Квота бөлінген даярлық бағыттарында шығармашылық емтиханы бар білім беру бағдарламаларының тобы болған жағдайда, білім беру грантын беру кезінде ҰБТ-ға қатысушының тестілеу нәтижелері үтірден кейінгі бір белгіге дейін дөңгелектелген ең жоғары ықтимал балға пайыздық қатынаста салыстырылатын болады.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестатының, куәлігінің немесе дипломының орташа балы жоғары тұлғаларға беріледі.
Аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болған жағдайда бейіндік пән немесе шығармашылық емтихан бойынша алған балдары ескеріледі.
ҚР Үкіметінің 2021.21.04. № 256 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2023.23.01. № 31 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының осы топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65 %-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 35 %-ына конкурс ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ғана өткізіледі.
Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын, Қазақстан Республикасы ЖЖОКБҰ-ға қабылдау квотасы белгіленген білім беру бағдарламалары тобының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2021.06.08. № 539 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Ағылшын тілінде білім алу үшін жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (Физика, Химия, Биология және Информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім беру грантын беруге арналған конкурсқа мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде тілдік даярлығын күшейту үшін ЖЖОКБҰ-ның даярлық бөлімін бітірген тұлғалар және ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырған тұлғалар, сондай-ақ, ҰБТ-ны қазақ (орыс) тілінде тапсырған және ағылшын тілін білу бойынша тестілеуден өткен немесе ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP - кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл - кемінде 59), (TOEFL, шекті балл - кемінде 500 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 5.0) ағылшын тілінде оқуға ниет білдірген тұлғалар қатысады.
Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде тілдік даярлығын күшейту үшін ЖЖОКБҰ-ның даярлық бөлімін бітірген тұлғалар, сондай-ақ ҰБТ-ны қазақ (орыс) тілінде тапсырған және ағылшын тілінде оқуға ниет білдірген тұлғалар шет тілін (ағылшын) білуге арналған тестілеу тапсырады, ондағы шекті балл жоғары балдың 50 пайызынан төмен болмауға тиіс.
Шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеуді базалық ЖЖОКБҰ-да 12 шілдеге дейін Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) өткізеді.
Оқуға түсушілердің көрсетілген санаттарына арналған конкурс өткізілгеннен кейін қалған білім беру гранттары «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария», «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша 1 немесе 2-курсты аяқтаған және ағылшын тілінде жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (физика, химия, биология және информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алуды жалғастыруға ниет білдірген тұлғаларға беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаты: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP - кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл - кемінде 59), (TOEFL, шекті балл - кемінде 500 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 5.0), үлгерімінің орташа балы кемінде 2,67 балл GPA (Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж) болуы тиіс. Шет тілін меңгергендігін растайтын көрсетілген сертификаттары жоқ білім алушы жоғары балдың 50 пайызынан төмен емес шекті балмен шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеуді тапсырады. Шет (ағылшын) тілі білімін тестілеуді базалық ЖЖОКБҰ-да 12 тамызға дейін ҰТО өткізеді.
Жоғары білімнің білім беру гранттарын беру жазғы демалыс кезеңінде 1 немесе 2-курстың білім беру бағдарламасын табысты аяқтағаннан кейін мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария», «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде білім алушылар жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (физика, химия, биология және информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы және ЖЖОКБҰ көрсетілген кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу туралы өтініш береді;
2) ЖЖОКБҰ-лар білім алушылар өтініштерінің деректер базасын ҰТО-ға береді;
3) ҰТО шет тілін меңгеру сертификаттарының балдарына немесе ағылшын тілін білуге арналған тестілеу нәтижелері және үлгерімнің орташа балдарына сәйкес жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (Физика, Химия, Биология және Информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бөлінісінде ведомостарды қалыптастырады және республикалық комиссияға жібереді;
4) республикалық комиссия білім беру грантын шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың балдарына немесе ағылшын тілін білуге арналған тестілеудің нәтижелеріне және үлгерімінің орташа балына сәйкес береді.
Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда ағылшын тілін білуге арналған сертификатының балы жоғары тұлғаларға басым құқық беріледі.
Сертификаттың балдық көрсеткіштері бірдей болған жағдайда үлгерімінің GPA (Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж), одан кейін жалпы орта білім туралы аттестаттың орташа балы есептеледі;
5) республикалық комиссияның шешімі негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган 15 тамызға дейін Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы бұйрық шығарады;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы куәлікті ресімдейді.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы берілген куәлік негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы білім алушының білім беру гранты бойынша осы ЖЖОКБҰ-да 2 немесе 3-курстан бастап өтініш білдірген білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім алуын жалғастыру туралы бұйрық шығарады.
Бұл ретте Қағидалардың осы тармақта көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған жоғары білімнің білім беру гранттарына қабылдау кезінде міндетті құрамдас пәндердегі академиялық айырмашылық түріндегі пререквизиттер курстың жоғалуына әкелмейді және тегін негізде меңгеріледі.
ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.06.08. № 539 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2022.14.07. № 476 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын, оның ішінде батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттарын, сондай-ақ бас тартылған білім беру гранттарын республикалық комиссия бір білім беру саласы ішінде өту балы жоғары адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мәлімделген тобы бойынша осы Қағидалардың 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.
Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын халықаралық келісімдер бойынша келген шетелдік тұлғаларға, резервте көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын, сондай-ақ жекелеген ЖЖОКБҰ-ға көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын беру туралы шешімді республикалық комиссия қабылдайды.
Педагогикалық және медициналық бағыттарды қоспағанда, білімі туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-на ауысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына бос және бас тартылған білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша республикалық комиссияның шешімімен конкурстық негізде беріледі.
Конкурс үлгерімнің орташа балы Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж (бұдан әрі - GPA) негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша куәлік беріле отырып өткізіледі.
Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- («өте жақсы») білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте - А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалар, бұдан әрі - аралас бағалар.
ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.06.08. № 539 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Білім беру саласындағы уәкілетті орган республикалық комиссия шешімінің негізінде бұйрық шығарады және оқуға түсушілерге куәлік береді.
Жоғары білімнің білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Грант иегері жоғары білімнің білім беру грантынан оқуға қабылданғанға дейін бас тартқан жағдайда куәлік және талапкердің өтініші білім саласындағы уәкілетті органға 15 қыркүйекке дейін тапсырылады.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде білім беру грантын тағайындау, куәлікті беру, білім беру грантын қайтару мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
3-тарау. «Магистр» дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.09.02. № 49 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 20-тармақ жаңа редакцияда
20. «Магистр» дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу үшін білім беру гранттары (бұдан әрі - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламаларының бір тобы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, кешенді тестілеу (бұдан әрі - КТ) нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде беріледі.
ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.15.08. № 599 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
21. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурста - КТ нәтижелерінің балдары, шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша КТ нәтижелерінің балдары, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін КТ нәтижесі бойынша:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратураға, оның ішінде шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша - кемінде 75 балл;
2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға - кемінде 50 балл жинау қажет.
КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру бағдарламаларының бейіндік тобы бойынша тестілеу нәтижесі бойынша балы жоғары адамға басым құқық беріледі, одан кейін білім алуға әзірлігін айқындау бойынша тест нәтижесі, бұдан әрі - шет тілі бойынша тестілеу нәтижесі, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA (Grade Point Average - Грейт Поинт Эверейдж) ескеріледі.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларының топтары, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші адамдар стандартталған GRE (Graduate Record Examinations - Грэдуэйт Рекорд Экзэминейшнс) тестілеуінің халықаралық сертификаты болған жағдайда оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуге арналған КТ-ден босатылады.
ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.06.08. № 539 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 22-тармақ жаңа редакцияда
22. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші 20 тамызға дейін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.
Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.06.08. № 539 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Республикалық комиссия шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге куәлік беріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жарияланады.
Грант иегері жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантынан оқуға қабылданғанға дейін бас тартқан жағдайда куәлік білім саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде куәлікті беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын қайтару мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
4-тарау. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.04.07. № 473 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2020.08.06. № 362 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.06.08. № 539 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 476 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 24-тармақ жаңа редакцияда
24. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары, оның ішінде батыс және халық тығыз орналасқан өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттары (бұдан әрі - босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша куәлік беріле отырып өткізіледі.
ЖЖОКБҰ ұйымның сайтында (білім беру порталында) босаған білім беру гранттарының санын көрсете отырып, ашық конкурс туралы хабарландыру орналастырады.
Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- («өте жақсы») білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте - А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалар, бұдан әрі - аралас бағалар.»;
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына өзінің GPA балын ашық қолжетімді болатындай жариялауға келісімін көрсете отырып, одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
2) ЖЖОКБҰ кадрларды даярлау бағыттары, курстар мен білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде GPA балын көрсете отырып, босаған гранттарға үміткерлердің деректерін ұйымның сайтында (білім беру порталында) орналастырады;
3) келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қаралады;
4) ЖЖОКБҰ ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде босаған білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолдайды. Тізімге білім алушы өтінішінің, ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесі шешімдерінің көшірмесі, білім алушының транскриптінен үзінді, оның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі;
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және үміткерлердің болмауына байланысты білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылған босаған білім беру гранттарын комиссия конкурстық негізде қайта бөледі;
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және үміткерлердің болмауына байланысты ЖЖОКБҰ-ға ұсынылған босаған білім беру гранттарының тізімі білім беру саласындағы уәкілетті органның сайтында жарияланады;
7) конкурс басқа ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде білім алып жатқан, конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған адамдардың арасында білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша өткізіледі;
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқуға түскен жылын ескере отырып, оқу нысаны мен мерзімі бөлінісінде қарайды және шешім оң болған жағдайда босаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер болмаған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары даярлық бағытының немесе білім беру саласының ішінде қайта бөлінеді);
9) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО куәлікті ресімдейді және деректерді үш жұмыс күні ішінде тиісті ЖЖОКБҰ-ға жібереді;
10) куәліктің негізінде ЖЖОКБҰ басшысы одан әрі білім беру гранты бойынша оқу туралы бұйрық шығарады.
25. ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған, пайдаланылмаған бос білім беру гранттары куәліктерінің білім беру саласындағы уәкілетті органға уақтылы қайтарылуына жауапты болады.
5-тарау. «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру тәртібі
26. «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты (бұдан әрі - ЖАО білім беру гранттары) тиісті облыс және (немесе) республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылатын ЖАО конкурстық комиссиясы өткізеді.
ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27. ЖАО білім беру гранттары өңірдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі есебімен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріліп, ҰБТ немесе КТ нәтижелеріне сәйкес беріледі.
ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 49 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28. ЖАО білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына жоғары білім алуға ақы төлеу үшін 5-10 тамыз аралығында осы Қағидалардың 7-10-тармақтарына сәйкес немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін 24-25 тамыз аралығында осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
ЖАО білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурс осы Қағидалардың 13-16, 21 және 23-тармақтарында көзделген тәртіппен өткізіледі.
29. ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе әкім орынбасарының бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріледі.
ЖАО білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланады.
30. ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәліктің негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы ЖАО білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарады.
ЖАО білім беру гранты иегерімен «ЖАО-студент-ЖЖОКБҰ» үш жақты шарт жасалады.
Грант иегері ЖАО білім беру грантынан бас тартқан жағдайда ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік жойылады, білім беру гранты осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде беріледі.
ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы күнді және ЖАО білім беру грантынан бас тартқан тұлғаның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акт жасайды және ЖЖОКБҰ-ның мөрімен бекітілген актіні күнтізбелік үш күн ішінде ЖАО-ға тапсырады.
ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлікті азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірмей береді.
31. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған ЖАО білім беру гранттарын беруді жазғы және қысқы демалыс кезінде осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде бос орындарға беруді ЖАО комиссиясы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 58 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Мемлекеттік білім гранты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 512-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы №1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 807 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 24, 206-құжат);
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы №1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қарашадағы № 1517 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 40, 522-құжат);
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 214-құжат).