Осы редакция 2007 жылғы 5 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Сауда қызметін реттеу комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
(2006.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда қызметін реттеу комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң құзыретi шегiнде және заңнамаға сәйкес арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ сауда қызметін реттеу және демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк шараларды қолдану саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, 473000, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитетi" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге Комитетке тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда бұл қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Комитеттің негiзгi мiндеттерi
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) сауда қызметін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
2) сауда қызметте салааралық үйлестiру;
3) тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау;
4) кедендiк-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мәселелерiн үйлестiру;
5) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комитет заңнамаға сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
сауда:
1) сауда қызметінің мониторингiн жүзеге асыру;
2) әлемдiк рынокта сұранысқа ие бәсекеге қабілетті тауарларды өндiрудi ұлғайтуды қамтамасыз ету;
3) экспорттың өсiмiн және әртараптануын қамтамасыз ету;
4) теңгермелi iшкi рынокты құруға бағытталған қорғаныштық-қолдампаздық шаралардың жүйелерiн iске асыру;
5) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен реттеу;
6) тарифтiк квоталар қолдану жөнiндегі шараларды iске асыру;
7) сыртқы рыноктарда қазақстандық тауарлардың қол жетiмдiлігін шектейтін сыртқы сауда дауларын реттеу;
8) қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шараларды енгізу алдындағы талқылауларды жүргiзу;
9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі сауда өкiлдiктерiнiң қызметiне басшылық жасау және оны үйлестiру;
10) сауда қызметi саласындағы орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;
11) сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бiрлескен үкіметаралық комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге қатысу;
12) iшкi сауда саласындағы және тұтыну рыногындағы экономикалық бағдарламаларды iске асыру;
13) басқа елдердiң мүдделi органдарымен және халықаралық ұйымдармен демпингке қарсы, өтемдік және арнайы қорғау баждарын, сандық шектеулердi енгізу мәселелерi бойынша өзара іс-қимыл жасасу;
14) сыртқы саудада экономикалық мүдделердi қорғау үшiн халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, талқылаулар жүргiзу жөніндегі рәсiмдердi iске асыру;
15) талқылаулар жүргiзiлетiн тауарлар импортының мониторингі, сондай-ақ талқылаулар бойынша деректер банкiн құру және жүргiзу;
16) сыртқы және iшкi тауар рыноктарындағы конъюнктураны зерделеу және оның мониторингi;
17) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асыру, оның iшiнде берiлген лицензиялар бойынша есеп жүргiзу;
туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
18) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен 20) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
20) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24) ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
бақылау-қадағалау функциялары:
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану кезінде бақылау;
26) ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
27) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға:
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының сауданы дамыту мәселелерi жөніндегі заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгізуге;
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) сауда қызметін дамыту және тауарларды өндiру мен сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрқатар мемлекеттерге қатысты халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу мүмкiндiгi туралы ұсыныстар енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының кедендiк-тариф саясатын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
5) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу және оны сыртқы экономикалық қызметтi мемлекеттік реттеу мiндеттерiне сәйкес жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
6) сыртқы сауданы, Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операцияларын жүргiзу тәртібін, шет елдермен өзара қарым-қатынастарды жетiлдiру, халықаралық экономикалық ұйымдардың жұмысына қатысу жөніндегі ұсынымдарды енгізуге;
7) тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту жөніндегі шараларды жандандыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
8) сауданы дамытуға байланысты мемлекетаралық және республикалық сауда көрмелерiн, жәрмеңкелер, аукциондар, жарнамалық және басқа да iс-шаралар өткiзуге, семинарлар, бизнес-форумдар әрi республикалық және халықаралық деңгейде iскер топтардың кездесулерiн ұйымдастыруға;
9) тауарларды сатуды тоқтата тұру және (немесе) тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
10) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн терiс салдарды жою мақсатында демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк баждардың мөлшерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
11) тауарлар импорты кезiнде iшкi рыноктағы адал бәсекелестiктi бұзушылық фактiлерiн анықтау кезiнде заңнамада белгiленген шараларды қолдану жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
12) экспорт пен импорттың құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
13) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпарат сұрауға және алуға;
14) жеткiзушiлерден қабылданған мiндеттемелердiң орындалуы туралы мәлiметтер сұрауға және олардың дұрыстығын тексеруге;
15) экспорттаушының еліндегі ақпараттың дұрыстығын тексерудi жүргiзуге;
16) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) сауда саласында консультациялар мен сараптамалар жүргiзу үшiн орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың мамандарын тартуға құқылы.
5. Комитеттiң мүлкiJLNK1000495779
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
14. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктiң есебiнен құралады.
15. Комитетке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
16. Комитеттiң, егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгiленбесе, өзiне бекітіп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
6. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Комитетті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
18. Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
19. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi, оларға тәртiптік жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитетті бiлдiредi.
20. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
7. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.