ЕурАзЭҚ ақпараттық жүйесін құру және оның жұмыс істеу тәртібі Тараптардың келісімімен анықталады.
3. Тараптар өз мемлекеттерінде техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында ұлттық ақпараттық орталықтар құрады (тағайындайды), олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады және ЕурАзЭҚ ақпараттық жүйесіне деректерді ұсынады.
4. Тараптар мемлекеттерінің өкілеттіктер берілген ұлттық органдары сәйкестігін бағалау (растау) кезінде не өнімнің сәйкессіздігіне мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізу кезінде, оның ішінде үшінші елдерден жеткізілетін өнімге ЕурАзЭҚ техникалық регламенттері талаптарына немесе өз Тарапының оларға қатысты ЕурАзЭҚ техникалық регламенттері қабылданбаған өнімдерге қойылатын міндетті талаптарын белгілеген және адам өміріне және/немесе денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаны қорғауға, жануарлардың тіршілігіне және/немесе саулығына және өсімдіктерге қауіп тудыратын өнімге жатқызған жағдайда мүмкіндігінше қысқа мерзімде (немесе бір уақытта осы сәйкессіздікті табумен не қауіпті өнімді анықтаумен) тиісті мәліметтерді ЕурАзЭҚ ақпараттық орталығына жібереді, ол туралы Тараптар мемлекеттерінің өкілеттіктер берілген ұлттық жүйесіне хабарлайды және мұндай өнімді Тараптар мемлекеттерінің аумағына жібермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
13-бап
Тараптар мемлекеттерінің өкілеттіктер берілген ұлттық органдары өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес, егер осы саладағы халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ЕурАзЭҚ техникалық регламенттері талаптарының, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырады.
14-бап
Тараптар арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Еуразиялық экономикалық қауымдастық Сотының қарауына беріледі.
15-бап
Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
16-бап
Осы Келісімнің күшіне енуі, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кедендік одақтың шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған шарттардың күшіне енуі, одан шығу және оған қосылу тәртібі туралы Хаттамамен айқындалады.
2008 жылғы 25 қаңтарда Мәскеу қаласында қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады, ол оның депозитарийі болып табыла отырып, осы Келісімге қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін | | Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін | |