7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Павлодар қаласында «Химпром» ААҚ № 822 және № 823 өндірістік корпустарын 1500 орынды ерекше режимдегі түзеу колониясы етіп реконструкциялауды, Шымкент қаласында тергеу изоляторын реконструкциялау мен кеңейтуді аяқтау; Алматы қаласында тергеу изоляторын реконструкциялау мен кеңейтуді жалғастыру; Семей, Өскемен, Орал қалаларында тергеу изоляторларының салуын бастау.
Соңғы нәтиже: республика аумағында тепе-тең бөлінген режим және тергеу изоляторының түрлері бойынша түзеу мекемелерінің желілерін құру, қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметкерлерінің қызмет жағдайын жақсарту.
Уақтылығы: жұмыс өндірісінің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің объектілерін салу және қайта жаңарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
218-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Сотта адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңнамада көзделген жағдайларда азаматтардың білікті тегін заң көмегін алуына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: заңнамада көзделген жағдайларда сотқа, анықтау және тергеу органдарына міндетті қатысқаны үшін адвокаттарға уақытылы және толық еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Сотта адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі | Заңнамада көзделген жағдайларда сотқа, анықтау және тергеу органдарына міндеттi қатысқаны үшін адвокаттар алқасының өтінімдері бойынша адвокаттарға уақытылы еңбекақы төлеудi ұйымдастыру. Жасалған шарттарға сәйкес адвокаттардың қызметтеріне ақы төлеу және іссапар шығындарын төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдары. Аумақтық адвокаттық алқалар. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сотқа, анықтау және тергеу органдарына міндетті қатысқаны үшін адвокаттарға толық еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: азаматтардың тегін заң көмегін алуына конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: заңнамада көзделген жағдайларда білікті санатқа жататын азаматтарға уақытылы тегін заң көмегін көрсетуді қамтамасыз ету.
Сапасы: заңнамада көзделген жағдайларда білікті тегін заң көмегімен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
219-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Халыққа «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталықтардың қызметін қамтамасыз ету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6661019 мың теңге (алты миллиард алты жүз алпыс бір миллион он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 8 , 9 , 18, 19-баптары; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Астана және Алматы қалаларында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, төрешілдік, қағазбастылық және өзге де әкімшілік кедергілерді түпкілікті жою үшін жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Астана және Алматы қалаларында, облыстық орталықтарда, қалаларда, аудандарда «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Халыққа «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталықтардың қызметін қамтамасыз ету | Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауды және беруді жүзеге асыру; «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарын ұстау; халыққа қызмет көрсету орталығын материалдық- техникалық жарақтандыру, технологиялық, бағдарламалық, коммуникациялық қамтамасыз ету және қызметін сүйемелдеу. Жасалған шарттарға сәйкес өзгеде қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Халыққа қызмет көрсету орталықтары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: халыққа уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; халыққа қызмет көрсететін орталықты орналастыру үшін ғимарат сатып алу.
Соңғы нәтиже: халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, қызмет көрсету ыңғайлығы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: халыққа қызмет көрсету орталығының біреуін құруға және ұстауға орташа шығыстар кемінде 31 419,9 мың теңге құрайды.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы: салық заңнамасы саласында заңды тұлғаларды, жер учаскелеріне құқықтар мен онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, халықты құжаттандыру мен тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және құжаттарды апостильдеу процедураларын өткізу мерзімін қысқарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
220-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Түзету мекемелерінде ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3255 мың теңге (үш миллион екі жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау және ЖҚТБ-мен ауыратын сотталғандарды ұстау үшін жағдайлар жасау жөніндегі қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Түзету мекемелерінде ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл | Түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау және қылмыстық жазасын өтеп жатқан ЖҚТБ-мен ауыратын сотталғандар- ды ұстауға жағдайлар жасау үшін қажетті шаралар кешенін (жеке қорғау құралдарды сатып алу, плакаттарды, буклеттерді дайындау) қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті, мемлекеттік түзеу мекемелері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау үшін жағдайлар жасау жөніндегі қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
Қаржы-экономикалық тиімділік: республикалық бюджеттің қаражатын оңтайлы және тиімді шығыстандыру.
Уақытылығы: іске асыру мерзімдеріне сәйкес іс-шараларды жүргізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
221-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
008 жылға арналған
«Тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3648026 мың теңге (үш миллиард алты жүз қырық сегіз миллион жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі; «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасы ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңнамада көзделген қылмыстың жасалуына сезіктілердің, айыпталушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау кезінде құқықтық тәртіпті, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Тергеу- қамауға алынған адамдарды ұстау | 4131 бірлік штат саны бар 20 тергеу изоляторында 9320 тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау. Тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау кезінде құқықтық тәртіпті, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық органдары, тергеу изоляторлары. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тергеу изоляторларына жүктелген функцияларды орындау.
Соңғы нәтиже: тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау кезінде құқықтық тәртіпті, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділік: республикалық бюджеттің қаражатын оңтайлы және тиімді шығыстандыру.
Уақытылығы: іске асыру мерзімдеріне сәйкес іс-шараларды жүргізу.
Сапа: тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау деңгейін жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
222-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Тергеу изоляторларында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1070 мың теңге (бip миллион жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау және ЖҚТБ-мен ауыратын тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау үшін жағдайлар жасау жөніндегі қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Тергеу изоляторларында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл | Тергеу изоляторында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау (жеке қорғау құралдарды сатып алу; плакаттарды, буклеттерді дайындау) жөніндегі қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті, тергеу изоляторлары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау жөнінде қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі: республикалық бюджеттің қаражатын оңтайлы және тиімді шығыстандыру.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар жүргізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
223-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және сараптамалық орталық құру» деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 53495 мың теңге (елу үш миллион төрт жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 72 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі саяси тұрақтылық пен төзімділікті нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дін саласындағы мемлекеттік органдар қызметін ақпараттық-аналитикалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, қоғамдық институттардың мемлекетпен өзара іс-әрекетін жетілдіру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы діни бірлестіктері, діни оқу орындары мен мекемелері және миссионерлер туралы ақпараттық деректер банкін қалыптастыру, сондай-ақ олардың қызметін зерделеу және талдау; діни бірлестіктердің құрылуы мен қызметтері саласындағы заңнаманы әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу, сондай-ақ азаматтардың діни сенім еркіндігі құқығын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Дін мәселелерi бойынша ғылыми- зерттеу және сараптамалық орталық құру | Жүктелген функцияларды орындау үшін дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығын ұстау. Орталық қызметін материалдық-техникалық жарақтандыру, коммуникациялық қамтамасыз ету және сүйемелдеу. Үй-жайды жалдау, жасалған шарттарға сәйкес өзгеде қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету; ішкі саяси тұрақтылықты нығайту.
Соңғы нәтиже: дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығын құру; мемлекеттік органдар мен діни процестерінің тиімді және сындарлы ынтымақтастығын нығайту; діни саласында заң шығару қорын жетілдіру; республикадағы діни бірлестіктер арасында өзара қарым-қатынас жүйесін жақсарту; діни экстремизмге қарсы іс-әрекеттің әлеуметтік практикада төзімділік тәртібінің нормалары мен стандарттарын бекіту мақсатында ғылыми-әдістемелік қорын құру; ғылым мен діннің өзара қарым-қатынасының жаңа парадигмасын қалыптастыру; Қазақстан халқының діни дәстүрі, рухани құндылықтары мен имандылығын құрметтеу қажеттілігін күшейту.
Уақтылығы: мемлекеттік, коммерциялық емес ұйымдарға және жеке тұлғаларға ғылыми-практикалық және ақпараттық көмек көрсету; діни бағыттағы объектілерге діни, сараптамалар жасау, ар-ождан бостандығына құқығы саласында мемлекеттік органдары мамандарының және сарапшыларының консультацияларын беру.
Сапасы: Қазақстан Республикасында мемлекеттік және қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы ретінде конфессиялар арасындағы және өңірлік арасындағы сұхбаттың мәдениетін қалыптастыру; діни сенім бостандығын іске асыру саласында мемлекеттік органдар қызметін ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
224-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін дайындау»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 866913 мың теңге (сегіз жүз алпыс алты миллион тоғыз жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 18, 19-баптары; «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін таңдауына конституциялық құқықтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін дайындауды қамтамасыз eту; халықты құжаттандыру жүйесін және есепке алуды жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттандыруды және төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беруді жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін дайындау | Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін дайындау үшін шарттар бойынша міндеттемелерді орындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Тіркеу қызметі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктерін жасау.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы азаматтарын төлқұжаттармен және жеке куәліктермен қамтамасыз ету.
Уақтылылығы: Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттар мен жеке куәліктерін беру мерзімін сақтау.
Сапа:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарынан қанағаттанғысыз қызмет көрсету туралы келіп түскен арыздар саны (факт бойынша);
2) төлқұжаттарды және жеке куәліктерді беру бойынша өз лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың тіркелген фактілер (факт бойынша) саны.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
225-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 390954 мың теңге (үш жүз тоқсан миллион тоғыз жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы 4-тарау, 5 , 11, 20-баптары, «Қазақстан Республикасы ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесін жоғары кәсіби білімді мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қылмыстық-атқару жүйесі үшін жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жоғары кәсіптік білімдi мамандар даярлау | 300 бірлік штат саны бар Қостанай заң институтын ұстау. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау мен білім беру ұйымын бітіргеннен кейін әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде қызметті одан әрі өткеру үшін курсанттарды күндізгі және сырттай нысаны бойынша оқыту. Магистрларды және адъюнктарды даярлау. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері- нің біліктілігін арттыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық -атқару жүйесi комитетінің Қостанай заң институты. |