Компанияның таза пайдасы 2006 жылы 55,4 млрд. теңге, 2007 жылы - 53,9 млрд. теңге және 2008 жылы 42,5 млрд. теңге деңгейінде болжанып отыр.
Таза пайданың 23%-ға (2008 жылға қатысты 2007 жылы) болжамды азаюы мынадай факторларға негізделген:
1) мұнай бағасының 17 %-ға, бір баррель үшін 34,4 АҚШ долларынан бір баррель үшін 28,5 АҚШ долларына дейін болжамды төмендеуі;
2) КТК құбырларына мұнай жеткізудің 53 %-ға, 2006 жылы 1 500 млн. тоннадан 2008 жылы 2 300 млн. тонна мұнайға дейін өсуіне байланысты көліктік шығыстарының ұлғаюы;
3) 2006 жылдан бастап өндіру көлемін 9,45 млн. тонна деңгейінде тұрақтандыру.
Компанияның дивидендтік саясаты Компанияның 2004-2006 жылдарға арналған даму жоспарының құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 шілдедегі № 784-қпү қаулысымен бекітілген. Еншілес ұйымдарға үлестік қатысудан түсетін кірістерді есепке ала отырып, Компанияның таза пайдасы дивиденд есептеу объектісі болып табылады. Компания 2006-2008 жылдары 2 млрд. теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр.
Перспективалы 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 1 жобада құрлықтағы кен орнын игеру көзделеді, 8 жоба Каспий қайраңының құрылымын геологиялық барлауға және игеруге қатысты, 3 жобада көмірсутек шикізатын өндіруге қызмет көрсету, сақтау және тасымалдау жөніндегі инфрақұрылымдық объектілерді салу, жаңғырту көзделеді, 3 жоба сервистік қосалқы қызметтер саласына қатысты және басқаларына қарағанда Компанияның негізгі бизнесі үшін бейінді емес.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ (бұдан әрі - Компания) Компанияның негізгі мақсаты уран өнеркәсібі кәсіпорындарын басқару функцияларын қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсаттарға орай, болжамды кезеңде шешілуі қажет мынадай міндеттер қалыптасты:
Табиғи уран өндірісінде:
қолданыстағы кен орындарында ("Шығыс Мыңқұдық", "Қанжуған", "Ақдала") уран өндіру көлемдерін өсіру;
"Ыңғай", "Мойынқұм" "Төртқұдық", "Заречное", "Иіркөл", "Қарасан", "Орталық Мыңқұдық", "Оңтүстік Ыңғай", "Батыс Мыңқұдық", "Буденовское" кен орындарында жаңа рудниктер салу;
табиғи уранның химиялық концентратын тотықша-тотыққа дейін қайта өңдеу жөніндегі қуаттарды дамыту;
Степногорск кен-химия комбинатында қуаты 80 мың тонна Күкірт қышқылы зауытын іске қосу.
Уран өндірісін дамыту бойынша:
құрамында уран бар материалдар мен қалпына келтірілген уранды ресейлік дизайндағы реакторларға арналған отын таблеткаларына дейін қайта өңдеу қызметтері бар ресейлік рыноктағы өз позициясын сақтау;
құрамында уран бар ашылуы қиын қайталама балқымаларды қайта өңдеудің әлемдік рыногындағы монополист позициясын сақтау;
табиғи байытылған, төмен байытылған, "әлсіз байытылған" уран диоксидының ұнтақтарымен сыртқы рыноктарға шығу;
батыстық дизайндағы реакторларға арналған таблеткалармен әлемдік рынокқа шығу.
Бериллий өндірісін дамыту бойынша:
Қытай рыногына бастапқы бериллий өнімдерін жеткізуде жетекші позицияларға шығу;
АҚШ рыногындағы позицияны кеңейту;
Ресей рыногындағы монополиялық мәртебені сақтау;
Еуропа рыногындағы позицияларды нығайту және кеңейту.
Тантал-ниобий өндірісін дамыту бойынша:
өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету;
жоғары технологиялық өнімдерді:
- сыйымдылығы жоғары тантал конденсаторлық ұнтақтарын;
- танталдан жасалған өнімнің жетілдірілген түрлерін шығару жөніндегі өндірістерді ұйымдастыру есебінен тантал өндірісі өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
сыйымдылығы жоғары ұнтақтарды, конденсаторлық сымды және тантал өндірісінде шығарылатын тантал жабдықтарын шикізат ретінде пайдалана отырып, тантал электр конденсаторларын шығару жөніндегі конденсатор зауытын салу.
Мынадай:
2006 жылы - 3 735,2 млн. теңге;
2007 жылы - 6 332,9 млн. теңге;
2008 жылы - 11 482,0 млн. теңге таза пайда алу жоспарланып отыр.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
бәсекеге қабілетті ядролық отын өндіру;
уран өнімдерінің барлық түрлері бойынша маркетингтік зерттеулердің тиімділігін арттыру;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және жартылай үзбей құю технологиясын енгізу;
конденсаторлар үшін сыйымдылығы жоғары тантал ұнтақтарын және сым өндіру технологиясын құру;
жұмыс істеп тұрған өндірісті техникалық қайта жарақтандыру.
Инвестициялық жобалар:
Уран, бериллий және тантал өндірісінің жобаларын іске асыру өңірі - Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.
Инвестициялық бағдарламалар:
уран өндірісі - жалпы сомасы 2 139 597 мың теңге 8 жоба;
бериллий өндірісі - жалпы сомасы 1 462 918 мың теңге 4 жоба;
тантал өндірісі - жалпы сомасы 1 375 455 мың теңге 5 жоба;
"Экология" бөлімі бойынша - жалпы сомасы 1 362 203 мың теңге 5 жоба.
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ
2006-2008 жылдары елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық бағасы демпингінің алдын алу, астық өткізу рыноктарын кеңейту компанияның негізгі мақсатына жатады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) алдында мынадай міндеттер тұр:
мемлекеттік астық ресурстарын сақтауды және жаңартуды қамтамасыз ету;
отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден жыл сайын астық сатып алуды жүзеге асыру;
қазақстандық астықты әлемдік рыноктарға жылжыту және дәстүрлі рыноктардағы позицияларды нығайту.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
2006-2008 жылдары мынадай шаралар көзделеді:
тұқымдық материал сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
ішкі рыноктағы астық бағасын реттеу;
мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің сақталу сенімділігін арттыру;
қазақстандық астықты, оның ішінде оны тасымалдау жөніндегі проблемаларды шешу жолымен өткізудің тиімділігін жоғарылату;
астық өңдеуші ұйымдарға астық өткізудің тәртібін, оның уақтылы және тиімді өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында жетілдіру;
қазақстандық астықты халықаралық рыноктарға жылжыту.
2006 жылға арналған негізгі қызметтен кірісі 32347,2 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 4765,6 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 27581,6 млн. теңге.
2006 жылы бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 294,3 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланады.
2007 жылға арналған негізгі қызметтен кірісі 34288 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 5051,2 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 29236,5 млн. теңге.
2007 жылы бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 323,8 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланады.
2008 жылға арналған негізгі қызметтен кірісі 36002,4 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 5304,1 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 30698,3 млн. теңге.
2008 жылы бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 349,6 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланады.
Корпорацияның ортамерзімді кезеңдегі инвестициялық саясатының негізгі басымдықты бағыттары болып қазақстандық өнім өткізу нарықтарын кеңейту, оның экспорты көлемін арттыру, мақта өндірушілерге қолдау көрсету, сондай-ақ Компанияның одан әрі қозғалысты дамуы үшін капиталдандыру деңгейін жоғарлату табылады.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ
2006-2008 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (бұдан әрі - Компания) негізгі мақсаты электрондық үкімет құру үшін базалық инфрақұрылым қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қалыптасуына жәрдемдесу болып қала береді.
Осыған байланысты жоспарланып отырған кезеңде Компанияның негізгі міндеттері:
нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру;
"электрондық" үкімет қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін қалыптастыру және дамыту;
"электрондық үкімет" инфрақұрылымының базалық құрамдауыштарын қалыптастыру;
ведомствоаралық және типтік ведомстволық ақпараттық жүйелерді құру және дамыту;
жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін құру;
"электрондық үкіметтің" ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;
"Электрондық үкімет" инфрақұрылымын қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Компания 2006 жылы 859,7 млн. теңге, 2007 жылы 959,7 млн. теңге, 2008 жылы 1058,3 млн. теңге негізгі қызметтен кіріс алуда жоспарлануда. 2006 жылы 47,9 млн. теңге, 2007 жылы - 48,1 млн. теңге, 2008 жылы - 52,6 млн. теңге мөлшерінде таза пайда алуды жоспарлап отыр, оның ішінде бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 2006 жылы 14,5 млн. теңге, 2007 жылы 15,0 млн. теңге және 2008 жылы 15,8 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланып отыр.
"Қазпочта" АҚ
"Қазпочта" АҚ (бұдан әрі - Компания) таяу перспективада дамуының негізгі мақсаты жоғары сапалы деңгейде ұсынылатын почта-жинақтау қызметтерге еркін қол жетімділікті қамтамасыз ете алатын өңірлік инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
Компанияның материалдық-техникалық базасын жетілдіру және қазіргі заманғы технологияларды енгізу;
почта-жинақтау қызметтерін ұсыну сапасын арттыру;
көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту және қазіргі заманғы банктік өнімдер мен Интернетке бағдарланған қызметтерді енгізу үшін технологиялық база құру;
почта-жинақтау қызметтерін дамыту үшін қаржы тетіктерін қалыптастыру;
басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды болжайды:
қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлерде өңірлік желіні дамыту;
прогрессивтік технологиялар базасында почта-жинақтау қызметтерінің жаңа түрлерін енгізу;
почта-жинақтау қызметтерін көрсету сапасын арттыру.
Шетелдік ұйымдармен және почта әкімшіліктерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласында Компания:
біртұтас почта аумағын сақтау және дамыту үшін Дүниежүзілік почта одағының органдарымен, өңірлік почта одақтарымен, шетелдік почта әкімшіліктерімен ынтымақтастықты;
почта жөнелтілімдерін жіберудің бақылау мерзімдерін сақтауды жалғастырады.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
Инвестицияларды өңірлік инфрақұрылымды дамытуға жіберу капиталдық және ақпараттық-технологиялық жайластыру деңгейі бойынша почта-жинақтау қызметтерінің стандартты тізбесін сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Мынадай іс-шаралар басым болып айқындалған: өңірлік желіні және магистральдық бағыттарды оңтайландыру мақсатында почта жөнелтілімдерін жеткізу жиілігін және оларды жеткізу мерзімдерін қоса алғанда, почта байланысын пайдалану көрсеткіштерін жақсарту.
Алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізу үшін таяу перспективада көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге, олардың жаңа түрлерін енгізуге көп назар аударылады, оның ішінде:
EMS Kazpost курьерлік қызметін дамыту және халықаралық жедел почта саласында әлемнің аса ірі почта әкімшіліктерімен ынтымақтастық;
тапсырыстар бойынша сәлемдемелік сауда жүйесінің шегінде сервистік қызмет көрсету арқылы "Taуap-Почтамен" каталогтары бойынша, оның ішінде Интернет арқылы почталық сауданы ұйымдастыру және дамыту;
халықтың тұрғын үй жинақтарын және тұтыну кредиттерін беруді тарту жөніндегі агенттік қызметтерді дамыту;
кеңейтілген функционалдық мүмкіндіктері бар банкоматтарды пайдалану және Pos терминалдарды орнату арқылы пластикалық карточкалар қызметтерін енгізу;
сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорларына шарттар жасасу, зейнетақы жинақтары туралы хабарламаларды жеткізіп беру жөнінде агенттік қызметтер көрсету саласын кеңейту.
Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық дамуына, жәрдемдесу үшін Компания 2006-2008 жылдары біртұтас ақпараттық кеңістікке қол жетімділікті қамтамасыз ететін және технологиялық дамудың базалық тұғыры болатын технологиялық процестерді жаңғырту және автоматтандыру процесін жалғастыруды жоспарланып отыр. Негізгі іс-шаралар ретінде мыналар айқындалды:
корпорациялық ақпараттық жүйені енгізуді аяқтау;
Компанияның ауылдық өңірлік желісін компьютерлендіру;
Компанияның материалдық-техникалық базасын жаңғыртуды жүзеге асыру және қазіргі заманғы технологияларды енгізу;
жоғары технологиялық қызметтерді енгізу үшін техникалық негіз құру.
2006-2008 жылдары шығатын жазбаша хат-хабардың көлемін 36,5 млн. бірлікке дейін немесе 2004 жылға қатысты 11,3 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету, 2006-2008 жылдары сәлемдемелерді қабылдау деңгейін 1,57 млн. бірлікке дейін немесе 2004 жылмен салыстырғанда 4,7 %-ға арттыру жоспарланып отыр, мерзімді баспа басылымдарының көлемін 2004 жылға қатысты 23,7 %-ға өсіруді қамтамасыз ете отырып, 194,0 млн. бірлікке дейін жеткізу ұйғарылған. 2008 жылы қабылданған жеделдетілген почта жөнелтілімдерінің санын 370 мың бірлікке немесе 2004 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға арттыру жоспарланады.
Компания 2006 жылы 8470,2 млн. теңге, 2007 жылы 9528,9 млн. теңге, 2008 жылы 10624,5 млн. теңге негізгі қызметтен кіріс алуда жоспарлануда. 2006 жылы 174,2 млн. теңге, 2007 жылы - 175,7 млн. теңге, 2008 жылы - 177,5 млн. теңге мөлшерінде таза пайда алуды жоспарлап отыр, оның ішінде бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 2007 жылы 50 млн. теңге және 2008 жылы 55 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланып отыр.
"Қазақтелеком" АҚ
Экономиканың өрлеуімен, іскерлік белсенділіктің жандануымен, халық табысының біршама өсуімен сипатталатын қолайлы макроэкономикалық факторлар болжанып отырған кезеңде телекоммуникация қызметтерін көрсетуге деген көтеріңкі сұранысты қалыптастырады және телекоммуникациялар рыногының серпінді дамуына септігін тигізеді.
"Қазақтелеком" АҚ (бұдан әрі - Компания) жоспарланып отырған кезеңге арналған мақсаты:
1) мемлекеттік басқару органдары мен қоғамның телекоммуникациялық қызметтердің барлық түрлерін алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
2) рыноктық құнды тұрақты ұзақ мерзімді өсіру болып табылады.
Компанияның алдағы кезеңге арналған міндеттері:
1) өзінің рыноктағы позициясын нығайту;
2) бизнеске бағдарланған ішкі және сыртқы саясатты қалыптастыру;
3) бәсекеге қабілетті әрі қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
1) қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруды аяқтау;
2) жоғары табысты сегменттерде бизнесті жандандыру;
3) қызметтер мен клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру.
Негізгі телефон аппараттарының саны 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға өседі және 2,4 млн. бірлікті құрайды. Қалааралық, халықаралық телефон трафигі 13%-ға өседі және 1,8 млрд. минутты құрайды.
Дивидендтер төлеу заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Өткен жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер болжамы 2006 жылы 4600 млн. теңгені, 2007 жылы 4500 млн. теңгені, 2008 жылы 4500 млрд. теңгені, оның ішінде мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер бойынша тиісінше 2600 млн. теңгені, 2500 млн. теңгені және 2500 млн. теңгені құрайды.
Компанияның тәуелді ұйымдарға қатысты 2006 - 2008 жылдарға арналған дивидендтік саясатында Компания дивидендтер төлеуге таза кірістің шамамен 20%-ын жұмсайтын болады деп ұйғарылып отыр. Компания алатын дивидендтер тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталындағы оның үлесі негізінде есептелетін болады.
2006 - 2008 жылдары тәуелді ұйымдардан дивидендтердің жиынтық түсімдер болжамы жыл сайын 2500 млн. теңгені құрайтын болады.
Болжам бойынша негізгі қызметтен түсетін кірістер 2006 жылы 85400 млн. теңгені, 2007 жылы 87200 млн. теңгені, 2008 жылы 89300 млн. теңгені құрайды. Компанияның эксклюзивтік құқығын алып тастау және бәсекелестікті дамыту нәтижесінде қалааралық, халықаралық байланыс кірістері 2005 жылдың деңгейінде қалады деп болжанып отыр. Тарифтерді қайта теңгерімдеу және желіні кеңейту нәтижесінде жергілікті байланыс бойынша кірістер 2005 жылғы 18500 млн. теңгеден 2007 жылы 19000 млн. теңгеге дейін өседі.
Телекоммуникациялар саласын ырықтандыру жағдайларында бәсекелі ортаның дамуы рентабельділіктің 2005 жылғы 33,3 %-дан 2008 жылы 30,3 %-ға дейін төмендеуіне түрткі болды.
Болжам бойынша таза пайда 2006 жылы 27100 млн. теңгені, 2007 жылы 27000 млн. теңгені, 2008 жылы 27100 млн. теңгені құрайтын болады.
Инвестициялық бағдарлама мынадай басым жобаларды іске асыруға бағытталады:
1) Ұлттық ақпараттық супермагистраль (МACM) салуды жалғастыру;
2) жергілікті телекоммуникациялар желісін жаңғырту және дамыту;
3) деректер беру желісін дамыту;
4) коммерциялық жобаларды дамыту.
2007 жылы ҰАСМ-ның құрылысы аяқталады, жергілікті желілерді цифрландыру деңгейін құрастырылған сыйымдылықтың 60%-ына дейін қамтамасыз ету көзделіп отыр. Қазіргі заманғы цифрлық жабдықтар базасында жергілікті телекоммуникациялар желілерін жаңғырту және дамыту, желіні оңтайландыру мен оны пайдалану жөніндегі жұмыстар жалғасады. Компания алдағы уақыттағы қызметінде озық технологияларды пайдалану негізінде телекоммуникациялық қызметтер аясын кеңейтуге басым мән беретін болады.
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ
Жоспарланып отырған кезеңде "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) дамыту сыртқы және ішкі факторлардың ықпалымен жүргізілетін болады.
Компанияны дамытудың негізгі мақсаттары:
1) жолаушыларды, жүктерді, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) саланың сапалы, одан әрі тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық және техникалық деңгейге көшуі;
3) Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту жолымен транзиттік тасымалдар көлемін арттыру;
4) жүктемесі көп учаскелерді электрлендіруді жүргізу;
5) темір жол көлігін одан әрі қайта құрылымдау;
6) қаржылық тұрақтылықты нығайту болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания мынадай міндеттерді шешуді көздеп отыр:
1) негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту;
2) барлық ақпарат ағындарын біріктіретін және тасымалдау процесі туралы барлық деректерді шоғырландыратын бірыңғай ақпараттық желі құру;
3) өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру;
4) жүктерді шекаралас елдердің темір жол учаскелерін пайдаланбай ел аумағымен барынша қысқа бағыттар бойынша тасымалдауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ табиғи ресурстардың перспективалы кен орындары мен жаңа өндірістік орталықтарды игеру, ұлттық экономиканың ауданаралық көлік байланыстарын ұтымды ету, жаңа көліктік бағыттар мен транзиттік дәліздер құру сияқты маңызды міндеттерін шешу үшін жаңа темір жол желілерін салу;
5) қабылдау-өткізу пункттерін жақсарту және дамыту;
6) темір жол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
7) ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, шығыстарды оңтайландыру.
Жоспарланып отырған кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы бағыты сақталады және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары мен Темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін болады.
Жолдың жоғарғы құрылысын оңалту, барлық тасымалдау бөлімшелерін бірыңғай диспетчерлік орталыққа біріктіре отырып, толық автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйелерін енгізу, электрмен жабдықтау, белгі беру және байланыс құрылғыларын жаңғырту, инженерлік құрылыстарды қайта жаңғырту, бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру және т.б. сияқты жолаушыларды, жүктерді, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шаралар бір мезгілде бірнеше бағыт бойынша жүргізілетін болады.
Темір жол көлігінде өндірістік процестің барлық кезеңдерін қадағалауға мүмкіндік беретін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе құру жоспарлануда.
Транзиттік тасымалдар көлемін арттыру, бұл үшін МТЖ құрылымын халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту, қызмет көрсету сапасын жақсарту қажет.
Осы бағыт шеңберінде орта мерзімді кезеңде мынадай іс-шараларды іске асыру:
1) Алтынсарин - Хромтау жаңа темір жол желісін салуды аяқтау;
2) шекарадағы Достық станциясының өткізу қабілетін жылына 10 млн. тоннаға дейін ұлғайту;
3) жаңа темір жол желілерін салу жөніндегі, оның ішінде Трансқазақстандық темір жол магистралын салу жобасы жөніндегі жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.
Экологиялық ахуалды жақсарту және темір жол көлігінің экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында жоспарланып отырған кезеңде Екібастұз - Павлодар учаскесін электрлендіруді аяқтау.
Темір жол көлігі саласын дамыту Қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес жүргізілетін болады. Темір жол көлігін қайта құрылымдаудың негізгі бағыттары саланы біртіндеп, экономикалық негізді түрде монополиясыздандыру және нормативтік құқықтық база тиісінше қамтамасыз етілген жағдайда тасымалдау және қамтамасыз ету қызметінде бәсекелі ортаны қалыптастыру болып табылады.
Жүк тиеу көлемінің өсуі есебінен болжамды жүк айналымы 2006 жылы 183 040 млн. т-км (2005 жылға қатысты 6,0%-ға ұлғаю) құрайды.
Жүк тиеу көлемінің өсуі есебінен болжамды жүк айналымы 2007 жылы 194 022 млн. т-км (2006 жылға қатысты 6,0%-ға ұлғаю) құрайды.
Жүк тиеу көлемінің өсуі есебінен болжамды жүк айналымы 2008 жылы 205 663 млн. т-км (2007 жылға қатысты 6,0%-ға ұлғаю) құрайды.
2006 жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың негізгі қызметінен түсетін, тұрақты өндірістік-қаржылық қызмет пен Компанияның инвестициялық қажеттіліктерін жабу үшін қажетті кірістер кемінде 291 123 млн. теңгені құрауға тиіс, 2007 жылы кемінде 155 166 млн. теңгені құрауға тиіс, 2008 жылы кемінде 167 082 млн. теңгені құрауға тиіс.
Компанияның негізгі қызметі бойынша шығыстар (өткізілген өнімнің өзіндік құны) 29637 млн. теңге мөлшерінде болжанып отыр. 2005 жылдың деңгейіне қатысты 2006 жылы шығыстардың өсуі 12,3 %-ды құрайды, 2007 жылы 20318 млн. теңге мөлшерінде, 2008 жылы 21361 млн. теңге мөлшерінде болжанып отыр.
2006 жылдың қорытындылары бойынша таза табыс 666 млн. теңге, 2007 жылы тиісінше - 7044 млн. теңге, 2008 жылы - 9225 млн. теңге мөлшерінде қаржылық оң нәтиже болжануда.
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ (бұдан әрі - Компания) қызметінің мақсаты шығарылатын өнімді әртараптандыру, станок паркін жаңарту, ішкі рынокты өз өндірісінің өнімдерімен толтыру, инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру, Компания кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және стратегиялық инвесторларды іздеуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу, экспортқа бағдарланған (соның ішінде әскери) өнімді игеру және шығару, сондай-ақ әскери өнімдер шығаруды және қазақстандық армияға көрсетілетін қызметтерді ұлғайту болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу:
кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану;
менеджменттің, маркетингтің, қаржылық есепке алудың прогрессивтік әдістерін енгізу;
мемлекеттік, шетелдік, отандық инвестицияларды тарту;
ИСО 9000 халықаралық стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу;
франчайзинг және мемлекетаралық кооперация жүйесі арқылы технологиялар трансферті мақсатында әлемдік машина жасау өнімдерін шығарушыларды тарту;
ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізу және өнім өткізудің жаңа рыноктарын игере отырып, жаңа жоғары технологиялық өнім түрлерін шығару көзделіп отыр.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
Алға қойылған 2006-2008 жылдарға арналған міндеттерді шешу үшін мынадай іс-шараларды іске асыру:
қосарлы қолданылатын базалық технологияларды кеңінен пайдалану негізінде әскери және азаматтық өндірістерді ықпалдастыру;
техникалық, технологиялық және кадрлық жағынан барынша жарақтандырылған кәсіпорындарда қажетті жұмылдыру қуаттарын сақтау және әскери өнімнің өндірісін оқшауландыру;
қолданыстағы және жоспарланатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жұмыс істеп тұрған өндірістер мен технологияларды жаңғыртуға және жаңаларын енгізуге белсенді жәрдем көрсету;
өндірістік алаңдар бойынша да, жабдықтар бойынша да өндірістік қуаттарды оңтайландыру;
Компания ішінде кәсіпорындардың ықтимал кооперациясы бойынша зерттеулер жүргізу және машина жасау кластерін құру;
мемлекеттік қорғаныс тапсырысының Компания кәсіпорындарына орналастырылуын қамтамасыз ету;
меншікті және қарыз қаражаты есебінен ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру көлемін ұлғайту;
шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету;
материалдар мен құрамдауыштарды орталықтан сатып алуды қалыптастыру, сондай-ақ оларды Компания кәсіпорындарында өндіруді ұйымдастырудың орындылығына талдау жүргізу;
бірыңғай маркетингтік саясатты әзірлеу қажет.
2006 жылы өндірілетін өнімнің көлемін 9700 млрд. теңгеге дейін, 2005 жылдың деңгейінен 119,5% ұлғайту жоспарланып отыр.