Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын (екінші деңгейдегі банктер, ірі компаниялар) қарыз алушы компаниялардың корпоративтік кредиттік рейтингтеріне ықпал ететін ҚР тәуелсіз кредиттік рейтингін қайта қарау немесе растау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Халықаралық рейтинг агенттіктерінің қызметіне мына мөлшерде ақы төлеу: Moody`s Investors Service - 6 075 мың теңге, Standart& Poor`s International Services Inc. - 6 075 мың теңге және Fitch Ratings Ltd - 12 636 мың теңге.
Сапасы: Қазақстан Республикасының міндеттемелері үшін инвестициялық тәуекелдің төмен болуынан көрінетін Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру; Қазақстан Республикасының инвесторлық базасын кеңейту; тәуелсіз еврооблигацияларды орналастырған жағдайда қарыз алу құнын азайту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
211-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы зерттеулер»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1494450 мың теңге (бір миллиард төрт жүз тоқсан төрт миллион төрт жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы № 1285 қаулысы; «2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1203 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасында Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 370 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіру, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, ел экономикасының теңгерімдік деңгейін арттыру негізінде халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетігін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізу, мемлекеттік басқару мен өндірістік сектордың деңгейін арттыру, сондай-ақ мұнай-газ секторына кірмейтін салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру бойынша қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешімдер қабылдау үшін талдамалық материалдар даярлау; әлеуметтік-экономикалық сипаттағы бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу жолымен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Әлеуметтік- экономикалық даму саласындағы зерттеулер | | | |
2 | | 006 | Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен | 1. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен 2008 қаржы жылына арналған Техникалық ынтымақтастықтың жыл сайынғы бағдарламасында көзделген Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру шеңберінде зерттеулер жүргізу. 2. Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен экономикалық даму бағдарламасын іске асыру. | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
3 | | 018 | Грант есебінен | 1. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен 2008 қаржы жылына арналған Техникалық ынтымақтастықтың жыл сайынғы бағдарламаларында көзделген Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру шеңберінде зерттеулер жүргізу. 2. Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен экономикалық даму бағдарламасын іске асыру. 2.1. Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігінің экономикалық даму бағдарламасын іске асыру туралы есептер даярлау. | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Үкіметіне есептер мен ұсыныстар даярлау және беру, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен және Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік билік органдары үшін консультациялар өткізу.
Түпкі нәтиже:
Қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру бойынша қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешім қабылдау үшін талдамалық зерттеулердің нәтижелерін уәкілетті мемлекеттік органдардың (мембағдарламалар әкімшілерінің) тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін талдамалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану.
Мемлекеттік органдар қызметінің, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалы мәселелері бойынша шешімдер даярлау сапасының, бағдарламалық құжаттар әзірлеудің тиімділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: экономиканың шешуші секторларындағы мемлекеттік органдар жұмысында талдамалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану жолымен республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру.
Сапасы: Зерттеулер нәтижелерін мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін, сондай-ақ бағдарламалық құжаттар әзірлеу үшін қолдану мүмкіндігі.
Уақтылығы: Талдамалық зерттеулер нәтижелерін 2006-2007 қаржы жылдарына арналған Техникалық ынтымақтастықтың жылсайынғы бағдарламаларында белгіленген мерзімге сәйкес мерзімде ұсыну.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
212-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік басқаруының көкейтесті мәселелерін зерделеу»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 282265 мың теңге (екі жүз сексен екі миллион екі жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 79 қаулысы; Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік активтерді және мемлекеттік жоспарлауды басқару жүйесін жетілдіру
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік холдингтер және оның құрамына кіретін компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік жоспарлау жүйесін басқару мәселелері жөніндегі заңнамаларды жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Мемлекеттік басқаруының көкейтесті мәселелерін зерделеу | Мемлекеттік басқару саласында, оның ішінде, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде мемлекет- тік активтерді басқару мәселелері бойынша зерттеу | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері бойынша талдамалық, әдістемелік құжаттар.
Түпкі нәтиже:
- мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру;
- нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін құру және енгізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері бойынша ұсыныстар, әдістемелік материалдар әзірлеуге арналған шығындар
Уақтылығы: зерттеу нәтижелерін уақтылы ұсыну;
Сапасы: Қазақстан жағдайында зерттеу нәтижелері бойынша ұсынылған ұсыныстар мен әдістемелік құжаттардың қолданылуы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
213-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен
менеджерлердің біліктілігін арттыру»
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 163772 мың теңге (бір жүз алпыс үш миллион жеті жүз жетпіс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2007 жылғы 17 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Герман Федеративті Республикасы Үкіметі арасындағы экономика саласында басшылық қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазақстандық кәсіпорындар қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және нарық жағдайында жұмысқа бағдарлануын арттыру. Қазақстан мен неміс кәсіпорындарының арасында екіжақты экономикалық байланыстардың интенсивтендірілуіне жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еліміздің нарықтық экономикасының салиқалы негізін жасау қолынан келетін менеджерлердің жаңа буынын тарту; басқарудың осы заманғы үрдістерін енгізу есебінен еліміздің экономикасы саласында ұйымдастыру құрылымын жетілдіру; кадрлардың біліктілігін жетілдіру және Қазақстан мен Германияның тиісті фирмаларының өзара іс-қимылы бөлігінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 042 | | Экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілі- гін арттыру | І. Шетелдік оқытушыларды тарта отырып, экономика саласындағы басқарушы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру. Оқу мерзімі алты айдан артық емес. II. Біліктілікті арттыру орталықта-рының санын көбейту. III. Қазақстан Республикасы мен Герман Федеративті Республикасының бірлескен мәлімдемесінің шарттарына сәйкес Герман Федеративті Республикасының кәсіпорындарына таңдаулы басшы қызметкерлер мен менеджерлерді тағылымдамаға жіберу. IV. Таңдаулы менеджерлерді Герман Федеративті Республикасында тағылымдамадан өткізу іс-шараларын үйлестіру. V. Герман Федеративті Республика-сында тағылымдамадан өткізу тәжіри-бесі туралы ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету. VI. «Халықаралық біліктілікті арттыру және InWent даму» қоғамымен ынтымақтастық шеңберінде менеджерлердің біліктілігін арттырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу. VII. Германия Үкіметінің тапсырмасы бойынша «Халықаралық біліктілікті арттыру және In Went даму» қоғамы таңдаған германиялық оқу орнымен бірлесіп қатысушыларды оқыту Бағдарламасын әзірлеу. VIII. Германияда тағылымдамадан өткен тыңдаушыларды тарта отырып бағдарламаларға қатысушылар үшін семинарлар өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Менеджерлердің экономика және өндірісті басқару саласында біліктілігін арттыру.
Түпкі нәтиже: Осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес менеджерлердің экономика саласында біліктіліктерін жетілдіру. Еліміздің экономикасының нақты секторындағы ұйымдарда жұмыс істеу үшін кадрлар резервін құру. Герман Федеративтік Республикасының компанияларымен әріптестік қатынастар орнату.
Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы: қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру.