6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар олар бойынша уағдаластыққа келмеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Алушының қол қою үлгісі:
Алушының қолы __________________________________________
Тараптардың заңды мекен-жайы мен деректемелерi:
"Банк" "Алушы"
_____________ __________________
(Атауы)
______________ ___________________
(Мекен-жайы)
паспорты/жеке куәл.
______________ кіммен және қашан берілдi
СТН___________ СТН_______________
БСК___________ мекен-жайы:___________
Коды__________ қызмет/үй
тел. N________________
Қолдары:
"Банк" "Алушы"
_____________ _____________________
М.О.
Республикалық және жергіліктi
бюджеттердің атқарылу ережесіне
39-қосымша
Мемлекеттік мекеменің қызметкеріне банк карточкасын беру және оған қызмет көрсету туралы шарт
200_ж."__"________
________________
(қала/ауыл)
Бұдан әрі "Банк" деп аталатын, ________________________________
(Банк филиалының немесе банк
_______________________________________________ атынан Жарғының және
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)
200_жылғы "__"_____ N__сенімхаттың негізінде әрекет ететін басшы бір
тараптан және бұдан әрі "Алушы" деп аталатын, _____________________ мекен-жайы бойынша тұратын азамат (ша) ___________________________
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар банк карточкасын беруге және оған қызмет көрсетуге арналған осы шартты (бұдан әрі - Шарт) төмендегілер туралы жасасты:
1. Шарттың мәнi
1.1. Банк Алушының дебеттік төлем карточкасын (бұдан әрі - Карточка) алуға өтінішінің негізінде Алушы үшін Банктің банкоматтары, POS-терминалдары, І-принтерлері орналасқан барлық жерлерде қолма-қол ақшаны алу, мұндай операцияларды жасауға уәкілеттік берілген сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін пайдаланылатын Карточканы жасауға міндеттенеді.
1.2. Шарттың мәні Карточка иесінің, сондай-ақ карт-шотты Алушының тапсырмасы бойынша оның карт-шотынан қызмет көрсетілетін Карточка берілген тұлғаның (бұдан әрі - қосымша Карточканың иесі) Карточканы төлем құралы ретінде пайдалануға қатысты Банк пен Алушының арасында қалыптасатын қарым-қатынастар болып табылады.
2. Банктің құқықтары мен міндеттерi
2.1. Банк:
2.1.1. Алушыдан өтінішті алған күннен бастап___ банк күнінің ішінде Карточканы жасауға және беруге;
2.1.2. Алушыға дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беруге;
2.1.3. Банкке ақша түскен күннен кейінгі банк күнінен кешіктірмей Алушының пайдасына түскен ақшаны карт-шотқа толық көлемде есепке жатқызуға;
2.1.4. Шартты жасасу кезінде Алушының назарына жеткізілген Банктің ережесіне сәйкес Карточкаға қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;
2.1.5. Алушының карт-шоты бойынша ақшасының сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етуге;
2.1.6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана Алушының келісімінсіз үшінші тұлғаларға шоттар бойынша анықтамалар беруге;
2.1.7. Жазбаша сұрауды алған күннен бастап __ банк күнінің ішінде Алушыға қосымша үзінді көшірмені беруге;
2.1.8. Есептеу сәтінде қолданылатын Банк Басқармасының қаулысымен бекітілген мерзімде және ставка бойынша карт-шот бойынша ақша қалдығына сыйақы есептеуге;
2.1.9. Қазақстан Республикасының ресми баспа басылымдарында тарифтердің өзгеруі күшіне енгенге дейін __ банк күнінен бұрын ол туралы хабарландыру жариялауға;
2.1.10. Банк филиалдарында, сондай-ақ Алушының жұмыс орны бойынша мемлекеттік мекемеде хабарландыру жасау жолымен Ережедегі барлық өзгерістер туралы Алушыны хабардар етуге;
2.1.11. Сыйақыны алмай Алушының карт-шотына(н) жалақыны, стипендияны және басқа да ақшалай төлемдерді қабылдауды, есепке жатқызуды және төлеуді жүзеге асыруға міндетті.
2.2 Банк:
2.2.1. Алушы өтінішті берген күннен бастап__ айдан астам мерзімде Карточканы алу үшін бaнккe келмеген жағдайда Карточканың күшін жоюға;
2.2.2. Шарттың 2.1.9-тармағында көзделген тәртіппен Алушыны хабардар ете отырып, Ережені және тарифтерді бір жақты тәртіппен өзгертуге;
2.2.3. Жұмыс берушіні қоспағанда, Карточканың көмегімен есеп айырысулар жүзеге асырғаны үшін сол кезеңге Банктің белгілеген тарифтері бойынша үшінші тұлғалардың есепке жатқызған ақшасы үшін Алушының келісімінсіз сыйақыны ұстап қалуға құқылы.
3. Алушының құқықтары мен міндеттерi
3.1. Алушы:
3.1.1. Шартты жасасу және төлем карточкасын (бұдан әрі - Карточка) шығаруға өтінішке қол қою сәтінде Банкпен уағдаластық бойынша төлем Карточкаларын жасаудың құнын төлеуге;
3.1.2. Шарттың талаптарын және Банк ережесін сақтауға;
3.1.3. Карточканың сақталуын қамтамасыз етуге;
3.1.4. Карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда Ережеде көзделген тәртіппен Карточканы оқшаулау туралы ауызша немесе жазбаша талаппен Банкке дереу өтініш жасауға;
3.1.5. Өтініште көрсетілген деректердің өзгеруі туралы __ банк күні ішінде Банкті жазбаша хабардар етуге;
3.1.6. Банктен тиісті жазбаша хабарламаны алған кезде Карточканы пайдалануды тоқтатуға және осы хабарламаны алған күннен бастап ___ банк күні ішінде карточканы Банкке қайтаруға;
3.1.7. Банктен Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап ___ банк күні ішінде Шарт шеңберінде Алушы үшін шығарылған барлық Карточкаларды Банкке қайтаруға міндетті.
3.2. Алушы:
3.2.1. Карт-шот бойынша үзінді алуға;
3.2.2. Банк Ережесінде көзделген тәртіппен Банкке Карточканы оқшаулауды немесе ашуды ауызша немесе жазбаша талап етуге;
3.2.3. Банк заңнамасына сәйкес карт-шот бойынша лимит белгілей отырып, олар бойынша сенім білдірілген тұлғаларға қосымша Карточка ресімдеуге;
3.2.4. Шоттағы ақша сомасын қолма-қол ақша түрінде де, қолма-қол емес ақша (аударумен) нысанда да толықтыруға құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігi
4.1. Банкпен оның қызметкерлеріне қызмет көрсету жөнінде Шарт жасасқан жұмыс беруші аударған ақшаны уақтылы есептемегені үшін Алушының карт-шотына Банк мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы есептелмеген соманың __%-ы есебімен, Алушының пайдасына айыппұл төлейді.
4.2. Банк Алушының карт-шотынан ақшаны заңсыз есептен шығарған жағдайда, Банк дұрыс есептен шығарылмаған соманы қалпына келтіреді, сондай-ақ мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы есептелмеген соманың __%-ы есебімен, Алушының пайдасына айыппұл төлейді.
5. Шарттың қолданылу мерзімi
5.1. Шарт оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және карт-шот жабылғанға дейін қолданылады.
5.2. Шартты бұзғаннан кейін бес күн мерзімде Банк белгіленген тәртіппен Алушының карт-шотын жабады. Алушының карт-шотындағы ақша қалдығы Алушыға қолма-қол ақшамен беріледі немесе Банк оны Алушы алдын ала көрсеткен карт-шотқа немесе жинақтаушы шотқа аударады.
6. Дауларды қарау тәртібi
6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері:
"Банк" _____________ (Атауы) ______________ (Мекен-жайы) СТН___________ БСК___________ Коды__________ | "Алушы" ________________ ________________ Паспорты/жеке куәл.____ СТН______________ Аудан____________ Қызмет/Үй тел.__________ |
Қолдары:
"Банк" _____________ ______________ | "Алушы" _____________ ______________ |
М.О
Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылу ережесіне
40-қосымша
Банктік қызмет көрсету шарты
_________________
қала/ауыл 200__ж. "__"______________
Бұдан әрі "Меммекеме" деп аталатын, 200_ж. "__"____________ бекітілген Ереже негізінде әрекет ететін__________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
_______________________ басшы тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі "Банк" деп аталатын, 200_ж."__"______________________бекітілген
Жарғы және 200_ж."__"_________ N____ сенімхат негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
____________________________басшы тұлғасында екінші тараптан, бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар "Қазақстан Республикасындағы еңбек
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төмендегі туралы осы Банктік қызмет көрсету шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәнi
1.1. Шартта көзделген жағдайларда Меммекеме ұсынған тізімдер негізінде меммекеме қызметкерлері мен стипендиаттарға (бұдан әрі - Алушылар) тиесілі ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе карт-шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерін есептеуді Меммекеме өз қызметкерлерінің өтініштері негізінде тапсырады, ал Банк жүзеге асырады.
1.2. Ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе карт-шоттарына жалақы, стипендия есептеудің тәртібі, Меммекеменің Банкпен өзара іс-қимыл жасасуы, нақты есептелген ақша үшін қаржылық қызметтер үшін ақы төлем мөлшері және мерзімі, олардың кезектілігі Шартпен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің норматитвік құқықтық актілерімен реттеледі.
1.3. Алушыларға Банк ақша салымдары бойынша жинақ шоттарынан немесе карт-шоттарынан жалақы және стипендия есептеуді жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру шарттары Алушы мен Банк арасында қызмет көрсету шарттарын жасасқан кезде айтылады.
2. Тараптардың міндеттемелерi
2.1. Банк:
2.1.1. Келесі банктік күннен кешіктірмей Банктің корреспонденттік шотына меммекеме аударған қаражат шегінде ақша салымы бойынша жинақ шоттарына және карт-шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерінің сомасын есептеуді және Алушы мен Банк арасында жасалған шартта белгіленген мерзімде Алушылардың бірінші талабы бойынша оларды қолма-қол ақшамен төлеуге;
2.1.2. Алушылардың шоттарындағы ақша қалдығына сыйақыны Алушының ақша салымдары бойынша жинақ шотына және/немесе карт-шотына ақша есептеу сәтінде әрекет ететін Банк тарифтеріне сәйкес мерзімде және ставкалар бойынша есептеуге;
2.1.3. Алушының шартында көзделген тәртіппен Алушыға көшірме ұсынуға;
2.1.4. Алушылардың ақша салымдары және карт-шоттары жөніндегі жинақ шоттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттың әрекет ету мерзіміне қарамастан, олар бойынша жасалатын операциялар бойынша банктік құпияны сақтауға кепілдік беруге міндеттенеді.
2.2. Меммекеме:
2.2.1. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарын немесе шот карттарының нөмірін тіркейтін, төлемдер аударудың тізімін жасайтын, Алушыларға қызмет көрсетуге байланысты Банктің ағымдағы жұмысын жүзеге асыратын жауапты тұлғаны айқындауға;
2.2.2. Меммекеме мен қызметкер арасында жасалған жеке еңбек шартында белгіленген мерзімде Алушылардың пайдасына Банкке ақша аударуды жүзеге асыруға;
2.2.3. Алушыларды ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе карт-шоттарына түсетін ақша сомалары туралы ақпараттандыруға;
2.2.4. Алушы Меммекемеден жұмыстан босатылған немесе Алушы Меммекемемен еңбек қатынастарын бұзған жағдайда бес күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Банкке жазбаша хабарлауға;
2.2.5. Банкке тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі куәландырған, ал республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бойынша - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес куәландырылған екі данада қол қою үлгілері және мөрбедері бар құжатты беруге;
2.2.6. Мөртаңба жоғалған және құжаттардағы қол қою үлгілері өзгерген жағдайда келесі күннен кешіктірмей Банкке хабарлауға;
2.2.7. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шотына немесе карт-шотына есептелетін жалақы, стипендия және басқа да ақша төлемдерінің аударылатын сомасының %-ы_______есебімен айырысудан аударған күні Банкке қаржылық қызметтерге ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Тараптардың құқықтары
3.1. Банк:
3.1.1. Меммекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзғаны туралы айғақтайтын фактілердің болуы, сондай-ақ, егер төлем құжатында көрсетілген сома тізімде көрсетілген сомадан асып кеткен жағдайда Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе карт-шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерін есептеу бойынша операциялар жасаудан бас тартуға;
3.1.2. Меммекеменің ұсынылған төлем құжатына және тізіміне сәйкес жүргізілген Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе карт-шоттарына есептеудің күшін жоюға арналған сұрауынан бас тартуға құқылы.
3.2. Меммекеме:
3.2.1. Тозу немесе мөрлердің жоғалуы туралы, сондай-ақ атауы өзгерген жағдайда өтініш негізінде мөр әзірлегенге дейін қол қою үлгілері бар құжатта көрсетілген қолдары болған кезде мөрдің жоқтығы туралы белгі қойып, төлем құжаты арқылы қызмет көрсетілуге құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе карт-шоттарына уақтылы жалақы, стипендия және басқа да ақша төлемдерін есептемегені үшін, сондай-ақ ақшаны заңсыз есептен шығарғаны, Алушының өтінішін тиісінше орындамағаны немесе орындамағаны үшін Банк Шартқа сәйкес Алушының пайдасына айыппұл төлейді.
4.2. Төлем құжаттарында көрсетілген деректемелердің толықтығына және дұрыстығына, сондай-ақ Банкке электронды және қағаз нысандарында ұсынылған тізімдердегі ақпараттың анықтығы үшін оларды ұсынған Меммекеме жауап береді.
5. Шарттың қолдану мерзімі және оны өзгерту және бұзу тәртібi
5.1. Шарт әрбір Тарап үшін бір-бір данадан екі тілде мемлекеттік және орыс тілдерінде заң күші бірдей 2 (екі) данада жасалды. Шарт ол аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ___ тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 200__жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді. Бюджеттік шығыстар сыныптамасының ___________ коды бойынша міндеттемелер сомасы__________теңгені құрайды.
5.2. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделген және оларға екі Тараптың да уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады, одан әрі олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Шарт бойынша жұмыстардың (қызметтердің) құнына байланысты өзгерістер олар________________________________________аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркеген кезде күші бар.
5.3. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапты бұл туралы жазбаша нысанда оны бұзу ұйғарылып отырған күнге дейін кемінде он күн ішінде хабарлап, Шартты бұзуға құқылы.
6. Дауларды шешу
6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа келмеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
6.2. Тараптар Шарт бойынша барлық мүмкін болатын талаптарды Тараптардың оларды алған сәттен бастап он күн ішінде қарауы тиіс деп белгілейді.
7. Форс-мажор
7.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара және толық орындамағаны үшін, егер бұл орындамаушылық мынадай жағдайлардың себебі болып табылса: Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен қауіпті табиғи жағдайлар, өрт, су тасқыны, зілзала, індеттер, соғыс қимылдары, уақытша электр энергиясының және телекоммуникациялық байланыстың болмауы және т.с.с. жауапкершіліктен босатылады.
7.2. Тараптар бір біріне деректемелерінің (заңды мекен-жайы: шот нөмірі және т.б.) өзгергені туралы дереу хабарлайды.
7.3. Тараптардың бірі қайта ұйымдастырылған кезде Шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттемелер Тараптардың құқықтық мирасқорларына ауысады.
8. Тараптардың заңды мекен-жайы мен деректемелерi
Тараптардың қолы:
Банк Меммекеме
______________ __________________
______________ __________________
М.О. М.О.
Республикалық және жергіліктi
бюджеттердің атқарылу ережесіне
41-қосымша
Кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт
________________
қала/ауыл 20__ж."__"_____________
Бұдан әрі "Меммекеме" деп аталатын, 20__ж. "__"____________ бекітілген Ереже негізінде әрекет ететін____________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
___________________ басшы тұлғасында бір тараптан, бұдан әрі "КАБ" деп аталатын 20_ж. "__"__________N____бекітілген Ереже негізінде
әрекет ететін басшы тұлғасында____________________________екінші тараптан, бұдан әрі "Банк" деп аталатын 20__ж. "__"________________
бекітілген Жарғы және сенімхат негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
(Банктің немесе Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын________________________ басшы тұлғасында және бұдан әрi
ұйымның атауы)
"Тараптар" деп аталатындар Кассалық қызмет көрсетуге төмендегілер
туралы осы үш жақты шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәнi
1.1. Шарт негізінде КАБ тапсырады, ал Банк Шартта көзделген жағдайларда шоттарға есептеу үшін меммекемелердің өкілдерінен чектерді төлеу бойынша және қолма-қол ақша қабылдау жөніндегi
____________________________________________________________________
(республикалық немесе жергілікті бюджет)
қаражат есебінен қаржыландыратын меммекемемен операцияны жүзеге асырады.
1.2. Меммекеме қолма-қол ақша алу, меммекеме өкілінің атына ресімделген чектерді төлеу, шоттарға есептеу үшін меммекеме өкілінің қолма-қол ақшасын беру, Банктің банктік қызметтеріне ақы төлеу мерзімінің тәртібі осы Шартпен, сондай-ақ бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және банктік заңнамамен реттеледі.
2. Тараптардың міндеттемелерi
2.1. Меммекеме:
2.1.1. Қолма-қол ақшаны алған күнге дейін алдын ала ҚАБ банктің кассасынан қолма-қол ақша алуға күтілетін сомаға чекті белгіленген тәртіппен ресімделген және алынған соманың___%-ы есебімен Банктің банктік қызметтерін төлеуге арналған төлем шотын қоса бере отырып, жекелей әрбір шығыстар ерекшелігі бойынша төлем шотын ұсынуға;
2.1.2. Шотқа есептеу үшін қолма-қол ақшаны тапсырған күні тапсырылатын соманың__%-ы есебімен Банктің банктік қызметін төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
2.2. Банк:
2.2.1. Чек бойынша операцияларды есепке алу үшін N________iшкі банктік шот ашуға;
2.2.2. АҚБ-ға бір данасы үшін ____ теңгеден бойынша (ҚҚС-ты қоса алғанда) ақша чек кітапшасын сатуға;
2.2.3. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақша алуына арналған чектер және белгіленген тәртіппен ресімделген чек тізілімдерінің атқарылуын қабылдауға;
Мемлекеттік мекемелердің төлемге ұсынатын қолма-қол ақша алуға арналған чектер тізілімдері екі данада жасалады және оларға АҚБ уәкілетті өкілдері қол қояды;
2.2.4. Ұсынылған чектердің төлемін жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қамтамасыз етуге;
2.2.5. АҚБ төленген чектердің тізілімдерін жергілікті уақыт бойынша сағат 14.30-ға дейін қамтамасыз етуге;
2.2.6. Меммекеменің өкілінен қолма-қол ақшаны жергілікті уақыт бойынша 9.00-ден 13.00-ге дейін шотқа есептеу үшін қабылдауға және қолма-қол ақшаның қабылданған барлық сомасын сол күні тиісті шоттарға есептеу үшін Бірыңғай қазынашылық шотына аударуға міндеттенеді.
2.3. АҚБ:
2.3.1. Банкке банктің кассасынан қолма-қол ақша алуға екі данада АҚБ-ның қол қою үлгілері және мөртаңбасы бар құжаттарын ұсынуға;
2.3.2. Банкке мөр жоғалған және қол қою үлгілері бар құжаттары өзгерген жағдайда тез арада хабарлауға;
2.3.3. Меммекемені Банктің ақша чек кітапшасымен қамтамасыз етуге;
2.3.4. Банкке тізілімдер мен чектерді жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін ұсынуға;
2.3.5. Банк жергілікті уақыт бойынша сағат 14.30-ға дейін ұсынған төленген чектер тізімдерінің негізінде операция күні ішінде берілген соманы қалпына келтіруді және Банктің банктік қызметтерін төлеуге ақша аударуды жүргізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Тараптар құқықтары
3.1. Банктің:
3.1.1. АҚБ Шарттың 2.3.4-тармақтарының талаптарын бұзғаны туралы куәландыратын фактілер болған кезде кассалық операциялар жасаудан бас тартуға, сондай-ақ дұрыс ресімделмеген чектерді төлеуден бас тартуға құқығы бар.
3.2. АҚБ:
3.2.1. Атауы өзгерген (қосылуы немесе қайта ұйымдастырылуы), тозған немесе мөрі жоғалған жағдайда, ол ұсынған өтініш негізінде мөрді әзірлегенге дейін қол қою үлгісі бар көрсетілген құжатта мөрінің жоқтығы және қолының қойылғаны туралы белгісі бар төлем шоты бойынша қызмет көрсетуге;
3.2.2. Төленбеген чектер бойынша және Бірыңғай қазынашылық шотына есептеу үшін уақтылы аударылмаған ақша бойынша кідірістің әрбір күні үшін айыппұл санкцияларын ұсынуға құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігi
4.1. АҚБ Шарттың 2.3.5-тармағына сәйкес төлем шоттарындағы деректемелердің дұрыстығы және төлем шотының уақтылы жіберілуі үшін жауапты болады. АҚБ-ның кінәсінен Банктің корреспонденттік шотына ақша түспеген жағдайда жұмыс күнінің аяғында соңғысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша мөлшерде кідіртілген әрбір күн үшін айыппұл есептей отырып, Банктің жеке шотына N_____банкішілік шоты бойынша қалпына келтірілмеген сома қалдығын апарады.
4.2. АҚБ чектер бойынша қолма-қол ақшаны беру және меммекеме өкілінен қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша төлем жүйесіндегі (Әртүрлі төлемдер жүйесі - ӘТЖ немесе Ірі төлемдер жүйесі - ІТЖ) төлемдердің кідіріс жағдайын қоспағанда, Банкке банктік қызметтерді уақтылы төлемегені үшін Шарттың 2.3.5-тармағына сай мерзімге сәйкес мерзімі өткен әрбір күн үшін төленбеген соманың__%-ы есебімен айырысуынан өсімақы төлейді.
4.3. Шарттың 2.2.4-тармағына сәйкес чектер төлемінің талаптарын орындамаған және Бірыңғай қазынашылық шотқа уақтылы ақша аударылмаған жағдайда Шарттың 2.2.6-тармағына сәйкес Банк тиісті бюджет кірісіне төленбеген чектер және Бірыңғай қазынашылық шотына тиісті шоттарға есептеу үшін уақтылы аударылмаған ақша сомасынан мерзімі өткен әрбір күн үшін__%-ы есебімен айыппұл төлейді. Төленбеген чектер және Бірыңғай қазынашылық шотқа тиісті шоттарды есептеу үшін уақытылы ақша аудармау жөніндегі әрбір факт өндіріс нысанында (екі данада) актімен ресімделеді және оған Банк пен АҚБ қол қояды. Актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда Банк АҚБ жазбаша бас тарту себебінің түсіндірмесін ұсынады. Айыппұл төлемі ай сайын 30 күннен кешіктірмей акт негізінде жүргізіледі.