ядролық материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондағыш сәуле көздері, арнайы ядролық емес материалдар, екіұдай мақсаттағы өнімдер, жабдықтар және тиісті технологиялар (Ядролық өнім берушілер тобының бақылауындағы) - атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік органмен;
қару-жарақ пен әскери техника, оларды өндіру үшін арнайы жиынтықтаушы бұйымдар, әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмыстар мен қызмет көрсетулер - қорғаныс және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік органдармен;
зымырандық техника, двигательдер, олардың құрамдары, зымырандық техниканы жасау кезінде қолданылатын жабдықтар, материалдар мен технологиялар (Зымырандық технологияларды бақылау режимінің бақылауындағылар) - аэроғарыштық қызмет саласындағы мемлекеттік органмен;
адамның, жануарлар мен өсімдіктердің ауруларын (патогендерін) қоздырушылар, олардың генетикалық өзгертілген нысандары, бактериологиялық (биологиялық) және уытты қаруларды жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін генетикалық материалдың фрагменттері, жабдықтар мен технологиялар (Австралия тобының бақылауындағылар) - денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдармен;
химиялық қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін екіұдай мақсаттағы химикаттар мен технологиялар (Австралия тобының бақылауындағылар) - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органмен;
екіұдай мақсаттағы тауарлар мен технологиялар (Вассенаар уағдаластықтары бақылауындағылар) - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органымен және қажет кезінде өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен;
қарудың (әдеттегі қаруға жатпайтын) өзге түрлері - Уәкілетті орган белгілейтін мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесін келісуді, құжаттарды алған күннен бастап 10 күн ішінде жүзеге асырады.
9. Түпкі пайдаланушының импорттық сертификатын алу үшін импорттаушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) түпкі пайдаланушының импорттық сертификатын алуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі (1-қосымша);
3) экспорттаушымен және/немесе түпкі пайдаланушымен келісімшарттың көшірмесі және онымен салыстыру үшін түпнұсқа.
10. Түпкі пайдаланушының импорттық сертификаты келісімшартқа енгізілген өнімнің мөлшері мен номенклатурасына қарамастан бір ғана мәміле беріледі.
11. Түпкі пайдаланушының импорттық сертификатын беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді Уәкілетті орган құжаттардың толық жиынтығын алған күннен бастап 10 күн ішінде қабылдайды;
12. Түпкі пайдаланушының импорттық сертификаты белгіленген нысандағы бланкіде (2-қосымша) екі данада ресімделеді, бір данасы Уәкілетті органда сақталады, екіншісі экспорттаушы елдің мемлекеттік органына тапсыру үшін импорттаушыға беріледі.
Түпкі пайдаланушының импорттық сертификатының көшірмесін Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына жібереді.
13. Егер түпкі пайдаланушының импорттық сертификатын алғаннан кейін келісімшартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілсе, импорттаушы бұл туралы Уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті.
Түпкі пайдаланушының импорттық сертификатында көрсетілген келісімшарттың ережелері өзгерген кезде сертификат жойылады немесе қайта ресімдеуге жатады.
14. Егер түпкі пайдаланушының импорттық сертификаты алты айлық мерзімде пайдаланылмаса (мәміле жасалмаса немесе сертификат экспорттаушы елдің мемлекеттік органына тапсырылмаса), ол Уәкілетті органға жою үшін қайтаруға жатады.
15. Егер түпкі пайдаланушының импорттық сертификаты жоғалған немесе жойылған жағдайда, импорттаушының сертификаттың жоғалу немесе жойылу жағдайын түсіндіретін, егер сертификаттың түпнұсқасы табылған жағдайда оны немесе көшірмесін Уәкілетті органға қайтаратынын растайтын хат жіберуі жолымен, импорттаушы оның көшірмесін алуы мүмкін.
16. Жеткізуді растау сертификатын (3-қосымша) Қазақстан Республикасының кеден органдары ресімдейді.
Қазақстан Республикасына импортталған өнімге арналған жеткізуді растау сертификатын ресімдеу, егер өнім импортына арналған лицензияда түпкі пайдаланушының импорттық сертификатын беру туралы көрсетілген жағдайда жүргізіледі. Бұл ретте лицензияда түпкі пайдаланушының импорттық сертификатының нөмірі мен берілген уақыты көрсетіледі.
17. Кеден органы жүк нақты жеткізілген күннен бастап 10 күн ішінде жеткізуді растау сертификатын Уәкілетті органға жібереді.
3. Қазақстан Республикасының аумағындағы шаруашылық қызметтің
өзге субъектілеріне импортталған өнімді берудің тәртібі
18. Түпкі пайдаланушының импорттық сертификаты бойынша әкелінген өнімді Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін өзге тұлғаларға беруге Уәкілетті органның рұқсаты болған кезде заң талаптарын орындай отырып рұқсат етіледі.
19. Түпкі пайдаланушының импорттық сертификаты бойынша әкелінген өнімді Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін өзге тұлғаларға беру қажеттілік болған кезде түпкі пайдаланушы осындай беруге рұқсат үшін сұрау салу жолдайды.
20. Сұрау салуда:
1) өнімнің толық атауы мен егжей-тегжейлі сипаттамасы, оның СЭҚ ТН бойынша және бақылаулық тізім бойынша коды;
2) беруге жататын өнімнің саны;
3) Қазақстан Республикасына өнімді берген экспорттаушының атауы мен мекен-жайы;
4) түпкі пайдаланушының тиісті импорттық сертификатының нөмірі мен уақыты;
5) аталған өнім берілген ұйымның (кәсіпорынның) атауы мен мекен-жайы;
6) берудің қажеттігін тудырған себептер көрсетіледі.
21. Сұрау салуға:
1) экспорттаушы елдің тиісті мемлекеттік органының өнімді қайта беруге келісімін растайтын құжат;
2) аталған өнімді беру туралы шарттың көшірмесі және оларды салыстыру үшін түпнұсқа қоса беріледі.
22. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіскеннен кейін сұрау салуды алған күннен бастап 15 күнге дейін мерзімде өнімді беруге рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды және ол туралы өтініш жасаушыға хабарлайды.
Қабылданған шешім туралы ақпарат Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына жіберіледі.
23. Өнімді беруге рұқсат берілген жағдайда тиісті шарттың тараптары өнім іс жүзінде берілген (алынған) сәтінен бастап апталық мерзімде өнімнің берілгені (алынғаны) туралы Уәкілетті органға жазбаша нысанда хабарлайды.
4. Импорттаушыларды (түпкі пайдаланушыларды) тексеруді
ұйымдастырудың тәртібі
24. Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілді міндеттемелерін импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) атқаруы бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының келісімі бойынша импортталған өнім номенклатурасы мен оларды түпкі пайдаланушыларды талдау негізінде:
1) тексеру объектісін айқындайды;
2) тексеруді жүргізу мерзімдерін белгілейді;
3) тексеру комиссиясын құрады.
Тексеру комиссиясының құрамы мен тексеру мерзімдері туралы мәліметтер импортталған өнімнің түпкі пайдаланушысы болып табылатын ұйымның басшысына жіберілуі мүмкін.
25. Түпкі пайдаланушы комиссияға барлық қажетті құжаттаманы беруге және оның жұмысына жәрдемдесуге міндетті.
26. Тексерудің нәтижесі актімен ресімделеді, ол Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына тапсырылады.
27. Түпкі пайдаланушының өнімді пайдалануы бойынша экспорттаушы елдің инспекциялық тексерулері мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Импорттаушылардың және түпкі пайдаланушылардың
импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік
міндеттемелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі
28. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) өзінің кепілдік міндеттемелерін атқармағаны және/немесе лайықсыз орындағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
Әкелінетін экспорттық бақылауға жататын,
өнімді пайдалану жөніндегі міндеттемелерді
рәсімдеу мен олардың атқарылуын
тексерудің тәртібіне
1-қосымша
Импорттаушының (түпкі пайдаланушының)
кепілдік міндеттемесі
---------------------------------------------------------------------------
Сертификат N
--------------------------------------------------------------------------
1. Импорттаушы, оның мекен-жайы, телефоны 2. Импорттаушының елі
3. Экспорттаушы, оның мекен-жайы, телефоны 4. Экспорттаушының елі
5. Түпкі пайдаланушы, оның мекен-жайы, 6. Алынған лицензия туралы
телефоны және қызмет саласы ақпарат
7. Өнімді орналастыру және (немесе) 8. Өнімді түпкі пайдалану
пайдалану орны
9. Өнімнің атауы мен толық 10. СЭҚ ТН бойынша 12. Жалпы құны
сипаттамасы өнімнің коды (мың)
төлем
валютасы
11. Тексеру тізімі
бойынша өнімнің
коды теңге
АҚШ
доллары
13. Сертификатты сұрау үшін 14. Өлшем бірлігі 15. Саны
негіздеме
16. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген өнімді Қазақстан Республикасына импорттауға міндеттенеді. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген өнімді 8-тармақта көрсетілген мақсатта пайдалануға, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы шаруашылық қызметтің өзге субъектісіне бермеуге және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз қайта экспорттамауға міндеттенеді.
17. Келісу 18. Қазақстан Республикасының экспорттық
бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органы
Аты-жөні
Лауазымы
Қолы, М.О. уақыты
19. Импорттаушы 20. Тұтынушы-ұйымнан
Аты-жөні Аты-жөні
Лауазымы Лауазымы
Қолы, М.О. күні Қолы, М.О. уақыты
Әкелінетін экспорттық бақылауға
жататын, өнімді рәсімдеу мен олардың
атқарылуын тексерудің тәртібіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы түпкі
пайдаланушысының импорттық сертификаты
--------------------------------------------------------------------------
Сертификат N
---------------------------------------------------------------------------
1. Импорттаушы, оның мекен-жайы, телефоны 2. Импорттаушының елі
3. Экспорттаушы, оның мекен-жайы, телефоны 4. Экспорттаушының елі
5. Түпкі пайдаланушы, оның мекен-жайы,
телефоны
6. Өнімнің атауы мен толық 7. СЭҚ ТН бойынша 9. Жалпы құны
сипаттамасы өнімнің коды (мың)
төлем
валютасы
8. Тексеру тізімі
бойынша өнімнің
коды теңге
АҚШ
доллары
10. Сертификатты сұрау үшін 11. Өлшем бірлігі 12. Саны
негіздеме
13. Осыған 8-тармақта көрсетілген өнім тек елдің мұқтажына пайдаланылатыны және экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз қайта экспортталмайтыны расталады.
Осы құжат оған қол қойылған күнінен бастап алты ай ішінде экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органына берілуі тиіс.
14. Келісу 15. Қазақстан Республикасының экспорттық
бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органы
Аты-жөні
Лауазымы
Қолы, М.О. күні
Әкелінетін экспорттық бақылауға
жататын, өнімді рәсімдеу мен олардың
атқарылуын тексерудің тәртібіне
3-қосымша
Жеткізіп беруді растау сертификаты
--------------------------------------------------------------------------
Сертификат N
---------------------------------------------------------------------------
1. Импорттаушы, оның мекен-жайы, телефоны 2. Импорттаушының елі
3. Экспорттаушы, оның мекен-жайы, телефоны 4. Экспорттаушының елі
5. Түпкі пайдаланушының импорттық 6. Жүктік кеден декларациясы
сертификаты
N N
күні
7. Өнімнің атауы мен толық 8. СЭҚ ТН бойынша 11. Жалпы құны
сипаттамасы өнімнің коды (мың)
төлем
валютасы
9. Тексеру тізімі
бойынша өнімнің
коды теңге
АҚШ
доллары
10. Өлшем бірлігі 12. Саны
13. Осымен 7-тармақта көрсетілген өнімнің Қазақстан Республикасына
импортталғаны расталады.
14. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті
Аты-жөні
Лауазымы
Қолы, М.О. күні