Бұл ретте, егер сатып алушы заттарды сатып алушымен өзара байланысты тұлға болып табылмайтын сатушыдан сатып алса, оларды сатып алу жөніндегі шығыстар не егер, заттарды сатып алушы шығарса, оларды дайындау жөніндегі шығыстар көрсетілген заттардың құны деп танылады. Егер көрсетілген заттарды бұрын сатып алушы пайдаланған болса, оларды осы сатып алушы сатып алынғандығына немесе шығарғандығына қарамастан, бастапқы сатып алу немесе өндіру бағасы оларды пайдалануды ескере отырып, осы заттардың құнын алуға (айқындауға) байланысты азайтуға жатады;
б) сатып алушы ұсынған және осы баптың 1-тармағының 2 «г» тармақшасында көрсетілген, сатып алушы сатып алған немесе жалға алған элементтерге қатысты қосу мұндай элементтерді сатып алу немесе жалға алуға арналған шығыстар бөлігінде жүргізіледі; егер сатып алушы қоғамдық иеліктегі мемлекеттік немесе муниципалдық меншіктегі элементтерді ұсынған болса, қосымша есептеулер олардан көшірме алуға арналған құн (шығын) бөлігінде жүргізіледі.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша қосымша есептеулер жүргізілген кезде тікелей тауарлардың/заттардың құнынан басқа, оларды сатушыға ұсынуға (жеткізуге) (оларды қайтаруды қоса алғанда, егер мұндай көзделген болса) байланысты барлық шығыстар ескеріледі.
2012 ж. 23 сәуірдегі Хаттамамен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Ұқсас тауарлардың мәміле құны бойынша әдіс (2-әдіс)
1. Егер кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Келісімнің 4-бабына сәйкес айқындала алмаса, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін сатылған және бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінетін уақытта немесе оған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін 90 күнтізбелік күннен бұрын емес, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінген бірдей тауарлармен жасалатын мәміленің құны осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады.
Осы Келісімнің 4-бабына сәйкес кеден органы қабылдаған осы тауарлардың кедендік құны ұқсас тауарлармен жасалатын мәміле құны болып табылады.
Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін осы баптың негізінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты коммерциялық деңгейде және мәні бойынша сол мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылуға тиіс. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде бірақ өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде, бірақ сол мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Осы абзацта көрсетілген ақпарат сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлар мөлшеріндегі айырмашылықты ескере отырып, құнға тиісті түзету жүргізумен қолданылады.
Мұндай түзету тауарлармен жасалатын мәміле құнын өсіруге немесе азайтуға әкеп соқтыратындығына қарамастан, түзетудің негізділігі мен нақтылығын құжатпен растайтын мәліметтердің негізінде жүргізіледі. Мұндай мәліметтер болмаған кезде бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны жөніндегі әдіс кедендік құнды айқындау мақсаттары үшін пайдаланылмайды.
2. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде қажет болған кезде бағаланатын және бірдей тауарларға қатысты осы Келісімнің 5-баптың 1-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көрсетілген, оларды тасу (тасымалдау) аралығындағы және көлік түрлеріндегі айырмашылықтарға негізделген шығыстардағы елеулі айырманы есептеу үшін бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құнына түзету жүргізіледі.
3. Егер бірден артық бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны анықталса (осы баптың 1-2-тармақтарына сәйкес тиісті түзетулерді ескере отырып), онда бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ішіндегі ең төменгісі қолданылады.
2012 ж. 23 сәуірдегі Хаттамамен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Біртектес тауарлар мен жасалатын мәміле құны бойынша әдіс (3-әдіс)
1. Егер кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Келісімнің 4 және 6-бабына сәйкес айқындала алмаса, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін сатылған және дәл сол немесе оған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін 90 күнтізбелік күннен бұрын емес, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінген біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің құны осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады.
Осы Келісімнің 4-бабына сәйкес кеден органы қабылдаған осы тауарлардың кедендік құны біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны болып табылады.
Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты коммерциялық деңгейде және мәні бойынша сол мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылуға тиіс. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде, бірақ өзге мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде, бірақ сол мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Осы абзацта көрсетілген ақпарат сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлар мөлшеріндегі айырмашылықты ескере отырып, құнға тиісті түзету жүргізумен қолданылады.
Мұндай түзету ол біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құнын өсіруге немесе азайтуға әкеп соқтыратындығына қарамастан, түзетудің негізділігі мен нақтылығын құжатпен растайтын мәліметтердің негізінде жүргізіледі. Мұндай мәліметтер болмаған кезде біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны жөніндегі әдіс кедендік құнды айқындау мақсаттары үшін пайдаланылмайды.
2. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде қажет болған кезде бағаланатын және біртектес тауарларға қатысты осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көрсетілген, оларды тасу (тасымалдау) аралығындағы және көлік түрлеріндегі айырмашылықтармен шартталған шығыстардағы елеулі айырманы есептеу үшін біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құнына түзету жүргізіледі.
3. Егер бірден артық біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны анықталса (осы баптың 2 - 3-тармақтарына сәйкес тиісті түзетулерді ескере отырып), онда бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ішіндегі ең төменгісі қолданылады.
2012 ж. 23 сәуірдегі Хаттамамен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Шегеру әдісі (4-әдіс)
1. Егер бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны осы Келісімнің 4, 6 және 7-баптарына сәйкес айқындала алмаса, декларанттың (кеден өкілі) өтініші бойынша 8 және 9-баптарды қолдану тәртібі кері болған жағдайларды қоспағанда, олардың кедендік құны осы Келісімнің осы бабына және 9-бабына сәйкес айқындалады.
2. Егер бағаланатын (әкелінетін) тауарлар немесе олармен бірдей немесе біртектес тауарлар кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында олар кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінген жағдайда сатылса, ол бойынша бағаланатын, бірдей немесе біртектес тауарлардың ең көп жиынтық мөлшері осы кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында осындай сатуды жүзеге асыратын тұлғалармен өзара байланысты емес тұлғаларға бағаланатын (әкелінетін) тауарлар осы кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен немесе оған тиісті уақыт кезеңде сатылатын тауар бірлігінің бағасы, мынадай сомаларды есептемеу шартымен әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде қолданылады:
1) әдетте делдалға (агентке) төленетін немесе төлеуге жататын сыйақылар не пайда табу немесе әдетте кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында сол санаттың немесе түрдің тауарларын сатуға байланысты орын алатын мөлшердегі жалпы шығыстарды (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) жабу үшін жүргізілетін үстемеақылар;
2) кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында жүзеге асырылған тасуға (тасымалдауға) арналған әдеттегі шығыстар, сақтандыру және осындай операцияларға байланысты өзге де шығыстар;
3) кедендік баждардың, салықтардың, алымдардың және Кеден одағына мүше мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес қолданылатын, Кеден одағына мүше мемлекеті субъектілерінің салықтары мен алымдарын және жергілікті салықтар мен алымдарды қоса алғанда, осы Кеден одағына мүше мемлекетінің аумағында тауарларды әкелуге және (немесе) сатуға байланысты төлеуге жататын өзге де салықтар сомасы.
3. Егер бағаланатын (әкелінетін) да, бірдей де, біртектес те тауарлар бағаланатын тауарлар осы кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен немесе оған сәйкес тиісті уақыт кезеңінде кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында сатылмаса, мұндай тауарлардың кедендік құны ол бойынша бағаланатын (әкелінетін) немесе бағаланатындармен (әкелінетіндермен) бірдей немесе бағаланатындармен (әкелінетіндермен) біртектес тауарлар кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында мұндай тауардың бірлігі үшін баға белгілеу үшін жеткілікті мөлшерде, бағаланатын (әкелінетін) тауарлар кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында келген күнге қатынасы бойынша олар әкелінген ең бірінші күндегі, бірақ осы күннен кейін 90 күн өткеннен кешіктірмей олар әкелінген кездегі жағдайда сатылатын тауар бірлігі бағасының негізінде айқындалады.
4. Егер бағаланатын (әкелінетін) да, бірдей де, біртектес те тауарлар кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінген күйінде кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында сатылмаса, декларанттың (кеден өкілі) өтініші бойынша бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны олардың ең көп жиынтық мөлшері қайта өңдеуден (өңдеуден) кейін бұл тауарларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында олар сатып алатын тұлғалармен өзара байланысты емес тұлғаларға сатылатын осындай тауарлардың бірлігі бағасының негізінде, қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнды және осы баптың 2-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген сомаларды шегеру шартымен айқындалады.
Қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнды шегеру қайта өңдеу (өңдеу) құнына жататын, дұрыс, сан жағынан айқындалатын және құжатпен расталған ақпараттың негізінде жүргізіледі.
5. Егер:
тауарлар өзінің жеке белгілерін жоғалтқандығына қарамастан, қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнның шамасы нақты айқындала алатын жағдайларды қоспағанда, бағаланатын (әкелінетін) тауарлар одан әрі қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде өзінің жеке белгілерін жоғалтса;
бағаланатын (әкелінген) тауарлар өзінің жеке белгілерін жоғалтпаса, бірақ бағаланатын (әкелінген) тауарлардың құны сатылатын тауарлардың құнына елеулі ықпал көрсетпейтін кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында сатылатын тауарлардың елеусіз бөлігін құраса кедендік құнды айқындау үшін осы баптың 4-тармағының ережелері пайдаланылмайды.
Осы баптың 4-тармағын қолдану мүмкіндігі әрбір жеке жағдайда нақты жағдаяттарға байланысты айқындалады.
6. Бағаланатын (әкелінген) немесе бірдей немесе біртектес тауарлардың кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында сатылуын қарастырған кезде бағаланатын (әкелінген) тауарларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін шығаруға және жеткізуге байланысты тікелей немесе жанама, тегін немесе төмендетілген баға бойынша осы Келісімнің 5-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулерді пайдалану үшін ұсынатын тұлғаға сату есепке алынбауға тиіс.
7. Осы баптың мақсаттары үшін пайда мен жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) (тауарларды сату бойынша тікелей және жанама шығыстар) сомасы осы шығыстарды жабатын, сондай-ақ сол санаттың немесе түрдің бағаланған (әкелінген) тауарларын сатуға байланысты пайда алуды қамтамасыз ететін тауардың бағасына үстемеақы ретінде қаралады.
Пайда мен жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) сомасы тұтастай ескеріледі және ол ұсынған деректер Кеден одағына мүше мемлекетінде сатулар кезінде орын алатын сол санаттағы және түрдегі тауарлар деректерімен салыстырылатын болса тауарларды декларациялайтын тұлғада бар ақпарат негізінде айқындалады. Егер осы мәліметтер кеден органының иелігінде бар қарапайым түсім және коммерциялық пен басқарушылық шығыстар туралы мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, сол санаттағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде кеден одағының бірыңғай кеден аумағына шығару үшін кеден органы қарапайым түсім мен жалпы шығыстардың сомасын онда бар мәліметтердің негізінде айқындай алады.
Егер кеден органы пайда мен жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) сомасын өзінде бар деректердің негізінде айқындаған жағдайда, ол осындай деректердің көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есептерді жазбаша түрде көрсетуге міндетті.
8. Осы баптың мақсаттары үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сол елде шығарылған сол санаттың немесе түрдің тауарларын сату туралы мәліметтер пайдаланылуы мүмкін. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлар және олармен салыстыратын тауарлар сол санаттағы немесе түрдегі тауарлар болып табылатыны туралы мәселе тиісті жағдайларды ескере отырып, әр нақты жағдайда бөлек шешілуі мүмкін. Бұл ретте кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелу үшін тауарлардың неғұрлым шағын тобын немесе сол санаттағы немесе түрдегі қатарын, оларға қатысты ақпарат ұсынылатын бағаланатын (әкелінетін) тауарларды қоса алғанда, сату қарастырылады.
2012 ж. 23 сәуірдегі Хаттамамен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Қосу әдісі (5-әдіс)
1. Тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде негіз ретінде:
1) дайындау немесе материалдарды сатып алу жөніндегі шығыстарды және өндіріске, сондай-ақ әкелінетін тауарларды шығаруға байланысты өзге де операцияларға арналған шығыстарды;
2) кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін экспорт елінде шығарылатын бағаланатын тауарлар сияқты санаттың немесе түрдің тауарларын сату кезінде әдетте ескерілетін мөлшерге баламалы пайда және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) сомасын;
3) осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көрсетілген элементтердің құнын қосу жолымен айқындалатын тауарлардың есептік құны қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар мұндай құжаттар тауар шығарылған елде қолданылатын бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қағидаттарына сәйкес болуы шартымен, оларды өндіруші немесе оның атынан ұсынылған және өндірушінің коммерциялық құжаттарымен расталған бағаланатын (әкелінетін) тауарларды өндіру туралы мәліметтердің негізінде айқындалады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстарға осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағының 1 «б» және 1 «в» тармақшаларында көрсетілген шығыстар және әкелінетін тауарлардың өндірісіне байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған, осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген әрбір заттың тиісті түрде бөлінген (осы Келісімнің 5-бабының 5-тармағының ережелеріне сәйкес тиісті құрамдас бөліктер бойынша) құны қосылуы тиіс. Осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағының 2 «г» тармақшасында көрсетілген, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында өндірілген заттардың құны бұл заттарға өндіруші төлеген дәрежеде ғана қосылуға тиіс. Бұл ретте есептік құнды айқындау кезінде шығыстар қайта ескерілмеуі тиіс.
Коммерциялық және басқарушылық шығыстар ретінде тауарларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына экспорттау үшін өндірудің және сатудың, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына енбейтін тікелей және жанама шығындары ескерілуі тиіс.
4. Пайда мен жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) сомасы тұтастай ескеріледі және өндіруші немесе оның атынан ұсынған мәліметтердің негізінде айқындалады. Егер бұл мәліметтер кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін сол санаттың және түрдің тауарларын сату кезіндегі әдеттегі пайда, жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) туралы кеден органының иелігіндегі мәліметтермен сәйкес келмесе, кеден органы әдеттегі пайда және жалпы шығыстар сомасын өзінде бар мәліметтердің негізінде айқындай алады.
Егер кеден органы пайда мен жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) сомасын өзінде бар деректердің негізінде айқындаса, кеден органы мұндай деректердің көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есептерді жазбаша түрде көрсетуге міндетті.
5. Осы баптың мақсаттары үшін әкелінетін тауарлар сол елде шығарылған сол санаттың немесе түрдің тауарларын сату туралы мәліметтер пайдаланылуы мүмкін. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлар және олармен салыстырылатын тауарлар сол санаттағы немесе түрдегі тауарлар болып табылатыны туралы мәселе тиісті жағдайларды есептегенде, әр нақты жағдайда бөлек шешілуі мүмкін. Бұл ретте кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін мүмкіндігінше тауарлардың неғұрлым немесе сол санаттағы немесе түрдегі қатарын, оларға қатысты ақпарат ұсынылатын бағаланатын (әкелінетін) тауарларды қоса алғанда, сату қарастырылады.
6. Егер Кеден одағының заңнамасында немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары Кеден одағына мүше мемлекеттің резиденті болып табылмайтын қандай да бір тұлғадан тауарлардың есептік құнын айқындау мақсаттары үшін құжаттар мен мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы емес.
Тауарлардың есептік құнын айқындау мақсаттары үшін тауарларды шетелдік өндіруші ұсынған құжаттар мен мәліметтерді тауарларды шетелдік өндірушінің келісімімен және тауарларды өндіруші елдің уәкілетті органын алдын ала хабардар еткен және оның осындай тексеруді жүргізуге қарсылықтары болмаған жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органдары тауарларды өндіруші елде тексеруі мүмкін. Тауарларды шетелдік өндіруші ұсынған немесе оның атынан ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексеруді осы мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органдары жүргізеді.
2012 ж. 23 сәуірдегі Хаттамамен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Резервтік әдіс (6-әдіс)
1. Егер тауарлардың кедендік құнын осы Келісімнің 4, 6-9-баптарына сәйкес айқындау мүмкін болмаса, бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны осы Келісімнің қағидаттары мен ережелерімен үйлесімді тәсілдерді пайдалану жолымен кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бар деректердің негізінде айқындалады.
2. Осы бапқа сәйкес пайдаланылатын кедендік құнды айқындау әдістері осы Келісімнің 4, 6-9-баптарында көзделгендер болып табылады, алайда, осы бапқа сәйкес кедендік құнды айқындау кезінде осы әдістерді қолдану кезінде икемділікке жол беріледі. Атап айтқанда, мыналарға жол беріледі:
бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өндірілген елден өзге елде өндірілген бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз болып қабылдануы мүмкін;
бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің құны негізінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде бірдей немесе біртектес тауарларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін және бағаланатын (әкелінетін) тауарлар кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін бір кезеңде, немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін 90 күннен бұрын емес сатылуы тиіс деген осы Келісімнің 6 немесе 7-баптарында белгіленген талаптардан ақылға қонымды ауытқушылыққа жол беріледі;
бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде осы Келісімнің 8 және 9-баптарына сәйкес айқындалған олармен бірдей немесе біртектес тауарлардың кедендік құны қабылдануы мүмкін;
бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы Келісімнің 8-бабында жазылған әдістің негізінде айқындау кезінде осы Келісімнің 8-бабының 3-тармағында белгіленген 90 күн мерзімнен ауытқуға жол беріледі.
3. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалған барынша мүмкін дәрежеде бұрын айқындалған кедендік құнға негізделуі тиіс.
4. Тауарлардың кедендік құны осы бапқа сәйкес мыналардың негізінде айқындалмауға тиіс:
1) кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында өндірілген кеден одағының ішкі нарығындағы тауарлар бағасы;
2) кедендік мақсаттар үшін неғұрлым екі балама құннан астамды қабылдауды көздейтін жүйе;
3) әкету елінің ішкі нарығындағы тауарлар бағасы;
4) осы Келісімнің 9-бабына сәйкес кедендік құнды айқындау кезінде тауарлардың есепті құнына қосуға жататын өзге де шығыстар;
5) оны үшінші елге әкетуші елден жеткізілетін тауардың бағасы;
6) ең төмен кедендік құн;
7) еркін немесе жасанды құн.
Егер осы бапты кеден органы қолданса, онда кеден органы пайдаланған деректер көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген егжей-тегжейлі есепті жазбаша түрде көрсетуге міндетті.
2012 ж. 23 сәуірдегі Хаттамамен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімі
Егер бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде сыртқы сауда шартының талаптарына сәйкес тауарларға арналған декларация тіркелген күнге тауарлардың кедендік құнын есептеу үшін қажетті нақты мәліметтерді растайтын құжаттардың болмауына байланысты декларанттың (кеден өкілінің) осы кедендік құнды айқындауын (түпкілікті айқындауын) кейінге қалдыру қажеттігі туындаған жағдайда, декларанттың (кеден өкілінің) бағаланатын (әкелінетін) тауарларды Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен алуға құқығы бар.
Тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімін қолдану жағдайларын белгілейтін тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімін қолдану тәртібі, тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімін қолдану кезінде әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле құны бойынша әдісті қолдану ерекшеліктері, сондай-ақ тауарлардың кедендік құнын декларациялау мен бақылау тәртібі, осындай жағдайлар үшін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітіледі.
2012 ж. 23 сәуірдегі Хаттамамен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Ұғымдарды қолдану
Тараптар өз мемлекетінің ұлттық заңнамасында осы Келісімде пайдаланылатын тиісті ұғымдардың өзге атауларын қолдануға құқылы.
2012 ж. 23 сәуірдегі Хаттамамен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Дауларды шешу және өзгерістер енгізу тәртібі
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және/немесе іске асыруға байланысты даулар Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамалармен ресімделенетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілу мүмкін.
2012 ж. 23 сәуірдегі Хаттамамен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Күшіне ену, қосылу және шығу тәртібі
Осы Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу туралы хаттамада айқындалады.
2008 жылғы 25 қаңтарда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Түпнұсқа дана осы Келісімге қол қойған Тараптардың әрқайсысына оның куәландырылған көшірмесін жіберетін ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетінде сақталады.
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін | Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін | Ресей Федерациясының Үкіметі үшін |