Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 наурыздағы № 308 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген бөлімде:
«еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» деген сөздер «бақылау және әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
| «Арнайы | Ұйымдардағы еңбек жағдайларына және өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру кезіндегі даулы мәселелер бойынша жедел зертханалық өлшеу жүргізу үшін | Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті: | |
| Ақмола облысы бойынша | 2 |
| Ақтөбе облысы бойынша | 2 |
| Алматы облысы бойынша | 2 |
| Атырау облысы бойынша | 2 |
| Шығыс Қазақстан облысыбойынша | 3 |
| Жамбыл облысы бойынша | 2 |
| Батыс Қазақстан облысы бойынша | 2 |
| Қарағанды облысы бойынша | 3 |
| Қызылорда облысы бойынша | 1 |
| Қостанай облысы бойынша | 2 |
| Маңғыстау облысы бойынша | 2 |
| Павлодар облысы бойынша | 2 |
| Солтүстік Қазақстан облысы бойынша | 1 |
| Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша | 2 |
| Астана қаласы бойынша | 2 |
| Алматы қаласы бойынша | 2». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |