«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмiрдi сақтандыру компаниясы»
акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 24 желтоқсандағы № 1377 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Мемлекеттік аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Сақтандыру рыногында аннуитеттiк өнiмдердiң жекелеген түрлерiн дамытуға жәрдемдесу Қоғам қызметiнiң негiзгі мәнi болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамаға белгіленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын 500 000 000 (бec жүз миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қалыптасуын қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi белгіленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметi жөніндегі уәкiлеттi органға бергенге дейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берiлсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулының 2-қосымшасында:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-59-жолмен толықтырылсын:
"21-59 "Мемлекеттік аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 217-7-жолмен толықтырылсын:
"217-7 "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" АҚ";
3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы".
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |