3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік басқару жүйесіне қазіргі ақпараттық технологияларды енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- лар- лама коды | Кіші бағда- рлама коды | Кіші бағдарламала- рдың атауы | Бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-ша- ралар | Іске асырылу мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электронды үкімет құру | 1. ҚР ЖҚП ББМЖ басқару жүйесіне ORACLE тұғырнама- сын енгізу үшін жобалау алдындағы зерттеулерді жүргізу. 2. ORACLE тұғыр- намасына талаптар ерекшеліктерін дайындау. 3. ҚР ЖҚП ББМЖ ақпараттық жүйе- сінің ORACLE тұғырнамасына көшу үшін техно-жұмыстық жобасын дайындау. 4. ҚР ЖҚП ББМЖ ақпараттық жүйесінің ORACLE тұғырнамасында макеті дайындала- ды және тестік сынақтар жүргізу | Шілде- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Энергети- ка және минерал- дық ресурстар министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: ҚР ЖҚП ББМЖ ақпараттық жүйесінің ORACLE тұғырнамасында макеті дайындалады.
Соңғы нәтиже: жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік басқаруды сапалы деңгейге көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ҚР ЖҚП ББМЖ жүйесінің шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін жедел бақылау негізінде экономиканың өндіруші салаларының экономикалық тиімділігін арттыру.
Уақтылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарға сәйкестілігі.
Сапасы: ҚР ЖҚП ББМЖ жүйесінің Қазақстан Республикасы ақпараттық технологияларының стандарттарына және ақпараттық қауіпсіздік ISO 17799:2005 және ISO 27001:2005 жаңа халықаралық стандарттарына сәйкестігі.