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің имиджін жақсарту бойынша кампанияның мониторингі. Модуль 2 бойынша оқыту жөніндегі халықаралық консультантты қызметке тарту. Модуль 2 бойынша әзірлеуге жәрдемдесу және оқыту жөніндегі жергілікті екі консультантты қызметке тарту. Конкурстық өтінімдерді құрастыру және іске асыру бойынша оқытуды ұйымдастыру, білім тарату және КГЖ бойынша жарнамалық кампанияны ұйымдастыру, кіші жобалар мониторингі және тиімділігін бағалау. Білім тарату жөніндегі облыстық үйлестірушілерді, білім тарату жөніндегі жергілікті агенттерді, өнім өндірушілерді оқыту курстарын ұйымдастыру және білім тарату жөніндегі консультативтік пилоттық кеңестерді қолдау. Республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерде білім беру және тарату жүйелері қызметін қамтамасыз ету. Шетелдерде (жас ғалымдарды, ауыл шаруашылығы Жоғарғы оқу орындары мен колледждері оқытушыларын, білім беру және тарату жөніндегі инструкторларын, жоба консультанттарын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлерін) оқытуды, біліктіліктерін көтеруді және іс-сынақтан өтулерін ұйымдастыру. Гранттар бөлу үшін қаржылық агент (сенім білдірілген институт) қызметін сатып алу. Жобаның басқару кеңесінің ағымдық шығыстары. Жобалық ұсынымдарды бағалау үшін тартылатын сарапшылар қызметі. Жобаның ақпараттық-мониторингтік жобасын әзірлеу және қолдау. Жобаның веб-сайтын (Интернет) қалыптастыру және қолдау. Стратегияны талдау және дамыту. Жоба мониторингі және тиімділігін бағалау. Жобаның үйлестіру орталығы қызметкерлері үшін бастапқы семинарды жыл қорытындысы бойынша семинарды өткізу. Жобаны іске асыру үшін 18 адамнан тұратын жергілікті консультанттардың қызметін төлеу. Жалақы. Әлеуметтік салық Мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар. Іссапар шығындары. Хабарландырулар өткізу бойынша шығындарды төлеу. Кеңсе тауарларды сатып алу. Байланыс, пошта, интернет қызметтерін төлеу. 3 автокөлік және 1 шағын автобус жалдауына көлік шығындары. Ұйымдастыру техникаларына техникалық қызмет көрсету бойынша шығындарды төлеу. Астана қаласында кеңсе жалдау. Алматы қаласында кеңсе жалдау. Облыстық және аудандық мемлекеттік зертханалар үшін кейіннен «Республикалық ветеринарлық зертханалар» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және «Фитосанитария» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны балансына беруге жабдықтар сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ұлттық референттік зертхананы жобалау; мемлекеттік зертханаларды жаңғырту (7 облыстық, 58 аудандық); техникалық регламенттерді үйлестіру; облыстық және аудандық деңгейлерде білім және технология тарату мен беру жөніндегі жүйе құру; гранттар бөлу.
Түпкілікті нәтиже: көптеген азаматтардың ауыл шаруашылығы біліміне қол жеткізуі; азаматтардың халықаралық стандарттарға сай өнімдерге қол жеткізуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қысқа мерзімдегі жергілікті консультанттың 1 адам - ай қызметі 127,0 мың теңгеден, халықаралық консультанттікі - 3 369,6 мың теңгеден аспайды. Бір облыстық зертхананы жаңғырту құны - 46 800,0 мың теңге және аудандық - 7 605,0 мың теңге.
Уақыттылығы: бағдарлама бойынша іс-шаралар осы бағдарлама паспортымен белгіленген мерзімдерде өткізіледі.
Сапасы: жоспарланған барлық іс-шаралардың 100 %-дық орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
141-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін және ауыл тұрғындарын өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету»
деген 057 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 110000 мың теңге (бір жүз он миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6 және 15-баптары; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің ақпараттық білім деңгейін арттыру арқылы агробизнесті тиімді жүргізуді қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқаруды дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 057 | | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін және ауыл тұрғындарын өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету | 161 ауылдық ақпараттық-кеңес беру орталықтары арқылы кемінде 50 мың шаруа (фермер) қожалықтарына және тағы да басқа агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне өтеусіз негізде ақпараттық-маркетингтік, анықтамалық, бағалық ақпарат беру. | Наурыз- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 50 мың шаруа (фермер) қожалықтарына және тағы да басқа агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өтеусіз негізде ақпаратты-маркетингтік, анықтамалық, бағалық ақпарат беру.
Түпкі нәтиже: агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің ақпараттық қызметке қол жеткізу аясын кеңейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: агроөнеркәсіп кешенінің бір субъектісіне орташа алғанда 2200 теңгеге ақпараттық қызмет көрсетілген жағдайда аграрлық бизнес жүргізу тиімділігі артып, түсетін таза пайда көлемі шамамен 0,5-1% көбейетін болады.
Уақтылығы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: 30% кем емес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық-маркетингтік, анықтамалық, баға ақпараттарымен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
142-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жөніндегі
жобаға кредит беру»
деген 086 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 607329 мың теңге (алты жүз жеті миллион үш жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Қарыз туралы (Ауыл шаруашылығын екінші жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы) Шарт жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Қарыз туралы келісім (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 255 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың, ауылдық жерлердегі бизнес өкілдерінің қаржылық қызметіне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: екінші деңгейдегі банктер және лизингтік компаниялар арқылы жеңілдік несиелер және лизинг негізіндегі несиелерді алудағы ауыл аудандары тұрғындарының пайызын арттыру; 2009 жылға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің жобаға қатысушы екінші деңгейдегі банктердің және лизингтік компаниялар несиелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету; жобаға қатысушы лизингтік компаниялар арқылы лизинг негізінде жеңілдік несиелер алудағы ауылдық аудандар тұрғындарының пайызын арттыру; 2009 жылға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің жобаға қатысушы лизингтік компаниялардың лизинг негізінде берілетін несиелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету; ауылдық жерлердегі микроқаржылық мекемелердің қызметтерімен қамтылу пайызын арттыру; олардың микроқаржылық операциялар жүргізуін жоғары деңгейге көшуіне жәрдем беру.