Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 127 Қаулысы
ҚР Үкімеітінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15, 145-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесінде:
«ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды» бағанында:
«0206 30 200 1,» деген код «0206 30 000 1,» деген кодпен ауыстырылсын;
«0206 30 300 1,» деген код «0206 30 000 3,» деген кодпен ауыстырылсын;
«0206 30 800 1,» деген код алынып тасталсын;
«2501-ден (**)» деген код «2501 00-ден (**)» деген кодпен ауыстырылсын;
«2851 00 100 0-ден (***)» деген код «2853 00 100 0-ден (***)» деген кодпен ауыстырылсын;
«3707 90 110 0-ден» деген код «3707 90 300 0-ден» деген кодпен ауыстырылсын;
«3910 00 000 0-ден (**)» деген код «3910 00 000 9-дан (**)» деген кодпен ауыстырылсын;
«3926 90 990 9-дан» деген код «3926 90 980 9-дан» деген кодпен ауыстырылсын;
«4014 90-нан (**)» деген код «4016 99 990 1 (**), 4016 99 990 9-дан (**)» деген кодпен ауыстырылсын;
«4015 11 000 0-ден (*)» деген код «4015 90 000 0 (*)» деген кодпен толықтырылсын;
«4811 90-нан (**)» деген код «4811 90 000 0-ден (**)» деген кодпен ауыстырылсын;
«4811 59 000 0-ден (**)» деген код «4811 59 000 9-дан (**)» деген кодпен ауыстырылсын;
«6115 93 100 0» «күретамырлары варикоздық кеңейген науқастарға арналған синтетикалық жіптен тоқылған шұлық;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «6115 10 100 0, 6115 10 900 1, 6115 10 900 2» «күретамырлары варикоздық кеңейген науқастарға арналған синтетикалық жіптен тоқылған шұлықтар, колготкилер, гольфілер;»;
«9020 00 (*)» деген код «9020 00 000 0 (*)» деген кодпен ауыстырылсын;
«9025 11 910-нан» деген код «9025 11 200-ден» деген кодпен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |