Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 150 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 747 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 108 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 48-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
«Мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу, іс жүргізу саласында, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарында, халықаралық қызметте мемлекеттік тілді дамыту» деген бөлімде:
реттік нөмірі 8-жолда:
5-бағандағы «2007 жылғы» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы: 911 175, оның ішінде: 2007 ж. - 563 853; 2008 ж. - 347 322»;
«Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы тілдік дамыту» деген бөлімде:
реттік нөмірі 11-жолда:
6-бағандағы «21 795» деген сандар «Талап етілмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-баған алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:
| «11-1 | Жалпы білім беру мектептері үшін шетелдік ағылшын тілінің оқытушыларын тартуды қамтамасыз ету | МАМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2008 жылғы 20 желтоқсан | 2063360 | Жергілікті бюджет » |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-2-жолмен толықтырылсын:
| «11.2 | Жалпы білім беретін мектептерде, орта арнайы және кәсіптік жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру | МАМ-ға ақпарат | БҒМ | 2008 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан | | Талап етілмейді » |
реттік нөмірі 12-жолдың 6-бағанындағы «31 584» деген сандар «28 622» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 13-жолдың 6-бағанындағы «9 128» деген сандар «1 028» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 15-жолдың 6-бағанындағы «25 109», «12 920» деген сандар тиісінше «24 538», «12 349» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18-1, 18-2, 18-3-жолдармен толықтырылсын:
| «18-1 | Білім және ғылым саласындағы терминологиялық жұмыстарды үйлестіру жөнінде жұмыс тобын құру | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2008 жылғы III тоқсан | | Талап етілмейді |
| 18-2 | Қазақ тілінің мұғалімдерін даярлауды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2008 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан | 97500 | Республикалық бюджет |
| 18-3 | Үш тілде оқытатын мектептер үшін математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер даярлауды қамтамасыз ету | Бұйрық Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | жыл сайын | Мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде | Республикалық бюджет |
«Тілдік дамуды ғылыми қамтамасыз ету» деген бөлімде:
реттік нөмірі 19-жолдың 6-бағанындағы «34 599», «17 803» деген сандар тиісінше «92 378», «75 582» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағанындағы «14 018», «7 213» деген сандар тиісінше «14 017», «7 212» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 21-жолда:
5-бағандағы «жыл сайын» деген сөздер «2007 жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«98 468»;
реттік нөмірі 22-жолдың 6-бағанындағы «6 983», «3 593» деген сандар тиісінше «6 985», «3 595» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 23-жолдың 6-бағанындағы «44 885», «23 096» деген сандар тиісінше «41 793», «20 004» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 24-жолдың 6-бағанындағы «18 095», «9 311» деген сандар тиісінше «25 692», «16 908» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 26-жолдың 6-бағанындағы «808 051», «415 793» деген сандар тиісінше «711 758», «319 500» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 28-жолдың 6-бағанындағы «55 372», «28 492» деген сандар тиісінше «44 369», «17 489» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 29-жолдың 6-бағанындағы «13 686», «7 042» деген сандар тиісінше «8 945», «2 301» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 32-жолдың 6-бағанындағы «560 062», «288 187» деген сандар тиісінше «509 371», «237 496» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 33-жолдың 6-бағанындағы «3 928», «2 021» деген сандар тиісінше «2 603», «696» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 34-жолдың 6-бағанындағы «9 826», «5 056» деген сандар тиісінше «9 827», «5 057» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 35-жолдың 5, 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан»;
«4 438»;
«Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету саласында тілдік даму» деген бөлімде:
реттік нөмірі 37-жолдың 6-бағанындағы «12 460», «6 411» деген сандар тиісінше «12 273», «6 224» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-1-жолмен толықтырылсын:
| «39-1 | Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін басып шығаруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | 2008 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан | 647 300 | Республикалық бюджет » |
реттік нөмірі 40-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тіл саясатын насихаттауды қамтамасыз ету»;
6-бағандағы «396 547», «204 048» деген сандар тиісінше «346 834», «154 335» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 42-жолдың 6-бағанындағы «6 386», «3 286» деген сандар тиісінше «6 390», «3 290» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 43-жолдың 2-бағанындағы «тұрмыстық қызмет көрсету,» деген сөздерден кейін «халықты әлеуметтік қорғау» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 44-жолдың 5, 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 жылғы 20 маусым, 20 желтоқсан»;
«1 100»;
реттік нөмірі 45-жолдың 6-бағанындағы «1 931 712», «983 272» деген сандар тиісінше «1 924 296», «975 856» деген сандармен ауыстырылсын;
«Барлығы» деген жолдың 6-бағанындағы «3 018 108», «2 250 572» деген сандар тиісінше «2 981 419», «5 136 158» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |