Көңді биотермиялық залалсыздандыру арнайы жабдықталған алаңқайларда жүргізіледі.
34. Ғимарат кәрізге қосылады. Кәріздің өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суға арналған ішкі желісі бөлек жабдықталады және коллекторға өздігінен шығуы тиіс. Өндірістік және тұрмыстық суды тиісті тазалау мен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз ашық су тоғандарына жіберуге рұқсат етілмейді. Өндірістік цехтарда ағынды су: құрамында май бар, құрамында май жоқ, шаруашылық-тұрмыстық және ластанбаған өндірістік су үшін ішкі кәріздің бөлек желісі көзделеді.
35. Кәрізге немесе жергілікті тазарту құрылыстарына жіберу алдында ағынды сулар:
1) механикалық тазартудан өтеді;
2) құрамында майы барлары майтұтқыштардан өтеді;
3) карантинді бөлімшеден және сумен шайылған аумақтан көңді ұстап қалушы арқылы жіберіледі, залалсыздандырылады.
36. Ағынды суды қабылдау үшін бетондалған шұңқыр өндірістік ғимараттан кемінде 20 метр қашықтықта орналасады, қақпақпен жабдықталады және оның 2/3 көлемінің толу шамасына қарай тазартылады.
12. Ет және ет өнімдерін өндіруге қойылатын қауіпсіздік талаптары
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен 37-тармақ өзгеріссіз қалдырылды (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
37. Қауіпсіз ет және ет өнімдерін өндірудің міндетті шарты оларды өндіру, қаптау, сақтау, тасымалдау және сату кезінде тамақтан уланудың және дайын өнімді тамаққа қолдану кезінде жұқпалы аурулардың туындау мүмкіндігінің алдын алатын гигиеналық талаптарды орындау болып табылады.
38. Ет және ет тағамдарында санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қадағалау органдары белгілеген санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес фармакологиялық заттардың және химиялық ластағыштардың болуы бақыланады.
Құрамында фармакологиялық заттардың қалдықтары бар, Қазақстан Республикасында тіркелмеген шикізатты қолданып ет өнімдерін өндіруге тыйым салынады.
Ет және ет өнімдеріндегі ластағыштардың санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау уәкілетті органдары белгілеген гигиеналық нормалардан және рұқсат етілген деңгейден асуына жол берілмейді.
39. Етті және сойылған өнімдерді қайта өңдеу цехында осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес температуралық-ылғалдылық режим сақталады.
40. Ет және ет өнімдерін өндірген кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес су қолданылады.
Объектілерде ауыз су жүйелері мен айналмалы сумен жабдықтау жүйелерін тоғыспалы түрде қосуға жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41. Ет және ет өнімдеріне ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу үшін өндіріс кезінде өндірістік бақылау бөлімшелері құрылады және жұмыс істейді.
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42. Ет өнімдерін өндіру өнімнің қауіпсіздігін және нормативтік құжатпен белгіленген тағамдық құндылығын қамтамасыз ететін белгіленген тәртіппен бекітілген рецептураларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тағамдық қоспалар мемлекеттік тіркеуді растайтын құжатпен бірге жүреді және белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасының технологиялық нұсқауларына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес пайдаланылады.
43. Отандық және импорттық өндірістің ет шикізаттары өнеркәсіптік қайта өңдеуге ветеринарлық ілеспе құжаттармен бірге қабылданады.
44. Технологиялық процестер:
1) қосымша өнімдерден және қаннан дайындалатын өнімдерді оқшауланған үй-жайда әзірлеуді қамтамасыз етуі тиіс. Шұжық өндірісінде қолданылатын қосымша өнімдерді мұздан еріту, сұрыптау және жуу тоңазытқыштың мұздан еріту камерасында, ал ол болмаған жағдайда шұжық цехының бөлек үй-жайында;
2) шартты-жарамды ет пен қосымша өнімдерді шұжық және аспаздық цехтардың өндірістік үй-жайларында пісіру арқылы зарарсыздандыру мүмкіндігін болдырмауды;
3) шұжық цехының термиялық бөлімшесіне өндірістік үй-жайлар арқылы отынды (үгіндіні, ағашты) беру мүмкіндігін болдырмауды;
4) тамақ өнімдерін шығаратын шұжық, аспаздық және басқа да цехтардың дайын өнімдерін орайтын ыдыстардың өндірістік үй-жайларды айналып өтіп, дәліз немесе экспедиция арқылы берілуін қамтамасыз етуі тиіс. Ыдыстардың тамақ цехтарында сақталуына жол берілмейді.
13. Ет және ет өнімдерінің қоймаларына, ыдысына, оралуына және
таңбалануына қойылатын қауіпсіздік талаптары
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен 45-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45. Шикізатты, дайын өнімді, буып-түю және қосалқы материалдарды сақтау үшін объектілерде қоймалық үй-жайлар жабдықталады.
Тағамдық шикізат пен қосалқы материалдарды сақтау үшін стелаждар мен сөрелер пайдаланылады, оларды еденге төсеуге жол берілмейді. Барлық қоймалық үй-жайларды таза ұстау керек және кезең-кезеңмен дезинсекция және дератизация жасалуға тиіс.
46. Жабдық, мүкәммәл мен ыдыс тағамдық өнімге байланысты қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалады және қажетті нормативтік және техникалық құжаттамасы болуға тиіс.
Ет өнімдерін салуға дейін жабдықтар, көлік құралдары және ыдыс санитарлық өңделуден өтеді.
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.02.05. № 567 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 47-тармақ жаңа редакцияда
47. Ет және ет өнімдерін буып-түю, таңбалау «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген техникалық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі.
14. Жануарларды, ет және ет өнімдерін тасымалдауда көлік құралдарына,
тасымалдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен 48-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
48. Ет және ет өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдарына және/немесе контейнерлерге мынадай талаптар қойылады:
олардың ішкі беті немесе кез келген басқа бөлігі тамақ өнімдерімен байланыста қолданысқа рұқсат етілген материалдардан жасалады. Материалдар тегіс, жеңіл тазалануы және дезинфекциялануы тиіс;
өнімді жәндіктерден және шаңнан тиімді қорғауды қамтамасыз етуі және сұйықтың дренажын болдырмау үшін су өткізбейтін болуға тиіс;
ұшаларды, жарты ұшаларды, ұшаның төрттен бір бөлігін тасымалдау үшін олар ет еденге тимейтін биіктікте орнатылған ілінетін жас ет үшін шірімейтін күршектермен жабдықталады;
көлік құралдарын немесе контейнерлерді онда тірі жануарларды немесе түрлі басқа жүкті тасымалдағаннан кейін ет және ет өнімдерін тасымалдауға қолдануға жол берілмейді.
49. Ет және ет өнімдерін тасымалдауға қолданылатын көлік құралында санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық-санитарлық (санитарлық) ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес температуралық-ылғалдылық режимі сақталады.
15. Сәйкестікті растау
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50. Ет өнімінің сәйкестігін растау қауіпсіздік көрсеткіштерінің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.
Ет тағамдарының осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) дайындаушының сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы;
2) өтініш берушінің заңнамада белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатын алуы.
16. ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17. Қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары
52. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Ет және ет өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
1-қосымша
Ет өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
температуралық және ылғалдылық режимдер
Үй-жай | Ауа температурасы, 0С | Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы % |
1 | 2 | 3 |
Жарты, ширек ұшалардағы және кесектердегі етті жібітуге арналған камера | | |
шұжық өндірісі үшін | 16-20 | 90-95 |
жартылай фабрикаттар мен ораулы ет өндірісі үшін | 8 | 85-90 |
Салқындатылған жүктерді жинауға арналған үй-жай (жарты ұшадағы, блоктар, қосымша) | 4 | 90 |
Ет бөлу цехы, машиналық зал және шприц цехы, котлет цехы, ораулы ет өндірісі, кесектер мен жартылай фабрикат | 12 | 70 |
Сан етін дымқыл және құрғақ тұздау бөлімшесі | 4 | 85 |
Фаршты жетілдіру бөлімшесі | 2-4 | 85-90 |
Шұжық басылатын камера | | |
жартылай ысталған | 8 | 85-90 |
пісіріліп ысталған | 8 | 85-90 |
шикілей ысталған | 4 | 85-90 |
Жартылай ысталған, пісіріліп ысталған және шикілей ысталған шұжықтарға арналған кептіретін | 12 | 75 |
Пісірілген шұжықты ауамен салқындататын камера | 2-8 | 90-95 |
Шұжықты сақтауға арналған үй-жай | | |
пісірілген | 0-8 | 85-90 |
пісіріліп ысталған | 12-15 | 75-78 |
ысталған шұжық өнімдері | | |
ілулі күйде | 12-15 | 75-78 |
буып-түйілген күйде | 0-4 | 75 |
Бөлімше | | |
тағамдық қан жинау және өңдеу | 17-18 | 75 |
19-20 | 75 |
26-дан аспайды | 65 |
ұшаны ішкі мүшелерден тазалау қосымша өнімдерді өңдеу | 17-18 26-дан аспайды | 75 |
қосымша өнімдерді өңдеу (жүнді) | 16-18 | 75 |
Цех | 25-тен аспайды | |
тағамдық ерітілген май | 17-19 20-22 27-ден аспайды | - |
Термиялық бөлімше | 18-20 20-22 24-тен аспайды | - - - |
өкпе-бауырдан жасалатын шұжық өндірісі | 18-20 20-22 27-ден аспайды | 75 75 60 |
техникалық өнімдердің аппараттық цехы | 22-24 24-25 27-ден | 75 70 60 |
техникалық өнімдердің шикізат цехы | 17-20 20-22 26-дан аспайды | 75 75 65 |
Техникалық ерітілген май цехы | 17-19 20-22 27-ден аспайды | 75 75 60 |
Техникалық альбумин өндірісінің бөлімшесі | 18-22 22-23 27-ден аспайды | 75 75 60 |
Ескертпе:
температура мен салыстырмалы ылғалдылықтың бірінші мәні суық кезең үшін, екіншісі - ауыспалы, үшіншісі - жылы.
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ет және ет өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламентке
2-қосымша
Осы Техникалық регламент қолданылуы және орындалуы үшін міндетті қауіпсіздік талаптарын
белгілейтін техникалық реттеу объектілерінің
тізбесі
р/с № | Позицияның атауы | КО СЭҚ ТН коды |
1 | 2 | 3 |
1 | Ірі қара малдың еті, жас немесе тоңазытылған | 0201 |
2 | Мұздатылған ірі қара малдың еті | 0202 |
3 | Шошқаның жас тоңазытылған немесе мұздатылған еті | 0203 |
4 | Жас қой немесе ешкі еті, тоңазытылған немесе мұздатылған | 0204 |
5 | Жылқылардың, есектердің, қашырлардың немесе лошактардың еті, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған | 0205 00 |
6 | Ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің, жылқылардың, есектердің, қашырлардың, немесе лошактардың жас тағамдық қосымша, тоңазытылған немесе мұздатылған өнімдері | 0206 |
7 | 0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас тоңазытылған немесе мұздатылған | 0207 |
8 | Өзге де ет және тағамдық қосымша ет өнімдері, жас тоңазытылған | 0208 |
9 | Арық еттен сылынып алынған шошқа тоң майы мен үй құсының тоң майы, шыжғырылмаған немесе басқа тәсілмен алынбаған, жас, тоңазытылған, мұздатылған, тұздалған, тұздық судағы, кептірілген немесе ысталған | 0209 00 |
10 | Тұздалған, тұздық судағы, кептірілген немесе тұздалған ет және тағамдық қосымша ет өнімдері; еттен немесе ет өнімдерінен жасалған тағамдық ұн | 0210 |
11 | Шұжықтар және еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе қаннан жасалған соған ұқсас өнімдер; солардың негізінде әзірленген дайын тамақ өнімдері | 1601 00 |
12 | Еттен алынатын сығындылар немесе шырындар | 1603 00-ден |
13 | Дайын және әзірлеу үшін дайындалған сорпалар мен бульондар (көкөністерден басқа); гомогендендірілген құрамы шұжықтар, ет, қосымша ет өнімдерін құрайтын дайын тағамдық өнімдері | 2104-тен |