Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ай сайын бөлінген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің бекітілген көлемін ҚР ҰБ назарына жеткізеді және ҚР ҰБ аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабар береді.
430. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің ақша қажеттілігінің қажет көлемін аудару ай сайын ҚР ҰБ-ға жіберілетін өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт бөлуге арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы өкілеттік берген тұлға қол қойған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің осы Ережеге 59-қосымшаға сәйкес 2-37 нысан бойынша әрбір айдың 25-күніне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде кепілдік берілген трансферттің өтінім жасалған сомасын оны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде республикалық бюджеттің ҚБШ-ға аударады.
Өтінімді орындауға қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкімет шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, ҚР ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіппен ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердің бөлігін қайта айырбастауды жүргізеді.
431. Республикалық бюджеттің болжамның негізінде анықталған бюджет ақшасы алдағы айға жеткілікті болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір айдың 25-і күніне ҚР ҰБ-ға хат жібереді, онда алдағы айға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттің ақшасын аудару талап етілмейтіндігін хабарлайды.
432. Келесі айларда тиісті түзетумен белгілі бір айда кепілдік берілген трансферттің көлемін түзетуді (азайтуды не арттыруды) талап ететін факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.
433. Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт сомасының есебінен ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған сомадан артық емес көлемде өткен жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейінгі мерзімде бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде республикалық бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша орындалмаған шарттардың тізбесін; өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы, өткен қаржы жылы іс-шараларды толық орындамау себептерін көрсете отырып бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және инвестициялық жобалар бөлігінде даму бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражаты, гранттар және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын даму бюджеттік бағдарламаларын алып тастағанда, республикалық даму бюджеттік бағдарламалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде инвестициялық жобалар бойынша орындалмаған шарттар тізбесін береді.
434. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан алынған ақпараттың негізінде бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен республикалық бюджет комиссиясының қарауына:
1) өткен қаржы жылында жасалған шарттар бойынша төленбеген міндеттемелері бар республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін;
2) өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы туралы ақпаратты;
3) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті түзету жолымен төленбеген міндеттемелер бөлігінде республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) ағымдағы қаржы жылында қаржыландыру жөніндегі ұсынысты береді.
435. Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлейді және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
436. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына қол қойылған күннен бастап бес күннің ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша өзгертілген жылдық жоспарды және ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған шарттардың тізбесін жеткізеді.
437. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 438, 439-тармақтарда санамаланған нормативтік құқықтық актілердің негізінде осы Ереженің 6-тарауында анықталған тәртіппен түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер жөніндегі жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізеді.
438. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомасын оған өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ҰБ-ға жеткізеді.
439. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақы төлеу үшін шот-фактура жібереді.
440. Жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-ға сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшірмесін және шығыстарды растау туралы хабарлама жібереді.
441. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартта (бұдан әрі - Сенімгерлік басқару туралы шарт) белгіленген мерзімде ҚР ҰБ-ға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы өкілеттік берген тұлға қол қойған осы Ережеге 60-қосымшаға сәйкес 2-36-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама жібереді.
ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарламаның негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкіметтің теңгелік шотынан есептен шығарады.
Хабарламаны орындау үшін қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкіметтің шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Yкіметінің шотынан шетелдік валютадағы ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіппен қайта айырбастауды жүргізеді.
442. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және ҚР ҰБ осы Ережеге 61-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің теңгелік шоты және Үкіметтің тиісті шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
49-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есепті жасаудың тәртібі мен нысандары
443. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы есептілік Бюджет кодексіне сәйкес жүргізіледі.
444. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы туралы есепті, тиісінше 1-ші және 15-ші күннің жағдайы бойынша, есептіден кейінгі айдың 5-ші және 20-шы күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
445. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін енгізе отырып есептіден кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін жыл сайын ҚР ҰБ-мен бірлесіп жасайды.
446. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды қамтиды:
а. осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы туралы жылдық есеп;
b. ҚР ҰБ Басқармасының қаулысымен бекітілген нысандар бойынша теңгерім мен есептер:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі ҚР ҰБ теңгерімі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін сенімді басқару жөніндегі ҚР ҰБ кірістері мен шығыстары туралы есеп;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі ҚР ҰБ ақша қозғалысы туралы есептер;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі ҚР ҰБ таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге деректер.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану туралы есеп ҚР ҰБ-ның және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның есепке алудың түрлі әдістерін (есептеу және кассалық) қолдануға байланысты, сондай-ақ дөңгелектеу есебінен есеп бойынша алшақтық сомасының айырмасы көрсетілетін жолды қамти алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне сыртқы аудитті жүргізудің нәтижелерімен бірге жылдық есепті бекітуге енгізеді.
447. ҚР ҰБ және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген тәртіппен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
10-бөлім. Бюджеттік кредит беру тәртібi
50-тарау. Бюджеттік кредит беру жөніндегі қаржылық рәсімдер
448. Осы бөлімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Қарыз алушы банк - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар.
Бюджеттік кредит беру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық және тиісінше жергілікті бюджеттерді атқаруының құрамдас бөлігі болып табылады және тиісті бюджеттерден қарыз алушыларға бюджеттік кредит беру жолымен, оның ішінде түпкі қарыз алушыларға кейіннен кредит беру үшін жүзеге асырылады.
449. Бюджеттік кредиттер беру шарттарын:
республикалық бюджеттің қаражаты есебінен - Қазақстан Республикасының Yкіметі;
жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен - жергілікті атқарушы органдар анықтайды.
450. Бюджеттік кредит беру шарты кредит беруші мүддесінің қорғалуын қамтамасыз ету, кредиттік тәуекелдің туындауын барынша төмендету болып табылады.
451. Бюджеттік кредиттер тиісті бюджеттік бағдарламаларда:
тиісті қаржы жылына арнап бекітілген республикалық бюджетте;
жергілікті бюджеттер мәслихаттарының шешімдерімен тиісті қаржы жылына арнап бекітілген жергілікті бюджеттерде анықталған мақсаттарға және сомалар шегінде беріледі.
452. Кредиттік шарт (келісім) заңнамада талап етілетін негізгі шарттарды қамтуы тиіс. Сондай-ақ кредиттік шарт (келісім) бюджеттік кредитті беруге, оны пайдалануға, оған қызмет көрсетуге және өтеуге байланысты өзге де ережелерді қамтуы мүмкін.
Кредиттік шартқа (келісімге) қол қойған күннен бастап үш айдың ішінде қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін тиісті шартқа (келісімге) қол қоюы тиіс.
453. Кредиттік шарт ұлттық та, шетелдік валютада да жасалады. Бюджеттік кредиттер құбылмалы да, тіркелген де сыйақы ставкасымен берілуі мүмкін.
454. Бюджеттік кредиттің негізгі борышын өтеу бойынша жеңілдікті кезеңнің ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің тиісті есептеулерімен расталады. Қаржы агенттіктері үшін бюджеттік кредиттің негізгі борышын өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұзақтығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталады. Бұл ретте жеңілдікті кезеңнің ұзақтығы кредит мерзімінің үштен бірінен аспауы тиіс.
455. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік кредиттері, қаржы агенттіктері бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкалары бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін айналыс мерзімімен бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орта мөлшерлік ставкасымен төмен болмай белгіленеді. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орта мөлшерлік ставкасын анықтау тәртібі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
456. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы есептеу тиісті шартқа (келісімге) қол қойылған күннен бастап бюджеттік кредит қайта құрылымдалған кезде бюджеттік кредит қаражатын кредит берушінің шотынан қарыз алушының шотына аударған күннен бастап жүзеге асырылады. Бюджеттік кредит бойынша сыйақы төлеуді жүзеге асыру бірінші күнтізбелік жылдан кешіктірілмей басталады.
457. Қарыз алушы банк белгілеген түпкі қарыз алушыға арналған сыйақы ставкасының мөлшері осы Ереженің 455-тармағына сәйкес белгіленген екі еселенген сыйақы ставкасынан аспауы тиіс.
458. Егер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргізілмесе, сыйақы ставкасы өткен кезеңнің тиісті валютасындағы сыйақы ставкасына тең белгіленеді.
459. Жасалған кредит шарттары жасасқан күннен бастап үш күннің ішінде:
республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер бойынша Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның;
жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдардың тіркеуіне жатады.
460. Жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредит беру тиісті мәслихаттардың шешімі болған кезде ғана жүзеге асырылады. Кредиттік шарт (келісім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органның арасында жасалады.
461. Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит берген кезде кредиттік шарт (келісім) кредит берушінің тапсырмасы бойынша сенім білдірілген (агент) мен жеке тұлғаның арасында жасалады.
Сенім білдірілгенге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді тиісті бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
462. Қарыз алушы қайтыс болған не оны қаза болған деп жариялаған жағдайда, мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптарды тоқтатуды нотариалды расталған қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесін ұсынған кезде сенім білдірілген (агент) жүзеге асырады.
463. Республикалық және жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен берілген бюджеттік кредит қарыз алушы негізгі борыш сомасын қайтарған және толық көлемде сыйақыны және басқа да бюджеттік кредитпен байланысты ілеспе төлемдерді төлеген кезде өтелген болып саналады.
464. Қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалану мен өтеу шартын бұзған жағдайда, кредит беруші кредиттік шартты (келісімді) мерзімінен бұрын бұзуды және бюджеттік кредиттің іс жүзінде ұсынылған сомасын, есептелген сыйақыны және өзге де тиесілі төлемдерді қайтаруды жүзеге асыра алады.
465. Бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде кредит беруші қарыз алушыдан мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасын және мақсатқа сай пайдаланылмаған соманың жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл өндіріп алады.
Мақсатқа сай пайдаланылмаған кредит сомасына сол сияқты кредиттік шартта (келісімде) анықталған бюджеттік кредитті игеру кезеңінен кейін қарыз алушы пайдаланған сома жатады.
466. Кредиттік шартта (келісімде) анықталған бюджеттік кредитті игеру кезеңінде қарыз алушы пайдаланбаған кредит сомасы түсімдердің бірыңғай бюджеттік сыныптамасының тиісті кодына игеру кезеңі аяқталған күннен бастап үш күннің ішінде тиісті бюджетке қайтаруға жатады.
467. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша берешек қалыптасқан және кредиттік шарттың ережелерінде анықталған мерзім ішінде оны өтемеген кезде кредит беруші әрбір мерзімі өткен күн үшін қайтаруға жататын соманың оннан бір бүтін пайызы мөлшерінде өсімақы есептейді.
468. Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің немесе тиісінше әкімдіктер шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
469. Республикалық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына сәйкес құрылған Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік берілген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
470. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді жергілікті атқарушы органның жанындағы консультативтік-кеңес органының оң қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
471. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдаған кезде кредит берушінің, бағдарлама әкімшісінің және қарыз алушының арасында қайта құрылымдау туралы кредиттік шартқа қосымша келісім жасалады.
472. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кезінде кредит беруші сыйақы есептеуді жүргізеді. Бұл ретте бюджеттік кредитті немесе кезекті төлемдерді өтеу мерзімдерінің, кредит валютасының өзгеруі, сондай-ақ сыйақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте мәслихаттың шешімімен бекітілген бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшеріне әсер етпеуі тиіс.
473. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік кредиттерді тіркеуді, есепке алуды және олардың мониторингін жүзеге асырады, қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылар міндетті тәртіппен берген ақпараттың негізінде жобалардың іске асырылуын бақылайды. Ақпарат беру нысандары мен мерзімдерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
51-тарау. Қарыз алушының кредиттік қабілетінің өлшемдерi
474. Қарыз алушы банктің кредиттік қабілетінің негізгі өлшемдері:
бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
салықтық берешектің болмауы;
конкурсты өткізу күнінің алдындағы соңғы үш айдың ішінде банк заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтау;
меншік капиталы бюджеттік кредит сомасынан кемінде екі есе аспауы тиіс;
бюджеттік кредиттерді уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз етудің болуы;
қажет болған кезде филиалдық желінің және/немесе корреспонденттік желінің болуы болып табылады.
475. Жергілікті атқарушы органдардың кредиттік қабілетінің негізгі өлшемі бұрын алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы болып табылады.
476. Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит берген кезде кредиттік қабілетін сенім білдірілген (агент) анықтайды.
477. Бюджеттік кредитті алуға үміткер шетел мемлекетінің кредиттік қабілетін жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктер берген рейтингтерге сәйкес анықталады.
478. Сондай-ақ кредит беруші қарыз алушының кредиттік қабілетін анықтау үшін қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.
52-тарау. Қарыз алушы банктерді іріктеу тәртібi
479. Бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттерді қабылдағаннан кейін бір айдан аспайтын мерзімде қарыз алушы банктерді анықтауға үміткерлерге (бұдан әрі - үміткерлер) қойылатын талаптар анықталады.
480. Осы Ереженің 479-тармағын орындағаннан кейін бағдарламаның әкімшісі үш жұмыс күні ішінде кредит берушімен келісуге конкурстық құжаттаманы жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келіседі және жазбаша түрде ол туралы бағдарламаның әкімшісін хабардар етеді.
481. Бағдарламалардың әкімшілері өтінім беру мерзімін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде кредиттерді алуға конкурс жариялайды.
482. Үміткерлер бағдарламалар әкімшілері анықтаған конкурс өткізу мерзімдерінде олардың конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын және бюджеттік кредиттерді алу шарттары мен олардың нақты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде түпкі қарыз алушыларға кредит беруін жүзеге асыру шарттары бойынша ұсыныстарды қамтитын құжаттарды қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдер береді.
483. Бағдарламалардың әкімшілері:
бюджеттік кредиттер алуға қойылатын негізгі талаптарды қоса бере отырып, үміткерлердің тиісті талаптарды сақтауы туралы ақпаратты алу мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға;
республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша үміткерлердің мерзімі өткен берешегінің бар-жоғы туралы ақпарат алу мақсатында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және/немесе жергілікті атқарушы органдарға сұрау салулар жібереді.
484. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бес күннің ішінде сұрау салуларға сәйкес бағдарламалардың әкімшілеріне үміткерлердің конкурсқа қатысуына қойылатын талаптарды сақтауы туралы ақпаратты жібереді.
485. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және/немесе жергілікті атқарушы органдар бағдарламалар әкімшілерінің сұрау салуларына сәйкес бес күннің ішінде бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен алынған бюджеттік кредиттер бойынша үміткерлердің мерзімі өткен берешегінің бар-жоғы туралы ақпарат жібереді.
486. Конкурсқа қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және/немесе жергілікті атқарушы органдардың оң қорытындысын алған үміткерлер жіберіледі.
487. Құжаттарды қарау және конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің қатарынан қарыз алушыларды іріктеу үшін бағдарламалардың әкімшілері конкурстық комиссия құрады. Конкурстық комиссия бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілдерінен тұруы тиіс.
Конкурстық комиссия бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін тиісінше кредит беру мақсатында үміткерлердің өтінімдерін қарауды жүргізеді және мыналарды:
түпкі қарыз алушыларға бюджеттік кредит берумен байланысты шығыстардың ең аз деңгейін;
қамтамасыз ету сапасын (көлемін, нысанын, өтімділігін);
несие қоржынының сапасын;
меншік капиталының көлемін;
кредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесін негізге ала отырып, оларды іріктеуді жүзеге асырады.
488. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қарыз алушыны конкурстық негізде анықтайды. Егер инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында бірнеше қарыз алушылар көзделсе, онда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік кредит беру шарттарына сәйкес қарыз алушыларды іріктеуді жүзеге асырады. Қарыз алушылардың тізбесі бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бекітіледі.
489. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және қарыз алушымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың кредиттер беру туралы қабылданған шешімдерінің негізінде кредиттік шарт (келісім) жасасады.
490. Бюджеттік кредит беру кезінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер жасасқан кредиттік шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
53-тарау. Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша кірістіліктің орта мөлшерлі ставкасын анықтау тәртібi
491. Кірістіліктің орта мөлшерлі ставкасы бағалы қағаздардың қайталама нарығында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік орта мерзімді индекстелмейтін бағалы қағаздармен жасалған тиісті тоқсандағы операциялардың нәтижелері бойынша анықталады.