"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң № 1
аймақаралық салық комитетi" мемлекеттік мекемесiн құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 114 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 31.01.03 ж. № 1127; 2005.03.02. № 101 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.03.02. № 101 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексі) 15-бабына сәйкес және кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салықтық әкiмшiлiк жүргiзудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң бекітілген штат саны лимиттерi шегiнде "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң № 1 аймақаралық салық комитетi" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Аймақаралық комитет) құрылсын.
2. Аймақаралық комитеттi қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Аймақаралық комитет туралы ереженi бекiтсiн, бiр ай мерзiмде Аймақаралық комитеттiң әдiлет органдарында тiркелуiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдануын қамтамасыз етсiн.
4. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |