«Мемлекеттік аннуитеттiк компания» өмiрдi сақтандыру компаниясы»
акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 937 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 217-7-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 279-1-жолмен толықтырылсын:
"279-1 "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi
сақтандыру компаниясы" АҚ";
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 531-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттік аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы" деген жол алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдар тiзбесi:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы".
3. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |