“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және
1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 525 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
3-бағанда:
реттiк нөмiрi 5-жолдың екiншi абзацындағы "пайдалану" деген сөз "жобалау (технологиялық) және пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрі 6-жолдың бiрiншi абзацы "жобалау" деген сөзден кейiн "(құрылысқа арналған жобалау жұмыстары)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Өнеркәсiп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 18, 189-құжат):
кірiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Жарлығын" деген сөздер "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Энергетика, индустрия және сауда" деген сөздер "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Өнеркәсiп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарында:
үшiншi абзацтағы "пайдалану" деген сөз "жобалау және пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсін, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын біліктiлiк талаптарында:
тақырыпта:
"құбыр желiлерiн" деген сөздерден кейін "жобалауды және" деген сөздермен толықтырылсын;
"жарылыс-өрт қаупі бар", "газ-мұнай өнiмдерi құбырларын" деген сөздер "жарылыс, өрт қаупi бар" және "газ, мұнай өнiмдерi құбырларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
2) тармақша ", сондай-ақ жобалау жұмыстарын орындау кезiнде конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзiрлеу, есептеулердi, сызуларды, сметаларды орындау үшiн ұйымдастыру техникасы мен электрондық техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң;" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша ", сондай-ақ орындалған жобалық құжаттаманың" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшаның үшiншi абзацы "(жобалау кезiнде талап етілмейді)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) жобаның сапасын бақылау жүйесiнің (жобалау кезiнде);";
5) тармақша "экологиялық" деген сөзден кейiн "(көтергiш құрылғыларды жобалау және пайдалану кезiнде талап етілмейді)" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша ", сондай-ақ тиiстi қызмет саласында жобалау жөніндегі нормативтiк құқықтық базаның, нормативтік-техникалық, анықтамалық, әдiстемелiк әдебиеттiң;" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д: Ахметов |