349. Жоспардың және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініштері негізінде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу және демаркациялауға Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін және тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органға көзделген қаражат есебінен қаржыландыру жүзеге асырылатын трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты мәселелермен байланысты өкілдік шығындарды, қоспағанда, осы Ережеге 55-қосымшаға сәйкес өкілдік шығындардың нормаларына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне өкілдік шығындарға қаражат бөлуді жүзеге асырады.
350. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты бөлу сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімімен ресімделеді.
Іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктіне дейінгі көліктік шығындарына ақы төлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезіндегі өкілдік мақсаттарға қаражат бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімімен ресімделетін халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін, республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына автокөліктік қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтеріне ақы төлеуге қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімімен ресімделеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы шешімдері жоспарланған іс-шаралар басталғанға дейін қабылданады.
Егер дәйекті себептерге байланысты ерекше жағдайларда сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімін жоспарланған іс-шара басталғанға дейін қабылдау мүмкін болмағанда, белгіленген тәртіппен сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның өкілдік шығыстарды өтеу туралы шешімі қабылдана алады.
351. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімі негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
352. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік іссапарлары, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен ұсталатын, халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретінде жіберілетін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын жіберу кезінде өкілдік шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
бөлінген қаражатты айырбастау үшін сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган Астана қаласының Қазынашылық департаментінде шетел валютасында шот ашады;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық филиалы Астана қаласы Қазынашылық департаментінің өтініші бойынша шетел валютасын айырбастауды жүргізеді және оны шетел валютасындағы шотқа есептейді;
Астана қаласының Қазынашылық департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық филиалының үзіндісі негізінде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотына шетел валютасын есептеуді жүргізеді;
ай сайын 10-күніне дейін сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган Астана қаласының Қазынашылық департаментіне келесі күнтізбелік айда тиісті айдағы жоспарлы жұмсалымдарға барабар сомада қолма-қол шетел валютасын алуға арналған өтінім жібереді;
өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы қабылданған шешімнің негізінде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенімхат беру үшін ресми делегацияның құрамына енетін тұлғаны көрсете отырып, Астана қаласының Қазынашылық департаментіне хат жібереді. Астана қаласының Қазынашылық департаменті сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның хатында көрсетілген тұлғаға Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы орталық филиалында қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенімхат береді.
353. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган өкілдік шығындарға бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.
354. Өкілдік шығындарға қаражат алған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органға тоқсан сайын көрсетілген қаражатты пайдаланғаны туралы есеп, ал өкілдік шығындарға қаражат алған тұлғалар іс-шараны өткізгеннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде - тиісті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатқан ұйымның мөрімен расталған сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны мен көлемін көрсете отырып, растайтын құжаттарды (түбіртектерді, шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды) беруі тиіс.
Осы Ереженің 352-тармағында анықталған тәртіппен бөлінетін қаражат бойынша есеп беретін тұлға іс-шаралар жүргізілгеннен кейін 30 күнтізбелік күннің ішінде сыртқы экономикалық қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған гербтік мөрмен расталған Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының Бастығы немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретінде жіберу кезінде бекіткен өкілдік мақсаттарға арналған шығындар бойынша актіні, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбіртекті және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орталық филиалының кіріс ордерін қайтарады.
355. Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жүктеледі.
44-тарау. Қазақстан Республикасы Yкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібi
ҚР Үкіметінің 2008.14.03. № 249 Қаулысымен 356-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
356. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесу органы;
көзделмеген шығындар - көзделмегендігіне байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кезек күттірмей қаржыландыруды талап ететін шығындар;
Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегі - басқа мемлекеттердің аумағында әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы қайтарусыз көрсететін көмек.
357. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар резервінің қатаң нысаналы мақсаты бар әрі осы Ережеде және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтен ақша бөлу туралы шешімінде көзделмеген қажеттіліктерге пайдаланылмайды.
ҚР Үкіметінің 2008.14.03. № 249 Қаулысымен 358-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
358. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу туралы шешімдерін дайындау мынадай:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға ақша не жетіспеген;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар резервінің ақшасына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында туындаса және оларға қажеттілік міндеттемелерді тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдардың соттардың шешімдері бойынша өтеу жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өткен міндеттемелеріне байланысты болмаған;
3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуге арналған төтенше резервін пайдаланған жағдайда Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайларда жүзеге асырылады.
359. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген ақшаны пайдаланбаған немесе ішінара пайдаланған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тиісті бюджетке бөлінген қаражаттың пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
360. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы қолдаухаттарды төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкілетті орган қарайды. Бұл ретте, пайда болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлік немесе ғаламдық ауқым алуға тиіс.
361. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатты облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органы немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлімі қарайды.
362. Негіздейтін материалдарды және олардың тізбесін беру тәртібін төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
Төтенше резервтен бұзылған объектілерді салуға немесе күрделі жөндеуге ақша бөлген жағдайда құжаттардың қатарында сондай-ақ құрылыс жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы беріледі.
363. Өңірлік және жаhандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі болған кезде төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Yкіметіне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешім жобасын енгізеді.
364. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі болған кезде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органы немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешім жобасын енгізеді.
365. Төтенше резерв ақшасы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға бағытталады.
366. Басқа мемлекеттердің аумағында әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында тиісті орталық мемлекеттік орган Комиссия ұсынымдарының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми гуманитарлық көмек көрсетуге арналған шешімінің жобасын әзірлейді және заңнамада белгіленген тәртіппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
367. Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегі ақшалай немесе тауар нысанында ұсынылады.
368. Қазақстан Республикасының ақшалай нысанда ресми гуманитарлық көмек көрсетуі кезінде ақша қаражатын аудару алушы елдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шоттардың деректемелерін ресми бергеннен кейін жүзеге асырылады.
369. Қазақстан Республикасының тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін ұсынылған тауарлардың құнын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде төтенше резервтен жүзеге асырылады.
370. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге көзделмеген шығындарға ақша бөлген жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен ақша бөлу туралы қолдаухат ұсынады, соңғысы болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолдаухатты қараусыз қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2008.14.03. № 249 Қаулысымен 370-1-тармақпен толықтырылды
370-1. Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп тудыратын жағдайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, қарастырылған көзделмеген шығындарға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және арттыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуге жол берілмейді.
371. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған қолдаухаттың негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінде көзделген шекте ақшаны бөлу қажеттілігі немесе бөлу мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
372. Мемлекеттік органның қолдаухатына оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Yкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік орган дайындайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасына осы мемлекеттік орган ақша бөлу туралы оң қорытындының көшірмесін қоса береді.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 701 Қаулысымен 373-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
373. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының және аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау сот атқарушы құжаттары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерін орындауға арналған резервінен қамтамасыз етіледі.
Соттардың шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары және аумақтық бөлімшелері төлемдерді жүргізеді, ал қолданыстағы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда көрсетілген шешімдерді барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс.
Орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері өздерінің заңсыз қабылданған актілері үшін, сондай-ақ әкімшілік басқару саласындағы лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері үшін оларды ұстауға бөлінген ақшамен жауап береді.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 701 Қаулысымен 374-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
374. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелерін орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын орындау құжаттарының атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган сот актілерінің көшірмесін және заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін орындау құжаттарын ұсынғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 701 Қаулысымен 374-1-тармақпен толықтырылды
374-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдар қылмыстық іс жүргізетін органдардың лауазымды тұлғалары келтірген зиянды өтегеннен кейін, мұндай тұлғалардың кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленсе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қолданады.
ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 701 Қаулысымен 375-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
375. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің міндеттемелерін орындауға ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын орындау құжаттарының атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган сот актілерінің көшірмесін және заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін орындау құжаттарын ұсынғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті орталық мемлекеттік орган дайындайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындауға ақша бөлу туралы шешімнің жобасына орталық мемлекеттік орган осы Ереженің 373-тармағын сақтауын растайтын материалдардың көшірмесін қоса береді.
376. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау сот атқарушы құжаттары болған кезде соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегі атқарушы органдардың резервтерінен қамтамасыз етіледі.
Соттардың шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті жергілікті атқарушы органдар төлемдерді жүргізеді, ал қолданыстағы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда көрсетілген шешімдерді барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс.
Жергілікті атқарушы органдар өздерінің заңсыз қабылданған актілері үшін, сондай-ақ әкімшілік басқару саласындағы лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері үшін оларды ұстауға бөлінген ақшамен жауап береді.
377. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегі атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті атқарушы орган дайындайды.
Бұл ретте соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегі атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасына мүдделі жергілікті атқарушы органдар осы Ереженің 376-тармағын сақтауды растайтын материалдардың көшірмелерін қоса береді.
378. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерві ағымдағы қаржы жылында республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне кредит беру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделеді.
379. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатты береді.
380. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған қолдаухаттың негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің осыған ұқсас мәселелері бойынша бұрын қабылданған шешімдеріне және облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:
1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана қаласының бюджеттеріне түсетін түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің тапшылығын қамтамасыз етілмеген шығыстарды қаржыландыруға жіберілуі;
3) республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдар берешегінің болмауы;
4) бөлінетін кредиттің сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы орган борышының лимитін арттыруға әкеп соқтырмауы тиіс.
381. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және республикалық бюджетті нақтылауды талап етпейді.
382. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган енгізеді.
383. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв ағымдағы қаржы жылында олардың бюджетінің қолма-қол ақша тапшылығын болжамдаған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар) қала бюджетіне кредит беру үшін облыстық бюджетте көзделеді.
384. Ағымдағы қаржы жылында болжамдаған жағдайда аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстың деңгейдегі атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен облыстық деңгейдегі атқарушы органның резервінен ақша бөлу туралы қолдаухат береді.
385. Бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті орган ұсынылған қолдаухаттың негізінде, сондай-ақ облыс әкімдігінің осыған ұқсас мәселелері бойынша бұрын қабылданған шешімдеріне және төмен тұрған бюджеттерге бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Ағымдағы қаржы жылы болжамдалған жағдайда облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарының резервінен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:
1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне түсетін түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;