241. Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті коды бойынша берілген рұқсаттардың пайдаланылмаған қалдықтары болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі бағамдық айырма сомасына міндеттемелерді тіркеуге арналған өтінім деректерін ҚБАЖ-ға енгізуді және хабарлама қалыптастыруды жүзеге асырады.
242. Бағамдық айырма сомасына төлемдер бойынша берілген рұқсаттардың және/немесе бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының пайдаланылмаған қалдықтары болмаған жағдайда - бұрын ҚБАЖ-ға енгізілген төлеуге берілетін шот пен шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім күшін жояды және төлеуге берілетін шотпен, шетел валютасын айырбастауға арналған өтініммен және бағамдық айырма сомасына арналған міндеттемелермен бірге орындалмастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
243. ҚР ҰБ-дан электрондық түрдегі төлем құжаттары мен шетел валютасындағы хат-хабар шоттары бойынша үзінді алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үзіндіні алған күні мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы тиісті шоттарына шетел валютасының түрлері бойынша оны есептеу жүргізеді.
244. Мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоттары бойынша үзінді қалыптастыруды аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы тиісті шоттарына шетел валютасының түрлері бойынша оны есептеген күні жүзеге асырылады. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының белгісі бар және мемлекеттік мекеме ақша аударуға өтініш беруі үшін шетел валютасындағы шоттарға ақша есептелген күнін көрсетіп шетел валютасын айырбастауға арналған өтінімнің бір данасы сол күні мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоттары бойынша үзіндімен бірге мемлекеттік мекемеге қайтарылады, шетел валютасын айырбастауға арналған өтінімнің екінші данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
245. Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш осы Ережеге 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада беріледі.
246. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтінішті тексергеннен кейін оны ҚБАЖ-ға енгізеді.
247. Сәйкес келмеу анықталған, шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініште түзету болған, онда қандай да бір талап етілетін деректемелер болмаған, шетел валютасын алушының деректемелері, төлем тағайындау, қолдар және/немесе мөр бедері қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш қайтару себептері көрсетіліп орындалмастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
248. ҚР ҰБ-дан электрондық түрдегі төлем құжаттары мен шетел валютасындағы хат-хабар шоттары бойынша үзінді алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үзіндіні алған күні мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоттарынан шетел валютасындағы ақшаны есептен шығару жөнінде операция жүргізеді.
249. Мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоттары бойынша үзіндіні қалыптастырғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы жауапты орындаушының белгісі бар және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоттары бойынша үзіндімен бірге шетел валютасындағы шоттан ақшаны есептен шығарған күні көрсетілген шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады, шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің екінші данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
250. Айырбасталған шетел валютасын ол шетел валютасындағы шотқа есептелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік мекеме орынды пайдалануы тиіс. Шетел валютасын пайдаланбаған не жете пайдаланбаған жағдайда осы мерзім аяқталғаннан соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық бөлімшесі шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім беру қажеттілігі туралы мемлекеттік мекемеге жазбаша хабар береді.
251. Мемлекеттік мекеме берген шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім негізінде шетел валютасы айырбасталған мемлекеттік мекеменің шығыстардың БСК-ға кейін оның сомасын қалпына келтіре отырып шетел валютасын қайта айырбастау жөніндегі операция жүзеге асырылады.
6-бөлім. Бюджет ақшасын басқару тәртібi
32-тарау. Бюджет ақшасын басқару тәртібi
252. Бюджет ақшасын басқаруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
253. Төлемді уақтылы және толық жүргізуді қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолма-қол ақша көлемін болжамдау және бюджет ақшасын тиімді басқару мақсатында бюджетке түсетін түсімдер көлемін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстарды күтілетін орындауды анықтау жөніндегі шешімді әзірлеу үдерісі болып табылатын қолма-қол ақша ағымына болжам (бұдан әрі - болжам) жасайды.
254. Болжам Бюджет кодексіне сәйкес мынадай деректер негізінде жасалады:
тиісті қаржы жылына арналған бекітілген немесе нақтыланған бюджет;
түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары;
тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы қаражат қалдықтары туралы;
ағымдағы жылдың өткен айларының түсімдер серпінін (төлеу мерзімдерін) және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіндегі түсімдерге салыстырмалы талдау жүргізуді есепке ала отырып тиісті бюджеттерге түсетін ақшаның күтілетін көлемі;
төлемдер бойынша қаржыландыру және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңінде бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын салыстырмалы талдау жүргізу жоспарларына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру.
255. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:
бюджетке түсетін ақшаның күтілетін көлемін ай сайын нақтылайды;
ағымдағы жылдың аяғында келесі айда жүргізілетін төлемдер көлемін нақтылайды.
256. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган:
бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингін жүргізеді;
бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның ағымдағы қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады;
уақытша бос бюджет ақшасының сомасын анықтайды.
257. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган болжам, қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдығының негізінде алдағы айға күтілетін орындауға талдау жүргізеді және болжамды кезеңнің соңына қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтілетін ақша қалдығын анықтайды.
258. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша кезең соңына тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында оң да, теріс те сальдо болжамдала алады.
259. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында теріс сальдо болжамы немесе бір ай ішінде қолма-қол ақшаның ағымдағы тапшылығы пайда болған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қосымша қарыз алу жүргізу немесе мемлекеттік бағалы қағаздарды жоспарлы шығаруды көшіру қажеттілігіне бастамашылық етеді.
260. Жүргізілген төлемдердің болжамды көлемі республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер болжамдау көлемі мен тиісті бюджеттің ҚБШ-дағы бюджет қаражатының қалдығынан (қолма-қол ақша тапшылығы) артқан және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару немесе жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асыру арқылы алдағы айда ақша тарту үдерісін ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісім бойынша осы Ереженің 2-бөлімінің 6-тарауында белгіленген тәртіппен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне өзгеріс енгізеді.
33-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға (депозиттерге) орналастыру тәртібi
261. Республикалық және облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті органдар ҚР ҰБ-ның салымдарына (депозиттеріне) (бұдан әрі - ҚР ҰБ-дағы салымдар) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасының көлемін анықтайды.
262. Республикалық және облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру оларды оңтайлы пайдалану және тиісті бюджетке кіріс түсіру мақсатында жүзеге асырылады.
263. Орналастыру және қайтару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен ҚР ҰБ арасында жасалған салым операцияларын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын Стандарт шарттары туралы бас келісім негізінде жүзеге асырылады.
264. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган арасында Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған бас келісім (бұдан әрі - Келісім) жасалады.
Келісім нысанын, оған қосымшаны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
265. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру (аудару) жөніндегі әрбір операция мәміле паспортымен ресімделеді, ол салымды орналастыру жөніндегі барлық деректерді қамтуы тиіс: сомасы, орналастыру мерзімі, орналастыруды бастау және аяқтау күні, сыйақы ставкасы, сыйақы сомасы, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасы, салымды мерзімінен бұрын талап ету кезінде қолданылатын сыйақы ставкасы. Сыйақы ставкасын ҚР ҰБ белгілейді.
266. Республикалық бюджеттің уақытша бос ақшасын ҚР ҰБ-ға аудару үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мәміле паспортының негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша қорытынды және төлем құжаттарына қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғалар қол қойған банк заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжатын дайындайды.
267. ҚР ҰБ салымдарына орналастырылған республикалық бюджеттің уақытша бос ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.
268. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Келісім талаптарына сәйкес және мәміле паспортында көрсетілген мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органың ҚБШ-ға уақытша бос бюджет ақшасын аударуды жүргізеді. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан ҚБШ-ға ақша түскеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келесі күннен кешіктірмей ақшаны ҚР ҰБ салымдарына орналастырады.
269. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Келісімде талапта көзделген мерзімде Келісімде көрсетілген деректерге салым сомасын аударуды жүргізеді, ал ҚР ҰБ ақшасының нақты тұрғаны үшін есептелген сыйақыны (мүддені) толық көлемде тиісті жергілікті бюджеттің кірісіне аударады.
270. Түскен және ҚР ҰБ салымдарына уақытша орналастырылған жергілікті бюджеттердің уақытша бос ақшалары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.
34-тарау. Міндеттемелерді қабылдау мен тіркеу және төлемдер жүргізу рәсімдері, құпиялық белгісі бар бюджетті атқару жөніндегі операцияларды есепке алуды жүзеге асыру
271. Өздеріне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгіленген мемлекеттік органдардың міндеттемелерін қабылдау мен тіркеу және төлемдерді жүзеге асыру тиісті мемлекеттік органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып анықтайтын тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте, шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге осы Ереженің 87-91-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жол беріледі.
272. Өздеріне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгіленген мемлекеттік органдардың ақпарат ұсынуы және бюджетті атқару жөніндегі операцияларды есепке алуы мен есеп беруі тиісті мемлекеттік органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып анықтайтын тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
7-бөлім. Мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алатын ақшаны, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді, жеке немесе заңды тұлға оны қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны пайдалану
35-тарау. Жалпы ережелер
273. Демеушілік және қайырымдылық көмек, жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру, ақылы қызмет көрсету жөнінде ҚБШ ашу, жүргізу және жабу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
274. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер, оларды қайтарып алу шартымен берілген ақша ұлттық та және шетел валютасында да түсе алады.
275. Мемлекеттік мекеме кассаға қабылдаған қолма-қол ақша оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті ҚБШ-ға есептелуі тиіс.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемеге түскен қолма-қол ақшаны тиісті ҚБШ-ға уақтылы және толық тапсыруды қамтамасыз етеді.
36-тарау. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер бойынша операцияларды жүзеге асыру
276. Демеушілік және қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша операциялар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде жүзеге асырылады.
277. Демеушілік және қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.
278. Демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша ҚБШ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылады.
279. Демеушілік және қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу үшін рұқсат беру жүзеге асырылады:
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің қолдаухаты негізінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге;
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган олардың өтініштері негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге.
280. Демеушілік және қайырымдылық көмектің ҚБШ бойынша операциялар жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне рұқсат және қол және мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді.
281. Мемлекеттік мекеме демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді жоспарламайды.
Нысаналы сипатқа ие демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді мемлекеттік мекеме орынды жұмсайды.
Мемлекеттік мекеме демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдердің орынды жұмсалуын қамтамасыз етеді.
282. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді ағымдағы жылы орынды пайдаланбаған мемлекеттік мекеме оны келесі жылы орынды пайдалана алады.
Демеушілік және қайырымдылық көмек ақшасын ағымдағы қаржы жылы жете пайдаланбаған жағдайда, осы ақшаны салған тұлға оны қайтарып алуға құқығы бар.
283. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді жұмсау осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде тиісті ҚБШ-дағы ақша қалдығының шеңберінде жүзеге асырылады.
284. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар жөніндегі банктік қызметтерге ақы төлеуді мемлекеттік мекеме өзі және банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде демеушілік және қайырымдылық көмек ақшасы есебінен жүргізеді.
285. Мемлекеттік мекеме бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайтын тәртіппен, нысанда және мерзімде демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен түсімдер және оларды жұмсау туралы есеп жасайды және береді.
37-тарау. Мемлекеттік мекемеге оларды қайтарып алу шартымен берілетін ақша бойынша операцияларды жүзеге асыру
286. Жеке немесе заңды тұлғалар ақшасын уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операциялар Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік мекемелерге қайтарып алу шартында немесе тиісті бюджетке ақша беру көзделген жағдайда жүзеге асырылады.
287. Жеке немесе заңды тұлғалар ақшасын уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.
288. Жеке немесе заңды тұлғалар ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылады.
289. Жеке немесе заңды тұлғалар ақшасын уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу үшін рұқсат беру жүзеге асырылады:
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің қолдаухаты негізінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге;
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган олардың өтініштері негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге.
290. Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операциялар жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне рұқсат және қол және мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді.
291. Мемлекеттік мекеме жеке немесе заңды тұлғалар оларды қайтарып алу шартында беретін ақша бойынша жоспар құрмайды.
292. Жеке немесе заңды тұлғалар оларды қайтарып алу шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақша Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған шарт басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды салған тұлғаларға қайтарылуы не тиісті бюджетке аударылуы тиіс.
Мемлекеттік мекеме жеке немесе заңды тұлға оларды қайтарып алу шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны уақтылы қайтарып алуды не оларды тиісті бюджетке аударуды (бұдан әрі - қайтарып алу/аудару) қамтамасыз етеді.
293. Қайтарып алу/аудару осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде тиісті ҚБШ-дағы ақша қалдығы шеңберінде жүзеге асырылады.
Жеке немесе заңды тұлғалар оларды қайтарып алу шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны оларды салған тұлғаларға не тиісті бюджеттің кірісіне қайтарып алу/аудару оларды ҚБШ-ға есептемей жол берілмейді.
Қолма-қол ақшаны есептеу және қайтарып алу үшін ҚБШ-дан алу бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар үшін банктік қызметтерге ақы төлеу ақшаны салған тұлға есебінен мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде жүргізіледі, оған мынадай жағдайлар қосылмайды:
ҚБШ-ға тез бұзылатын және оларды сақтау елеулі материалдық мүлік шығынын талап ететін заттай айғақты сатудан алынған ақша Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес өкілеттік берілген органдардың міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) жеке қаржыландыру жоспары есебінен жүргізіледі.
294. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жеке немесе заңды тұлғалар оларды қайтарып алу шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақша бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтаған тәртіппен, нысанда және мерзімде есеп жасайды және ұсынады.
38-тарау. Мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша
295. Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ жөніндегі операцияларды мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының, мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын, оларды сатқан ақша өздерінің билігінде қалатын Мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, қызметтері) тізбесінің сыныптаушысы негізінде жүзеге асырады.
296. Мемлекеттік мекеменің есебінен ұсталатын, оларды сатқан ақша өздерінің билігінде қалатын Мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, қызметтері) тізбесінің сыныптаушысы (бұдан әрі - Сыныптаушы) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және шығыстардың функционалдық сыныптамасының, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің кодтарын, Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес рұқсат етілген пайда болу көздері мен түсімдерді пайдалану бағыттарын қамтиды.
297. Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ жөніндегі операцияларды есепке алу ББС кодтарына және мемлекеттік мекемелер кодтарына сәйкес жүзеге асырылады.
298. Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылады.
299. Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ жөніндегі операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсімі мен жұмсалу жоспарын береді.
39-тарау. Мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалу жоспарларын қалыптастыру және бекіту
300. Мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есебінен операция жүргізу үшін жыл сайын мемлекеттік мекеменің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалу жоспарын (бұдан әрі - жоспар) жасайды.
301. Жоспар тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрі бойынша жасалады.
302. Жоспарды мемлекеттік мекеме осы Ережеге 51-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай тәртіппен жасайды:
Кіріс бөлігі:
010 "Барлығы кірістер" жолында есептіден кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақша қалдығын өзіне қамтитын кірістердің жалпы сомасы және жаңа қаржы жылында түсетін ақшаның жоспарланған сомасы көрсетіледі (011-жол+012-жол),
011 "Қаржы жылының басындағы қаражат қалдығы" жолында есептіден кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақша қалдығы көрсетіледі,
012 "Ағымдағы жыл түсімдері" жолында жаңа қаржы жылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша түсімдерінің жоспарланған сомасы көрсетіледі;
Шығыс бөлігі:
020 "Барлығы шығыстар, оның ішінде ерекшеліктер бойынша" жолында шығыстардың экономикалық сыныптамасының барлық ерекшеліктері бойынша және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бөлігіндегі жоспарланған шығыстар сомасын көрсете отырып шығыстардың жоспарланған жалпы сомасы көрсетіледі,
021 "олардың ішінде, бюджет кірісіне аударуға жататын" деген жол бойынша тиісті бюджет кірісіне аударуға жататын сома анықтамалы түрде көрсетіледі.
Жоспардың кіріс және шығыс бөліктері әрбір тоқсан бойынша және тұтастай жыл бойынша теңгерілуі тиіс. Бұл ретте, 010 жолының көрсеткіші 020 жолының көрсеткішіне теңестірілуі тиіс.
303. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне түсіндірме жазбаны және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша кірістер мен шығыстар жөнінде негізделген есептерді қоса бере отырып 3 (үш) данадағы жоспарды бекітуге береді.
304. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі:
жоспарлар негізінде мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның түсімдер мен жұмсалу жоспарын қалыптастырады және бекітеді (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер бойынша жоспар),
келесі қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға әрбір ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме жөніндегі жоспарлармен бірге мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарды береді.
Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрі бойынша осы Ережеге 52-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және 2 (екі) данада бекітеді.
Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға түсіндірме жазба мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша түсімдер мен шығыстардың әрбір түрі жөнінде негізделген есептер қоса беріледі.
305. Жоспар және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар бөлшек қалдығымен, үтірден кейін бір белгімен мың теңгеде қалыптастырылады.
306. Жоспарлардың жалпы сомасы сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрі бойынша және жоспардың әрбір көрсеткіші бойынша мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар сомасына теңестірілуі тиіс.
307. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспардың, оған есептердің жасалу дұрыстығын қамтамасыз етеді.
308. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган келісуге ұсынған мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарлар осы Ережеге, Сыныптаушыға сәйкес келу тұрғысынан, шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша кірістер мен шығыстарды дұрыс есептеу тұрғысынан тексеріледі, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган басшысымен келісіледі және елтаңбалы мөр бедерімен расталады.
309. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі келісілген жоспардың бір данасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органда қалады, екіншісі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі.