Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 акпандағы
№ 288 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 379 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық - бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Жедел Жедел жұмыс үшін
«Кеме қатынасы тіркелімі» мемлекеттік мекемесі 1
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |