7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 400 атау бойынша әлеуметтік-маңызды әдебиеттердің түрлерін шығару, жалпы көлемі 9401 баспа табақ, әр басылымның таралымы 1000-нан 5000 данаға дейін, 14 облысқа, Алматы, Астана қалаларына, республиканың аумағында орналасқан 2000 кітапханаларға жіберіледі.
Соңғы нәтиже: Қоғамның рухани әлеуеттігін бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік арқылы нығайту, тарихи-мәдени мұраны, әлеуметтік-мәдени инфраструктураны дамыту және сақтау, кәсіби өнер мен халық шығармашылығының дамуы жағдайын қамтамасыз ету, мәдени мұраның, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениетті, фольклорды, салт-дәстүрдің ауқымды оқыту жүйесін құру, көпғасырлық жазба және ұлттық әдебиеттің тәжірибесін жинақтау, ғылымдық және көркемдік топтастырылған серияларды құру; әлемнің озық жетістіктер базасында мәдениет пен әдебиеттің, ғылыми ойлаудың гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Бір басылымды шығарудың және жеткізудің орташа шығыны 1472,95 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: оқырмандардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындау.
Сапасы: оқырмандардың санын көбейту, елдегі халықтардың интеллектуалдық, рухани-білімділік және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру, қазақ тілінде әлемдік көркем әдебиеттердің теңдесіз туындыларын шығару, өскелең ұрпақты жалпыәлемдік идеалдар құндылығы рухында тәрбиелеу, мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту, әлеуметтік-коммуникативтік қызметті ұлғайту және нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
79-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім
саласында мемлекеттік саясатты жүргізу»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1087090 мың теңге (бір миллиард сексен жеті миллион тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы, «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы және Қазақстан халықтары Ассамблеясының Ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856 Жарлығы, «Қазақстан Республикасындағы демократиялық реформалар бағдарламаларын талқылау мен нақтылау жөніндегі Мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 68 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы, «2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 маусымдағы № 154 Жарлығы, «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 маусымдағы № 593 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі саяси тұрақтылықты бекіту туралы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, қоғамда демократиялық бастамаларды нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға жағдай туғызу, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделін жетілдіру, саяси реформаларды қалыптастыру, азаматтық қоғамды дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: демократиялық процестер мен азаматтық қоғам институттарын жүйелі дамуына бағытталған шаралар жиынтығын жүзеге асыру, демократиялық құндылықтарды қорғау жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың тиімді ынтымақтастығына қажетті жағдай жасау, этносаралық келісімді жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты ынтымақтастық жүйелерін жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты жүргізу | Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік мәні бар жобаларын іріктеу жөніндегі конкурс; «Мемлекет нысандары жалпы ұлттық патриотизмді қалыптастыру факторы ретінде« тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізу; «2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы: жетістіктер мен проблемалар» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізу; Мемлекеттік нысандар жөніндегі Республикалық комиссияның отырысын өткізу; Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі, саяси жүйені дамыту, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ролін күшейту мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу; Қоғамдық-саяси жағдайларға тоқсан сайын әлеуметтік мониторинг жүргізу; Мемлекет Басшысының жыл сайынғы жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша республикалық семинар- кеңес өткізу; «Тарихи сана-сезім мен рухани тұлғаны қалыптастыру проблемалары мен жолдары» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізу; «Қазақстандағы мәдениет аралық өзара қатынас: қазір, өткен кезең және келешек» тақырыбында республикалық конференция өткізу; «Толеранттылық және дінишыдамдылық Орталық Азияның игілігі» тақырыбында Халықаралық конференция өткізу; «Шаңырақ» этножурналистика саласында Республикалық акция: семинар және шығармашылық байқау өткізу; «Ауылдағы этносаралық және конфессияаралық жағдай» тақырыбы бойынша эксперттік сауалдар өткізу; Қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық жағдайға республикалық әлеуметтік зерттеулер жүргізу; Қазақстан Халықтары Ассамблеясының XIV сессиясын ұйымдастыру және өткізу; «Қазіргі заманғы Қазақстан: өткен кезең, қазір, келешек» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу; Қазақстан Халықтарының достығы республикалық фестивалін өткізу; Этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттау бойынша имидждік материалдар (музыкалық роликтер, клиптер, билбордар, плакаттар, баннерлер, баспа және кәдесый өнімдерін) шығару; «Астана — әлемнің рухани астанасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу Түркі тілдес елдер әлеуметтанушыларының ІІ Конгрессін өткізу; Этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөнінде ұлттық-мәдени бірлестіктерді тарта отырып, Қазақстан Халқы Ассамблеясының іс-шараларын өткізу; «Достық Үйі - Этникааралық қатынастар мәселелерін зерттеу орталығының» шаруашылығына қарасты РМК ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге күрделі трансферттер (Мемлекеттік сарапта- маның 07.10.2005 ж. № 7-527/05 қорытындысы). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Мына жағдайлар бойынша Министрліктің жиынтық іс-шараларын жүзеге асыруға идеологиялық, насихаттық және ақпараттық жұмысының жүйесін жасау: Елбасының бағдарламалық баяндамаларын, «Қазақстан 2030» Стратегиясын, Президенттің жыл сайынғы халыққа жолдауын, 2007-2009 жылдарға арналған Үкіметтің Бағдарламасын, 2007 жылғы маңызды қоғамдық-саяси іс-шараларды ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету; қоғамдық-саяси бағыттағы 5-тен кем емес жалпыреспубликалық іс-шараларды, соның ішінде Елбасының қатысуымен, 3 кем емес халықаралық іс-шара дайындау және өткізу; Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, саяси жүйе және Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ролін күшейту мәселелері, этносаралық және конфессияаралық жағдай, ауылдағы этносаралық жағдайды анықтау 11 кем емес әлеуметтік мониторинг пен зерттеулер, эксперттік сауал өткізу; қоғамдық бірлестіктердің 193 жуық маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруға қажетті жағдай туғызу; ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделін насихаттауға бағытталған, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ролін күшейту мәселелері бойынша 4 үлкен көлемді іс-шара өткізу (10 000-ға жуық адамның қатысуымен); этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөнінде ұлттық-мәдени бірлестіктерді тарта отырып 23 кем емес Қазақстан Халқы Ассамблеясының іс-шараларын өткізу; «Достық Үйі - Этникааралық қатынастар мәселелерін зерттеу орталығының» шаруашылығына қарасты РМК ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге.
Соңғы нәтиже: Демократияны дамыту, саяси өмірді модернизациялау мен либерализациялау, ел азаматтарының саяси мәдениетін қалыптастыру, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың, саяси партиялар мен қозғалыстардың ынтымақтастығын нығайту, билік жақтастарын және билік тұғырнамасына еліміздің негізгі қоғамдық-саяси күшін нығайту, тұрғындардың мемлекеттік билік органдарға деген сенімдерін жоғарылату. Қазақстан азаматтарының рухани-адамгершілік қажеттіліктерін, патриотизмді дамыту; Халықаралық қоғамның көзінде Қазақстан Республикасының имиджін көтеру. Қазақстанның әлемдік бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына қосылу идеясын жалпы халықтық салмақты сезінуін қалыптастыру. «Достық Үйі - Этникааралық қатынастар мәселелерін зерттеу орталығының» шаруашылығына қарасты РМК ғимаратын күрделі жөндеу.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: Республикалық деңгейдегі бір іс-шараны өткізуге жұмсалатын орташа шығын құны - 5 633 мың теңге.
Әлеуметтік маңызды бір жобаны өткізуге жұмсалатын орташа шығын құны - 3 675 мың теңге. Бір әлеуметтік зерттеуге жұмсалатын орташа шығын құны - 1 673 мың теңге.
Уақыттылығы: Әлеуметтік-маңызды іс-шараларды бекітілген жоспарға сәйкес өткізу.
Сапасы: Демократиялық жаңаруды, елдің модернизациялануын жеделдету, ұлтаралық бірлікті, қоғамдық келісім және ішкі саяси тұрақтылықты сақтау және нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
80-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Бұқаралық ақпарат құралдарын институционалдық дамыту»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2045602 мың теңге (екі миллиард қырық бес миллион алты жүз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясын іске асыру жөніндегі кейінгі шаралар туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемде Жаңа Қазақстан» жолдауы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Қазақ радиосы» бағдарламаларымен халықты барынша көп қамтуға жету; жоғары сапалы теледидар және радио бағдарламаларын шығару; мемлекеттік аймақтық телерадио таратуды дамыту; тиімді өндірістік-техникалық базаны және саланы инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар құру; мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын модернизациялау; фильм өндірісін дамыту.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Бұқаралық ақпарат құралдарын институционалдық дамыту | Мына іс-шараларды жүзеге асыру: «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорация АҚ жарғылық капиталын жылжымалы спутниктік қондырғыны алу үшін ұлғайту; «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарғы- лық капиталын кинотехнологиялық қондырғыны алу үшін ұлғайту. - Қазақстан халықтарының рухани даму қорының жарғылық қорын қалыптастыру, Әкімшілік ғимаратын салуды аяқтау үшін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның жарғылық қорын ұлғайту. | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, тұлға, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Теледидар мен радио бағдарламаларының техникалық сапасын жоғарлату; халықты «Қазақстан» РТРК телерадиобағдарламаларымен барынша қамтамасыз ету; әлемдік стандарт деңгейінде фильм өндірісінің қазіргі заманғы технологияларын енгізу.
Тікелей нәтиже: «Қазақстан» РТРК АҚ үшін жылжымалы спутниктік қондырғы, «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ үшін кинотехнологиялық қондырғы сатып алынады, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ әкімшілік ғимаратын салуды аяқтау;
Қорытынды нәтижесі: Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің қатысуын кеңейту, «Қазақстан» РТРК АҚ-ның, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның үлесінде мемлекеттің қатысуын нығайту. «Қазақстан» РТРК АҚ мен «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның жарғылық міндеттерін сапалы орындау үшін материалдық-техникалық базаны жақсарту. Қазақстан халықтарының рухани даму қорының жарғылық капиталын қалыптастыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: «Қазақстан» РТРК АҚ-ның номиналды құндылығы 1 000 (бір мың) теңгені құрайтын 1 534 128 дана етіп акцияларын қосымша шығару.
Уақыттылығы: Жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сапалы телерадиобағдарламалар шығаруды, фильм өндірісін көбейту, сондай-ақ халықты нақты ақпаратпен қамтамасыз ету. Теледидар және радио бағдарламаларының техникалық сапасын жоғарлату, «Қазақстан» РТРК АҚ-ның, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның материалдық базасының техникалық жаңартуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
81-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары кадрларының
біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 18520 мың теңге (он сегіз миллион бес жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық кәсіби деңгейін жоғарылату арқылы мәдениет саласының дамуына жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік мәдениет ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету; нарық экономикасы талаптарының өсуіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы құрылымдық өзгерістерге сәйкес қызметкерлердің теориялық білімін, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Мемлекеттік мәдениет ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау | Мемлекеттік мәдениет ұйымдары кадрларының біліктілігін мәдениет пен өнер саласының негізгі бағыттары бойынша арттыру және қайта даярлау жөніндегі қызметтерін сатып алу. | ақпан- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің ел ішінде - 700 адамның теориялық және практикалық білімдерін жаңартуы, кәсіптік дағдыларды қалыптастыруы және бекітуі:
- тарихи-мәдени мұра - 175 адам;
- мәдени-бос уақыт жұмыстары - 85 адам;
- театр-концерт қызметі - 230 адам;
- кітапхана ісі - 210 адам.
Соңғы нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің білімі мен кәсіби шеберлігін арттыру арқылы қоғамның рухани байлықтары мен мәдени мұраларын сақтап қалу.
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажеттілігінің 2,9% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының бір қызметкерін оқытуға кететін орташа шығын құны - 26,4 мың теңге.
Уақыттылығы: жоспарланған шараларды оқу жоспарына сәйкес орындау.
Сапасы: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби білімін және шеберлігін арттыру және тереңдету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
82-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мәдениет объектілерін дамыту»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 284026 мың теңге (екі жүз сексен төрт миллион жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамытудағы бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысы; «Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Әл-Фараби этномәдени орталығы мен кесенесін салу, Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың кесенесін және Каир қаласында (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту және Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс пен Әл-Фарабиге мүсінтас ескерткіштерін орнату жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 221-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет объектілерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мәдениет инфрақұрылымын дамыту; еліміздің ұлттық мәдени игілігін тарихи-мәдени мұра саласында тиімді пайдалану.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Мәдениет объектілерін дамыту | Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Есік» мемлекеттік тарихи- мәдени қорық-мұражайы құрылысын жүргізу (Технико-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптаманың 17.02.2005 ж., № 2-83/05 қорытындысы); Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданында «Берел» мем- лекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы құрылысын жүргізу (Технико-экономикалық негіздемеге Мемлекеттік сараптаманың 17.02.2005 ж. № 2-84/05 қорытындысы); Дамаск қаласында (Сирия Араб Республи- касы) «Әл-Фараби» этномәдени орталығы мен кесенесін салу; Каир қаласында (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жаңғырту. | қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- мұражай-қорықтарының қорғалатын жерін құру;
- ұзындығы 2 км және ені 1 км болатын территориядағы айрықша материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтау;
- орталық учаскедегі 40 және перифериядағы 30 - ежелгі қорғандар кешенін сақтау;
- 40 жұмыс орнын құру;
- геологиялық зерттеулер жүргізу;
- негізгі холл; қонақ күтуге арналған зал; Әл-Фараби шығармашылығына арналған зал; жай және электрондық кітапхана орны; көрме залы; мешіт; ерлерге және әйелдерге арналған жуынатын орын; ерлерге және әйелдерге арналған медициналық пункт; жатын бөлмелері; әкімшілік бөлім; дәріхана; тіршілікті қамтамасыз етуге арналған орын; электрмен жарықтандыру; компьютерлік техникамен және құрал-жабдықтармен жарақталған бейнезал; араб және қазақ тілдерін оқытуға арналған дәрісхана салу.
Соңғы нәтиже: айрықша материалдық мәдениет ескерткіштерді сақтау, кешенді жүйелеу негізінде ежелгі қорғандар кешенін сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді танымалдандыру және зерделеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау нәтижесі бойынша анықтау.
Уақыттылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқару.
Сапасы: республика халқының мәдени-рухани деңгейін арттыру және Қазақстанның айрықша тарихи-мәдени мұраларымен әлемдік қауымдастықты таныстыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
83-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа
да тілдерін дамыту жөнінде ақпараттық жүйелер құру»
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 975856 мың теңге (тоғыз жүз жетпіс бес миллион сегіз жүз елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру кездері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік тілді дамыту жүйесін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру және нығайту; мемлекеттік тілдің іс-қағаздарының негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету; қазақ тілін енгізу мен қолдану процестерін қарқындату; электрондық үкіметінің web-сайттарында қазақ тілін толық қолдауды іске асыру; мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік тілді ендіру үшін қажетті жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту жөнінде ақпараттық жүйелер құру | Қолданбалы сервистер әзірлеу және құру: Оқыту сервистерін дамыту: мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жеделдете оқытудың мультимедиалық кешенін дамыту; техника саласындағы мамандарға мемлекеттік тілді қашықтықтан оқытудың мультимедиалық кешенін дамыту; Аударма үшін сервистерді дамыту: онлайндық қазақша-орысша-ағылшынша мәтіндер аудармасын дамыту. Ынтымақтастық және ұжымдық жұмыс үшін сервистерді дамыту: «Онлайндық электронды терминологиялық орталығы: мамандардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыру». Электрондық сөздіктерге арналған сервистерді дамыту: үлкен қазақша-орысша-ағылшынша онлайн сөздігін дамыту; көпсалалы терминологиялық электрондық онлайн сөздіктерін дамыту; электрондық онлайндық сөздік кешенін дамыту: орфоэпиялық, синонимдер, салыстырулар, диалектикалық, орыс- қазақ, омонимдер сөздіктер; - Интернеттегі стандартты браузерларда қазақ тілін қолдау құралдары. «Электрондық энциклопедиялар» сервисін дамыту: «Қазақстан» мультимедиялық бейнеэнциклопедиясының «География, өсімдіктер әлемі және туризм» 2 томын дамыту. Электрондық кітапханалар үшін сервистерді дамыту: әртүрлі көздерден алынған мәтіндердің үлкен ағынын қазақ тілінде қабылдау, сақтау, іздеу және өңдеу жүйесін дамыту; компьютерлік анимациялық оқыту ойындары мен бағдарламаларын дамыту жазба және этноархеологиялық ақпарат көздері бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени қорын дамыту қазақ тілінің корпусын құру. Электрондық тестілеу жүйесі үшін сервистерді дамыту: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін игеру деңгейін анықтау үшін тестілеудің онлайндық жүйесін дамыту; мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің тіл білу деңгейін тексеру және мониторингісінің мобилдік оперативтік жүйесін дамыту; «Қазақстан Республикасы аумағында тілдік жағдайлардың мониторингісі мен талдауының автоматтандырылған жүйесін» дамыту және ендіру. Көпшілік қолданыстағы коммуникативтік құралдарда қазақ тілдік ортасын қолдау үшін сервистер әзірлеу. Орфографиялық және грамматикалық түзетулер үшін сервистер әзірлеу: орфографиялық түзетулер сервисі; грамматикалық түзетулер сервисі. Әріптік қолдау үшін сервистер әзірлеу: түпнұсқалы қазақ әріптеріне кіру, ауыстыру және пайдалану сервистерін құру. Әр түрлі кодтауды қолдауға арналған қызмет көрсетуді дамыту: әр түрлі кодтаудан қажетті кодтауға мәтіндерді айырбастау қызметін әзірлеу; бір графикадан мәтіндерді екінші графикаға қайта кодтау жүйесін дамыту (кириллица, латын, араб). «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» кешенді порталының базалық құрылымдарын дамыту. Серверлік құралдарды сатып алу. Лицензияланған бағдарламаларды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті |